Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты


 Жоғары кәсіби білімнің құрылымы мен мазмұны



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата03.03.2017
өлшемі1,4 Mb.
#7575
1   2   3   4   5   6   7   8

 

3.3 Жоғары кәсіби білімнің құрылымы мен мазмұны 

Қазақстан  Республикасы  жоғары  оқу  орындарының  құрылымына- 

университет,  академия,  институт,  оларға  теңестірілетін  консерватория,  жоғары 

мектеп, жоғары училище кіреді. 

Жоғары  ұлттық  білім  беру  жүйесінің  қызметі  Қазақстанның  жедел 

қарқынды  және  демократиялық  жолмен  дамуын,  оның  өркендеуіне  және 

әлемдік  қауымдастық  биіктігінен  көріне  білетін,  XXI  ғасырдың  жаңа 

талаптарын нәтижелі шешетін азамат тәрбиелеу болып табылады. 

Педагогика  және  психология  сөздіктерінде  "Академия  –  жоғары  кәсіптік 

білім  мен  жоғары  оқу  орнынан  кейін  кәсіптік  білімнің  білім  беру 

бағдарламаларын  іске  асыратын;  өндірістік,  ғылыми  және  ғылыми-

педагогикалық  қызметтің  белгілі  бір  саласы  үшін  жоғары  кәсіптік  білімі  бар 

мамандар  даярлауды,  қайта  даярлауды  және  олардың  біліктілігін  арттыруды 

жүзеге  асыратын;  ғылымның  немесе  мәдениеттің  көбінесе  бір  саласында 

ғылыми  зерттеулерді  орындайтын  жоғары  оқу  орны;  Институт  –  кәсіптік 

жоғары  білімнің  білім  беру  бағдарламаларын  іске  асыратын  және  қолданбалы 

сипаттағы  ғылыми  зерттеулерді  жүзеге  асыратын  жоғары  оқу  орны; 



Университет  –  мамандықтардың  кең  ауқымы  бойынша  жоғары  кәсіптік  және 

жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске 

асыратын;  жоғары  кәсіптік  білімі  бар  мамандарды,  ғылыми  және  ғылыми-

педагог  қызметкерлерді  қайта  даярлауды  және  (немесе)  олардың  біліктілігін 

арттыруды  жүзеге  асыратын;  іргелі  және  қолданбалы  ғылыми  зерттеулер 

жүргізетін; өзінің қызмет саласында жетекші ғылыми және әдістемелік орталық 

болып табылатын көп салалы жоғары оқу орны" деп анықтама берілген. 

Жоғары  оқу  орындарындағы  білім  беру  Қазақстан  Рсспубликасы  

мемлекеттік  жіктеушісіне,  білім  стандарттарына  және  типтік  бағдарламаларға 

сәйкес  іске  асырылады.  Жоғары  оқу  орындарына  арналған  мемлекеттік  білім 

беру  стандарттары  Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  жіктеушісіне  сәйкес 

жеке  мамандықтар  бойынша  дайындалады.  Қазақстан  Республикасы 

мемлекеттік  жіктеушісі  жоғары  оқу  орындарында  берілетін  мамандықтардың 

саны  мен  сапасын  анықтайды.  2003  жылдан  бастап  оқытудың  жинақтаушы 

кредиттік  жүйесіне  негізделген  кадрларды  даярлаудың  біртұтас  үш  сатылы 

моделін  іске  асыруға  байланысты  бакалавриат,  магистратура,  докторантура 

бойынша  білім  берудің  жіктеушісі  айқындалып,  бекітілді.  Жоғары  білім 

жіктеушісіне  сәйкес  Қазақстанда  педагогикалық  (мұғалімдік)  мамандықтар 

бойынша дәстүрлі оқыту түрі 030000 - педагогикалық 19 мамандық дайындалса, 

кредиттік  оқыту  жүйесі  050000  -  білім  бағыты  бойынша  22  мамандық 

дайындалады.  Жоғары  білім  жүйесінің  кредиттік  оқыту  жүйесіне  көшуге 


 

77 


байланысты  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  

380 бұйрығына сәйкес стандарттар қайта дайындалды. 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  алқасында 

алғаш  рет  студенттердің  білім  сапасын  айқындауға  негізделген    "Студенттерді 

аттестаттауға  байланысты  тестілеуді  енгізу"  туралы  шешім  қабылданды. 

Студенттердің білімін тест арқылы айқындауға байланысты Ереже дайындалды. 

Жоғары  оқу  орындарында  әр  пән  бойынша  қамтылған  сағаттық  жүктемелерге 

100-500  аралығында  тест  тапсырмалары  дайындалды.  Студенттердің  білім 

деңгейі  осы  тесттер  бойынша  студенттердің  білім  сапалары  ағымдық,  аралық 

бақылаулар өткізу және емтихан алу арқылы айқындалады. 

2003  оқу  жылынан  бастап  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 

министрлігінің  басшылығымен  білім  беру  ұйымдарына  тәуелсіз  бақылау 

жүргізілді. Жоғары  оқу  орындарының 2(3)  – курс студенттердің  білім сапасын 

айқындауға  байланысты  аралық  мемлекеттік  бақылау  енгізілді.  Аралық 

мемлекеттік  бақылау  арқылы  ұйымдастырылған  студенттердің  білім  сапасына 

деген қатаң талап олардың білімге деген құлшыныстарына үлкен серпіліс берді. 

Қазақстан Республикасы Президентінің қолдауымен 1993 жылдан бастап 

республика  жастарын  әлемдік  білім  кеңістігіндегі  болып  жатқан  ғылымды 

меңгеруге байланысты іргелі іс-шаралар жүргізілді. Осы мәселе бойынша "Шет 

елде кадрлар даярлау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің  "Болашақ" 

халықаралық  стипендияларын  белгілеу  туралы"  1993  жылы  5  қарашада  

№1394  қаулысы  жарияланды.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 

"Болашақ"  халықаралық  стипендияларына  үміткерлерді  іріктеу  және  оны 

тағайындаудың Ережесі дайындалып, сол бойынша Қазақстандық жастар алыс 

және  жақын  шет  елдерде  жоғары  кәсіптік  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі 

кәсіптік білім алуларына жағдайлар жасалды. 

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға 

арналған мемлекеттік бағдарламасы. 

Техникалық және кәсіптік білім мақсаты: Қоғамның және экономиканың 

индустриялық-инновациялық  даму  сұраныстарына  сәйкес  ТжКБ  жүйесін 

жаңғырту, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу.Ал, қазіргі күні жоғары кәсіптік 

білім  беру  саласын  модернизациялау  кредиттік  жүйені  енгізумен  тікелей 

байланысты.  Қазақстанда  бұл  жүйені  енгізу  ұлттық  білім  беру  жүйелерін 

реформалаудағы  дүниежүзілік  тенденциялармен,  сондай-ақ  ҚР  жоғары  оқу 

орындары дипломдарының әлемдік білім беру кеңістігінде еркін қабылдануына 

деген жағдайлар, алғышарттар жасау қажеттіліктерімен түсіндіріледі.  



Бағдарламаны іске асырудың нәтижесінде: 

Кәсіби  міндеттерін  дербес  әрі  шығармашылық  тұрғыдан  шешуге,  кәсіби 

қызметтің  тұлғалық  және  қоғамдық  маңызын  түсінуге,  оның  нәтижелері  үшін 

жауап  беруге  қабілетті  кәсіби  құзыретті  жеке  тұлғаны,  бәсекеге  қабілетті 

маманды  қалыптастыруды  қамтамасыз  ететін  білім  беруді  басқарудың  тиімді 

жүйесі құрылатын болады.  

Осы  орайда  жоғары  педагогикалық  білім  беру  (ұзақтығы  4  жыл)  – 

педагогикалық  білім  беру  кредиттік  технологиямен  оқытылып,  арнайы  пәннен 



 

78 


дипломдық  жұмыс  (факультеттік  бейімділігіне  сәйкес)  қорғалады  немесе 

мемлекеттік  емтихан  тапсырумен  аяқталады  «Педагогика»,  «Арнайы  пәннің 

оқытылу  әдістемесінен»,  «Қазақстан  тарихынан»  мемлекеттік  емтихан 

тапсырады.  Жоғары  оқу  орнын  аяқтағаннан  кейін  студент  мұғалім 

мамандығымен бірге «бакалавр» дипломын алады.  

Еліміз  жоғары  оқу  орындарының  еуропалық  білім  кеңістігіне  енуінің 

дәлелі ретінде Болон декларациясына қосылу аясында біздің оқу орындарында 

білім беру үдерісіне түбегейлі өзгерістер еніп, мамандар даярлау ісінде біршама 

жаңалықтар  болды.  Оның  ішіндегі  ең  маңыздысы  –  ЖОО-дағы  білім  берудің 

Болон үдерісі стандарттарына сай құрылуы, яғни оқытудың кредиттік жүйесіне 

көшірілуі,  соған  сәйкес  жоғары  білікті  мамандар  даярлаудың  бакалавриат  – 

магистратура – PhD докторантура бағдарламалары бойынша үш сатылы моделін 

қалыптастыруға ұмтылу

1999  жылғы  19  маусымда  29  елдің  білім  министрлері  қол  қойған  Болон 



келісімі бірыңғай  европалық жүйедегі білім беру  кеңістігін құруды міндеттеді. 

Бұл  міндет  келісім  мүшелерінің  бәріне  түсінікті  және  бәрі  мойындайтындай 

квалификациялық стандарттар қабылданған жағдайда ғана іске аспақшы. 

Мамандарды дайындау мазмұнына қойылатын талаптарды қайта қарау, ең 

алдымен  ХХ  ғасырдың  соңғы  онжылдығында  пайда  болған  жаңаша 

тенденциялармен:  жоғары  оқу  орындарында  оқу  мерзімін  қысқарту  және 

жоғары  білімнің  еңбек  рыногы  сұранысына  жауап  беруі  қажеттілігінен 

туындаған көпдеңгейлі оқыту бағдарламасын енгізумен байланысты. 

Халықаралық  білім  беру  кеңістігінде  жоғары  білім  саласында  кредиттік 

технология бойынша оқытудың төрт негізгі жүйесі бар. Олар: европалық жүйе – 

ESTS,  америкалық  жүйе  –  USCS,  британдық  жүйе  –  CATS,  Азия 

мемлекеттерінде және тынық мұхиты аймағында қолданылатын жүйе  – UCTS. 

Қазақстан осылардың ішіндегі европалық жүйеге (ESTS) бағыт ұстауда. Дүние 

жүзінде  бұл  жүйе  бойынша  1200  елде  университеттік  жоғары  білім  беру  іске 

асырылуда. 

Енді осы білім беру жүйесіндегі интеграциялық процестердің мақсатына 

келер болсақ, олар төмендегідей: 

-

 



Жоғары  білім  алуға  мүмкіндіктің  шарты  ретінде  мектепте  

12-13 жылдық оқыту жүйесіне көшу; 

-

 

Оқу мерзімі 4 жыл және біліктілік деңгейі  еңбек рыногы талаптарын 



қанағаттандыратын,  сондай-ақ  әрі  қарай  білім  алуды  жалғастыруға  жарамды 

«бакалавр» дәрежесі бар аяқталмаған жоғары білім беру;  

-

 

«Магистр» және доктор дәрежелері бар аяқталған жоғары білім беру; 



-

 

Барлық ұлттық жоғары білім беру жүйелеріне European Credit Transfer 



System  (ECTS)  есептік  бірлік  жүйесін  немесе  қайта  есептеу,  жинақтау 

функцияларын  қамтамасыз  ететін  және  шетелде  оқытудың  академиялық 

талаптарына сай бірыңғай жүйені енгізу. 

Кредиттік  жүйенің  артықшылық  жақтары  (студенттің  өзіндік  жұмысы 

рөлінің  күшеюі,  оқытудың  сапасын  күшейтуге  деген  талаптар,  қашықтықтан 

білім  беруді  дамыту)  білім  берудің  ашық  жүйесін  құру  міндеттерін  шешуге 



 

79 


мүмкіндік береді. 

Білім  берудің  жаңа  типі  ашық  білім  беру  жүйесі  жаңа  педагогикалық 

технологияларды  қажет  ететін  ақпараттық  технологиялар  арқылы  іске  асады. 

Жаңа ақпараттық-педагогикалық технологиялар ақпараттардың білімге айналуы 

процесінің сапасын қамтамасыз етеді. 

Жоғары оқу орны жүйесін әлемдік стандарттар деңгейіне қосу талаптары 

мынадай қадамдардан тұрады: 

-

 



Білім берудің қазақстандық моделін құру; 

-

 



Білім  беру  жүйесін  Лиссабон  конвенциясының  (1997)  және  Болон 

декларациясының ережелеріне сәйкестендіру; 

-

 

Қазақстандық  білім  берудің  жаңа  моделінің  негізіне  ҚР  «Білім  туралы» 



Заңы,  «Европа  аймағында  жоғары  білімге  жататын  квалификацияларды 

мойындау  туралы»,  «Конвенцияны  ратификациялау  туралы»  тұжырымдамалар 

алынады. 

Білім  берудің  ашық  жүйесін  құру  кредиттік  технология  енгізілуі 

нәтижесінде мүмкін болатын конкурентке жарамдылықпен айқындалады. Бұған 

білім  беру  стандарттары  мен  жоғары  ғылыми-педагогикалық  білімі  бар 

маманның  квалификациялық  мінездемесінің  унификациялануы,  оқытудың 

интеграцияланған  бағдарламаларының  енгізілуі  және  студенттер  үлгерімінің 

сынақтық (зачет) бірліктер жүйесіне эквиваленттілігі тиісінше ықпал етеді. 

Ашық  білім  беру  жүйесін  құрудың  перспективалары  төмендегідей 

приоритетті бағыттардың орындалуымен байланысты: 

-

 



Оқыту технологияларындағы айырмашылықтарды жою; 

-

 



Білім беру стандарттарының бірегейлілігі мен халықаралық 

нормаларға сәйкестігі; 

-

 

Халықаралық үлгідегі дипломдардың жарамдылығы; 



-

 

Жарамды дипломдармен қамтамасыз ете алатын жоғары оқу 



орындарының дәрежелік тұрғыдан нығаюы; 

-

 



Білім берушілік қызметтер сферасының кеңейтілуі; 

-

 



Магистрлерге деген әлеуметтік сұраныстың күшеюі; 

-

 



ҚР-дің әдемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануы. 

Халықаралық  ұлттық  білім  беру  жүйесінің  бағдарламасына  сәйкес 

жоғары  және  жоғары  кәсіптік  білімнен  кейінгі  білім  берудің  кредиттік 

технологиясы  негізінде  үш  деңгейлі  (бакалавр,  магистр  және  доктор) 

академиялық дәрежелер енгізіледі деп жоғарыда айттық. Бакалавриаттың толық 

курсын  бітіру  үшін  студент  теориялық  оқытуда  128-ден  кем  емес  кредит 

жинауы  тиіс,  оның  61-81  кредиті  міндетті,  ал  41-61-і  -  студенттің  таңдауы 

бойынша  берілетін  кредиттер.  Бір  оқу  жылында  студенттің  игеретін  білім 

көлемі 32 кредиттен аспауы керек. 

Кредиттік  оқыту  жүйесі  бойынша  оқу  жұмыс  жоспары  білім 

бағдарламасының мазмұнын меңгеруге байланысты оқытылатын пәндердің үш 

тобын  қарастырады:  1)  А  тобына  міндетті  және  жүйелі  түрде  оқытылатын 

пәндер  жатады;  2)  В  тобына  міндетті  түрде  оқытылатын  пәндер  кіреді,  бірақ 

мұнда  белгілі  бір  жүйені  ұстану  міндетті  емес;  3)  С  тобына  кез  келген 



 

80 


академиялық  этап  барысында  студенттің  қалауы  бойынша  өттілетін  пәндер 

енгізіледі. 

Кредиттік оқыту технологиясы: 

-

 



Еңбек  рыногы  сұраныстарына  бағыт  ала  отырып  академиялық 

бағдарламаларды қозғалмалы етіп жоспарлауға; 

-

 

Егер  студентте  өз  дайындығының  бағытын  түзету  қажеттілігі 



туындаған жағдайда бағдарламаларды біріктіруге; 

-

 



Студент бір жоғары оқу орнынан екіншісіне немесе басқа мамандыққа 

ауысқан  жағдайда  осы  уақытқа  дейінгі  оқу  көлемінің  академиялық  тұрғыдан 

мойындалуын іске асыру; 

-

 



Керек болған жағдайда білім алуды кезең-кезеңімен, яғни уақыт аралық 

үзілістермен  іске  асыруға  (студентте  материалдық  тұрғыдағы  немесе  уақыт 

тапшылығы қиындықтары болған жағдайда) мүмкіндік береді. 

Кредиттік  технологияның  негізгі  ерекшелігі  –  студенттің  өзіндік  жеке, 

өзіне  мейлінше  ыңғайлы  оқу  жоспарын  құра  алатындығында.  Студенттің  оқу 

жоспары  дегеніміз  –  эдвайзердің  көмегімен  әр  оқу  жылына  берілген  форма 

бойынша  өзіндік  білім  траекториясын  айқындауы.  Студенттің  жекелей  оқу 

жоспары  факультет  деканының  немесе  кафедра  меңгерушісінің  қолымен 

бекітіледі. 

Жоғары  және  жоғары  кәсіптік  білім  берудің  оқу  мазмұны  мемлекеттік 

білім стандарты және оқу жоспарлары негізінде іске асады. 

Оқу  жоспарлары  үш  түрлі  формада  жасалады:  1)  типтік  оқу 

бағдарламасы; 2) оқу жұмыс бағдарламасы; 3) жеке оқу жоспары. 

Кредиттік оқыту жүйесінің негізі – студенттің өз бетінше дамуына жағдай 

жасау.  Студенттің  өз  іс-әрекетін  ұйымдастыра  алуға  және  білімін  жетілдіруге 

деген қабілетін дамыту мақсатында оқытушы мен студент арасында типтік цикл 

іске асырылады: 

-

 



Оқытушының студентпен жұмысы; 

-

 



Студенттің  оқытушының  басшылығымен  жүргізілетін  өзіндік  жұмысы 

(СОӨЖ); 


-

 

Студенттің өзіндік жұмысы (СОӨЖ); 



-

 

Қосымша материалдарды меңгеруге бағытталған; 



-

 

Оқу графигіне және студенттің апталық жүктемесіне енеді; 



-

 

Формалары:  консультация;  интерактивтік  сабақтар;  үй  тапсырмасын, 



бақылау жұмыстарын тексеру; курстық жұмыстар, реферат, эссе. 

Жоғары педагогикалық білім алғандығын куәландыратын белгілі үлгідегі 

бакалавр дипломы бітіруші түлекке білім беру магистры дәрежесі алу үшін бір-

жылдық магистратураға түсуге мүмкіндік береді.  

Үздік  диплом  алған  бакалавр  студент  магистратурада  оқуын 

жалғастыруға  құқығы  бар.  Жоғары  педагогикалық  білімі  барлар  кәсіби  іс-

әрекеттің  жаңа  түрін  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беретін  өндіріс  жағдайымен 

байланысты  қосымша  мамандық  бойынша  білім  алуға,  сонымен  қатар  ерекше 

білім алуды қажет ететін балалармен жұмыс жасауға құқылы.  

Жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру  үздіксіз  педагогикалық  білім 



 

81 


берудің  жоғары  деңгейі  болып  табылады  және  оған  магистратура  мен 

докторантура кіреді.  

Магистратурада мамандарды дайындау екі бағытта әзірленеді: 

1

 



.  Мамандарды  даярлауда  орта  және  жоғары  мектептің  педагогикасының 

кәсіби шеберлігін тереңдету, сонымен қатар білім  менеджменті мен әлеуметтік 

педагогика (білім беру менеджерін дайындау) оқу мерзімі 1 жыл. 

2

 



. Осы бағыттағы ғылыми-педагогикалық дайындау оның ғылыми-зерттеу 

жұмыстарының  бағыттарын  тереңдетумен  байланысты,  оқу  мерзімі  2  жыл. 

Сонымен  қатар,  магистратура  жоғары  оқу  орнындағы  2  жылдық  практикамен 

үзіліссіз өткізілуі қарастырылады. 

Магистартураны  бітірушілерге  академиялық  дәреже  беріледі:  білім 

магистры  –  бір  жылдық  кәсіби  дайындықтан  кейін;  ғылым  магистрі  –  екі 

жылдық 

ғылыми-педагогикалық 



дайындықтан 

кейін 


педагогикалық 

мамандыққа  магистрлерді  дайындау  тек  жоғары  оқу  орнына  тәуелді. 

Магистатураны,  докторантураны  бітірушілерге,  жоғары  оқу  орындарында 

педагогикалық  іс-әрекетін  жалғастыруға  құқық  беріледі.  Білім  магистрі  мен 

ғылым  магистрі  ғылыми  дәрежесі  барларға  жұмысқа  орналасу  барысында 

бакалаврдан  ерекшелігі  оларға  сараланған  жоғары  еңбекақы  төлеуі 

қарастырылады. 

Магистратурадан кейін докторантураға түсу үшін білім саласында ең кемі 

2  жыл  педагогикалық  стаж  болуы  қажет  (мектепте  немесе  жоғары  оқу 

орнында). 

Екіжылдық 

ғылыми-педагогикалық 

магистратураны 

үздік 


бітірушілер  ғана  институттың  Ғылыми  кеңесінің  ұсынысымен  докторантураға 

түсуге болады.  

Докторантура  –  педагогикалық  білім  жүйесін  бітіргеннен  кейінгі 

берілетін соңғы білім дәрежесі. Докторантураның мақсаты – жоғары маман иесі 

педагогика, 

педагогика 

мамандығы 

бойынша 


ғылыми-педагогикалық 

мамандарды даярлау. 

Докторанттардың  оқу  мерзімі  профильдік  магистратураны  бітірушілер 

үшін – 4 жыл, ғылыми педагогикалық магистратура – 3 жыл. 

Докторантураның  бағдарламасын  педагогикадан  меңгергендер  және 

докторлық  диссертация  қорғағандарға  философияның  докторы  дәрежесі 

докторлық  бағдарламаны  меңгеріп,  өзінің  профильдік  мамандығы  бойынша 

докторлық диссертация қорғаған жағдайда ғана беріледі. 

Жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  үздіксіз  білім  беру  педагогикалық 

кадрлардың  білімін  жетілдіру  және  қайта  дайындау  жүйесінде  жүзеге  асады. 

Білім жетілдіру – қосымша кәсіби білімнің түрі, бұрынғы алған кәсіби білімнің 

дәрежесін  жаңарту  және  тереңдету,  жұмыскердің  іскерлік  сапасын  жетілдіру, 

мамандықтың  шығармашылықпен  өзін-өзі  жүзеге  асыру  оның  білімінің 

қажеттілігіне сай. 

Қазіргі  кәсіптік  білімді  жетілдіру  –  оқу  орындарының  бірлігі,  бөлімдері, 

басқару  жүйесі  ғылыми-зерттеу  орындарының  ұйымдастырушылық  құқықтық, 

ақпараттық қызмет, қосымша кәсіби-білімдік бағдарламасы арқылы жүргізіледі. 

Бұл  жүйе  мынадай  ұйымдастырылған  формада  жүргізіледі:  мұғалімдердің 



 

82 


өздігінен  білім  алуы,  әдістемелік  бірлестік,  кафедра,  білім  беру  мекемелерінің 

орталығы,  бір  реттік,  циклдың  формалары  (курстар,  семинар,  конференция); 

институт  жүйесінде  білімді  жетілдіру  және  қайта  дайындау,  университеттегі 

жоғары мектептің мұғалімдерінің білімін жетілдіру орталықтарында.  

Нарық жағдайының қалыптасуына қарай әрбір мұғалім кәсіби шеберлігін 

жетілдіруде өзінің стратегиясын құра білуі  қажет. Оның жолдары субъективтік 

принципті  басшылыққа  алу,  білім  жүйесінің  өзгермелі  талабын  ескеру. 

Мұғалімнің  кәсіби  іс-әректі  білім  беру  жүйесіндегі  өзгерістерді  есепке  алу 

икемді,  вариативті  сабақтастық  және  келісімділік  білім  көтеру  формасы 

субъективті бағдарлы принципте құрылады. 

Мұғалім  категорияларын  жоғарылату  үшін  аталған  білім  беру 

мекемелерінде біліктілігін жетілдіру міндетті шарт болып табылады. 

Мектеп  қызметкерлерінің  кәсіби  біліктілігін  жоғарлату  жүйесі,  жоғары 

мектептің  оқытушылары  үшін  –  педагогикалық  кадрларды  дайындайтын 

педагогикалық  университеттер  мен  институттардың  жанынан  ашылған 

біліктілігін жетілдіру орталықтарында және сонымен бірге іс-әрекет саласында 

кәсіби  бейімделу  орталықтарында,  педагогикалық  кадрлар  дайындауда 

тәжірибесі мол институттарда жүзеге асырылады (екі, үш, төрт айлық және бір 

жылдық ғылыми сынақ мерзімі). 

Үздіксіз  педагогикалық  білім  беру  жүйесінің  ерекшелігі  көп  қырлы,  көп 

сатылы,  тігінен  альтернативті,  көлденеңінен  динамикалық  икемділік  пен 

әмбебап.  Оқытуды  тәжірибеге  бағыттау  жағы  күшейтілсе  және  тұлғаның  білім 

траекториясын  еркін  сақтап  қалу,  нарықтық  білім  беру  субъектісі  ретінде 

кадрларды  даярлауда  үздіксіз  кәсіптік  білім  беру  жүйесі  өзіндік  негіз  болып 

табылады. 

Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім. 

Республика  азаматтарға  аспирантураларда,  докторантураларда  оқып, 

ғылым  кандидаттары  мен  докторлары  дәрежелерін,  доцент  пен  профессор 

атақтарын  алуға  мүмкіндік  береді,  ғылыми  кадрларға  деген  қажеттігін 

қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. 

Кадрлардың  біліктілігін  арттыру  және  оларды  қайта  даярлау  қосымша 

білім беру. 

Жұмысшылар  мен  мамандардың  басшы  қызметкерлердің  біліктілігін 

арттыру  және  оларды  қайта  даярлау  арнаулы  білім  беру  мекемелерінде, 

кәсіпорындарында, ғылым мен оқу орталықтарында ұйымдастырылады.  

Қосымша  білім  беру  үшін  дене  шынықтыру  –  сауықтыру,  техникалық, 

мәдениеттану,  тіл  және  басқа  бағыттағы  мекемелер  жүйесі  құрылады.  Оларды 

Білім министрлігі және жергілікті өкімет басқару органдары бекітеді. 

Сонымен,  білім  мен  тәрбие  беру  –  бұл  республика  азаматтарының 

құзыретін  және  адамгершілік,  ақыл-ой,  мәдени  дамуының  жоғары  деңгейін 

қамтамасыз  етуге  бағытталған  үздіксіз  педагогикалық  процесс.  Қазақстан 

Республикасында  жастарға  білім  беру  процесі  халқымыздың  ұлттық  дәстүр 

салтына,  мәдениетіне,  экономикасына  және  саяси  өміріне  негізделіп  іске 

асырылады. 


 

83 


Республикада «Білім туралы» Заңды жүзеге асырудың маңызды жолының 

бірі  -  болашақ  мұғалімдерді  мектепте  халықтық  педагогика  негізінде 

жүргізілетін  тәлім-тәрбие  ісіне  даярлау.  Бұл  бағыттағы  басты  мақсат  – 

оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу болып табылады.  



Мамандардың кәсіби білімін көтеру. 

Жоғары  және  орта  арнаулы  оқу  орындары  мен  мамандардың  кәсіби 

білімін көтеру институттарындағы педагогикалық дайындық және білімін қайта 

жетілдіру қосымша кәсіптік білім беруге жатады. Ол алған кәсіби білімдерін әрі  

қарата  дамыту  және  жетілдіру,  білім  беру  үдерісінде  меңгеруге  бағыттала 

ұйымдастырылады.  

Қосымша  кәсіптік  білімді  іске  асыруда  білім  беру  мекемелері,  әртүрлі 

ұйымдастыру-құқықтық  формалары,  басқару  органдары,  ғылыми-зерттеу 

мекемелері,  ақпарат  қызметтері  өзара  бірлікте  жұмыс  атқарады.  Бұл  жүйе 

төмендегі ұйымдастыру түрінде іске асады: мұғалімнің өздігінен білімін көтеру, 

әдістемелік  бірлестіктер,  кафедралар,  білім  беру  орталықтары,  курстар, 

семинарлар, конференциялар, мұғалімнің білімін жетілдіру және қайта даярлау 

мекемелері, жоғары оқу орындарындағы қайта даярлау орталығы. Республикада 

кадрлардың  білімін  жетілдіру  және  қайта  даярлау  республикалық,  облыстық, 

қалалық білім жетілдіру институттарында жүзеге асырылады. 

Нарықтық  білім  жүйесіне  көшуге  байланысты  әр  мұғалім  өзінің  кәсіби 

өсуінің  стратегиялық  бағдарламасын  айқындау  арқылы  білімін  жетілдіру 

бірінші кезекке қойылуы керек. 



 

84 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет