Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі с. У. Қалдыбаев, А. С. Бижанова


3.4.2 Автомобиль көлігі жұмысын есепке алудың



Pdf көрінісі
бет61/76
Дата22.09.2023
өлшемі3,86 Mb.
#109860
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   76
189
3.4.2 Автомобиль көлігі жұмысын есепке алудың 
автоматтандырылған жүйесін іске қосу
Автомобиль көлігі жұмысын есепке алудың автомат 
тан-
дырылған жүйесін іске қосу электрондық құжат айналымы ның 
жал пы жүйесіне автокөліктің автоматтандырылған қызмет орын-
дарын қосу арқылы жəне олардың қағазсыз технология не гізін- 
де тасымалдаушылармен өзара байланысы арқылы жүзеге асы-
рылады. 
Автоматтандырылған жұмыс орындары мен электрондық құ-
жат айналымының мүмкіндіктері оларды үлкен кəсіпорындарда 
да, салыстырмалы түрде кішілеу кəсіпорындарда, техникалық 
да йындығына байланысты заңды жəне жеке тұлғалар тарапынан 
қолдануға мүмкіндік береді.
ЭЕМ қолданатын жүк тасымалдауды басқаруды автоматтан-
дыру басты міндеттерінің бірі жүк көлігі жұмысын оперативті 
басқаруды жетілдіру жəне ұйымдастыру болып табылады. Бұл 
жүйе жүк тасымалдаудың технологиялық процесіне ауысым ды-
тəуліктік кезеңде басқарушылық əсер етуге бағытталған. Аталған 
жүйе келесі техникалық құралдарды пайдаланады: ЭЕМ, бай-
ланыстың заманауи құралдары, түрлі перифериялық техни калық 
құралдар.
Есепке алу қызметінің шығыс ақпараты тəулік ішінде жүк 
көліктерінің жұмысын сипаттайтын құжаттар болып табылады: 
ол келесі құжаттар көлік жұмыстарын есепке алу қорытындысы, 
желілердегі көлік қызметінің оперативті есебі, жүргізушілердің 
жұмыс кестесі, тəуліктік диспетчерлік баяндама, тəулік ішіндегі 
тасымал процесінің статистикалық деректері, бір айға жасалған 
статистикалық деректер. 
Есептік қызмет деректері негізінде талдау жүргізіледі. Оған 
есеп деректерінен бөлек, жоспардың орындалмау себептері де 
келіп түседі. Талдаудың шығыс ақпараттары дегеніміз жоспардың 
орындалмау себебін сипаттайтын, оны дұрыстау бойынша ұсы-
ныстар жасайтын, тəулік ішіндегі автомобиль көрсеткіштері, 
объектілердегі көлік жұмыстарының көрсеткіштері, диспетчер-
лер мен оператор жұмыстарының талдауын көрсететін құжаттар. 


190
Есепке алу мен талдау жүк тасымалдау процесінде ғана емес, 
жаңа объектілердегі болуы мүмкін жағдайларды үйренуге де 
қажетті болып табылады. Бұл үшін тиісті қызметкер тарапынан 
келесі жұмыстар орындалады: 
− 
клиентура, жүк ағымы мен тасымалдау жағдайын үйрену; 
− 
жүк бар-жоқтығы балансының негізінде клиентурадағы 
мүмкін болған тасымалдау көлемін, мүмкіндіктерін жəне объек-
тінің техникалық қамтамасыздандырылуын анықтау; 
− 
ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы əдістерін қолдану мүм-
кіндіктерін жəне тасымалдау процесінің жетілдірілген техноло-
гиясын үйрену; 
− 
тасымалдауды бақылау жəне реттеудің прогрессивті əдіс-
терін анықтау; 
− 
берілген объектідегі көлік жұмысын оперативті есепке алу-
дың прогрессивті əдістерін жəне шынайы ақпараттың берілуін 
анықтау; 
− 
берілген объектідегі терминалда перифериялық құралдар 
мен сұқбат терезесін қолдану мүмкіндігін зерттеу; 
− 
белгілі мерзімде ЭЕМ жұмысындағы тұрып қалу жағдайында 
ақпарат беру жүйесін резервілеу жүйесін анықтау ; 
− 
маршруттардағы жүрістер мен барыстардың санын (жыл-
жымалы құрам бірлігіне қатысты алғанда) анықтау; 
− 
жұмыстың орындалу ұзақтығын жəне т.б. анықтау. 
Бұл көрсеткіштер недəуір қарапайым критерийлік қызметтерді 
құрайды, сол ретте мыналар жиі қолданылады: 
- тасымалданатын жүк санын максимизациялау; 
- тапсырылған тасымалды орындау үшін қолданылатын кө-
ліктер санын минимизациялау; 
- суммарлық көлік жұмысын минимизациялау; 
- жалпы аралықтарды минимизациялау. 
Тиімділеу критерийлерінің жалпы көрінісі 3.17-суретте бе-
рілген. 
Көп критерийлі қаулыларды қолдану кезінде критерийлердің 
өзара жақындығы мен өлшемдестігі (компромисс) сауалы ту-
ындайды. Басқаруды тиімділеу мəселелерін шешу əдістері екі 
түрге: нақты жəне жақын түрлерге бөлінетіндігін атап өту қажет. 
( 3.18- сурет). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет