40
баланың мойнына ит көйлекті байлап, ит сияақты еңбектетіп жүргізеді.
Ит көйлекті итке байлау-ит қорғаушы деген сенімнен туған. Қырқыннан
шығару ғұрпында қазақтар ұл баланы қырық күнге жеткізбей шығаруға
тырысады. Оның мәні ұлдың қалың малы аз болсын десе қызды қырық
күнге толтырып, қалың малы қырық болсын деп жатады. Баланың
қырқыннан шығару рәсімінде көп адам шақырмай көрші-қолаң,
туысқан әйелдерді шақырып ішіндегі сыйлы, жасы үлкен кісіге
шомылдырады. Суға күміс білезік сақина немесе қасық салынады. Кей
жерлерде қойдың қырық құмалағын салуда кездесіп қалады, бұл бала
малды, бай болып өссің деген ырымынан туған. Оларды шомылдырып
болғаннан соң, келген әйелдер бізде осындайға жетейік деген ниетпен
бөліп алады. Мұнан кейін баланың қарын шашын алу үшін ата-ана
өздеріне ұнаған бір адамды дайындап қояды. Ол өздерінің сыйлас
достарының бірі болуы мүмкін. Қарын шашты шүберекке тұмарша етіп
тігіп, баланың кимінің иығына қадап қояды. Бұл ырым балаға көз тимеу
үшін жасалады, ал тырнағын жерге көмеді.
Достарыңызбен бөлісу: