Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық ғылыми- педагогикалық кітапхана Кіші жүз билеушілері Ресей Империясы тағайындаған хандар Байдуанова Лязат Амангелдиевна



Pdf көрінісі
Дата11.01.2017
өлшемі0,82 Mb.
#1682

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  

Республикалық ғылыми- педагогикалық кітапхана

Кіші жүз билеушілері

Ресей Империясы

тағайындаған хандар

Байдуанова Лязат Амангелдиевна

Қазақ хандығына - 550 жыл

Кіші жүз билеушілері



Қазақ жүздерінің мекендеген жерлері

Кіші жүз – Қазақстанның батыс аймағын 

мекендеген рулар мен тайпалар одағы. 

Қазақ халқының этникалық құрамына енеді. 

Қазақ халқы қалыптасқаннан көп бұрын Батыс 

Қазақстан өңірінде маңғыт немесе ноғайлы 

тайпалар одағы өмір сүрген болатын. Ноғай 

Ордасынан бөлінген алшын одағының негізінде 



Кіші жүз бірлестігі 

қалыптасты. Кіші жүздің 

аумағы батыста Маңғыстау, Еділ мен Жайық 

аралығынан қазіргі Ақтөбе мен Орынборға

дейінгі, солтүстігінде Тобыл өзеніне

оңтүстігінде Сырдың төменгі ағысына дейінгі

аймақтарды қамтиды.


Ресей Империясы 

тағайындаған хандар

1) Әбілқайыр хан, Қажы сұлтан ұлы

2) Нұралы хан, Әбілқайыр хан ұлы

3) Жармұхамбет хан, Әбілқайыр хан ұлы

4) Ералы хан, Әбілқайыр хан ұлы

5) Есім хан, Нұралы хан ұлы

6) Айшуақ хан, Әбілқайыр хан ұлы

7) Жантөре хан, Айшуақ хан ұлы

8) Шерғазы хан, Айшуақ хан ұлы


Әбілқайыр (Әбілқайыр Мұқамбет Ғази баһадур

хан) (

1693


- 12.08.1748) — хан, қолбасшы,

1718


-

1748


жж. билік құрған 

Кіші жүз


ханы. 

Соғыстарда

батырлығымен, айлакерлігімен, айқас-шайқастарды

ұйымдастыра білуімен даңқы шығып, мұрагерлік

жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды.

Әбілқайыр хан 1693 жылы Түркістан қаласында 

туған.

Ол - Әз Жәнібектің бесінші ұрпағы. Шыңғыс ханнан



бастап тарататын болса ол хан әулетінің он сегізінші

ұрпағы. 


Жошының он үшінші ұлы Тоқа Темірден тарайтын -

Өсеке ұрпағы, Қажы сұлтанның баласы, Шыңғыс 

ханның он бесінші ұрпағы.


Нұралы Әбілқайыр ұлы (1704-1790), хан, 

1748


-

1786


жж. билік құрған.

Әбілқайыр хан

өлген соң, 1748

жылы 


Кіші жүздегі

хандық таққа оның ұлы 



Нұралы 

отырды. Бұл шешімді Ресей патшайымы

Елизавета 

Петровна


бекітті.

Нұралы

патшалық билік 

тарапынан бекітілген бірінші қазақ ханы болды. 

Жармұхамбет Әбілқайыр ұлы, хан, Кіші жүзге 

1786 - 1791жж. билік құрған.  

Ол туралы нақты 

деректер жоқ.



Ералы Әбілқайыр ұлы (т.ж.б.-1749) — сұлтан, Кіші 

жүз ханы (1791-1794).

Кіші жүздің белгілі өкілі 

ретінде


Орта Азия

хандықтарымен, әсіресе осы 

өңірге іргелес орналасқан қарақалпақтармен арадағы 

қайшылықтарды шешуге тікелей ат салысты. 



Есім Нұралы ұлы (1739 - 27.3.1797) 

Кіші жүз


ханы (17.9.1795 - 27.3.1797), 

Нұралы ханның үлкен баласы, Ералы 

ханның мұрагері, 

Әбілқайыр

ханның 

немересі. 



Есім ханның билік құруы көпке 

ұласқан жоқ. 



Айшуақ Әбілқайыр ұлы (

1720

-

1810



хан,


Кіші жүзді

билеген (16.10.1797-

1805).

Әбілқайыр ханның



баласы.

Жантөре Айшуақ ұлы (1759 - 02.11.1809) - мемлекет

қайраткері,

дипломат

,

Кіші жүз



ханы (1805-1809).

Ресейдің


қазақ жеріне ықпалын тежеу саясатын ұстан-

ды. Хан сайланған алғашқы айлардан бастап-ақ билік-

ке таласқан бәсекелестерінің қарсылығына тап болды.

Шерғазы Айшуақ ұлы (т.ж.б. -29.8.

1845

- Кіші 

жүздің


ханы

(1812-1824).

Айлакер, дипломаттық 

қабілетімен ерекшеленген. 1812 жылы

Александр І

патшаның жарлығымен

Кіші жүз

екіге бөлінді:

Ішкі

Ордада Бөкей



, Жайықтың сол жағасынан шығыс 

жақтағы өңірде



Шерғазы хан

болып жариялан

ды. 

Оның хан болған кезеңі 

- Кіші жүзде саяси 

қайшылықтардың ең шиеленіскен заманына тура 

келді.


Халық таңдаған 

Кіші жүз билеушілері

1) Батыр хан, Қайып хан ұлы

2) Әбілғазы хан, Батыр хан ұлы

3) Қаратай хан, Нұралы хан ұлы

4) Арынғазы хан, Әбілғазы хан ұлы

Хронология

1. Әбілқайыр хан, Қажы сұлтан ұлы, (1718—1748) 

2.Нұралы хан, Әбілқайыр хан ұлы, (1748—1786) 

3.Батыр хан, Қайып хан ұлы, (1748—1785) 

4.Жармұхамбет хан, Әбілқайыр хан ұлы, (1786-1791) 



5.Әбілғазы хан, Батыр хан ұлы, (1791—1806)

6.Ералы хан, Әбілқайыр хан ұлы, (1791—1794) 

7.Есім хан, Нұралы хан ұлы, (1796—1797) 

8.Айшуақ хан, Әбілқайыр хан ұлы, (1797—1806) 

9.Жантөре хан, Айшуақ хан ұлы, (1806—1810) 

10.Қаратай хан, Нұралы хан ұлы, (1806—1816) 

11.Шерғазы хан, Айшуақ хан ұлы, (1812—1824) 



12.Арынғазы хан, Әбілғазы хан ұлы, (1816—1821) 

Кіші жүздің жеке ұраны, таңбасы бар, 

нақты 


қыстаулары мен жазғы жайылымдары болған. 

Онда 25 ру-тайпа жүйелі түрде көшіп-қонып 

жүрген. Олардың әрқайсысының өз билері,

батырлары болғанымен, жалпы саяси билік 



Әбілқайыр хан

қолында болды.

Әбілқайыр 

Кіші 


жүздің ханы болуымен қатар, жоңғарларға қарсы 

күрестерде ұйымдастырушылығымен, басшылығы-

мен бүкіл қазаққа танымал, әрі ықпалды тұлғаға

айналады. Аңырақай шайқасында 

Әбілқайыр 

ханның 


бүкіл қазақ әскеріне қолбасшылық 

жасағаны белгілі. 

Әбілқайыр ханның 

1748 жылы 

тамыз айында Барақ сұлтанның қолынан қаза 

тапқанын білеміз. 



Әбілқайыр хан 

Ресейге үш рет ант бергенімен, 

ол тәуелділікті толық мойындамады. Өзін 

дербес ұстады. Ресей



Әбілқайыр ханды 

ауыздықтап, айтқандарына көндіргісі келіп,

баласын аманатқа ұстап отырды. Алайда 

Әбілқайыр

өзін дербес хан ұстауын, санауын 

жалғастыра берді. Оның бір ұлы түркімендерді 

билесе, бір ұлы Хиуада хан болды, бір ұлы 

Орта жүздегі рулардың бірінде сұлтан болды.

Әлкей Марғұлан: "Әбілқайыр тұқымы 

патшага қарсы күресте қазақ тарихынан 

ең Қадірлі орын алатын көрнектісі “ - деп 

бағалаған.



Әбілқайыр хан 

қайтыс болған соң оның орнына үлкен 

ұлы 

Нұралы хан 

болады. Оның билігі өте ұзаққа 

созылып 40 жылдан астам уақыт билік құрды.

Нұралы 


хан 

өз билігі тұсында Кіші жүз аумағында Ресейдің 

отарлау саясатына барынша кедергі жасауға тырыса-

ды. Оның бұл әрекеті Ресейге ұнамады. Қазақ жеріне 

емін-еркін еніп, жақсы жерлерін иемденуді көздеген 

орыстар «көшпендіні көшпендінің қолымен жою» 

саясатын ұстанып, Кіші жүз билерін, батырларын 

Нұралыға


айдап сала бастайды. Бір жағынан, 

Әбілқайырдың ұрпақтары, Нұралының өз ұлдары 

жергілікті халыққа тырнағын батыра бастаған еді. 

Осыған қарсы Сырым Датұлы бастаған 14 жылға 

созылған көтеріліс басталып кетеді. 


1785 жылы Орынбор әкімшілігі Кіші жүздің ру-

тайпа көсемдерінің өтінішіне орай, Нұралыны 

биліктен алып тастап, Уфаға жер аударып жібереді. 

Ол сонда жүріп, 1790 жылы қайтыс болды. 

Сөйтіп, 1791 жылы таққа Нұралының інісі 

Ералы

патша үкіметі әскерінің қолдауымен хан болып 

жарияланды. Ералы хан тағына отырғанымен де 

жағдай түзелмейді. Халықтың наразылығы одан 

сайын күшейе түседі. Ол жасы келген, әлсіз, 

жігерсіз Ресейге нағыз қажетті адам болатын. 

Осыны пайдаланып, Жайық, Елек бойындағы казак-

орыстар қазақтардың жерлерін емін-еркін тартып 

ала бастады. Осылайша, орыстың саясатындағы 

мысықтабан тәсіл өз нәтижесін бере бастайды. 



1794 жылы Ералы қайтыс болады да, Нұралының 

үлкен ұлы 



Есім хан 

сайланады. Ол да Ералы хан 

секілді адам еді. Есімді 1795-1796 жылдары

Сырымның көтерілісшілері өлтіріп кетеді.

ХІХ ғасырдағы орыс зерттеушісі, Л.Мейер: 

Есімнің орыс үкіметіне адалдығы ғана ескеріліп, 

хан тағына отырғызылды” дейді. Орыс 

деректері 1795-1796 жылдың қысы мен көктем 

айлары қазақтар үшін өте ауыр кезең болды деп 

суреттейді. Жұтқа ұшыраған қазақ ауылдарының

әлеуметтік-экономикалық жағдайы Сырым 

бастаған қозғалысқа ықпалы болды. 



Ол билеген 

жылдар Кіші жүздің Есімге қарсы тұтастай 

көтерілген кезең ретінде сипатталады.

1797 жылы хан сайлау дәстүрінде үлкендік, ағалық

қағидасы бойынша Нұралының 78 жастағы інісі



Айшуақ

таққа отырады. Ол кезінде батыр 

болғанымен, бұл уақытта күш-қуаты тайып, әбден 

қартайған жағдайда еді. 

Айшуақтың хандық дәуірі 

1805 жылға дейін созылды. Ақыры 88-ге келген ол 

хандық міндетті атқаруға шамасы келмейтінін 

айтып, орыс патшасына хат жаза бастайды. 

Сөйтіп, Айшуақтың өз ұсынысымен ұлы 

Жантөре 

хан 

болып сайланады. Бұл Нұралы ұлдарының 

наразылығын тудырады. 1809 жылы Нұралының 

ұлдары Қаратай, Бөкей, Орман сұлтандар 

Жантөрені өлтіреді. 1810 жылы жасы 90-ға келіп 

қалған Айшуақ та қайтыс болады.



Жантөреден кейін таққа Айшуақтың тағы бір ұлы

Шерғазы

отырғызылады. Ол Кіші жүздің соңғы ханы

болды. Патша үкіметімен 1812 жылы хан тағына 

отырғызылған Шерғазы хан жергілікті отарлық 

биліктің тарапынан көрсетілген қолдауға қарамастан, 

Кіші жүзге кірген қазақ тайпалары мен рулары 

арасында айтарлықтай беделге ие болмай, тек шартты 

түрде ғана билік етті. ХІХ ғасырдағы орыс зерттеушісі 

Л. Мейер өз еңбегінде Шерғазы ханның билігіне келесі-

дей баға берді: «Жаңа хан Шерғазы қазақ даласында 



көрінуден сескенді. Ол ағасынан (Нұралы ханның ұлы 

Қаратай сұлтаннан) қауіптенді. Оның билігі орыс 

форпосттарынан алыстап кетпеді, осы жерде көшіп-

қонып жүрген байғұстар оған тек қажеттіліктен 

ғана бағынды, жақтастарға ие болмады.»

Іс жүзінде Әбілхайырдың ұрпақтарын тақ үшін

өзара соғыстырып қою патша өкіметінің 

стратегиялық ұстанымына сәйкес келді. 

Айшуақ та, Жантөре де 

Кіші жүздің жетіру 

бөлігіне ғана билігін жүргізген болатын.



Сыр өзенінің төменгі бойындағы, Арал теңізі 

өңіріндегі қаракесек тайпалары олардың 

билігін мойындамайды. Ресей бекітпесе де 

олар өздеріне хан сайлап алады. Ал 1812 

жылы Петербург Бөкей мен Шерғазыны 

ресми түрде хан етіп бекітеді. Сөйтіп, Кіші 

жүзде бір уақытта бірнеше хан билік құрады. 

Шерғазы 1824 жылға дейін хандық етті.



"Қазақ хандығына – 550 жыл" шығармашылық

бәйгесіне

арнаған Талдықорған қаласы І. Жансүгіров 

атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің 

студенті, ақын, облыстық, республикалық жыр 

мүшайрасының жеңімпазы 

Асыл Сұлтанғазының



Тарихи толғауынан үзінді:

...Жолшыбай сендерге де бір соғайын,

Тарихпен жаңғыртайын жыр сарайын.

Нұралы, Ералы, Есім, Айшуақ хан,

Сендерсіз тарихымды тұл санаймын.

Жантөре, Шерғазы мен Қаратай хан,

Несіне шабытымды тұмшалайын,

Алдаспан есімдерің сақталардай,

Жырымнан жарқыратып қын соғайын...

1824 жылы Шерғазы Айшуақовты хан 

тағынан шеттетумен, Кіші жүзде 

мемлекеттілік дәстүр аяқталады. 

1824 жылы қабылданған



“Орынбор

қырғыздары туралы жарғы” 

Кіші жүзде

хандық биліктің жойылуына және оның

Ресейге ұқсас жүйелі әкімшілік-саяси

басқарылуын өзгертуге негіз болды.

“Орынбор қырғыздары туралы жарғы” 

Ресей өкіметінің Кіші жүз қазақтарын  жаңаша



басқару мақсатында жасаған шарасы еді. 

“Орынбор қырғыздары туралы жарғы” 

1824 жылы наурызда Сыртқы істер 

министрінің жанындағы Азия департаментінде 

бекітілді. Оның жобасын 1822 жылы Орынбор 

генерал-губернаторы П.К. Эссен дайындады.

Бұл жоба бойынша Кіші жүзде хандық билікті 

жою туралы шешім қабылданды. 

Кіші жүз ханы Шерғазы Орынбор қаласына 

шақырылып, Орынбор шекара комиссиясының 

жұмысына кеңесші қызметіне тағайындалды. 



1825 жылы Кіші жүз үшке бөлінді. 

Батыс бөлік — байұлы рулары. 

Орта бөлік — жетіру және әлімұлы бұтағының 

аз бөлігі. 



Шығыс бөлік — әлімұлы бұтағы, сондай-ақ 

қыпшақ және арғын тайпалары араласқан бөлік. 

Әр бөліктің басында патша үкіметі 

тағайындаған басқарушы сұлтан тұрды. 



Кіші жүздің әкімшілік құрылымы: 

Бөліктер (батыс,орта,шығыс) басқарушысы 

аға сұлтан. 

Дистанция басқарушысы ру шонжарлары. 

Ауыл басқарушысы ауыл старшыны.

Бөліну аумағы жағынан да, халықтың саны жағынан 

да біркелкілік болған жоқ. Шекаралық комиссия

құрамына төраға, төрт кеңесші, ауқатты қазақтардан 

тұратын төрт өкіл кірді. Шекаралық комиссияның 

міндетіне далада тәртіпті сақтау, жергілікті қазақ 

шенеуніктерінің тіршілігін қадағалау, салық жинау, 

сот істері, медицина жағын бақылауға алу кірді. 

Жергілікті әкімшіліктің құрамына Кіші жүздің үш 

бөлігінің сұлтандары, дистанция басқарушылары 

кірді. Кіші жүздегі ауыл старшынынан бастап 

басқарушы-сұлтанға дейінгі барлық қызметтегілерді 

шекаралық комиссияның ұсынысы бойынша 

Орынбор генерал-губернаторы тағайындады. 

Сайлау жүйесі болған жоқ. 



Бұл жарғыдан кейін сот жүйесінде де көптеген

өзгерістер болды. Ірі қылмыстық істер әскери сот

немесе шекаралық комиссияның қолына көшті, ал

кішігірім қылмыстық істер қазақтың дәстүрлі әдет-

ғұрып заңдары негізінде қаралды. Патша әкімшілігі

жергілікті билік органдарын, оның ішінде билер

сотын полиция жазалаушы органдарға айналдыруға

талпынды. Оларға қамауға алуға, дүре соғуға, 

Сібірге жер аударуға рұқсат берілді. Сұлтандарды

Орынбор әскери губернаторы, ал басқа шендердің

бәрін шекаралық комиссия тағайындады. Әрбір

билеуші сұлтанның 100 – 200 адамнан тұратын

әскери командасы болды. Олардың ордасы казак 

станицалары мен бекіністерінде орналасты.



Бұл реформаның салдары: 

орталық басқару 

нығайтылды, табиғат байлықтарын кеңінен 

игеруге мүмкіндік алды.



Дәстүрлі билік құрылымын қиратқан жаңа 

жүйе-

Кіші жүз қазақтарын Орынбор шекара 

комиссиясы арқылы басқаруды күшейтіп қана 

қойған жоқ, әлеуметтік-саяси және 

шаруашылық өмірдің барлық жақтарын да 

қамтыды. Қазақтарды құнарсыз жерлерге 

ығыстырған орыс қоныс аударушыларын 

орналастыру үшін кең мүмкіндіктер ашылды.



Сөйтіп, ХVІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың

бірінші жартысында патша үкіметінің отаршыл-

дық саясаты жүзеге асып, Кіші жүздегі ғасырлар

бойғы дәстүрлі хандық басқару тарих сахнасы-

нан еріксіз ығыстырылды. Алда патшалы Ресей-

дің сұрқия саясатына қарсы талай күрестер жат-

ты. Бұл күресті біз сұлтандар, батыр - билер

бастады деп жіктегенімізбен, олардың басты

мақсаты біреу, ол елі мен жерін сақтау болатын.

Қазақ халқы сырттан таңылған жаңа билік 

жүйесіне қарсылық көрсетіп баққанымен еш 

нәтиже болмады. Сонымен, Кіші жүзде 

мемлекеттілік дәстүр осылай аяқталды.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан: ұлттық энциклопедия. 10 

томдық /бас ред. Б. Аяған. - Алматы: Қазақ 

энциклопедиясы, 2007.

2. Қазақстан тарихы: энциклопедиялық 

анықтамалық /бас сарапшылар: Б. Аяған,                 

М. Қойгелдиев. - Алматы: Аруна, 2007. –

768 б.


Интернет торабынан алынған ақпараттар:

1. http://gazeta-serper.kz/

Әбілқайыр және Кіші жүз

(қаралған күні 26.08.2015)

2. http://www.tarih-begalinka.kz/

Қазақстан тарихы-

мектеп оқушыларына (қаралған күні 25.08.2015)

3. 

http://historyline.kz/

Лента истории - Тарихтың 

таспасы (қаралған күні 24.08.2015)

4. 

http://el.kz/

Орынбор қырғыздары туралы жарғы  Г. 

Өскенбаева  Ел. Kz (қаралған күні 26.08.2015)                                                                                              

5.

http://old.qamshy.kz/

Тарихи толғау (қаралған күні 

26.08.2015)

6.  http://zhasorken.kz/

Хандық билік қалай жойылды? 

(қаралған күні 26.08.2015)

7. 

https://kk.wikipedia.org

Уикипедия (қаралған күні 

25.08.2015)

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ

!

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет