ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан
– 2050» Стратегиясының «Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері –
әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік» деп аталатын басымды
бағытында: «Біздің елімізде толық емес отбасылар көп… Бейбіт өмірдің
өзінде бізде мыңдаған жетімдер бар – балалар үйлері толы. Бұл,
өкінішке қарай, жалпыәлемдік үрдіс және жаһанданудың сынағы. Бірақ
біз бұл үрдіспен күресуіміз керек. …Мен ажырасуға қарсымын,
жастарды отбасы құндылығы, ажырасудың қасірет екендігі рухында
тәрбиелеу керек, өйткені оның салдарынан, ең алдымен, балалар зардап
шегеді. Бала тәрбиесі – тек ананың емес, ата-ананың екеуінің де
міндеті» деп ана мен баланы қорғау, әйелдерге қамқорлық мәселесіне
ерекше мән берсе, бұл идеясын «Қазақстан – 2050: бір мақсат, бір
мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында «Бала тәрбиелеу – болашаққа
үлкен инвестиция» деп жалғастыра келе, «баланы жалғыз тәрбиелеп
133
жатқан аналарға көмек көрсету, олардың икемді еңбек түрлерін
қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызу керек. Әйел
адам ең алдымен – ана. Ал ана – отбасының, мемлекеттің шамшырағы»
деп баса назар аударады. Бұл тұжырымды ойлар әйел мен бала
тағдырының мемлекет үшiн маңызды мәселе екенін ескере отырып,
қоғамдық және отбасылық тұрғыдан нақты қадамдар жасаудың, соған
сай iс-шараларды қарастырудың қажеттігін көрсетеді.... «Бүгінде
отанымыздың жетістіктері–әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы. Күшті,
қуатты мемлекеттер ғана ұзақмерзімдік жоспарлаумен, тұрақты
экономикалық өсумен айналысады. «Қазақстан - 2050» стратегиясы –
барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін
жаңғыру жолы. Ол – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз
сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны
мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы
міндет! »деп, өзіміздің тарихымызды, ділімізді, ұлттық қасиеттерімізді
алғы шепке шығарды.
Отбасылық тәрбие арқылы ұлттың ең негізгі құндылығы – ұлттық
тілді құрметтеу сезімін қалыптастыру баланың ұлттық сана-сезімін,
ұлттық рухты дамыту, отбасылық тәрбиенің дұрыс ұйымдастырылуына
қарай бала санасында отбасының құндылықтық мәнін ашу, отбасылық
тәрбиедегі туысқандық қарым-қатынас ерекшеліктерін үйрету, бала
тәрбиесіне байланысты қалыптасқан ұлттық салт-дәстүрлердің мәнін
ашып көрсету және қыз бен жігіт арасындағы қарым-қатынастарға
байланысты қалыптасқан салт-дәстүрлерді (ер бала және қыз бала
тәрбиесі, жігіттік сөз, жігіттік серт, қыз намысының жоғары болуы, қыз-
қонақ, қыз ұзату, үйлену тойы, құдаласу, т.б.) сіңіру. Сонымен,
отбасылық тәрбие арқылы балада ұлттық таным жүйелі қаланып,
ұлттық сана-сезімі қалыптасқан жағдайда ғана ол ұлт мүддесін
ойлайтын, елжанды азамат бола алады.
Егер адам отбасының үлкен құндылық екенін түсініп, ата-ана
алдындағы парызын өтеуге бейімделген болса, өсе келе ол бұл
бағыттың біртіндеп Отан алдындағы борышымен, азаматтық парызына
ұласатынын аңғарады. Сондықтан әр ата-ана баланың отбасылық
құндылықтарды толық меңгеруіне мүмкіндік жасағаны абзал.
Отбасындағы
құндылықтарды
бағалай
алмаса,
адам
ұлттық
құндылықтарды да құрметтемей өтуі мүмкін.
«Бір елді жаулау үшін қарудың керегі жоқ. Бесігін бүлдірсеңіз өздері
босағасын қиратып, есігін ашып береді»- деген қытай мақалы қазіргідей
жаһандану заманында өте қауіпті. Сондықтан халқымыздың біртуар
ұлы М.Әуезовтің «Ел болам десең, бесігіңді түзе!» деген сөзінің мән-
мағынасы дәл қазіргі кезеңде айқын жол табуға, дәстүрімізде сақталған
134
ұлттық рух пен сананы жаңғыртып, өркениетке бағыт алған ұлт
болашағын дамытудың өзекті арқауы болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |