Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шымкент қаласы Білім басқармасы №84 Циолковский атындағы жалпы орта білім беретін коммуналдық мекемесі «Дүние жүзі халықтарының наурыз мерекесін тойлау дәстүрі»


Ұлыс күні неге міндетті түрде қазан пайдаланған?



бет6/12
Дата16.05.2023
өлшемі50,55 Kb.
#93846
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Серік Ақерке №84 жоббм Ғылыми жоба

Ұлыс күні неге міндетті түрде қазан пайдаланған?
 
Түске таман ауыл адамдары нарқазан көтеріп от жағады. Қазан басқа ыдыстарға қарағанда қазақ өмірі мен мәдениетінде алатын орны жоғары. Қазақ дастарқанына түсетін тағамдардың барлығы да (қымыздан басқасы) осы қазаннан өтеді. Халық жай ғана қазан демей оны «қара қазан» деп қастерлеп айтады. «Қара» сөзі қасиетті, киелі, берекелі, деген ұғымды білдіреді.
Қазан шойыннан құйылады, ұстағанға қолайлы 4 құлағы бар. Ең үлкен қазан он екі қарыс қара қазан немесе тай қазан дейді.
Қазанды 3 бұтты ошаққа немесе жерошаққа асады. Тұрғылықты жерде қазандыққа орнатылады. Көшпелі елде қазан қирамас үшін қалың кенеп, киізден арнаулы қазанқап жасайды.
Қазан – тоқшылық пен берекенің, ырыс – несібенің белгісі, қасиетті киелі ыдыс.
Қазан мықты болса, ел де мықты. Қазан шаңырақ сияқты бүтіндіктің белгісі. Ол құрыса, ел де құриды» деп жазады. Осы бір аңыз — әңгімелердегі айтылған ойдың тобықтай түйіні тіліміздегі «қара қазан, сар баланың қамы үшін» деген сөз де сақталған.
 

  • Ұлыс күні не сойылған?

 Наурыз тойының ең басты бір кезеңі — өгіз сою. Түске таман барлық жұрт жиналып, өгіз сояды. Өгіздің қанынан айналада ойнап жүрген балалардың беттеріне, маңдайларына ою салынады. Өгізді нарқазанға салып, астына от жағады.
Ұлыс күні неге өгіз сойылады? Қазақ есепшілерінің тәжірибесіне сүйенсек, Үркер күздің басында шығыстан, қыстың басында төбеден, ал көктем басында аспан етегінен көрініп, жазға қарай мүлдем батып кетеді. «Үркердің жерге түсуі» делінетін осы кезеңге 40 күн жазғы шілде сәйкес келеді. Бұл кезеңде Үркердің көкжиектен көрінбеу себебі — Күн жолы наурыз айында дәл соның үстінен өтеді. Қазақстанның кейбір жерлерінде ғана, мәселен, Орталық өңірлерде осы кезде Үркердің қос жұлдызы бұқаның мүйізі секілді батқан күн жолының екі жағынан қылтиып көрінеді.
Аспан көгіндегі дәл осы көріністі Қазақстан жартастарында шимайланған петроглифтерден — мүйізімен Көк өгізді көруге болады.
10



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет