Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шымкент қаласы Білім басқармасы №84 Циолковский атындағы жалпы орта білім беретін коммуналдық мекемесі «Дүние жүзі халықтарының наурыз мерекесін тойлау дәстүрі»


Қызыр түн  Қызыр түні Жаңа жыл табалдырықты аттап, үйге енгенде, «жалғыз шала сәуле болмас



бет5/12
Дата16.05.2023
өлшемі50,55 Kb.
#93846
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Серік Ақерке №84 жоббм Ғылыми жоба

Қызыр түн
 Қызыр түні Жаңа жыл табалдырықты аттап, үйге енгенде, «жалғыз шала сәуле болмас» деп төрге қос шырақ жағылып қойылады. «Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады» деген сеніммен Наурызға шейін үй ішіндегі жиһаз-мүліктің шаңы қағылып, жуылып тазартылады. «Береке басынан басталады» деп, «Жыл бойына ақ мол, дән тасқын-тасқын, жауын-шашын көп болсын» деп, Қызыр түні қойманы тағамға (бидай, тары, арпа, сұлы, жүгері т.б.), ыдыс атаулыны аққа (сүт, айран, шұбат, шалап, уыз т.б.) және кәусар бұлақ суына толытарды.
Аузы дуалы қариялар мен ел басқарған көсемдер Наурыз мейрамы үстінде ұрпақтары ұмытпай айта жүретін аталы ұлағатты бір сөз артына қалдырылатын дәстүр болған екен. Бір күн ойланып, ойлы сөз таппаған адамды көп алдында айыптап, тіптен ағынды өзенге лақтыратын да болған. Осындай сынға ұшырап қанша ойланса да жүйелі сөз айта алмаған бір батыр суға лақтырылар тұста аузынан «Көп қорқытады, терең батырады» деген сөз шығып, жазадан аман қалыпты деген ел аузында әңгіме бар.
Қараңғы түсе екі жерге үлкен-үлкен от жағылады. Жас ерекшеліктеріне қарай топ-топ болып, осы екі оттың ортасынан өтіп бара жатып, қолдарындағы басына майлы шүберек ораған таяқтарын тұтатады. «Алас, алас, пәледен қалас!» деп өлең айтып жүріп, айнала төңіректі отпен тазалап шығады, жастар жағы жанған оттан секіреді. Оттың киелі қасиетіне сенуден пайда болған бұл тазарту (арылу) рәсімі – «аластау» деп аталады.
Алтыбақан басында жастар түнімен түрлі халықтық ойындар ойнайды, айтысады. Бұл кеште айтылмаған ән, тыңдалмаған күй, танылмаған шешен қалмайды.
Таң ата көпшілік биіктеу төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады.Қазақтардың астрономиялық түсінігі бойынша, Жаңа жылда Күннің көзі көрінген уақыттан кейінгі екі сағат уақыт «күн сәті» деп саналады. Егер кімде – кім Ұлыс күннің күн сәтінде күн шұғыласын маңдайымен тосып қарсы алса, оған Наурыздың құты дариды деген дәстүрлі ұғымға сай, Жаңа
9
күнді қарсы алу салты қалыптасқан. Күлімдеп көрінген Күнге иіліп сәлем беріп, «құт дарысын» деп, айнала төңірекке ақ бүркіп тарайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет