Болашақ мұғалімдерді этнопедагогикалықдайындау жүйесі – оқыту мазмұны, оқытуды ұйымдастырудың формалары, әдістері мен
тәсілдері арқылы жүзеге асыратын өзара байланыстарды, бірін-бірі
толықтыратынэтнопедагогика сипаттағы ықпалдардың жиынтығы.
Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық іскерлігі – олардың
педагогикалық практика кезінде оқушыларға ұлттық тәрбие беру
бойынша іс-әрекеттің жиынтығы.
Борыш – әке-шешенің, ел-жұрттың алдындағы перзенттік парыз.
Босаға аттау – алғаш келін болып түсушінің үйге кіруі.
Бөбек – бала 1 мен 3 жас арасындағы.
Бөле –бірге туған апалы-сіңлілілердің балаларының бір-біріне
туыстық қатынасы.
Бөспе – өтірікші, көпірме, мақтаншақ кісі.
Бұйыру – баланы белгілі бір іс-әрекетке еріксіз орныдауға әмір беру
арқылы жұмылдыру.
Бірімінез – тұрақты, байсалды, ақылды кісінің мінез бітісі.