88
қол ұстатар, шаш сипатар, көрпе қимылдатар, ит ырылдатар, кемпір
өлді, бақан салар, күйеу аттандырар, т.б.
Өңір салу. Өңір салу (дәстүр). Отқа шақырумен (кей жерлерде «үй
көрсету» немесе «есік ашар» дейді) бірге болып жататын ендігі бір кәде
өңір салу. Мұнда ылғи бәйбішелер келеді. Ниеттері келінге шашу
шашып, құтты болсын айту. Шашудың сыртында өңір әкеледі. Өңір
киім, бұйым деп ең құрығанда терме бау немесе жас төсекті басқалар
басынбасын деп бүркіт тұяғы, үкі сықылдылар іледі. Бұлардың бәрі отау
үйге қажетті, өңін ашатын нәрселер.
Келін түскен үй бұларды күтеді. Келіннің қоржынындағы аспен
бірге келген бұлдардан (мата деген сөз) алады. Бұл да өңір (Ахмет
Жүнісұлы).
Өңір салу жас шаңыраққа көрсетілген құрмет және жәрдем десе де
болады. Мұны соңғы кездерде үлкен адамдардың өзі естен шығарып
бара жатқаны өкінішті-ақ.
Достарыңызбен бөлісу: