Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың



Pdf көрінісі
бет15/15
Дата03.03.2017
өлшемі2,36 Mb.
#6667
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

10-сурет 10а-сурет  
2. "Артық зат" әдістемесі  
Бейнелі-логикалық  ойлау-талдау  және  жинақтау  ақыл-ой  амалдарын 
бағалау  
11-  суретте  әр  карточкада  төрттен,  әртүрлі  заттар  бейнеленген. 
Барлығы  6  карточка.  Балаға  біріншісін  көрсетіңіз  де,  4  заттың  біреуі  артық 
екенін  түсіндіріңіз.  Соны  анықтап,өз  шешімін  түсіндіру  қажет.Бұдан  кейін 
балаға ойланып,қалған үш затты бір сөзбен қалай атауға болатынын айтуды 
сұраңыз.  
Егер  6-7  жасар  бала  артық  затты  дұрыс  тауып  және  кемінде  4 
карточкадан  жалпылаушы  сөзді  дұрыс  тапса,  онда  көрнекі  ойлау  деңгейі 
жақсы болғаны.  

175 
 
 
11-сурет  
3. "Қисынсыздықтар" әдістемесі 
Бейнелі-логикалық ойлауды бағалау  
Балаға  әртүрлі  қисынсыздықтар  бейнеленген  суретті  (12  сурет) 
көрсетіңіз.Одан  суретті  мұқият  қарап,ненің  дұрыс  салынбағанын,  неліктен 
және қалай дұрыс болуы керектігін айтуын сұраңыз.  
Тапсырма орындауға 2 минут уақыт жіберіледі.  
Егер бала 8 ден артық қисынсыздық байқаса-бұл жақсы нәтиже.  

176 
 
 
12-сурет  
4. Сөздік-логикалық ойлауын бағалауға арналған әдістеме  
Бала сұрақтарға жауап береді:  
Жануарлардың қайсысы үлкен:- ат әлде ит?  
Таңертең кісілер ертеңгілік ас ішеді. Ал кешке ше?  
Күндіз далада жарық, ал кешке ше?  
Аспан көгілдір, ал шөп ше?  

177 
 
Шие,алмұрт, қара өрік, алма- бұлар не?  
Поезд келе жатқанда неліктен шлагбаумды түсіреді?  
Москва, Астана, Карағанды-бұлар не?  
Қазір сағат неше? (Балаға сағат көрсетеді де, уақытты айтуын сұрайды.)  
Кішкентай сиыр - бұл бұзау. Кішкентай ит және кішкентай қой -бұл ?..  
Ит көбірек қайсысына ұқсайды - мысыққа немесе тауыққа?  
Автомобильге тежегіш (тормоз) не үшін қажет?  
Балға мен балта бір-біріне несімен ұқсайды ?  
Тиін мен мысық бір-біріне несімен ұқсайды?  
Шеге мен винттің айырмашылығы неде?  
Футбол, биіктікке секіру, теннис, жүзу-бұлар не?  
Транспорттың қандай түрлерін білесің?  
Кәрі кісінің жастан қандай айырмашылығы бар?  
Адамдар спотпен не үшін айналысады?  
Егер кімде-кім жұмыс істегісі келмесе неге жаман деп есептелінеді?  
Конвертке не үшін марка желімдеу керек?  
Дұрыс жауаптар:  
Ат үлкен.  
Кешке кешкі ас ішеді.  
Қараңғы.  
Жасыл.  
Жемістар.  
Поезд бен автомобиль соғылыспау үшін.  
Қалалар.  
Дұрыс жауап сағат және минут бойынша. (Алтыдан он бес минут кетті, 
сегізге бес минут қалды және т.б.)  
Күшік, қозы.  
Мысыққа,өйткені оларда 4 аяқ, жүні, құйрығы,тырнағы бар. (ең кемінде 
бір ұқсастықты атаса жеткілікті).  
Автомобильдің  жылдамдығын  төмендетін  көрсететінкезкелген  жауап 
дұрыс болып табылады.  
Бұл құралдар.  
Бұлар  ағаштарға  шыға  алатын,  құйрығы,  жүні,тырнағы  жәнет.б.  бар 
жануарлар.  
Шеге  - жұмыр, ал винт  - иір ойықты; шегені балғамен қағады ал винтті 
бұрайды.  
Спорт түрі (спорт).  
Ең кемінде бала 3 транспорт түрін атауы қажет (автобус, трамвай, метро, 
самолет және т. б.).  
Ең  кемінде  үш  мағыналы  белгісі  болуы  қажет:  кәрі  адам  жай  жүреді, 
таяқ ұстайды, оның бетінде әжімі көп болады, ол жиі ауырады және т.б. .  
Сау, мықты, әдемі және т.б. болу үшін.  
Тамақ  және  киім  сатып  алу  үшін,  пәтерге  төлеу  және  т.б.  үшін  ақша 
болмайды.  

178 
 
Хатты жөнелту үшін осылай төлейді.  
Балалардың  берген  жауаптарын  талдау  барысында,келтірілген  үлгіге 
сәйкес  жауаптар  ғана  емес,  жеткілікті  түрде  парасатты,  қойылған  сұрақтың 
мағынасына  сай  жауаптар  да  дұрыс  болып  есептелінетінін  ескеру 
қажет.Қандай  да  бір  жауаптың  дұрыстығын  тексермес  бұрын,  баланың 
сұрақты дұрыс түсінгендігіне көз жеткізіңіз.  
Егер  бала  15-16  сұраққа  дұрыс  жауап  берген  болса,  сөздік-логикалық 
ойлауының даму деңгейі жоғары деп есептелінеді.  
Естің әртүрлі қасиеттерін зерттеуге арналған әдістемелер 
1. "Суреттер" әдістемесі 
Қысқамерзімді және ұзақмерзімді көру есін бағалау  
Әқайсысында таныс зат бейнеленген 10 сурет іріктеп алыңыз да, балаға 
көрсетіңіз.  Әр  суретті  кһрсету  уақыты  1-2  секунд.  Барлық  10  суретпен  бала 
танысып  болған  соң,  оның  есінде  сақтап  қалған  заттарды  атап  шығуын 
сұраңыз. Ретпен айту міндетті емес.  
Баланың 
жалпы 
заттар 
санынан 
қаншасын 
атағаны 
ескеріледі.Қайталаулар  және  де  суреттерде  болмаған  заттардың  атаулары 
ескерілмейді.  Балаға  ұмытып  қалған  суреттерін  көрсетіңіз.10минуттан  соң 
қайтадан бәрін еске түсіруін сұраңыз.  
Нәтижесін қайтадан белгілеңіз. Одан кейін 1 сағат өткен соң суреттерді 
тағы да еске түсіруді ұсыныңыз.  
Әдетте 6-7 жасар балалар сіздердің көмектеріңізбен 10 заттан 7-8 затты 
естеріне түсіре ді.  
2. "Сөйлемдерді еске сақта" әдістемесі  
Мағыналық есті бағалау  
Балаға сөйлемдер оқыңыз, мысалы:  
Күзде жаңбыр жауады.  
Балалар ойнағанды жақсы көреді.  
Бақта алма мен алмұрт өседі.  
Аспанда самолет ұшып барады.  
Бала өзінің әжесіне көмектесті  
Баланың  есінде  қалған  сөйлемін  қайталауын  сұраңыз.  Бұл  жерде  ең 
бастысы-әр  сөйлемнің  мағынасын  беру,  сөзбе-сөз  қайталау  міндетті  емес. 
Егер  бірінші  ретте  бала  барлық  сөйлемдерді  қайталай  алмаса,  оларды 
қайтадан оқыңыз.  
3. "Суреттерді еске сақта" әдістемесі 
Қысқамерзімді көру есінің көлемін бағалау  
Балаға  әртүрлі  фигуралар-пішіндер  бейнеленген  суретті  көрсетеді  (13-
сурет),  одан  бұл  суреттерді  мұқият  қарауын  және  фигураларды  еске 
сақтауын сұрайды (олар небәрі 9).  
Бірінші суретті көрсету уақыты 30 секунд.Одан соң бұл суретті баланың 
көз  алдынан  алады  да,  оның  орнына  бірінші  суреттегі  9  пішін  және  тағы 
басқа  6  пішін  бейнеленген  екінші  суретті  (14-  сурет)  көрсетеді.  Баладан 
бірінші суреттегі 9 пішінді көрсетуін сұрайды.  

179 
 
Эксперимент  бала  барлық  пішіндерді  танығанша  жалғасады,  бірақ  1,5 
минуттан ұзақ болмауы керек  
Орта есеппен 6-7 жасар балалар 1 минутта 6-8 пішінге дейін таниды  
 
13-сурет 14-сурет  
4.Жаттанды ес және мағыналы еске сақтау қабілетін бағалау әдістемесі 
Балаға сөздер жұбын оқиды. Олар оны еске сақтауға тылысу керек.  
А сериясы  
ТӘРЕЛКЕ - СОРПА  
ПОШТА - ХАТ  
ҚЫС - ҚАР  
БӨЛКЕ - ҰН  
КАРЫНДАШ - ҚАҒАЗ  
МАШИНА - ЖОЛ  
МУЛЬТФИЛЬМ - ТЕЛЕДИДАР  
ӘРІПТЕР - КІТАП  
ЕТІК - АЯҚ  
БАЛЫҚ - СУ  
Одан соң тек бірінші сөздерді оқиды, ал бала оларға жұп сөздерді атауы 
керек. Дұрыс айтылған сөздер жұбы есептелінеді. Бұл мағыналық естің 
көрсеткіші.  
 

180 
 
 
 
 
 
 
Нәрестелік және ерте сәбилік шақтағы дамудың психологиялық 
ерекшеліктерінің көрінісі 
 
 
 
Бір жастағы баланың дәм сезуі 
 
Мектепке дейінгі шақтағы баланың психикалық процестерінің 
даму ерекшеліктерінің көрінісі 
 
 
 
Бір жастағы баланың қабылдауы 
 

181 
 
 
Мектепке  дейінгі  жастағы  баланың  ақыл  ойының  дамуы 
ерекшеліктерінің көрінісі 
 
             
 
 
Бір жастағы баланың сезім көрінісі 
 
 
Мектепке  дейінгі  жастағы  баланың  іс-әрекетінің  психологиялық 
сипаттамасы және дамыту жолдары ерекшеліктерінің көрінісі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет