Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі тараз мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет17/135
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#17695
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   135
Байланысты:
отбасы 2

Бесік тәрбиесі 
Заманға  сай  отбасында   бала  тәрбиелеу   аса  үлкен   жауапкершілік 
пен білімді талап етеді. Қазақ үшін отбасынан киелі ештеңе жоқ. Өмірге 
келген нәрестеге ана махаббаты мен кіршіксіз таза көңілі ауадай қажет. 
Отбасы  –сыйластық,  жарастық  орнаған  орта. Отбасы- бала  тәрбиесінің 
ең  алғашқы   ұжымы.  Баланың  тәрбиелі  болып  өсуіне  берекелі 
отбасының  әсері  мол.  Отбасының  ең  маңызды  қызметтерінің  бірі  – 
тәрбие беру. Тәрбие тал бесіктен басталады. Баланы бесіктен тәрбиелеу 
қажет.  Баланы  бесікке  салу  дәстүрі  баланың   жетіліп,  өсуіне   септігін 
тигізеді.  Ата-  бабамыздан  қалған  мұраны  одан  әрі  жалғастыру  біздің 
еншімізде. Баланы бесікке саларда ауылдың  аса құрметті анасы таңдап 
алынады. Көп бала өсіріп, тәрбиелеп  ардақты анаға жас сәбиді бесікке 
салу  рәсімі  сеніп   тапсырылады.  Осылайша,  қазақ  халқы  жас  сәбиге 
асыл  аналардың  жолын  берсін  деген  ниетпен  ырымдаған.  Бесікке 
жатқан бала дені сау, ұйқысы тыныш, дүниетанымы кең, өмірге құштар 
болып  өседі.  Тілі  де  ерте  шығып,  балабақшаға  барғанда 
қатарластарынан  оқ  бойы  озық  тұрады.  Олай  болуы  орынды  да. 
Өйткені,  бесікте  жатқан  бала  ана  әлдиімен  ұйықтап,  ана 
әлдиімен   оянады.  Бала  бесікте  жатып  әуезді  әнді  тыңдап  қана 
қоймайды,  бала  қоршаған  ортамен  қарым-қатынасқа  түседі.  Айналаны 
бағдарлайды,  өмір  сүру  қағидаларымен  танысады,  ата-анасын,  атасы 
мен  апасын,  бауырларын  таниды.  Олармен  тілдесуді  бастайды. 
Алғашқы айлардан бастап -ақ бала жекелеген буындарды айтып, сөйлей 
бастайды.  Анасың  еркелеткенін,  кейіген  сәттерін  ажырата  алады. 
Әкесінің   жұмыстан  келіп,   құшағына  алған  сәттердің  бәрі  бала 
зердесінен  өтеді.  Уақыт  келе,  бала  өскен  сайын,  көп  нәрсені  үйренуге 
айналадағы  құбылыстарға  зер  сала  бастайды.  Баланы  бесікке  салып, 
өсіру  аналарға  көп  көмек.  Кейде  ана  бар  шаруаға  үлгере  алмай 
жататыны  бар.  Жас  баланы  тамақтандырып,  бесікке  салып  қойып, 
әлдилей  отырып,  тамақ  әзірлеуге  уақыт  табуға  болады.  Дер  кезінде 
қажетті  істерді  атқарып  қойып,  сәбимен  ұзақ  тілдесуді  дағдыға 
айналдырған  жөн. «Басында  бұлағы  бар  өзен  ұзақ  ағады»  демекші, 
тәрбиенің  мықты  іргетасы  отбасында  қаланады.  Бесікке  қатысты,  яғни 
ана  мен  баланың  арасындағы  тағы  бір  байланыс–  бесік  жыры  деуге 
болады.  Бесіктегі  баласына  ана  әлдиін,  бесік  жырын  айтпаған  қазақ 
әйелі  жоқ  шығар.  Жалпы,  бесік  жыры  жайлы  не  білеміз?  Баласына  не 
себепті бесік жырын айтқан, оның маңызы неде? Бесікке бөленіп өскен 
баланың  бір  ерекшелігі–бесігін  аңсап  тұратындығында.  Ондай  бала 
өзінің  бесігіне  жатпаса,  мазасызданып,  ұйықтамай  қояды.  Бала  әбден 
тойған  сәтте  анасы  бесікті  жайлап  тербете  отырып,  бесік  жырын 


38 
 
айтатын  болған.  «Қазақтың  3-4  жасар  баласының  тілі  жатық,  ал  5-6 
жастағы  балалар  шешен  әрі  тауып  сөйлейді,  ойын  ұтымды  жеткізе 
біледі»,-деп  таңдана  жазған  екен  жер  аударылып  келген  поляк 
революционері А.Янушкевич өз естеліктерінде. Әйгілі А.В. Затаевичтің 
«Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай…» деуінің астарында көп сыр 
бар. Ал мұның басты себебі баланың бесік жырын тыңдап өскендігінде 
жатыр.  Бесік  жыры–балаға  берілетін  алғашқы  тәрбие.  Өйткені  баяу 
ырғақпен айтылған анасының әлдиі туғаннан баланың құлағына сіңеді. 
Бесіктегі  баланы  әннің  ырғағымен  тербетеді.  Бесік  жырының  тұрақты 
нұсқасы жоқ. 
Әлди, әлди, ақ бөпем, 
Ақ бесікке, жат, бөпем, 
Бармақтарың, майысып, 
Түрлі, ою ойысып, 
Шебер болар ма екенсің?! 
Таңдайларың тақылдап, 
Тыңдаған жұрт мақұлдап, 
Шешен болар ма екенсің?! 
Бұл    бесік  жырының  бір  түрі  ғана.  Осындай  әдемі  әуенмен 
астарында  ізгі  тілегі  бар  бесік  жырын  тыңдаған  бала  шебер  болуға  да, 
шешен  болуға  да  ұмтылып  өседі.  Баланың  бойына  әсерлі  әуен,  сұлу 
сөзбен  айтылатын  ананың  әлдиі  ана  сүтімен  қосылып  осылай  сіңеді. 
Бесік  жырының  толып  жатқан  түрі  бар.  Сәбиінің  аман  өсуінен  бастап, 
болашақ  өміріне  деген  тілегі,  сенімі,  ниеті  әдемі  әнге  шумақ  болып 
өріліп,  анасының  айтуымен  балаға  жетеді.  Тіпті  алыстағы  төркініне 
деген  сағынышын  да  бөпесіне  айтып,  баласымен  сырласа  отырып  «әй, 
әй, бөпем, артта қалған елімді көрер ме екем…» деп іштегі шерін бесік 
жырына  қосқан.  Анасының  еліне  деген  сағынышы  бөпеге  беріліп,  ол 
анасын аяйтын, ардақтайтын, мейірімді әрі жанашыр болып өседі екен. 
Бүгінде үлкен сахналарда да бесік жыры естіліп қалады. 
Тәй-тәй басып, бөпешім, жүргенің қандай? 
Көзқуаныш, көкешім, күлгенің балдай. 
Аспандағы ай-күнді аламын дейсің, 
Асқар таудай айбынды боламын дейсің. 
Әлди, әлди, ақ бөпем, 
Сендей сәби жоқ, көкем. 
Анам-әкем дейсің бе? 
Тілің тәтті екен. 
Әлди, әлди, ақ еркем, 
Бойжетерсің сен ертең. 
Мақтанышы елімнің, 
Өзің бол, еркем! — деп жырлаған ақын Қ.Сарин. 


39 
 
Бөпем менің қайда екен? 
Қыздарменен тауда екен, 
Тауда неғып жүр екен? 
Алма теріп жүр екен, 
Қызыл алма қолында 
Қыздар оның соңында, 
Жүгіріп-жүгіріп жүр екен, –деген сияқты есте сақталатындай халық 
әніне  салып  айтуға  болады.  Бала  бесік  жырын  тыңдап  маужырап 
ұйықтағанды  жақсы  көреді.  Әуен,  саз  деген  -құдірет.  Алла  тағала  жеті 
дыбысты  жаратқан,  ал  қазақ  халқының  тумысынан  әнші  халық  екені 
әмбеге  аян.  Олай  дейтініміз,  қазақ  баласының  тілінің  ерте  шығып, 
өнерге үйір болуының бір ұшы осы бесік жырында жатыр. Бесік жыры 
арқылы  баланың  тілі  ерте  шығатынына  бүгінде  мән  бермейміз.  Бесік 
жырын  тыңдап  өскен  баланың  есте  сақтау  қабілеті  жақсы  жетілетініне 
көңіл  аудармаймыз.  Бүгінгі  ұрпақ  шешендігінен,  әншілігінен, 
ақындығынан,  сабырлылығынан,  парасаттылығынан  ажырап  барады. 
Бұл  да  алаңдатарлық  жай.  Ел  аузында    аңызға  бергісіз  бір  әңгіме  бар. 
Ертеректе  бір  келіншек  бесігінен  ажырамай  жүрген  баласын  бесікке 
бөлеп, әлдебір жұмыстарымен шығып кетсе керек. Отағасы да сырттағы 
тіршілігімен кеткен. Жолай демалмақ болып тоқтаған бір жолаушы киіз 
үйдің  тұсына  келіп:  «Кім  бар-ау!»  деп  дыбыс  берген  екен.  «Кіре  бер» 
деген  дауысты  естіп,  ішке  кірген  жолаушы  аңтарылып  тұрып  қалады. 
Үйде бесікте ұйқысынан оянған баладан басқа жан жоқ. «Өреде ашыма 
бар,  өзің  де  іш,  маған  да  бер»  деген  екен  бала  жолаушыға.  Қазақтың 
баласының тілі жатықтығын, ерте шыққанын байқаймыз бұдан. Қазақта 
«түйе  мінген  қазақ  төрт  ауыз  өлең  біледі»  деген  сөз  бар,  сөйте  тұра 
бүгінде өзге мамандық иелері ән айтса, біртүрлі тосырқап қабылдаймыз. 
Ән  айту  қазақтың  қанында  бар  екенін  айтып  өттік.  Ендеше,  әншілік 
өнер қазаққа неге жат болуы керек?! Керісінше, кешегі от ауызды, орақ 
тілді,  сөзге  жүйрік  бабаларымыздың  бүгінгі  ұрпағы  тілден  айырылған. 
Мақалдатып сөйлеген былай тұрсын, көрген оқиғасын, оқыған әңгімесін 
баяндап  айта  білмейді,  әсерлеп  жеткізе  алмайды.  Ойын  толық  әрі 
түсінікті қылып, еркін сөйлей алатын, әңгіме айта білетін балалар жоқ. 
Ендеше,  қазақы  мінезіміз  бен  болмысымызға  қайта  оралу  үшін  әр  ана 
бесік жырын сәбиінің бойына сіңіріп өсіруі керек. Бесікке асыла отырып 
мейірлене  бала  емізген  анадан,  бесік  жырын  айтып  отырған  келіннен 
сұлу әйел жоқ шығар, сірә! Осыны естен шығармағанымыз жөн… 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет