28
белгіленген тәртіп бойынша тараптардың ерікті және толық келісімі
жағдайында жасаған ері мен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты
неке деп түсінуіміз керек. Қазақстанда тек мемлекеттік АХАТ
органдарында жасалған адамдардың одағы ғана неке деп танылады.
Болашақ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі және олардың неке жасы
18- ге толуы неке қиюдың басты шарты болып табылады.
Отбасы– өмірге адам әкелу, оның қажеттілігін өтеу, өмірге жан-
жақты даярлау, яғни әлеуметтендіру, сол сияқты тәрбиенің барлық
түріне бағыт берумен айналысатын әлеуметтік институт. Отбасын
«дербес мектеп, әлеуметтік институт» деп қарастыратын болсақ, әке-
шеше - сол орданың ұстаздары, ал ата-әже - профессорлар іспеттес.
Белгілі оқу орнында оқып диплом алған педагог мамандардың да ұрпақ
тәрбиесі үшін ізденіс үстінде болатындығы, әдістемелік көмек
күтетіндігі қажеттілік болса, ата-ананың да баласының алдында
міндеттерін түсінуі, оның болашағы үшін өз білімін көтеруі, арнайы
мамандардың кеңестеріне құлақ түруі де қажеттілік және уақыт талабы
деп түсінеміз. Себебі, еліміз егемендік алғаннан бергі уақыт ішінде
қоғамда қаншама өзгеріс болды. Сол өзгерістер туғызған соңғы
жаңалықтар бала өміріне тікелей әсерін тигізіп жатқаны белгілі. Бала
тәрбиесінің өзекті проблемаларын шешуге тәрбиенің уақыты өткен
әдістерін ауыстыратын тәрбиенің жаңа технологияларын қолданудың
қажеттігі, ел ертеңі, ұлт болашағы үшін этнопедагогика ғылымының
жетістігін әр отбасының тәрбие құралына айналдыру – бүгінгі күннің
сұранысы. Алайда, соңғы уақытта еліміздегі нарықтық экономиканың
қарқынына ілесу қиыншылығынан, көптеген отбасыларында бала
тәрбиесі әлсіреп, тіпті еріксіз қолдан шығып, орны толмас олқылықтар
пайда болды. Ата-ана өз міндетін орындау барысында жіберілген
кемшілігін қоғамға, білім беру мекемелеріне арта бастады. Оған қоса,
шартты түрде дамыған білім беру жүйесі мен бұқаралық ақпарат
құралдарының дамуы «мәдени орын» деген атаудың астарына тығылған
керекті, керексіз сауық үйлерінің ашылуы отбасының тәрбие беру және
әлеуметтендіру қызметін әлсіреткенін жасыра алмаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: