Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі с. У. Қалдыбаев, А. С. Бижанова



Pdf көрінісі
бет10/76
Дата22.09.2023
өлшемі3,86 Mb.
#109860
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   76
Байланысты:
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ КӨЛІКТЕ

23
Ақпараттық-іздеу жүйесі (АІЖ)
– негізгі мақсаты əдетте 
түрлі қашықтықтағы жерлерге таратыла орналастырылған түрлі 
деректер базасында, түрлі есептеу жүйелерінде қамтылатын 
ақпарат 
ты іздеу. Мұндай, жүйелердің мысалдарына Internet 
жүйесіндегі іздеу жүйелері (серверлер), ғылыми-техникалық 
дерек 
терді іздеудің автоматты жүйелері (ҒТДІАЖ) жəне бас-
қалар жатады. Ақпараттық-іздеу жүйелері деректі (мақсаты – 
құжаттарды іздеу) жəне фактографиялық (фактілер іздеу үшін) 
болып бөлінеді.
Ақпараттық-анықтамалық жүйелер (ААЖ) 
– интерактивті 
режимде жұмыс істейтін жəне пайдаланушыларды анықтама-
лық ақпаратпен қамтамасыз ететін автоматты жүйелер. Мұндай 
жүйелерге, мысалы, теміржол вокзалдарында жолаушыларға қыз-
мет көрсетудің ақпараттық жүйелері жатады.
Деректерді өңдеу жүйелеріне (ДӨЖ) 
негізгі қызметі үлкен 
көлемдегі деректерді өңдеу жəне мұрағаттау болып табылатын 
ақпараттық жүйелер сыныбы жатады.
Аппараттық құралдарды құрылымына байланысты бір про-
цессорлы, көп процессорлы жəне көп машиналы жүйелер (ЭЕМ 
желісі, шоғырландырылған жүйелер, қашықтан кіруге болатын 
жүйелер) түріне бөледі. Көп машиналы жəне процессорлы жү-
йелер есептеу кешендерінің өнімділігі мен сенімділігін арттыру 
үшін құрылады.
Шоғырландырылған жүйелер
– бүкіл жабдықтау кешені
соның ішінде, пайдаланушылар терминалдары бір орынға шо-
ғыр ландырылатын есептеу жүйелері. Сондықтан, жекелеген ма-
шиналар байланысы үшін ЭЕМ интерфейсі қолданылады жəне 
деректер беру жүйелерін қолдану қажет болмайды.
Қашықтан кіруге болатын жүйелер 
(телеөңдеуге ие) пайда-
ланушылар терминалдары мен есептеуіш құралдар арасындағы 
байланыс арналары бойынша деректер беру тəсілдері қамта масыз 
етеді (деректер беру жүйелерін қолдана отырып).
ЭЕМ желілері
(есептеуіш желілер) – пайдаланушыларды 
дистанциондық есептеуіш ресурстарына қатынас құруды жəне 
осы ресурстарды біріге пайдалануды қамтамасыз ететін терри то-
рия лық жағынан шашыраңқы деректер өңдеу жүйелерінің, бай-


24
ланыс жəне деректер беру құралдары мен (немесе) жүйелерінің 
өзара байланысқан жиынтығы.
Жұмыс істеу режимі бойынша есептеуіш жүйелер бір бағдар-
ламалық жəне көп бағдарламалық болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет