Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі тараз мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет55/135
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#17695
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   135
 
Қыз  көші.  Қыз  көші  (салт).  Құда  аттандырар  кәдесі  жасалғаннан 
кейін ұзатылған қыз шешесі, жеңгесі, жас іні, сіңлілермен бірге көлікке 
отырып жолға шығады. Қыз артта қалғандарға қарамауы керек. Құдалар 
алға  түседі.  Одан  кейін  шаңырақ  түйе  (қыз  көші)  жүреді.  Тойшы 
жігіттер  көш  соңынан  әсем  киініп  ән-күймен  ереді.  Былайша  айтқанда 
көште  ерекше  салтанатты  жарасымдылық  болады.  Қыз  ауылынан  бір 
көш  жер  шыққанша  мұны  «қыз  көші»  деп  атайды.  Одан  әрі  асқаннан 
кейін «келіншек көші» дейді. Келіншек көшінің келе жатқанын білетін 
жолдағы  ауыл  қыз-келіншектері,  жастары  «келіншек  көшін»  тоқтатып 
«түйемұрындық»  алып,  батасын  беріп,  «жол  болсын»  айтып  шығарып 
салады.  
Жарысқазан.  Жарысқазан  (ырым).  Әйелдер  босанар  сәтте  басқа 
әйелдер қазанға жеңіл желпі тамақ істеп, оны босанатын әйелден бұрын 
пісірмек  болып,  «жарысады».  Халық  ұғымы  бойынша  туатын  бала 
«жарысқазанға»  қатысып,  одан  бұрын  өмірге  келуге  тырысады  деп 
түсінген.  
Жар-жар.  Жар-жар  (ғұрып).  Ұзатылған  қыз  тойында  қыз-жігіттер 
тобы кететін қыздың көңілін аулап, баратын жағында да осындай жақсы 
жайлар  болатынын  өлеңмен  айтысады.  Сонымен  бірге  олар  қыздың 


100 
 
бақытты,  елге  сыйлы  болуына  тілектестік  білдіреді.  Мұның  бәрі 
өлеңмен  айтылатындықтан  «Жар-жар»  қызықты  болып  естіледі. 
Мысалы,«Жар-жарды» жігіт былай бастайды:  
Алып келген базардан,  
Қара насыр, жар жар-ау  
Қара мақпал сәукеле,  
Шашың басар, жар-жар-ау!  
Мұнда әкем қалды деп,  
Қам жемеңіз, жар жар ау  
Жақсы болса қайны атаң,  
Орнын басар, жар-жар-ау!  
Қыз былай деп жауап қайтарады:  
Есік алды қара су,  
Майдан болсын, жар-жар-ау.  
Ақ жүзімді көргендей,  
Айнам болсын жар-жар-ау.  
Қайын атасы бар дейді ау,  
Осы қазақ, жар-жар-ау  
Айналайын әкемдей,  
Қайдан болсын, жар-жар-ау!  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет