Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың



Pdf көрінісі
бет14/66
Дата07.01.2022
өлшемі2,36 Mb.
#17339
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   66
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1-сурет. Қабылдаудың қасиеттері 
 
Толып  жатқан  объектілердің  ішінен  біреуін  іріктеуіміз  қабылаудың 
таңдамалылығы делінеді. Қабылауда зейін аударып, талғаудың зор маңызы бар. 
Мұндай  жағдайда  объектінің  назар  аударылған  белгілерін,  қасиеттерін,  керек 
жақтарын ғана қабылдаймыз.  
Қабылаудың  таңдамалылығы  әр  түрлі  объективтік  (объектілердіңғ 
ерекшеліктеріне  –  күші,  қозғалысы,  қарымқатынасы  т.б.)  және  субъективтік 
(адамның  қабылданатын  затқа  қызығуы,  оны  қажетсінуі,  сол  кездегі 
психикалық көңіл-күйі т.б.) себептерге де байланысты болып келеді.  
Қабылаудың константтылығы да сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан, 
заттардың кейбір қасиеттерінің бірқалыпты болып қабылдануын айтады.  
Қабылаудың  константтылығы  балаларда  2  мен  4  жастың  арасында 
қалыптасып  болады.  Қабылдаудың  константтылығы  адамның  өткен 
тәжірибесіне  де  байланысты.  Бейнені  тұрақты  түрге  келтіруге,  оны  сол 
қалпында сақтауға мүмкіндік туғызатын ең жоғары психикалық функция – сөз. 
Әрбір  заттың  түсінігі  сөзбен  байланысты,  сөз  ғана  затты  бір  тұрақты  түрге 
енгізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет