Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шымкент қаласы Білім басқармасы №84 Циолковский атындағы жалпы орта білім беретін коммуналдық мекемесі «Дүние жүзі халықтарының наурыз мерекесін тойлау дәстүрі»


Наурыз көженің адам ағзасына пайдасы



бет7/12
Дата16.05.2023
өлшемі50,55 Kb.
#93846
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Серік Ақерке №84 жоббм Ғылыми жоба

Наурыз көженің адам ағзасына пайдасы

 
Наурыз мерекесінің танымдық мәні мол, жұмбақ сырлы өзіндік рәсімдері мен шартты талаптары баршылық .Соның бірі –Ұлыстың Ұлы күні Наурызнамада дайындалатын — Наурыз көже «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар» деп, көже мейілінше мол жасалады. «Жақсы тамақ қалғанша, жаман қарын жарылсын» деп, тоя ішу ғұрпы сақталған. Сондықтан болар наурыз көжені «көп көже», «тоқ көже» деп те атайды. Тіпті алаңсыз тойғанынша ішсін деген ниеттен болар, қаласа әркімнің өзі құйып алу еркі де болған. Мұның бәрі наурыз мерекесінің теңдік күні, еріктілік, имандылық мерекесі деген түсініктен туса керек.
Халқымызда ежелден 7 санын қасиетті дейтіні белгілі. Тіпті санағанның өзінде біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу деп айтамыз. Ешқашан сегізеу, тоғызеу демеген. Ұлттық таным бойынша 7 қазына, 7 ата, 7 күн, 7 қат көк, 7 музыкалық дыбыс т.б. ұғымдарды білеміз. Осылардың қатарынан орын алатын 7 түрлі дәмнен жасалатын Наурыз көженің ерекшелігі қандай? Әр жаңа жылда дайындалатын осынау дәмнің құдіреті неде?
Судың маңызы
Су – тамақ рационының маңызды құрамдас бөлігі. Сусыз тіршілік жоқ. Адам шөлдегеннен гөрі аштыққа шыдамды келеді. Зат алмасудың барлық процестері судың қатысуымен атқарылады. Тамақты сіңіру, қанға нәрлі заттардың жетуі сұйық ортада өтеді. Зат алмасудың зиянды өнімі организмнен су арқылы шығарылады. Организмде судың жеткіліксіз болуы шөлдеуге әкеліп соқтырады да, судың артық болуы жүрек — қан тамыр жүйесінің жұмысын қиындатады, ағыл — тегіл терлетеді, қалжыратады.
Су – ғажайып зат. Су бір мезгілде 3 түрлі күйінде кездеседі Мұз – судың қатты күйі, оның сұйыққа айналуымен булануы қатар жүреді.
Су – тіршілік көзі. Тірлігі оттегінсіз өтетін ішекте тіршілік ететін бактериялар бар, бірақ сусыз өмір сүретін ағза кездеспейді. Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Сондықтан ағзалар денесінің 50-90 пайызы судан тұрады. Салмағы 70 кг адамның денесінде 50 кг су бар. Оның мөлшері 17 кг-ға кемісе, адам өледі. Адам су ішпей 1 апта ғана шыдайды.Судың тағы бір қасиеті – жақсы еріткіш. Ас тұзын суға салсақ, оның қатты түйіршіктері еріп, мөлдір ерітіндіге айналады. Жерге сіңген су тау жыныстарындағы әр түрлі минерал заттарын ерітеді. Бұдан судың физикалық қасиеті өзгереді. Дәм және иіс пайда болады,жылынады. Жаңа қасиеттерге ие болған жер астынан шығатын суларды минералдық сулар деп атайды. Судағы еріген заттарының мөлшері оның кездесетін жерлеріне байланысты. Ішуге жарамды судың 1л. 2-20 гр еріген тұздары болады 

11

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет