130
«Бала-шағаның алдында дүние салып, солардан топырақ бұйырса».
Осындай ата-ананы сыйлау, сәби шағында өзіңді олар қалай бағып-
қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялап күту – қандай
ғанибет!
7-оқушы: Қазақ ұғымы бойынша, үйлерінің төбесінен күн сәулесі
төгіліп, қараңғы түндерде тұнық аспанның төріндегі самсаған қалың
жұлдыз жымыңдай жарық сеуіп тұруы тиіс. Байтақ сахара құшағында
қысылып-қымтырылмай өскен арда халық мұны еркіндіктің, кең тыныс
алудың белгісі деп білді. Сондықтан ұлы әлемнің бүкіл қасиетін сездіріп
тұратын шаңырағын айрықша қастерледі, жан тәнімен қорғады.
Шаңыраққа ие болудың өзі- шексіз абырой, адамдық нысаны.
Достарыңызбен бөлісу: