Моральдық сезім- моральдық нормамен реттелетін жеке бастың
өзінің қылығына және әрекетіне деген қобалжу.
Моральдық этикалық дәстүр- тарихи даму барысында көпшілік
тарапынан қалыптасқан мораль элементтерінің (норма, құндылық,
принцип, категориялар)дәстүрдегі көрінісі.
Мүліктің шарттық режимі- ерлі –зайыптылардың және олардың
осы некеден туған балаларының неке шартымен белгіленген меншігінің
режимі;
Мораль-адамдар
мінез-құлқының
нормалары,
принциптері,
ережелері, сонымен қатар, адамдардың бір-бірімен және қоғаммен
қатынасының нормативті реттелуі көрсетілген мінез- құлқы, сезімі,
пайымы.
Мәдени мұра- әр халықтың және барлық адамзаттың рухани және
материалдық өмір аясындағы байлығы.
Достарыңызбен бөлісу: |