Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шымкент қаласы Білім басқармасы №84 Циолковский атындағы жалпы орта білім беретін коммуналдық мекемесі «Дүние жүзі халықтарының наурыз мерекесін тойлау дәстүрі»



бет3/12
Дата16.05.2023
өлшемі50,55 Kb.
#93846
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Серік Ақерке №84 жоббм Ғылыми жоба

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  • Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі

 
ЕЖЕЛГІ ТҮРІКТЕР ҰЛЫС күндері жаңа киімдерін киіп, алты күн садақ тартып даярлықтан өткен соң, жетінші күні алтын теңге – жамбы атып жарысады. Егер кімде-кім жамбыны бірінші болып атып түсірсе, сол адамға «бір күн» патша болып, ел билеуге ерік беріледі. Наурыз жырында:
Құл құтылар құрықтан,
Күң құтылар сырықтан, — деп жырланған. Осы күні ертедегі ГРЕКТЕРДІҢ патшасы да алтын тағынан түсіп, қол астындағы өзіне ұнаған құлына бір күн ел басқартқызған.
ИРАН патшасы НАУРЫЗ күні қол астындағы адамдардың біріне патша шапанын сыйға тартады екен деген де деректер бар. Тіліміздегі күні бүгінге дейін айтылатын «Құлға бір күн азаттық» деген мәтел осы көне рәсімге қатысты болса керек.
Христиан дінін қабылдағанға дейінгі ежелгі РУСЬТЕ Жаңа жылды 1 – наурыз күні қарсы алу дәстүрі болған.
АҒЫЛШЫНДАР 18-ғасырдың бас кезіне дейін Жаңа жылды 26-наурызда тойлап келген.
ИРАН тілдес халықтар НАУРЫЗДЫ бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күні әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды, жаңа өнген жеті дәнге қарап, келешек егін жайлы болжам жасайды. Жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже — «СУМАЛАК» ұсынады. Соқамен жер жыртады, ат шаптырып, жамбы атысып жарысады. Ескі киімдерін тастап, ұсталған шыны аяқты сындырады. Бір-біріне гүл ұсынып, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – «күн белгісін» салады, үйдің тіреу ағашына гүл іледі.
Мұсылман дініне дейін Күнге табынған ИРАН елдері НАУРЫЗ КҮНІ сөзінің бас әрпі «шин» -мен басталатын жеті түрлі затты дастарқанға қоятын: шарап, шир (сүт ), шырын, шекер, шербет, шам, шона (тарақ). Ежелгі ирандықтардың түсінігі бойынша, шарап — өрлеу, сүт – пәктік, тәттілер – шаттық, шекер – ризалық, шербет – демалыс пен қонақжайлылық, шам – отқа табыну, тарақ — әйел сұлулығы.
АРАБТАР мейрам салтын өзгерту үшін, бас әрпі «ай» сөзінің басқы әрпі-«син»-нен басталатын мүлде бөлек — өзге жеті затпен алмастырады: сарымсақ, бидай, жиде, сірке суы, рут шөбі, егеу.
АУҒАНДАР да Жаңа жылды мейілінше шаттық – құрметпен қарсы алады. Ауған елінде «алғашқы түрен» — «кульбакаши» деп аталатын ғұрып бар. Ол бойынша шаруалар егіс алқабына барып, алғашқы түрен түсіреді, ал соқаның соңынан сый- құрметі мол шаруалар еріп жүреді. Жеті күн бойына жеті түрлі жемістерден аса дәмді сусындар жасалады, міндетті түрде жаңадан киім-кешектер тігіледі, осыған байланысты бүкіл елде жаңа жыл «жаңа киім күні» деп аталған.
7
ҮНДІСТАННЫҢ түрлі штаттарында жаңа жыл бір жылда он рет тойлап өткізіледі. Оңтүстік Үндістанда бұл той түрі наурыз айында басталады, үйлер өрілген гүлдермен айшықталған.
НАУРЫЗ мейрамын ежелгі гректер «Патрих» бирмалықтар «Су мейрамы», тәжіктер «Гүл гардон», «Бәйшешек», «Гүлнаурыз», хорезмдіктер «Наусарджи», татарлар «Нардуган», буряттар «Сагаан сараң», соғдалықтар «Наусарыз», армяндар «Навасарди», чуваштар «Норис ояхе» деп түрліше атаған.
Шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлайтындығы жайындағы көне деректер бізге Әбу Райхан Бируни, Ибн Балхи, Омар Хайям, Махмұт Қашқаридің еңбектері арқылы жетіп отыр.
 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет