Сәби – 14 айдан 3 жасқа дейінгі бала.
Сәжде – намаз оқып, құдайға құлшылық қылғанда жаятын мата,
жайнамаз.
Сәлем қылу –қазақ келіндеріне тән үлкендерге (ата-енеге, қайнаға,
т.б.) білдіретін ізеттілік белгісі.
Сәлемдеме – біреу арқылы беріп жіберетін аманат нәрсе.
Сәлемдесу түрлері – әр түрлі жас мөлшеріндегі кісілерге (қарт
адам, әйел, ана, т.б.) жасалатын амандасу рәсімдері.
Сән – адамға жарасымды өң беріп, жайнатып жіберетін көрік.
Сәресі – ораза кезінде аузы берік адамның таң алдындағы ішетін
асы.
Сәуегей – алдын-ала болжай алатын, көріпкел кісі.
Сәулет өнері – архитектура.
151
Сегіз қырлы бір сырлы – жан-жақты, өнерпаз, бесаспап жігіт.
Сендіру –балаға педагогикалық тұрғыда әсер етудің тиімді
әдістерінің бірі. Ол баланың өз күшіне сенімін арттырып, оқуға деген
ынта-ықыласын тудырады.