ҚОСЫМША Қосымша №1 Глоссарий «А» Абырой- жеке адамның құндылығы туралы түсінікті білдіретін
моральдық ұғым, адамның өз-өзіне және қоғамның жеке адамға
моральдық қатынасын бейнелейтін этикалық категория.
Абысын – туыс ағайын адамдар әйелдерінің бір-біріне туыстық
қатынасын білдіретін ұғым. Абысын-ажын – ағайынды адамдардың
әйелдері.
Адамгершілік –қоғамдық өмірдің обьективтік заңдылығына сәйкес,
адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негіз болып
137
табылатын талапқа сай белгілі бір гуманисттік принциптерді білдіретін
моральдық ұғым.Адамгершілік адамдардың мінез-құлқымен, іс-
әрекеттермен көзге түсіді.