Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шымкент қаласы Білім басқармасы №84 Циолковский атындағы жалпы орта білім беретін коммуналдық мекемесі «Дүние жүзі халықтарының наурыз мерекесін тойлау дәстүрі»


АҚ – сүт (сүт, сүттен жасалған тағамдар, қатық, айран…). барлық сүт тағамдарын ақ сүтке теңеу орынды. САРЫ



бет11/12
Дата16.05.2023
өлшемі50,55 Kb.
#93846
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Серік Ақерке №84 жоббм Ғылыми жоба

    Бұл бет үшін навигация:
  • ҚОҢЫР
АҚ – сүт (сүт, сүттен жасалған тағамдар, қатық, айран…). барлық сүт тағамдарын ақ сүтке теңеу орынды.
САРЫ – май (сары май, тоң май…).өзінің түсінің сарылығымен бірге ең асылын «сары майдай» сақтаған.
ҚОҢЫР – бидайдың, тарының талқанын көжеге қосатын ұнды, кеспені қоңыр түске теңейді.
ҚАРА – тұзды қасиетті қара дәм, қарабас тұз дейді.
Тағамдағы тұздың алатын орны
Тұз — адам организмінің қалыпты жұмыс істеуі үшін бірден-бір қажетті зат. Ол тағамның дәмін келтірумен бірге, тканьдердегі су мөлшерін реттеп, асқазан сөлінде тұз қышқылын түзеді. Адам ағзасына күн сайын тамақ арқылы орта есеппен 10-15 грамдай ас тұзы сіңіріледі. Ас тұзы тағамның барлық түріне қолданылады. Тамаққа тұзды дұрыстап салудың маңызы зор. Етке тұзды пісерден 30 минут бұрын салу керек.
Тұздың адам ағзасына пайдасы:

  1. Жүйке жүйесінің қызметін жақсартады;

  2. асқазан сөлінде тұз қышқылын түзу;

  3. қан мен тканьдегі су мөлшерін реттеу;

  4. зоб ауруларын емдеу.






15
Қорытынды
Наурыздағы салт – дәстүрлер
Наурызнама – шат — шадыманды ойын-сауық, той. «Ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрамы болып, наурызнама қыламыз деп той — тамаша қылады екен» (Абай). Кей жерлерде наурыз тойы деп те аталады. Бұл күні үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп, көңілді ойын-сауықтар жасалады. Мұнда шарап ішу, ренжісу сияқты жағымсыз әдеттерге қатты тыйым салынған.Тойға ат жарыс, палуан күрес, басқа да спорт бәсекесі, айтыс, түрлі ойындар мен көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Әркім үлкендерден бата тілейді. Наурызнама бұрын 3-9 күнге созылатын, халықтық ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары кеңінен қолданылатын ерекше үлкен жиын той.
«Наурызнамада қыз-жігіттер жиналып, бас қосып ұйқыашар әзірлейді. Ол ет, уыз сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Қыздар өздерін ұнатқан жігіттеріне «Ұйқыашардан» дәм таттыратын болған. Мұның мәнісі оларды «ұлыстың ұлы күні» ұйықтап қалмасын деген ескі ұғымнан туған.
Жігіттер қыз-келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді.Оны селт еткізер деп атайды. Бұл дәстүрлі сыйлықтағы айна — пәктік пен жастықтың, тарақ — әдемілік пен сұлулықтың, иіссу — бүршігін жаңа жарған жауқазындай құлпырудың, жайнай түсудің белгісі.
Бүл күні қарттар да естен шықпайды. Оларға арнап жылы-жұмсақ тағамдардан бел көтерер деп аталатын дәм дайындалы, таратылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет