Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата03.03.2017
өлшемі0,93 Mb.
#6696
1   2   3   4   5   6   7
ӨМІР БЕЛЕСТЕРІ
 
 
Қаламгер  ғұмырнамасы  –  зерттеушілер  үнемі  көңіл  бөліп  келе  жатқан 
өзекті  мәселелердің  бірі.  Кезінде  Мұхтар  Әуезовтің:  «Бізде  бұл  уақытқа  дейін 
арғы ақынның өмірі туралы жиналған мағлұмат жоқ. Бүгінде қазақ көз салып, 
жинастырып  жүрген  азаматтардың  қатты  ескеретін  бір  жұмысы  осы  болу 
керек»  [42,16],  деп  аманаттап  айтуы  жайдан-жай  болмаса  керек.  Ұлы 
ғұламаның өзі «Абайдың ғылыми өмірбаянын бір емес, әлдеқанша қайта қарап, 
төрт  рет  жаңғыртып  тыңнан  жазуы  арқылы  мүлде  жаңа,  соны  деректермен 
толықтырып  сапасын  арттыруға  күш  салуы»  [42,67]  ақын  өмірбаянының 
қаншалықты  маңызды  орын  алатындығын  салмақтай  түседі.  «Неге  десеңіз, 
қаламгер  өмірбаяны 
оның  шығармаларының 
жазылу  тарихы  мен 
философиялық  көзқарастарындағы  эволюцияны  айқындауда  жетекші  қызмет 
атқаратындығын ешкім де жоққа шығара алмаса керек» [43,17 ]. 
Жоғарыда  М.Әуезов  қадағалап  айтып  кеткен  ақындардың  өмірбаяны 
жазылмауы  былай  тұрсын,  Абайдың  өзімен  тұстас,  одан  кейінгі  ақындардың 
өмірі тұрмақ, аттарын атауға тиым салған кеңестік дәуірде, Мақыш Қалтайұлы 
өмірбаянының ғылыми тұрғыдан қалыптасуына себеп іздеп, дәлелдеп жатудың 
қажеті  де  шамалы.  Әйтсе  де,  ақын  өмірі  жайында  мүлде  сөз  болмады  деуден 
аулақпыз.  М.Қалтайұлы  өмірбаянын  жазу  ісіне  әр  кездері  Б.Кенжебаев, 
Қ.Сыдиықов, У.Қалижанұлы және тағы басқа зерттеушілер өз үлестерін қосты. 
Мақыш Қалтайұлының өмірбаянын жазуда негізгі сүйенген дүниелеріміз, 
ең  алдымен  ақынның  өз  өлеңдері,  содан  кейін  өміріне  қатысты  әр  кездерде 
айтылып,  жазылып  жүрген  мәліметтер.  Осы  қолда  бар  дүниелерді  саралай 
сүзіп,  зерлей  қарау,  және  ақын  өзі  ғұмыр  кешкен  заман  тынысымен,  тарихи 
ахуалмен  байланыстыра  зерттеу  –  ақын  ғұмырнамасын  жазуға  жол  ашары 
сөзсіз. Мұны «Ақындардың өмір тарихын білсек, соның әрқайсысы өмір сүрген 
заманының тірі пішінді белгісін тауып алғандай боламыз» [42,8 ], 

 деген пікір 
де қуаттай түседі. 
Мақыш  Қалтайұлының  өмірі  туралы  деректер  оның  өз  туындыларында 
кездеседі. Ақынның өзіне сөз беретін болсақ  «Қалтайұлының қазақ ахуалынан 
бахыс  еткен  манзумасы»  (1909)  жинағындағы  «Атым-Мақыш…»  деп 
басталатын өлеңінде: 
Атым – Мақыш, Қалтай дер атам атын, 
Бабам аты Едіге, қазақ – затым. 

 
 
26 
Ақмола дүр дуаным, қыпшақ – руым 
Әр жерде сияхлықпен болды жүруім. 
Туған жер Есіл, Нұра болса дағы, 
Қушоқы деген жерде бүгін тұруым [25,2 ], 

  
деп  өзінің  ата-бабасы,  туған  жері,  руы  жайында  айтып  өтеді.  Бұл  деректерді 
«Насихат  қазақия»  (1911)  жинағындағы  «Руым  –  қыпшақ…»  деп  басталатын 
өлеңінде нақтылай түседі. 
Руым – қыпшақ халқы, асылым – қазақ, 
Әр қауымға жәһилдіктен болған мазақ. 
Дуаным Ақмолаский, Қараөткел дүр, 
Болысым Жайықбаев ғизатлу зат. 
Атым – Мақыш, Қалтай дер атам атын, 
Бабам – Едіге, жас келді қырыққа жақын [23,46 ]. 
Яғни,  ақынның  өзі  «Мың  сегіз  жүз  алпыс  тоғыз  уәлидәнім»  (туған 
жылым) деп айтып өткендей, сол кездегі әкімшілік аймақ бойынша Батыс Сібір 
генерал-губернаторына бағынатын Ақмола облысы, Ақмола уезінің Жайықбаев 
болыстығына  қарайтын  Қараөткелді  жайлаған  қыпшақ  руының  ішінде  1869 
жылы туған. 
Ақынның дүниеге келген кезі – бұрынғы хандық билеу заманы жойылып, 
ел  арасынан  сайланған  аға  сұлтандық  билік  те  жарты  ғасырға  жетпей 
өзгертіліп,  қазақ  даласы  ұсақ  болыстықтарға  бөлшектеніп,  биліктің  барлығы 
патша  шенеуніктерінің  қолына  көшкен  дүрбелеңді  ХІХ  ғасырдың  екінші 
жартысы.  
Ресей  империясы  қазақ  даласын  отарлауды  үдете  түсу  үшін  1868  жылы 
«Қазақ  даласын  билеу  ережелері  туралы»  заң  шығарып,  әкімшілік  билеу 
тәртібін  өзгертті.  Бұл  реформаның  басты  мақсаты  ережеде  анық  та  ашық 
айтылды.  Ол:  «…  объединение  подвластные  России  народностей  под  одно 
управление,  устранение  от  власти  местной  аристократии,  ослабление  родовых 
начал,  чтобы  добиться  постепенного  слияния  киргизских  степей  с  прочими 
частями России» [44,385 ]. 
Халық  арасында  «Жаңа  низам»  аталып  кеткен  осы  заң  негізінде  патша 
өкіметінің  қазақтарды  отарлау,  орыстандыру  саясаты  қызу  жүзеге  асты.  Бұған 
сол кездегі патшаның  облыстық генерал-губернаторы, әскери губернаторлары, 
уезд бастықтары және христиан дінінің басшылары жаппай жұмыла кірісті.  
Ел  билеу  енді  жаңа  ереже  бойынша  сатылы  болыстық  сайлаумен 
өткізілетін  болды.  Бұндағы  мақсат:  «Патша  үкіметі  отаршылдық  мүдде 
тұрғысынан  келіп,  жабайыларды  жабайылардың  қолымен  тұншықтырып 
ұстаудың  ең  ұрымтал  құралы  деп  қарады.  Өйткені,  бір-біріне  мүддесі  сәйкес 
келе  бермейтін  әртүрлі  бытыраңқы  руларды  10-12  ауылдан  біріктіріп  бір 
болыстыққа  кіргізді.  Осы  ауылдардың  қай-қайсысы  болыстықты  жеңіп  алса, 
сонысы  үстем  болу  себепті,  араға  пара  жүрді,  партиягершілік  науқаны  қызды. 
Ашыққан ұялас иттерге сүйек тастағандай болыстық билікке таластырды. 
Надандық  шырмауында  қалып  ұлттық  санасы  жанышталған  қазақтарды 
(Мақыштың  «Әр  қауымға  жәһилдіктен  болған  мазақ», 

  деп  отырғаны  да  осы 

 
 
27 
Ә.Ә.)  патша  өкіметі  ешқандай  солдатсыз,  полициясыз  өздерін  өздеріне  айдап 
салып, билік жүргізудің ел бүлдіргіш айла-тәсілін оңай тапты» [45,191 ]. 
Патша өкіметі өзінің ыңғайына қарай басқарып, еркін билеп төстеу үшін 
енді қазақ халқының байырғы жерлерін мемлекет меншігіне алып, қазақтардың 
ата-бабасынан бері ғасырлар бойы қалыптасқан жерге деген меншіктік құқығын 
жоюды  көздеді.  «Қазақ  жерлерін  жабайы  жолмен  отарлау  1891  жылы  25 
наурыздағы  «Ақмола,  Семей,  Жетісу,  Орал  және  Торғай  облыстарын  басқару 
туралы Ереже» қабылдаған соң бұрынғы жоғары қарқынмен жүргізіле бастады. 
Ереженің  119-бабы  бойынша  «Жыл  мезгілдеріндегі  көші-қон  жерлерін  және 
сол  жерлерге  тиесілінің  бәрін  соның  ішінде  ормандарды  да»  бүтіндей 
мемлекеттік меншікке айналдырды» [46,98 ]. 
Патша  үкіметінің  бұл  жымысқы  саясатының  астарын  С.Мұқанов  былай 
ашып  көрсетті:  «Жер  отарлаудың  мәнісі  –  қазақ  даласына  ішкі  Россиядан 
переселендерді қаптатып жиілетіп орыс шаруа поселкаларын орнату, қазақтың 
бар  құнарлы  жерін  переселендерге  беру,  сөйтіп  жерге  мал  бағумен  ғана  кәсіп 
еткен  қазақ  халқын  мал  отынан  айырып  (отынан  айырылған  соң  мал  өсе  ме?) 
қазақты кедейлендіру, содан кейін аздырып-тоздырып, ұлттығын, елдігін жою» 
[47,119 ]. 
Барлық ерікті өз қолына алған патша өкіметі қазақтардың ең шұрайлы да 
сулы  жерлерін  алып  қарашекпендерге  таратып  берді.  Ішкі  Ресейден 
келімсектердің  ағылып  келуі  қазақ  даласында  демографиялық  ахуалды  да 
өзгертті.  Мақыш  Қалтайұлы  туып-өскен  Ақмола  облысын  алатын  болсақ,  «По 
этническому составу население распределилось так: русские по всей области в 
1897-275.641, в 1911—835.411, казахи в 1897-427.389, в 1911- 550.187. В 1916 г. 
население  всей  области  составило  свыше  1,5  млн.  человек,  в  том  числе 
коренного  населения-казахов  и  других  азиатских  народов  около  228  тыс.  и 
около 1 млн. переселенцев. Русское население к 1916 г. достигло почти 1 млн. 
человек,  т.е.  за  14  лет  число  переселенцев  возросло  более  чем  вчетверо.  В 
результате на своих исконных землях казахи оказались в меньшинстве»[28,39].  
Осы саяси хал-ахуалды Міржақып Дулатов «Қазақ жерлері» өлеңінде: 
Жылында мың сегіз жүз алпыс сегіз: 
Қазыналық- деді,- жердің һәммәсін да, 
Тарылып жылдан- жылға жер-суымыз, 
Мұжықтың кетті бәрі қаласына… 
Кір жуып, кіндік кескен қайран жерлер, 
Мұжыққа, қош аман бол, барасың да 
Қасиетті бабамыздың зияраты, 
Қалдың ғой көшесінің арасында. 
Қазағым жерің қайда атамекен, 
Қазақ қазақ болғалы мекен еткен? 
Қазірде бәріңізді қуып шығып, 
Орнына қала салып «хохол» жеткен… 
Ащы су, бізге қалды шөл далалар, 
Жақсы жер қалдырмады егін салар, 
Қалайша тау мен тасқа баға алады. 

 
 
28 
Қоралы қой, қосты жылқы байларда бар. 
Мінекей, келді мұжық көшкен бұлттай, 
Қазақтың қояр емес жерін құртпай [48,31], 

 
деп дәуірдің ащы шындығын ашына жазған еді. 
Міне,  Мақыштың  балалық,  жастық  дәурені,  тіпті  саналы  өмірінің 
барлығы  да  қазақ  даласында  жүріп  жатқан  осындай  дүрбелеңді  саяси  хал-
ахуалмен тұспа-тұс келді. 
Мақыш  әкесі  Қалтай,  арғы  атасы  Едіге 

  барлығы  да  орта  қолды  кедей 
адамдар болған.Жас кезінде Мақыштың өзі де 
Мен Мақыш Ақмоланың пақырымын, 
Мал басқа бай болмаған тақырымын [49,24 ],

 
деп  өзі  айтқандай  жоқшылықтың  тауқыметін  көп  тартады.  Бірақ  ол  кедей 
екенмін  деп  төмендемейді,  қай  кезде  де,  кімнің  алдында  болса  да  еңсесін  тік, 
жоғары  ұстап  бар  мақсатын  білім  алуға,  ғылым  іздеуге  жұмылдырады. 
«Қазақтың  айнасы»  (1910)  жинағындағы  «Дүниенің    керектігі  хақында» 
өлеңінде былай дейді: 
Әулиенің сөзімен мал жимадым, 
Мұхтаж болып жанымды көп қинадым… 
Ғылым - ғизат, дүние - өлексе, деп. 
Байларға басымды иіп көне алмадым 
Ғылымның ғиззат, құрмет өзінде деп, 
Дүниелер, ағанияға (байлыққа) көз салмадым [50,11]. 
Расында Мақыш кисе киімге, ішсе тамаққа жетпейтін шағын дәулеті бола 
тұра  ешкімге  жалынышты  болмаған,  өзінің  адал  еңбегімен  күн  көріп,  жиған-
тергенін білім алуға жұмсайды.  
Мақыш  алғаш  сауатын  ауыл  молдасынан  ашып,  қадим  мектебінде  оқып 
хат таниды. 
Ол  кездегі  оқу-ағарту  жұмысы  екі  бағытта  жүргізілді:  бірі-мұсылманша, 
екіншісі 

  орысша  оқу.  Мұсылманша  оқу  екі  сатыда  болды.  Ауылдық 
жерлердегі  мектептерде  бастауыш  білім  берсе,  шаһарлардағы  медреселерде 
орта  дәрежелі  білім  алып  шығатын.  Қадим  оқуында  негізінен  ислам  дініне 
қатысты дәрістер жүргізілді және де онда көбінесе медресе бітіріп келген орта 
дәрежелі  білімі  бар  татар,  башқұрт  молдалары  оқытатын.  «Ол  заманда 
балаларды  он-он  бес  жыл  бойы  оқыса  да  сыныпқа  бөлу  болмайтын. 
Шәкірттердің оқу шамасы әр кезде олардың оқып жүрген кітабімен айтылатын. 
Сонда  ең  бастауыш  оқу  әлгі  айтқан  арабша  «Иман  шарт»,  «һәф-тиектен» 
басталса,  одан  әрі  «Түрки»  оқытылатын.  Одан  кейін  «Қырық  хадистен» 
басталатын  арабша  оқу  кететін.  Олар:  «Шуруту-с-салат»,  «Фиқһу  Қайдани», 
«Тағлиму-с-салат»,  «Тухафату-л-мулук»,  «Наһу-сарф»,  «Бидан»,  «Мұқтасар», 
«Қафия»,  «Мантиқ»,  «Ғақайд»  болушы  еді.  Сонан  әрі  білім  төрінде  «Шарх 
Ғабдолла» сияқты кітаптар тұратын»[26,6]. 
Әрине  бұл  кітаптардың  кейбіреуі  араб-парсы,  енді  бірі  түркі-татар 
тілдерінде  жазылса  да  шәкірттердің  сауатын  ашып  жазу-сызуға  үйретуде,  дін 
танытып  имандылыққа  тәрбиелеуде  аз  рөл  атқармағаны  сөзсіз.  Сол  кездің 

 
 
29 
өзінде  мұндай  кітаптар  көкірегі  ашық  білім  қуған  жастардың  қолына 
оңайлықпен түсе де бермейтін. Оған Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мына бір сөздері 
дәлел. 
Кісі еді бек мүсәпір әкем ғаріп, 
Мешітте күн өткізді жатып алып. 
Күндіз-түні жалықпастан оқушы еді, 
«Зубадатул Масайлді» бізден сұрап 
Болмаған қолы толы дүние, малға, 
Жасында ноғайларға жүрген жалға. 
Кітабы бізге алып берген «Мұхаммадия», 
Өзі ескі және жыртық далба-далба 
Әперді үш теңгеге бір «Мұхтасар», 
Кітап жоқ енді бізге онан басқа. 
«Қисасу-л-әнбияны» бізге алуға, 
Шарық қайда, шіркін дүние, шама қайда? 
Баспаның ең алғашқы шыққан кезі, 
Он бес қой, я толық ат-Құран өзі. 
Әптиек қозылы қойдан сатылады, 
Оқуды көргені сол қазақ өзі, 
Баспасы Қазымбектің «Софы Алдияр» 
Баспа-бас бойдақ қойға алар соны  [51,110 ]. 
Көріп  отырғанымыздай  кітаптардың  құны  баласын  оқытсам  дейтін  орта 
қолды қазақтың  қалтасы көтермейтін баға («Қиссаул-л-Әнбияны» бізге алуға, 
Шарық қайда, шіркін дүние, шама қайда?). 
Бағаның  бұлай  шарықтап  өсуінің  себептері  де  жоқ  емес.  Ең  алдымен 
жалпы нарық заңы бойынша, сұранысқа ие болмаған товардың бағасы да төмен 
болар еді. Демек, бұл кітаптар товар ретінде қазақ даласында үлкен сұраныспен 
сауда айналымына түскен. Сол себептен де бағасы қымбат. Мұның өзі сол кезде 
қазақтардың білім алуға деген талпынысының да жоғары болғанын көрсетеді. 
Сонымен қатар жоғарыдағы кітаптар тұтас бір ғылымның (дін ғылымын) 
жеке-жеке  салаларын  оқытуға  арналған  оқулық  ретінде  қолданылған.  Атап 
айтқанда, «Ақида» 

 діни сенім имандылыққа қатысты; «Наһу-сарф», «Тәжуид» 

  Құранды  сауатты,  дұрыс  оқуға  арналған  араб  тілі  қағидалары;  «Тағлиму-с-
салат», «Шуруту-с-салат» 

  намаз әдептері;  «Фиқһу Қайдани» 

 мұсылмандық 
заң  ғылымы;  Рабғузидің  «Қиссасу-л-Әнбиясы» 

  пайғамбарлардың  өміріне; 
«Мухаммадия» 

  Мухаммед  пайғамбардың  өмірі,  дін  тарихына  қатысты 
оқулық-кітаптар. Әрқайсысының білім берудегі танымдық мақсат-міндеттеріне 
қарай  бағалары  да  әртүрлі.  Білімнің  ең  жоғарғы  сатысы  болып  саналатын 
«Құран  Кәрім»,  «Шарх  Ғабдолла»  (Құранға  түсінік  беру  –  Ә.Ә.)  сияқты 
кітаптардың құны да жоғары («Он бес қой я толық ат - Құран өзі»). Осылардың 
барлығы да қадим жүйесіндегі мектептерде оқытылатын арнайы пәндер. 
Мақыш  Қалтайұлының  да  алғаш  оқыған  оқуы,  алған  білімі  осы  сипатта 
болды.  Бірақ  Мақыш  бұл  алған  білімін  қанағат  тұтпай  ары  қарай  өздігінен 
ізденіп  оқуға  кіріседі.  Бірнеше  молданың  алдын  көріп,  дәріс  тыңдап, 

 
 
30 
пікірлеседі.  Солардың  ішіндегі  Мақыштың  өміріне  ерекше  із  қалдырғаны 
Абдолла Ешімов болды. Соған арнап шығарған өлеңінде ақын былай дейді: 
Жиырманың бесінде нәсіп болды, 
Мүшкилатқа мойынды бұруымыз. 
Қараөткелде Абдолла қазіреттен, 
Тағылым алып дүкенді құруымыз. 
Ел ішінде арабтан сабақ алдым, 
Молла тақсыр дегенге қатты нандым. 
Сол заманда бір ғалым Қараөткелге, 
Келіпті деп есітіп әбден қандым. 
Естуменен сыртынан ғашық болып, 
Көп кешікпей көруге іздеп бардым. 
Шын молланы көрген соң шықпас болып, 
«Биданнан» бисмиллаһи дәріс салдым. 
Мал-мүлікті талақ қылып талап үшін, 
Көп жылдар құзырында тұрып қалдым [22,10 ]. 
Абдолла  Бұхарадағы  медресені  тәмамдаған,  хатым  күтіп  атанған  терең 
білімді,  жаңа  пікірлі,  шәкірттеріне  ықыласпен  қарайтын  молда  болғанға 
ұқсайды. 
Пайдалы адам екен ғылым қонған, 
Кәмілдігі білінді біраз соңнан. 
Бұхарада хатым күтіп мәжілісінде, 
Сексен төрт серігінің алды болған… 
Риза Аллаһ мүдәррис болып тұрды, 
Әр пәннен дәріс айтылып дүкен құрды. 
Сабы алтын алмас қылыш қынындағы, 
Анадилық қылғандардың мойнын ұрды. 
Нұрландырды қаланы келген жерден. 
Неше мың пайдаланды кәміл ерден... 
Қатайып қас пен досқа қарамастан, 
Хақиқатын сөйлейді көзбен көрген, 

 
деп мадақтайды ақын ұстазын, оның халық ішіне білім нәрін төккен ізгіліктігін 
дәріптейді.  Сондай-ақ,  Абдолла  Ешімов  ақындық  өнерді  құрметтейтін,  өлең 
жазуға бейімі бар көзі ашық, көкірегі  ояу  адам болған. Оның Мақышқа арнап 
жазған ұзақ назым-өлеңі бар [22, 16 ]. 
Мақыш  Абдолла  мүдәрристен  1894-1897  жж.  аралығында  үш  жылдай 
дәріс тыңдап ислам тарихы, мәдениеті жайында кең мағлұмат алады. Абдолла 
Мақыштың  ғылым-білімге  деген  құштарлығын  танып,  оған  басқа  шаһарларға 
барып оқуға кеңес береді. 
Сөйтіп  ұстаз  кеңесімен  Мақыш  оқу-білім  іздеп  алдымен  Қызылжар, 
Көкшетау жағын аралап, Троицкі қаласынан барып шығады. Осының барлығын 
ақын өзінің өмірбаянын парақтайтын өлеңінде айтып өтеді: 
Қараөткелде тахсилмен үш жыл тұрдым, 
Мұнан соң Қызылжарға сапар жүрдім. 
Троицкі барарға пікір қылдым, 

 
 
31 
Зейнолла шейх мекені мағұмрия. 
Мұнда келген мүрид көп  нәпсісін тыя. 
Маша Аллаһ біз тұрып бұл шаһарда 
Қайттық асыл отанға дүние (білім 

 Ә.Ә.) жыя [23,47]. 
Мақыштың ақын, азамат ретінде дүниетанымдық көзқарасының қалып- 
тасуына Троицкіде алған білімінің, оқыған оқуының айырықша мәнді, маңызды 
болғанын бөліп айтуымыз керек. 
Сол  кездегі  Троицк  шаһарының  мәдени-рухани  өмірі  туралы  деректерге 
жүгінсек, қалада алты мешіт, үш медресе жұмыс істеген  екен. Олар:  «медресе 
Мұхаммадия», «медресе Расулия», «медресе Рахманқұлия» [43,23 ], Мақыштың 
оқыған  медресесі  -  Расулия.  Медресенің  оқу-ағарту  жүйесі,  білім  берудегі 
бағыт-бағдарына  келетін  болсақ:  «Расулия 

  известная  новометодная  школа 
(мадраса) при Пятой соборной мечети г. Троицка. Основана 1884 г. на средства 
казахского  бая  Алтынсарина  знаменитым  башкирским  шейхом,  имам-хатибом 
и мударрисом Зайнуллой Расулевым. 
С  1893  г.  муддарис  Зайнулла  начал  реформировать  свою  школу-ввел 
звуковой  метод  обучения,  классно-урочную  систему,  изучение  светских 
дисциплин. 
Целью мадраса провозглашалась подготовка молодых людей в муллы   и 
учителей  (мугаллимов)  для  начальных  мусульманских  школ  (мектеп). 
Программа преподования включала вероучение, татарский, арабский и русский 
языки, толкование Корана и хадисов, математику, всеобщую историю, историю 
ислама  и  священную  историю,  мусульманское  право,  логику,  этику, 
естествознание,  педагогику и др» [52,86 ]. 
Мақыш осы медреседе екі жыл оқып 1898 жылы 29 жасында бітіріп орта 
дәрежелі білім алып шығады. 
Оның  ақындық  өнерінің  айқындалып,  жаңашылдық,  ағартушылық  ой-
пікірінің қалыптасуына  Троицкіде алған білімі  едеуір ықпал  жасаған. Әсіресе, 
«Насихат  қазақия»  (1911),  «Тура  жол»  (1912),  «Бар  уақиға»  (1912) 
жинақтарындағы  өлеңдерінде  ақынның  жәдитшілдік,  ағартушылық,  діни 
оянушылық көзқарастары анық байқалады. 
Сондай-ақ, Мақыш ұстазы Зейнолла Расуловтан дүнияуи пәндерден дәріс 
тыңдаумен қатар сопылық ілімді де үйренеді. Ақын жоғарыда «Зейнолла шейх 
мекені  мағұмрия,  Мұнда  келген  мүрид  көп  нәпсісін  тыя», 

  деп  аңдатып 
өткендей  Зейнолла  Расулов  Троицкі  шаһарында  медресе  ұстап,  ұстаздық 
етумен бірге соплық бауырластықтың рухани жетекшісі де болған екен. «Еще в 
годы  учебы  Зайнулла  стал  интересоваться  суфизмом,  1859  г.  шайх  Абдал-
Хаким посвятил его одной из школ братства накшбандийа. В Стамбуле (1869-
1870)  он  получил  «разрешения»  (иджазнама)  от  одного  из  шайхов  братства 
накшбандийа быть духовным наставником (муршидом). 
Как  муршид  братства  накшбандийа,  согласно  источником,  он  имел 
множество учеников (муридов) 

  татар,  башкир,  казахов,  туркистанцев  и  даже 
индийцев» [52,85 ], 

 делінген ол туралы деректерде. 

 
 
32 
Алайда,  Мақыш  өміріне  қатысты  қолда  бар  материалдарда,  зерттеу 
еңбектерде  оның  мүрид  болып  сопылық  жолға  түскені  жайында  ешқандай 
мағлұмат жоқ. Ақын шығармаларында ислам дініне қатысты діни  уағыз-өсиет 
үлгісінде  жазылған  тәлім-тәрбие  сипатындағы  өлеңдер  болмаса,  сопылық 
дүниетанымдағы  өлеңдер  кездеспейді.  Керісінше,  ол  «Ишандар  хақында» 
дейтін өлеңінде Түркістан жақтан келген сопы-ишандар мен олардың  мүрид- 
терін кекетіп қатты сынайды. 
Бұдан  шығатын  қорытынды,  Мақыштың  Троицкі  шаһарына  келіп 
Зейнолла  ишан  медресесіне  түсіп  оқудағы  мақсаты  мүрид  болып  сопылық 
бауырластыққа  кіру  емес,  жоғарыда  өзі  «Маша  Аллаһ  біз  тұрып бұл  шаһарда, 
қайттық  асыл  отанға  білім  жыя» 

  деп  айтып  өткеніндей  білім  алу 
болғандықтан, сопылық ілімді де осы мақсатта оқып үйренеді. Сопылық ілімнің 
ғылыми-теориялық  жағына  айырықша  ден  қойып  Зейнолла  мүдәристен  дәріс 
тыңдайды.  Белгілі  мұсылман  ғұламаларының  жалпы  дінге,  соның  ішінде 
сопылық ілімге қатысты ғылыми, діни-пәлсапалық еңбектерімен танысады. 
«Ихийаның» төртінші жүз нұсқасында, 
Ғазалидің бір айтқан сөзін тыңда: 
«Мал, мәртебе, кәсіппен әһл-әулет, 
Шын дұшпан, фитна деген әрбір құлға» [22,13 ], 

 
дейді ақын «Біраз ғибрат сөз…» кітабындағы өлеңінде.  
Мұндағы  келтіріп  отырған  дәйектемесі  әл-Ғазали  деген  атпен  танымал 
болған аса ірі теолог, философ және шафийт-фақиһ Әбу Хамид Мухаммед ибн 
Мұхаммед  ат-Тусидің(1058-1111)  дін  ілімін  тіршілік  мақсаттарына  қол 
жеткізудің  құралына  айналдырған  сол  кездегі  уламды  сынайтын  «Ихийа  улум 
ад-дин»  атты  еңбегінен  алынып  отыр.  Мақыш  бұл  еңбекпен  араб  тіліндегі 
түпнұсқасында оқып танысады. 
Жалпы Мақыш тіл үйренуге өте ыждаһатты болған. Іздеп жүріп, қолына 
түсірген араб, парсы, татар тіліндегі ғылыми кітаптарды сол тілдің өзінде оқып, 
оны терең ұғынуға тырысқан. Үнемі кітап қарап білімін толықтырып  отырады. 
Маңайындағы  ғылым  мәселелерімен  таныс  адамдармен  сұхбаттасып,  ой 
бөлісіп, пікір таластырады білімін жетілдіре түсу үшін орыс тілін үйреніп, сол 
тілде жазылған христиан дініне қатысты әдебиеттерді оқиды. 
Исаның шәкіртіне айтқан сөзін 
«Інжіл мұқаддаста» көрді көзім: 
«Пайғамбарлар қадірі өз жұртында, 
Болмас деп мұнан мұрат»,- айтқан сөзін [25,16 ], 

 
деген ақынның өлеңі, жоғарыдағы ойымызға дәлел болады  
Мұндағы «Інжіл мұқаддас» Алла тарапынан Иса пайғамбарға түскен төрт 
кітаптың  бірі.  Яғни,  христиан  дініндегі  барлық  жаңа  өсиеттің  (Новый  Завет) 
біртұтас атауы болып табылатын қасиетті Евангелие. 
Сондай-ақ,  Мақыштың  «Қалтайұлының  қазақ  ахуалынан  бахыс  еткен 
манзұмасы» (1909) кітабындағы «Хәкімдер бұл жерді беске бөлген…»,  «Қазақ 
хәкімдері»  өлеңдерінде  «Насихат  қазақия»  (1911)  жинағындағы  «Ғылым 
әдептері», «Харакат фиғылийа…» өлеңдерінде; «Тура жол» (1912) кітабындағы 
«Газетаның  керектігі  хақында»  мақаласында  оның  тарих,  география, 

 
 
33 
философия, педагогика сияқты әртүрлі ғылым саласынан хабары мол білімдар 
адам  болғаны  айқын  аңғарылып  тұрады.  Оған  дәлелді  мысал  келтірсек, 
ақынның «Қазақ хәкімдері» атты өлеңіндегі: 
Алты-жеті миллиондай біздің қырғыз, 
Алтын, күміс ішінде бақыр мен жез. 
Басқа халықтан хабары болмаған соң, 
Өзінен артық кісі таппайды еш. 
Газета, жағрафия, тарихтарды 
Курһі көріп еш уақытта салмайды көз [25,16 ], 

 
деген ағартушылық ойы, оның жан-жақтылығын анық көрсетсе керек. 
Мақыш  медресені  тәмамдап,  мұғалімдік  «шаһадат  намасын»  -  куәлігін 
алғаннан  кейін  еліне  келіп  ұстаздық  қызметке  кіріседі.  Ақмола,  Көкшетау, 
Қызылжар  жағында  бірнеше  жыл  бала  оқытып,  шәкірт  тәрбиелеп  ұстаздық 
өнегесімен,  ғұламалығымен  аймаққа  танымал  болып,  «мәшһүр»  атанады.  Бұл 
турасында: 
Атандың заманыңда молла, қажы, 
Іздендің мехнат шегіп қысы-жазы. 
Сол күнде мақтау тиіп болушы еді, 
Ұстаз, шәкірт һәммасы сізге разы. 
Шығып едің қыпшақтан асыл болып, 
Ғалым болдың мақсаттар хасыл болып [22,18 ], 

 
дейді Мақыштың ұстазы Абдолла Ешімов шәкіртіне арнаған назым-өлеңінде. 
Мақыш  негізінен,  әрбір  мұсылман  үшін  міндетті  парыздардың  бірі  – 
«талаб  әл-илмді»,  яғни,  білімге  талаптануды  мүлтіксіз  орындап  отырған. 
«Тәхмину он санада болдым талиб, әһл-әулет барлығын қасыма алып» [23,47], 

 деп өзінің айтуынша бала-шағасын тастамай өзімен бірге алып жүріп, білімге 
талаптанып,  ізденуден  жалықпаған.  «Ислам  дінінің  парызы  ілімге  талаптану 
үшін  саяхат  шегу  ұсынылып,  ең  қолайлы  мерзім  жастық  шақ  деп  есептеледі, 
дегенмен оған ашық шектеу қойылмайды» [53,166 ]. 
Осы  мақсатта  Мақыш  Қазақстанның  Шығыс,  Батыс,  Оңтүстік  өңірін 
аралайды. 
Естігеннен көп артық көзбен көру, 
Көріп ғибрат алғанбыз жүріп елден 
немесе, 
Жоқты айтпаймын айтамын барды сезіп, 
Көп көрдім жүргенімде елді кезіп [54,10 ], 

 
деп көрген-білгенін, ел ішінде өтіп жатқан әртүрлі мәселелерді ой таразысына 
салып  өлеңге  айналдырады.  Жазған  төл  туындылары  мен  тәржімаларын  кітап 
етіп бастыру үшін Қазан қаласындағы баспаханаларға жіберіп тұрады. 
Бұл  жерде  айта  кететін  бір  жайт  –  Мақыштың  татар  баспагерлерімен 
тікелей  қарым-қатынаста  болып,  олармен  араласып  тұруы.  1912  жылы  жазған 
«Нәшір хақында» өлеңінде: 
Шамсуддин Хусайнов нәшір болған, 
Маншурға бұл күнде ғалам толған. 

 
 
34 
Мархұмның бұл кәсібі нәсіп болып, 
Уәрселері (мұрагерлері 

 Ә.Ә.) келеді осы жолдан… 
Мархұмның уәрсесіне ғұмыр берсін, 
Өткеннің бақ дәулеті соңына ерсін. 
Милләтқа қызметінің саясында, 
Шат болып аруахтары рахат көрсін. 
Уәрселері Уәкіл Шахұлы Сағаддинов, 
Мәртебесі һәммәсінің болсын ғали. 
Мақышқа молла жәрдем бере берсін 
Үшбу қадір болып қазір халі [49,21], 

 
деп ақын татар баспагерлерімен өте жақсы таныс болғандығын аңдатады.  
Осындағы  Шамсуддин  Хусайнов  –  татар  баспа  ісінің  дамып, 
қалыптасуына  зор  үлес  қосқан,  іскерлік,  ұйымдастырушылық  қабілетімен 
танымал  болған  баспагер.  Сонымен  қатар,  Ш.Хусайнов  патшалы  Ресей 
қарамағындағы  өзге  де  мұсылман  милләттарының  кітаптарын  бастырып 
шығаруда,  оларды  таратуда  мецананттық  көмек  көрсетіп  отырған  (Мақыштың 
«Милләтқа  қызметінің  саясында,  шат  болып  аруақтары  рахат  көрсін», 

  деп 
отырғаны  да  осы).  Қазақ  кітаптарының  да  көпшілігі  Ш.Хусайнов 
мұрагерлерінің жәрдемімен шығып тұрыпты. Зерттеуші ғалым Ш.Елеукеновтің 
дерегіне  сүйенсек:  «Қозы  Көрпеш»  жыры  1878,  1879,  1890,  1894,  1896,  1899, 
1905,  1909  жылдары  сегіз  дүркін  басылды...  Эпосты  бастырған  баспагерлер  – 
Ш.Хусайнов және оның мұрагерлері. Екі басылымның ғана тиражы (1896,1909) 
13 000 данаға жеткен» [55,95 ]. 
Ш.Хусайнов мұрагерлерінің бірі Уәкіл Сағаддиновпен Мақыш дос болып, 
бір-бірімен  хат  жазысып  тұрады.  Сондай  бір  хатты  Мақыш  1910  жылы 
жазыпты.  Өлеңмен  жазылған  хатты  мүмкіндігінше  толық  келтірсек  те  артық 
емес. 
Шаһұлы Сағаддинов сізге сәлем, 
Саф алтын бола бермес күллі кәлам. 
Мыс қосылып алтыны ғалиб болса, 
Не деп хүкім қыларсыз фазыл данам 
Қатасынан сауабы  ғалиб болса, 
Кәміл дейсіз, я дейсіз жаһил адам. 
Кәміл дерге қата бар айтқан сөзде, 
Ғиллаты бар көреді екі көз де. 
Жаһил деуге бағзы бір сауабы бар, 
Не деп хүкім берілер осы кезде… 
Бұлай бөліп болмаса ифрат тағриб, 
Туыс десек қандай болар мұндай ерге… 
Оғыңыз қайтарылмас шын атсаңыз, 
Мін табылмай болмайды сынатсаңыз, 
Қалтаев әрқашанда хадиміңіз, 
Мәмнун қылып қызметін ұнатсаңыз. 
Түп мақсатым сөзімнің көрінгені, 
Не табады адамның ерінгені… 

 
 
35 
Бір мың тоғыз жүзде оныншы жыл, 
Қалтаевтың бір қылған қызметі бұл. 
Достығын зайығ қылып, тіл ұзартпай 
Пақырыңның хақында бір дұға қыл [50,16 ].  
Хат  ақынның  «Қазақтың  айнасы»  (1910)  атты  кітабының  соңғы  бетінде 
басылған,  соған  қарағанда  аталмыш  өлеңдер  жинағын  баспаға  жібергенде 
жазған хат болу керек. 
Хаттың мазмұнына қарағанда Мақыштың өзі де баспа ісімен айналысып, 
баспагерлермен  қызметтес  болған  сияқты  («Қалтаев  әрқашанда  хадиміңіз 
(қызметкер 

 Ә.Ә.), мәмнун (қажет) қылып қызметін  ұнатсаңыз») 
Бұған  тағы  бір  дәлел  –  жоғарыда  айтқанымыздай,  Мақыш  Қалтаевтың 
тасқа басылған кітаптарының барлығы да Шамсуддин Хусайнов мұрагерлерінің 
қаржылай  көмегімен  шығып  тұрғаны  белгілі,  және  кітаптардың  алғашқы 
беттерінде шығарушысы осы меценанттар екені атап көрсетілген. Ал енді, 1911 
жылы  Қазанда  «Үміт»  баспаханасынан  шыққан  «Насихат  қазақия»  кітабінің 
титуль  бетінде  «Нәшірі  (шығарушысы  –  Ә.Ә.)  уа  мұхаррирі  (редакторы)  әл-
хадж Мақыш бин Қалтай Ақмола шәһәрінде» делінсе (Ш.Хусайнов мұрагерлері 
жазылмаған?!), татар тілінен тәржімалаған «Айна» (1913), «Сақ уа Сұқ халдері» 
(1913)  кітаптарында  (екеуі  де  «Домбровский»  баспаханасында  басылған) 
«Мусахих» (корректор) Мақыш Қалтаев Қараөткел» және «Нәшірі Шамсуддин 
Хусайнов уәрсесі Қазанда» деп жазылған. Осындағы Мақыш Қалтаевқа тікелей 
қатысты айтылып отырған «нәшір», «мухаррир». «мусахих» сияқты терминдер 
кітаптың титуль бетінде жайдан-жай жазылмаса керек?! 
Сондай-ақ  жоғарыдағы  «Нәшір  хақында»  өлеңінде  Мақыш  баспа,  кітап 
шығару ісімен біршама таныстығын аңғарта отырып: 
Дінге хадим нәшірмен жазушымыз, 
Тоқталуға, һәм себеп-азушымыз, 
Бұл қызметтен қазақта бес қат артық, 
Пішен шауып, топырақты қазушымыз [11,20 ], 

 
деп ол қызметтің оңай еместігін тілге тиек етеді. 
Мақыш Қалтайұлының өміріне қатысты осы тұсты әлі де болса нақтылай 
түсуді  қажет  етеді.  Профессор  Б.Кенжебаев  деректеріне  қарағанда  «Тұрмыш» 
атты  қолжазба  журнал  шығарған,  онда  «Қазақ  тілінде  газетаның  керектігі» 
сияқты  т.б.  көлемді,  мазмұнды  мақалалар  жазған»  [56,53  ].  Осының  барлығы 
Мақыштың  жорналшылдық  қызметін,  баспагерлік  іспен  айналысқанын 
айғақтай түседі. 
Өлеңдерінде  өзінің  жол  сапары,  барған  жерлері  жайында  үнемі  баяндап 
отыратын ақын енді бірде: «Шет жерге сапар шектім ат арттырып», «Хиджазға 
барғанымда  арабтармен»  («Бар  оқиға»),  «Меккеде  мекен  етіп  бір  ай  тұрдым» 
(«Тура  жол»), 

  деп  Арабстанға  (Сауд  Арабиясы)  барған  сапары  жөнінде 
айтады.  Ондағы  мақсат  –  Арабстанның  әл-Хиджаз  ықылымында  орналасқан 
Мәдина  мүнаууара  мен  Мекке  мүкәррамадағы  қасиетті  жерлерге  барып  тәуәп 
етіп, қажылық парызын өтеу. 
Мекке  –  Адам  ата  мен  һауа  ананың  жұмақтан  қуылғаннан  кейінгі  өмір 
сүрген  жері,  бұл  қасиетті  жерде  Ибраһим  пайғамбар  мен  Исмайыл  пайғамбар 

 
 
36 
халыққа  уағыз  айтқан,  Мұхаммед  пайғамбардың  кіндік  қаны  тамған  жер. 
Меккеде  ислам  дінінің  ең  басты  мешіті  «Әл-Мәсжид  әл-Харам»  («Қасиетті 
мешіт»)  бар.  Әл-Қағба,  Ибраһим  мақамы,  Зәмзәм  құдығы  сияқты  қасиетті 
орындар  да  осы  мешіт  айналасында.  Қағба-Аллатағаланың  жер  бетіндегі 
алғашқы үйі. Құран кәрімнің «Әл Имран» сүресінің 96-аятында былай делінген: 
«Ақиқатына  келсек,  адамдардың  ғибадат  етуі  үшін  тұңғыш  салынған  үй 
Меккеде. Бүкіл әлемдегі қасиетті және тура жолға бастайтын сол үй». 
Мәдинада  –  «әл-Мәсжид  ән-Нәбәуи»  («Пайғамбар  мешіті»)  бар.  Онда 
Мұхаммед  пайғамбар  жерленген,  жатқан  жерін  «Қабір  ән-нәби»  («Пайғамбар 
қабірі») дейді. Пайғамбар мешітіне зиярат жасау сүннет, яғни мұсылмандардың 
жақсы игілікті істері. «Кім Пайғамбар мешітіне барып қырық намаз оқыса, сол 
адам  тозақ  отына  күймейді,  көр  азабын  көрмейді,  күнәсі  кешіріледі»  деген 
нақыл сөз бар мұсылман қауымында. 
Сондықтан  да  әрбір  мұсылман  бойына  имандылық  дарытып,  фәни 
дүниеде  жасаған  күнәсінан  тазару  үшін  Мекке  мен  Мәдинаға  барып,  осы 
қасиетті  жерлерге  мінәжат  етіп,  шамасы  келгенше  қажылық  парызын 
орындауға тырысады. 
Бірақ, қажылық жасамастан бұрын орындауға тиіс шарттар бар, соның ең 
негізгісі қаржы мәселесі. Ең алдымен қажылыққа жұмсалатын пұл адал жолмен 
табылған  болу  керек,  екіншіден  –  артында  қалған  бала-шағасы  тарықпайтын, 
еш  пендеге  қарызы  жоқ,  жол  азабы  мен  қыруар  шығынды  көтере  алатын 
ауқатты, дені сау адам ғана бара алады. Бұл шарт Құранда: «Кімде-кім Алланың 
үйіне  баруға  шамасы  жетсе,  Алла  соған  қажылық  жасауды  міндет  артқан» 
(«Әл-Имран», 97- аят) делінген. Яғни, күн көрісі төмен, ортақолды мұсылманға 
хаж  парызы  жүктелмейді.  «Хаж  қылуға  қаражатты  да,  һәм  үй-ішінің 
нәпақасына  да  малы  жетерлік  байларға  ғұмырында  бір  мәрте  хаж  қылмақ 
парыз» [57,57 ], 

 дейді Шәкәрім қажы. 
Ал  енді,  өзінің  жұпыны  тірлігін  әртүрлі  кітаптарындағы  өлеңдерінде 
жырлап айтқан Мақыш Қалтаев: 
Бай болып хаж парыз болмаса да, 
Хажылық нәсіп болды Мекке барып [23,48 ], 

 
деп, Мекке барып қажылық парызын өтеп қайтады. 
Қанша еңбектенсе де тапқаны күн көрісінен аспайтын, кедей ақын сонда 
қажылыққа қалай барған, жол шығынын қалай өтеген?!  
Әдебиетші  ғалым  М.Тәжімұратовтың  айтқанына  жүгінсек:  «Жасында 
әкесіне еріп Мекке барған белгілі ағартушы, ақын Мақыш Қалтаев «бәдел хаж» 
атанған [58,294 ]. 
Мұсылмандардың Мекке-Мәдинадағы қасиетті орындарға мінәжат етудің 
үш  түрі  бар:  Зу-л-хиджа  айында  орындалатын  толық  хаж,  жылдың  кез-келген 
уақытында  барып  тәуәп  ететін  ғұмра  хаж  (кіші  хаж)  және  басқа  біреудің 
қаржысы арқылы соның атымен барып қайтатын бәдел хаж. Толық хаж парыз 
болса,  ғұмра  хаж  –  нәфіл  (қосымша  міндет),  ал  бәдел  хаж  жөнінде  дін 
ғұламалары  арасында  талас  көп.  Соның  бірі  қазақ  ғұламасы  Ғұмар  Қараштың 
1913 жылы Қазанның  «Үміт» баспасынан арнайы кітап болып шыққан  «Бәдел 
хаж» дейтін рисаласы (араб тілінде 

  трактат,  зерттеу  мағынасында,  автордың 

 
 
37 
өзі осылай атаған – Ә.Ә.). Оның айтуынша: «Бәдел хаж парыз емес, уәжіп емес, 
сүндет  те  емес,  ең  болғанда  пайдасыз  бір ғамал.  Тіршілікте  хажға  күші  келсе, 
әркім өзі баруы керек. Ал енді қай ретпен болса да бара алмай қалса, ол халде 
бәдел  жіберіп  ешнәрсе  бітпейді.  Ол  ақшаны  бәделге  ысырап  қылғанша  өз 
еліндегі  тиісті  орындарға  сарп  етуі  керек.  Ол  ақшаға  мұғалім  сақтап,  мектеп 
тәрбиелеу керек. Ол ақшаны мұқтаж көрші һәм жақындарыңа беріп, аштықтан, 
жалаңаштықтан сақтау керек. 
Бұларды  аяп,  халіне  кіру,  жәрдем-ақыл  беріп,  жолға  салу  бәделдей  ғана 
емес, күштірек парыз болса керек» [59,205]. 
Ғұмар Қараш «бәдел хаж» мәселесін сөз еткенде дін ғұламаларының осы 
тақырыптағы әртүрлі пікірлерін саралай келе Құран аяттарымен дәлелдеп, оны 
пайғамбар  хадисімен  бекітіп,  рисаланың  әр  бабын  ғылыми  негізде  жіктеп, 
саралай талдап, кешенді түрде зерделеп тұжырым жасайды. 
Әрине,  дін  ғылымынан  мол  мағлұматты  Мақыштың  да  бұл  жайында 
білмеуі  мүмкін  емес.  Ол  «бәдел  хаж»    туралы  пікірін  нақты  айтпаса  да  «Хаж 
хақында» дейтін өлеңінде бұл өредегі ойын жанама аңғартады. 
Хажға бару байларға парыз болды, 
Бармағанға бару үлкен қарыз болды. 
Байлардан да көп барып-пақырлары, 
Қазақтың хажысына дүние толды… 
Хажға барып, атанып хажы әпенде, 
Жөнеледі көп сауап алмақ болып. 
Шарттары бар көп сауап алудың да, 
Айтайын баян қылып жақсы тыңда: 
Ең әуелі пұлың халал болу керек, 
Харам пұлмен берілмес сауап құлға [25,17 ]. 
Осындағы  «Байлардан  да  көп  барып  пақырларың», 

  деп  отырғаны 
«бәдел хажға» қатысты айтылып отыр. Өйткені,  «Қажылық парыз болатындай 
жағдайда болып, қажылық жасамай, сосын қарттық, тәуір болмайтындай ауру, 
соқыр,  мешел  сияқты  бір  себеппен  өзі  қажылық  жасай  алмайтын  болса,  олар 
(яғни  байлар)  өз  орнына  қажылыққа  уәкіл  жібереді.  Орта  есеппен  қажылық 
шығынына жететін ақшаны береді. 
Уәкіл  еліне  қайтқанша  берілген  ақшаны  ысырап  етпей,  орынды  жұмсау 
керек.  Артылған  ақшаны  қайтып  беруі  керек»  [60,35], 

  сияқты  «бәдел  хаж» 
шарттары бар. 
Ғұмар Қараштың: «Нағыз сауап үшін бәделге барып, жіберушінің қалған 
ақшасын өзіне, иә мұрагеріне қайтарып бергенін жалғыз мен емес, басқалар да 
көрмеген  шығар.  Бір  кісінің  бәделі  үшін  бірнеше  кандидаттар  шығып, 
әрқайсысы да «мен барам», 

 деп таласып, көп уақытта өкпе-назға себеп болып 
кеткенін  де  көрдік»[59,205], 

  деп  отырғаны  жоғарыдағы  себептерге 
байланысты байлардың  орнына  парыз өтеп қайтуға бәдел хажылыққа таласып 
жүрген кедейлер «Қазақтың хажысына дүние толды», 

 деп Мақыштың меңзеп 
отырғаны да осы жолмен хажылыққа барғандар. 

 
 
38 
Сонда  «бәдел  хажылыққа»  қарсы  сын  айтып  отырған  Мақыштың  өзі 
қажылық  парызын  қандай  жолмен  өтеп  қайтқан?!  Бұл  сауалдың  жауабын 
ақынның  «Нұрмағанбет  Сағынаев  тәржіме  халі»  дейтін  мадақ  өлеңінен 
табамыз. 
Мақыштың  арнау  өлең  шығарып,  мадақтап  отырған  Нұрмағанбет 
Сағынаевқа  келсек,  ол  жөнінде  «Ақмола»  энциклопедиясында  мынадай 
деректер  келтірілген:  «Нұрмағанбет  Сағынаев  (1848-1926)  арқада,  халық 
арасында Паң Нұрмағамбет деген атпен танымал. Қажылық сапарында Меккеде 
қазақ  тәуіптеріне  арнап  өз  қаражатымен  үй  салдырған,  Омбыға  келген  патша 
мұрагері ІІ Николайды арнайы алтындатып жабдықталған киіз үйде қонақ етіп, 
дәм  татырған,  үш  үйір  бірыңғай  ақ  шұбар  қысырақты  сыйға  тартып,  мұрагер 
қолынан  медаль  алған  қазақтың  беделді  байларының  бірегейі»  [28,361] дейтін 
мәліметтер бар. 
Сондай-ақ  Паң  Нұрмағанбет  жайында  Сәкен  Сейфуллиннің  «Тар  жол, 
тайғақ кешуінде» де егжей-тегжейлі айтылады. 
Мақыштың  өмірбаянына,  дәлірек  айтқанда  хаж  сапарына  қатысты 
болғандықтан 
және 
ақынның 
сөз 
боп 
отырған 
мадақ 
өлеңімен 
байланыстылығын  ескеріп,  Сәкеннің  Нұрмағанбет  Сағынаев  туралы 
жазғанынан ұзағырақ болса да үзінді келтіруді жөн көрдік: 
«Төрдің  оң  жағында  көк  торғын  шатыр  шымылдық  ішінде  ақ  жылтыр 
кірәует 

  төсекте  Нұрмағанбеттің  өзі  отыр  екен.  Өзінен  басқа  үйде  адам  жоқ 
екен.  Нұрмағанбет  қытайлардың  «құдайынша»  кірәуетке  көтін  қойып  отыр 
екен. Басында құндыздаған қара пұшпақ бөрік, көзінде алтын жиекті көзілдірік. 
Үстінде әдемі сұр шұға шекпен, жағасы – қызыл-күрең барқыт. Шекпен ішінде 
сондай әдемі сұр шұға бешпент, шалбар. Аяқта жылтыр амырқан кебіс байпақ. 
Қолында  першетке,  күміс  сапты  таяқ.  Өзі  денелі,  ортадан  биігірек  бойлы, 
бетінде сақал-мұрты аз, көгеріңкі қара сұр кісі. Жасы түріне қарағанда, елуден 
асқан шамасында. 
Біз таңырқаған, «сұқтанған» көзбен төргі үйге кіріп келгенде, ол асықпай 
түрегелді.  Амандастық.  Оның  дауысы  әрең  шығады.  Не  асықпайды,  не  жөнді 
үнін шығарғысы келмейді. Жағалай кілем сәкіге отырдық. Бізде де үн жоқ, онда 
да үн жоқ. Біз таңырқап, көздеріміз тігіліп, айнала қарап отырмыз. Бір-екі ауыз 
жөн сұрады. Мінезі топас, мешел, білімі өте саяз адам сияқты. Өзі не тірі өлік, 
не әдемілеп үрген тұлып сияқты. 
Жігітіне  қарап  Нұрмағанбет  болар-болмас  иегін  көтерді…  Біраздан  соң 
және  бір  жігітпен  екеуі  дастарқан,  патноспен  қызыл  ала  гәрден  кеселер, 
сылдыратып күмістеген қайың тегенемен қымыз әкеп жасап, күмістеген үлкен 
мүйіз ожаумен мас иісі аңқыған сары қымызды сапырып, бізге бере бастады… 
Нұрмағанбеттің  өзі  де  қымыз  ішіп  отыр.  Көп  сөз  жоқ.  Паң,  ескі  дінші 
халықтардың, қытайлардың - будданың тәңірі - бұты сияқты [61,23-24 ] . 
Міне,  бұл  Сәкен  өз  көзімен  көріп  бейнелеп  отырған  Паң  Нұрмағанбет. 
Бірақ,  бұл  арада,  Сәкеннің  бейнелеуіндегі  Нұрмағанбет  пен  тарихи  тұлға 
ретіндегі  Нұрмағанбет  арасында  алшақтық  та  жоқ  емес.  Себебі  төңкерісшіл 
рухтағы Сәкен беделі мен байлығы арқылы исі қазаққа танымал байды таптық 

 
 
39 
тұрғыда  біржақты  ғана  бейнелеп,  оны  қоғамның  жағымсыз  бейнесі  ретінде 
көрсетіп отырғанына назар аударған жөн.  
Ал,  керісінше,  Мақыш  Қалтайұлының  Нұрмағанбет  Сағынаевқа  арнаған 
мадақ  өлеңі  ақын  шығармашылығында  белгілі  дәрежедегі  адам  бейнесін, 
нақтырақ  айтқанда  өз  заманының  өлшемі  бойынша  діндарлық-сопылығымен, 
байлық-беделімен, қайырымдылық ісімен, жалпы адамгершілік қасиеттерімен 
танылған кейіпкердің бейнесін көрсетуге бағытталған туынды. 
Бір зат шықты қазақта үшбу күнде, 
Риясыз кәміл ықылас қылған дінге. 
Хақ тағала халал мал һиба қылып, 
Һимматын қоса берген және бірге [22,12 ], 

 
деп  бастайды  ақын  мадақ  өлеңін.  Нұрмағанбетті  қазақ  ішінде  адал  еңбегімен 
дәулет-байлыққа жеткен, дін жолына малын да, жанын да садаға еткен жан еді 
деп мадақтайды.  
Халыққа әділдікпен үлгі шашқан, 
Нәфсі тілін алмаған бала шақтан. 
Сәулесі төрт тарапқа жарық болып, 
Үш күндік мекенінен шайтан қашқан. 
Данышпан ақыл кәміл болғаннан соң 
Тілдерде «мырза», «хажы» болған дастан 
Адамның артық туған арыстаны 
Болмаған дәулетке ешбір мастан, 

 
деп,  оның  әділдігін,  ақылдылығын,  данышпандығын  мақтан  тұтып,  жүрегі 
халық  деп  соққан  азамат  бейнесін  көрсетуге  ұмтылады.  Қазақтың  басқа 
байларымен салыстырып, олардан Нұрмағанбеттің әдептілігін жоғары қояды. 
Байлар қалың мінезді шалқып сөйлер, 
Бұл кісі де топ-толы ғұрфан-әдеп. 
Миуалап жеміс берер халайыққа, 
Лайық деп даражасы қойған қадап. 
Еліне,  халыққа  игілікті  ісі  мен  ұлағатты  өнегесі,  діни  ғұламалығымен 
танымал Нұрмағанбетті ақын: 
Көп жұлдыздар ішінде бір толған ай, 
Һиматына лайықты дәулеті сай. 
Немесе: 
Секілді он бір жұлдыз басқа қазақ, 
Бұл кісі он екінші шашаласым (нұр)-ай, 

 
деп өз түсінігіндегі ең қымбат теңеу ай, жұлдызға, нұрға балайды. 
Мұны дағы бір күні ішіне алар, 
Һәмманы ішіне алған бұл қара жер, 

 
деп, осындай асыл азаматтың ерте ме, кеш пе ажал құшып қара жердің қойнына 
кететінін  айтып  қапа  болады.    Бірте-бірте  толғау  мазмұны  кеңейе  түсіп,  енді 
ақын: 
Қазірде екі дүркін қажыға барды, 
Бірінде екі әйелін қасына алды. 

 
 
40 
Мысыр, Шам, Құддыс шариф бәрін көріп, 
Байларға күші жеткен үлгі салды, 

 
деп Нұрмағанбеттің қажылық сапары жайынан сөз қозғайды. 
Қажыға барған қазақтар тарихын зерттеген Қалмұқан Исабай  мен Сапар 
Байжан-Ата  келтірген  архив  деректеріне  қарағанда  қазақ  даласынан  қажылық 
сапарға  шығушылар  алғаш  рет  1825  жылдан  бастап  қағазға  тіркеле  бастаған 
екен. 
Ал,  хаж  сапарының  екінші  негізгі  кезеңі  өкімет  тарапынан  ресми  түрде 
заңдастырылған  1900  жылдан  басталады.  Жоғарыдағы  зерттеушілердің 
мәліметі  бойынша  1902  жылдың  өзінде  Ақмола,  Семей  өңірінен  575  адам 
қажылыққа барғанын архив құжаттарымен көрсетеді [62,144 ]. Бұлардан басқа 
отбасы, туыстарымен барғандар да бар.  
Ал  енді  1880-1908  жылдар  аралығында  үй-ішімен,  ағайын-туыс  болып 
барғандардың жалпы саны 176 адам болыпты [62,172-180 ] Осылардың ішінде 
Нұрмағанбет Сағынаев та бар. Ол қасына екі әйелі Көбілең мен Бибішті ертіп, 
1908  жылдың  сегізінші  тамызында  Ақмола  уезі,  Қарабұлақ  болысынан 
қажылыққа Меккеге жүріп кетіпті [60,120 ]. 
Ал Нұрмағанбеттің екінші рет жасаған қажылығы жөнінде Мақыш былай 
дейді: 
Екіншіде екі адам күтуші алған жолдас, 
Көтермейтін адамға дәулет қонбас. 
Халисан Лиллаһ болған қызмет үшін, 
Инша Аллаһ махшарда махрұм қалмас. 
Осындағы қажылыққа еріп барған екі адамның бірі, біздіңше, Мақыштың 
өзі.  Оны  ақынның  өзі  ашып  айтпаса  да,  өлең  мазмұнынан  анық  байқауға 
болады.  
Мақыш  Нұрмағамбеттің  аман-саулығын  сұрап  Алла  тағалаға  жал-
барынып, медет етуі: 
Нұрмағанбет атасын Сағынай дер, 
Нәпсі жеңген қазақта болды бір ер. 
Молла Мақыш қажетін сұрағанда, 
Иа, Аллаһ пақырыңның тілегін бер 
немесе,  оның  атын  дұғасынан,  тілек-батасынан  тастамай,  үнемі  еске  алып 
айтып жүруі: 
Мақтап айтқан сөзім жоқ артық мұнда, 
Дұғадамыз жүрсін деп бек көп жылға. 
болмаса, өлең соңында: 
Фазылдығын айту керек сауап үшін, 
Азырақ сөйлеуімді білдім ләзім. 
Бір ғарыз мақсұт үшін сөйлемеймін, 
Шамамша шашылсын деп өнерпазым, 

 
деп, не үшін оған өлең арнап отырғанын айтып ағынан жарылуы, міне, осының 
барлығы  Мақыштың  қажылыққа  арқаның  атақты  байы  Нұрмағанбет 
Сағынаевпен еріп барғандығын нақтылайды. 

 
 
41 
Бұл  қажылық  парыз  шамамен  1910-1911  жылдар  аралығында  атқарылса 
керек.  Шамалап  отырғанмыздың  себебі  –  біріншіден,  Мақыштың  сөз  болып 
отырған  мадақ  өлеңі  алғаш  рет  1910  жылы  шыққан  «Біраз  ғибрат  сөз...» 
жинағында басылып отыр, сонымен қатар, жоғарыда айтып өткеніміздей, 1911 
жылы  жарық  көрген  «Насихат  қазақия»  кітабында  «Әл-хадж  Мақыш  бин 
Қалтай»  деп  аты-жөніне  қажылық  лауазымын  қоса  тіркеп  жазуы,  қажылық 
сапардың осы жылдары болғанын айғақтай түседі. Екіншіден, Ақмола облысы 
бойынша  1910,  1911,  1912  жылдары  Меккеге  барғандар  құжаты  Орталық 
мұрағатта  толық  сақталмапты  [60,124  ].  Сондықтан  да  бұлардың  қажылыққа 
барғанын растайтын құжаттар әзірше қолға түспей отыр. 
Демек,  бұдан  шығатын  қорытынды,  Мақыштың  жасаған  қажылығы 
жоғарыда М. Тәжімұратов айтқандай бәдел хаж емес, тәуәпшілермен бірге еріп 
барып (Нұрмағанбет Сағынаевпен – Ә.Ә.), өзі үшін тәуәп етіп жасаған негізгі я 
ғұмыра  қажылықтың  бірі.  Егер  біреудің  атынан  бәдел  хажға  барса,  онда  ол 
өзінің  «әл-хаж»  лауазымын  бұлайша  дабырлатып  жарияламас  еді  (бұл  жерде 
араб  тіліндегі  «әл»  артикілінің  кез-келген  есімнің  алдына  қойыла  бермейтінін 
де ескеру керек – Ә.Ә.) 
Мақыштың «Насихат қазақия» (1911) жинағындағы «Үйлену әдебі»,  «Ер 
әдебі»,  «Қатын  әдептері»,  «Ата-ана  әдептері»,  «Сағи  уа  ижтиһат  әдептері», 
«Ғылым  әдептері»,  «Муғамала  әдептері»,  «Жәмғиат  әдептері»  сияқты  діни-
ахлақ  мәселесін  көтерген  өлеңдері  және  «Хаж  хақында»,  «Ғайд  хақында», 
«Үгіттер»  дейтін  уағыз,  үгіт-насихат  өлеңдері  осы  хаж  сапарынан  оралғаннан 
кейінгі жазылған тындырымды еңбек куәсіндей. 
Қажылықтан  оралғаннан  кейін,  1910  жылдың  жазында  Мақыш 
Ғалауаддин қалпенің өтінішімен тағы да ел аралауға шығады. 
1910 жылында тағы да шықтым жолға, 
Ғалауаддин рахым қылып қалап зорға,.. 
Бұл адам алып барды бізді қырға, 
Әуелден махрұм болған асыл сырға [54,19 ]. 
Мақсат-дін,  шариғат,  мұсылмандықтың  парыз-уәжіптері  жөнінде  уағыз-
насихат айтып халықтың санасын ояту, жастардың сауатын ашып қара таныту 
сияқты тағы басқа ағартушылық жұмыстар болды. 
Осындағы  Ғалауаддин  кім?  Ол  жөнінде  Сәкеннің  «Тар  жол  тайғақ 
кешуінде»  біраз  айтылады.  Енді  Сәкен  мен  Ғалауаддин  арасындағы  әңгімеге 
назар  аударайық:  «Бірнеше  молдалар  кие-жара,  омыраулап  біз  отырған  төрге 
келді.  Бес-алты  молда-бәрі  де  Ақмола  уезінің  атақты  молдалары,  «әулиелері», 
Ғалауаддин қалпе, Омар молда, тағы да басқа молдалар… 
Біз сөзімізді сөйлей бердік, молдалар отырды. Ғалауаддин  менің  қасыма 
келіп отырды… Бір мезгілде Ғалауаддин молда маған: 
– Сәкен, «мырза», кішкене сөздеріңізді бөле тұрыңыздар! 

 деді. 
– Неге?-дедім. 
Сөйленіп тұрған сөз өзінен-өзі қойыла қалды. Жұрт қарай қалды. 
–  Қазір  енді  күн  кешкірді.  Намаздыгер  уақыт  болды.  Сөздеріңізді  қоя 
тұрып, кешкі намазға барыңыздар! 

 деді. 
– Біздің қазір уақытымыз жоқ, қалпе! 

 дедім. 

 
 
42 
– Неге уақытыңыз болмайды? Бұл сөздерге уақытыңыз болғанда 
намазға уақытыңыз болмай ма? Жүріңіздер намазға! – деді Ғалауаддин. 
– Біздің дәретіміз жоқ еді, қалпе! 

 дедім тағы да. 
– Дәрет аласыздар, тастаңыздар енді сөздеріңізді, жүріңіздер, намаз өтіп 
кетеді! 

 деді. 
Мен  ыза  болып,  тез  айнала  жолдастарға  қарадым…  Бәкен  менің  бетіме 
қарап жіберді де, қалпеге: 
– Ей, молда! Шатпа!.. Оттама! 

 деді… 
Молдалар қалш-қалш етеді. Иін тірескен жұртта үн жоқ. 
…Міні,  «Алашорданың»  тіреуінің  зоры  молдалар  мен  болыстар  болған» 
[61,70-71 ]. 
Кезінде  дінге,  діндарларға  сыңаржақты  пікір  білдірген  Сәкен,  әрине, 
мұсылманшылық  қазақтың  өмір  салты  болып  қанға  сіңгенін,  ал  дін  өкілдері 
халыққа  ізгілік  жолын  ұстауды  уағыздап  ағартушылықпен  айналысқанын 
түсінбеді  деуге  болмайды,  бірақ  заман  ағымы,  саясат  оны  басқаша  сөйлеткен 
еді. 
Ғалауаддин  қалпемен  сөз  қақтығысқан  Сәкен  оны  сауатсыз,  надан 
дүмшелердің санатында емес, керісінше, саяси сауатты, оқыған-тоқығаны мол, 
Ақмола  өңіріне  танымал  атақты  адамдардың  бірі  деп,  өзінің  саяси  қарсыласы 
ретінде  көрсетеді.  Оның  сөйлеген  сөздерінен  де  діндарларға  тән  сабырлылық, 
инабаттылық (Сәкенге де, өзгелерге де «сіз» деп сөйлеуі) аңғарылады. 
Мақыштың суреттеуі де осы айтқандарға сәйкес келіп жатады: 
Сахарада сан моллға салмақ болған, 
Пәндерге әрбір түрлі судай жорға. 
Хилімдік, ғылымдықпен бірдей болған, 
Кәміл зат бұл секілді түспес қолға. 
Шам көріп шариғаттан шамасы аздар, 
Алайда атқан оғы кетпес солға. 
Әуелден алмас болса атан кескен, 
Жасымас таққанменен қылыш қынға. 
Бұл  жерде  мәселе,  Мақыштың  өз  тұсындағы  беделді,  әл-ауқатты 
адамдарды  көл-көсір  мақтап,  олар  туралы  жақсы  көзқараста  болуында  ғана 
емес, мәселе оның тіршілікте кімдермен араласып, қандай ортада азамат болып 
қалыптасып, өсіп-өнгені жайында өз аузынан айтылған дереккөз 

  өмірнамада 
жатыр.  Шығармаларында  аттарын  түстеп  айтатын  Абдолла  Ешімов, 
Нұрмағамбет Сағынаев, Ғалауаддин қалпе, Шаһмардан Қосшығұлов (ол туралы 
«Газетаның  керектігі  хақында»  мақаласында  сөз  болады)  –  барлығы  да  оқу-
ағарту  саласында,  қоғамдық-қайраткерлік  қызметте,  қайырымдылық-игілікті 
істерімен  Ақмола  өңіріне,  арқа  қазақтарына  танымал  атақты  адамдар.  Тіпті, 
жоғарыда  Сәкен  Сейфуллин  де  бұларды  (Нұрмағанбет,  Ғалауаддин)  саяси 
көзқарас тұрғысынан сынап-сыбап алса да, олардың халық арасындағы беделін, 
атақ-дәрежесін жоққа шығармайды. 

 
 
43 
Міне,  Мақыш  көзі  тірісінде  сыйласып,  араласқан  адамдары  осылар 
болды.  Оның  ақындық  болымысының  қалыптасып,  шығармашылығына  ықпал 
еткен де осы зиялы орта. 
Енді  Мақыштың  отбасылық  жағдайына  келсек,  өзінің  айтуынша, 
Көкшетау  жақта  жүргенде  үйленіп  балалы-шағалы  болады.  Ол  жөнінде 
«Насихат қазақия» (1911) жинағындағы өлеңінде былай деді: 
Көкшетауда бір тахсил тұрдым және, 
Бұл шаһарда құт болды қатын бала 
Екі қызым тәшуиш мәниғ болып, 
Шарасыздан ел таптым болып шала [23,47]. 
Мұнда келгендегі мақсат оқу, білім алу болатын, бірақ, екі қызы аурулы 
(тәшуиш 

  Ә.Ә.)  болып,  ары  қарай  оқуын  жалғастыруға  бөгет  болады  (мәниғ) 
да, еліне Ақмолаға қайтуға тура келеді. 
«Қалтайұлының  қазақ  ахуалын  бахыс  еткен  манзумасы»  (1909) 
кітабындағы  өмірбаяндық  өлеңінде  Мақыш  өзінен  бес  бала  болғанын  айтады, 
оның үшеуі ұл, екеуі қыз бала 
Өзімізден екі әйел (бала 

 Ә.Ә.) үш ұл болды, 
Мейман болып дүниеге біраз қонды. 
Төрт балам анасымен сапар қылды 
Белгілі барса келмес деген жолды [25,2 ] 
Алдымен Көкшетаудан сырқаттанып келген қызы өледі де, оның артынан 
үш ұлы бірдей қайтыс болады. Мұндай ауыр қазаға шыдамаған олардың анасы 
да көз жұмады. Бір үйлі жаннан айырылған Мақыш: 
Бұл дүниеде көп көрдім, тарлық, барлық, 
Жеті жаннан 

 айырылып екеу қалдық, 

 
деп бір қызымен екеуі ғана қалады.  
Қ.  Ергөбековтің  әдебиетші-ғалым  Бейсенбай  Кенжебаевқа  арнаған 
«Ғалымның  хаты»  дейтін  мақаласында:  «Мақыштың  қызына  арыз  жаздырып: 
«Әкемнің  мұрасын  зерттейді,  маған    ақша  төлемейді», 

  дегізіп  арандатқан» 
[26,  241], 

  деп  жазғанына  қарағанда  Мақыштың  қызы  бертінге  дейін  ғұмыр 
кешкенге ұқсайды.  
Орны  ойсырап  қалған  отбасы  Мақышқа  оңай  тимейді,  қабырғасын 
қақыратып кеткен қаза оны қатты қайғыға салады. 
Үш ұл жамағаттан айырылған соң, 
Мұғаттал бес жыл жүрдім бос сандалып, 

 
деп  ішқұса  болып,  жазмышқа  налып  жүрген  ақын  енді  өзін  сабырлыққа 
шақырып: 
Пендесі еріксіз көнер әр ісіне 
Хақиқи падишадан болса жарлық, 

 
деп,  Алла  тағаланың  пешенеге  жазған  тағдыр-талайына  мойын  ұсынып,  бұ 
дүниелік тіршілік қамына кіріседі. 
Осыдан  көп  ұзамай  Мақыш  екінші  рет  үйленіп,  от  басын  құруға  бел 
буады.  Оның  басын  дауға  салған  бұл  әрекеті  Абдолла  Ешімов  пен  екеуінің 
арасында өлеңмен жазған хатта баяндалады. Хатты бірінші жазған Абдолла. Ол 

 
 
44 
хат  Мақыштың  «Біраз  ғибарт  сөз…»  (1910)  жинағында  «Абдолла  Ешімовтың 
Мақыш Қалтайұлына насихатта (достық кеңес- Ә.Ә) яки фадихата (масқаралау) 
айтқан  назымы» деген атпен берілді. 
Молда Мақыш асылың қыпшақ елі, 
Сайқалдаған (аралаған-Ә.Ә) дүниені сен бір сері. 
Адамзаттың амалын тегіс білдің, 
Ұшып жүрген болмаса дию-пері. 
Түзу жолмен жүгірдің неше жылдай, 
Сонда да келіспейді кейбір жері. 
Жастықтың да қызығын орындатып, 
Тарқағандай  болдың ғой іштің шері. 
Сөзіңді естіп шығады ащы терім, 
Саған бұлай не болды, кемеңгерім… 
Молла болдың, хажы болдың, жасың толды, 
Ғибратқа әрбір түрлі басың толды. 
Осы үшеуі бір басыңа өсек ертіп, 
Не себептен болдыңыз мұнша сорлы. 
Мақыштың  бар  абырой-беделін  тізбектей  айта  отырып,  оны  бірте-бірте 
сөгуге кіріскен хаттың бұлайша басталуында бір мән жатыр.  
Мәселе  былай,  Мақыш  қаржас  руының  бір  қызына  барып,  оның  соңы 
«жігіттік жасады» деген өсекке әкеп таңады. Бұған намыстанған қаржастықтар 
Мақышты  кінәләп,  арты  үлкен  дауға  айналады.  Абдолла  хатының  мазмұнына 
қарағанда  Мақыштың  соңынан  ерген  өсек  бүкіл  Ақмола  шәһәріне  жайылған 
тәрізді. 
Мақышқа таңылған осындай алып-қашпа сөздерге онымен бірге араласып 
жүрген дос-жарандары да сенер-сенбесін білмей дал болады: 
Бұл кезде түрленіпсіз басқа түрге, 
Біздер ғажап боламыз жүрген бірге. 
Қатын-бала қайғысы қайғыртты ма, 
Жолықтың ба болмаса көз бен тілге?! 
Молдалық құрып, шәкірт тәрбиелеп жүрген, діни ұстамға берік пірәдар Мақыш 
мінезінің  бұлай  күрт  өзгергеніне  өзі  білім  берген  ұстазы  әрі  досы  Абдолла  да 
қайран қалып, түсінбейді: 
Шығып едің қыпшақтан асыл болып, 
Ғалым болдың, мақсаттар хасыл болып, 
Бұзылған деп айтуға лайық болар, 
Жеңілейіп кеткендей жасқа толып. 
Бұзықтық жарамайды кәрі-жасқа, 
Сонда да жігіттіктің жолы басқа. 
Тоқталмаған адамға ахмақ дейміз, 
Ақ кіре бастаған соң сақал-шашқа. 
Қаржастарға қылғаның болды мәлім, 
Пайда қылар орнында зарар қылып, 
Айғырым адамзаттың хақын жедің, 

 
деп жазғыра сөгіп, айыбын бетіне басады.  

 
 
45 
Тоқсан сегіз жолдан тұратын хаттың мазмұны, мән-жайы осындай. 
Мақыштың  мінезіне,  адами  тұлға-болмысына  жат  іс-әрекетін  «насихата 
және  фадихата»  отырып  жеткізген  Абдолла  өлең-хатын  достық  көңілде 
тәмамдайды: 
Абдолла Ешімов дер менің атым, 
Руым – қарауылдан, қазақ – затым. 
«Дос жылата айтады», дегендейін, 
Достықпен сізге сәлем жазған хатым [22,18] 
Хаттың  мазмұнынан  байқалатын  бір  ерекшелік  –  Абдолла  Мақыштың 
намысына тиетін сөздер айтып («Молла, хажы дегеннің орнына, Десек те жарар 
сізге залым ғалым»), қаншама сыбап, сөгіп жазғырып отырса да («Майданда он 
үй  қаржас  құдай  деген,  Оларды  да  ренжітуің  бекерлігің»),  көбіне  оның  ел 
ішіндегі  абырой-беделіне  тоқталып  атын  зорайтып  көрсету  жағы  басым  түсіп 
жатады. 
Мұның өзі, расында да, Мақыштың діндарлық ғұламалығымен, ақындық 
өнерімен  ел ішінде  «Молда Мақыш»,  «Мәшһүр Мақыш» атанып  зор құрметке 
бөленгендігін көрсетеді. 
Абдолла  хатына  Мақыш  та  өлеңмен  150  жолдан  тұратын  жауап  хат 
жазады. 
Енді,  қуға  тиген  оттай  боп  лап  етіп  халық  арасына  тез  тараған  өсектің 
қаншалықты рас, өтірігін ақынның өз аузынан естиік: 
Қыпшақтың болушы едім бір баласы, 
Болмайды бәрі бірдей қол саласы. 
Оғы жоқ құры босқа шарттағандай, 
Қазақтың соңынан ерген көп жаласы. 
Жаладан аман жүрген адам бар ма? 
Ғайбаттан тоқталатын заман бар ма? 
Сөйлер сөз жел болғанда, ауыз-қақпа, 
Қақпаны бос қоюдан жаман бар ма? [22,19 ], 

 
деп ақын хатын тереңнен толғап бастайды.  
Яғни, біреуге жала жабу, сыртынан өсек айтып ғайбаттау бір күннің, бір 
жылдың  нәтижесі  емес,  заманалар  бойы  келе  жатқан  қазақтың  қанына  сіңген 
әдеті.  Бұдан  ешбір  пенде  құтылмақ  емес,  бәрінің  артынан  сөз  ереді,  бұл  тіпті 
қазақтың өмір сүруінің заңдылығына айналған құбылыс дегенге саяды. Соның 
бір айқын көрінісі өзінің артынан ерген өсек-аяң, оны таратушылар ақын барған 
қыздың ауылының адамдары: 
Ел қылығын бағып ем бала жастан, 
Намыскер ел көрмедім мұнан асқан… 
Ақылды ауыл екен ізін баққан, 
Жолыма неше жерден құрды қақпан… 
Ауылы аймағымен айтақтасып, 
Артымнан ақымақтарын арсылдатқан… 
Қасқыр көрсе біріккен иттей болып, 
Ынтымағы бір болды ауылының. 
Лақап қылып, әртүрлі шығарды өсек, 

 
 
46 
Өз ойынша, кемір деп бұлай десек. 
Анықтап адамзаттың хақын жесек, 
Айтпақ түгіл, артымнан атсын кесек. 
Мақыштың сөзіне қарағанда оның бар кінәсі аусарлықпен (серілік – Ә.Ә.) 
қызды  ауылға  барғаны  («Арты  жоқ  аусарлықты  көре  қойып,  Қапия 
тынышымды  алды  соның  үшін»),  қызға  шынайы  көңілін  білдіріп  сезімін 
жеткізгені  («Арабтың  ғашық»  деген  бір  сөзіндей,  Құр  көңіл,  өзгесі  жоқ,  анық 
расым»),  артынан  сөз  ерттіріп  отырғанда  осы  серілік  («Ақылымды  аусарлық 
азғындатып,  Сол  себепті  көп  болды-ау  шыбын  қасым»)  және  де  ол  мұны 
өзгеден  көрмей,  өз  кінәсі  ретінде  мойындайды  («Кісіден  көретұғын  болмай 
қалды,  Көрмесек  өзіміздің  сорымыздан»).  Бар  айыбы  осы  ғана,  басқа  жала 
жауып, өсек қылатындай еш нәрсе бүлінген жоқ («Болғанменен аусарлық көрсе 
қызар, Артық нәрсе жоқ еді түсті бұзар»). 
Ал  енді,  Мақыш  осы  үшін  өзінің  артынан  сөз  айтып  ғайбататушыларды 
қаралап,  жазғырмайды,  керісінше  олар  мұны  түсінбеушіліктен  істеп  отыр  деп  
оларға кешіріммен қарайды: 
Ауыл екен дәнеме көрмей жүрген, 
Өсек-аяң соңынан ермей жүрген, 
Ел ағасы адамының көңілін алып, 
Намысын еш адамға бермей жүрген… 
Бұл қаржас қиянатқа бармайды екен, 
Біреудің ала жібін алмайды екен. 
Біреудің ала жібін аттағанның, 
Соңынан жарық алып  қалмайды екен. 
Сонда  да  болса,  өсектің  аты-өсек,  жаланың  аты-жала.  Адамның  абырой 
беделін  жұрдай  ететін  де  осы  қаңқу  сөз.  «Сөз  –  тас  жарады,  тас  жармаса  бас 
жарады», 

 деп тегін айтылмаған. 
Бірақ  Мақыш  артынан  ерген  өсек-аяңға  жасып,  мойымайды,  жалған 
жабылған жала оның сағын сындыра алмайды. 
Бармақтай басында ердің болса бағы, 
Сынбапты еш адамнан оның сағы. 
Аусарлықтың арты жоқ деген едім, 
Алла Ағлам – осы сөздің хағы. 
Не қылса да сауап деп білдім оны, 
Болдырмадым сонша мен ешнәрсені 
Анықтамай әртүрлі айтқандардың, 
Алла білсін анығын, осы жөні 
Анығын аңдатқан соң тоқтатайын, 
Айта берсем ақыры бекер ұзар. 
Қатасының ғафуын талап қылып, 
Қалтаев хал-хадірін хатқа сызар, 

 
деп аяқтайды ақын хатын. Алла атынан ант ішіп, өзінің ақ, адалдығын дәлелдеп 
бағады. Міне, Мақыштың жауап хатының ұзын-ырғасы осындай. 
Тоқ етері, бұл жылдары Мақыштың екінші рет үйленбек болғанын, бірақ 
«Ойлап  жүрген  мақсатым  босқа  кетіп,  Біраз  заман  қорлықты  көрдім  ұдайы»,- 

 
 
47 
деп  өзінің  айтуынша,  жоғарыдағы  нахақ  жаладан  біраз  жыл  қорлық  көріп,  үй 
болып, түтін түтетуге бел буған ниеті орындалмаған сияқты. 
Мақыштың ендігі бар жұбанышы қолындағы қаламы болды.  
Бұл пақырдан қалсын деп әсер соңға, 
Тәртіп етті біраз сөз келсе оңға. 
Дін қарындас дұғасын үміт етіп, 
Тахрир еткен әбиатты Мақыш молла [23,47], 

 
деп, ендігі жерде дүние қызығынан баз кешіп, артында із қалдыру мақсатында  
жазған-сызғандарын  хатқа  тізіп,  бірыңғай  шығармашылықпен  айналыса 
бастайды. 
Хақиқи өлмей қалмас ешбір пенде, 
Ғанимет біл, болғанда жаның тәнде. 
Өлсе дағы өлмейді деген сөз бар, 
Жақсы есімін соңғыларға қалдырғанда [22,13], 

 
деп  өзі  айтпақшы,  артына  елеулі  мұра  қалдырған  ақын  1916  жылы  небәрі  47 
жыл өмір сүріп көз жұмады. 
Біз бұл жерде қаламгер өмірбаянының алғашқы соқпағын салуды мақсат 
еттік.  Оның  өміріне  қатысты  ашылмаған  беттер  әлі  де  болса  жетерлік.  Оның 
бәрін қайта қарап, ақынның ғылыми өмірбаянын зерделеп зерттеу болашақтың 
үлесінде. 
 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет