Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі тараз мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет92/135
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#17695
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   135
Әдеп  сақтау  –  адамдар  арасындағы  қарым-қатынас  нормасын 
орындап жүру. 
Әдет – жеке адамның қажетіне айналып, қалыптасып кеткен тұрақты 
әрекеті.  
Әдет-ғұрып  –  дәстүрге  айналған,  жалпыға  бірдей  қалыптасқан,  әр 
этносқа тән ортақ тәртіп, салт-сана.  
Әлеуметтану  ғылымында  отбасы-  некеден  және  қандас  туыстар 
негізінде құрылған кішігірім топ. 
Әке  тәрбиесі  –  әкенің  ұл  баласына  үйрететін  тәлім-тәрбиесінің 
жиынтығы. 
Әмеңгер  –  жесір  әйелдің  күйеуінің орнын  басуға құқылы  қайнысы 
мен қайын ағасы. 
Әңгүдік – даңғой, жарымес, делқұлы адам.  
Әңгімелесу  –  ұстаз  бен  шәкірттің  өзара  пікірлесуі,  ой  бөлісуі.  Бұл 
ертеде  Сократтың  әңгіме  әдісінен,  яғни  ұстаз-ғалымның  көпшілікпен 
алаңда халықпен пікірлесуінен шыққан.  
Әулекі – өзін ұстай білмейтін, дарақы, даңғой адам.  
Әулет  дәстүрі  –  бір  атаға  жататын  үрім-бұтақ,  туыс  адамдардың 
өздеріне тән мұралық дәстүрі.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет