Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет1/39
Дата29.12.2016
өлшемі2,91 Mb.
#676
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39

                                                                                                           
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 
 
 
 
 
 
 
 
 
   
 
ХАБАРШЫ 
 
Жылына 4 рет шығады 
 
 
 
№ 1 (57) - 2015 
 
 
ВЕСТНИК 
 
Выходит 4 раза в год 
 
 
 
 
 
 
 
Орал-Уральск 
М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ 
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН 
МЕМЛЕКЕТТІК 
УНИВЕРСИТЕТІ 
ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКИЙ 
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ  
УНИВЕРСИТЕТ  
ИМ. М. УТЕМИСОВА 

                                                                                                           
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 

 
Выпуск 
1 (57
) шығарылым
 
Қаңтар –
 
Январь, Ақпан –
 
Февраль, Наурыз
 - 
Март
 
ПЕДАГОГИКА, ФИЛОЛОГИЯ, ТАРИХ 
ПЕДАГОГИКА, ФИЛОЛОГИЯ, ИСТОРИЯ 
 
Бас редактор  Главный редактор
А.С. ИМАНҒАЛИЕВ  
педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик/ 
                               доктор педагогических  наук, профессор, академик 
 
Бас редақторының орынбасары – Заместитель главного редактора 
 
Ә.Қ. МҰҚТАР  
т.ғ.д., профессор, М.Өтемісов атындағы БҚМУ ҒЖ және ХБ жөніндегі проректоры 
д.и.н., профессор, проректор по НР и МС ЗКГУ им. М.Утемисова 
 
Редакция алқасы – Редакционная коллегия: 
Т. Вюнш
 

  
философия докторы (
PhD)
, профессор,
 
доктор философии (
PhD)
, профессор,
 
 
Пассау университеті (Германия, Пассау қ.) 
 
Университет
 
Пассау
 
(Германия, г. Пассау)
 
П.М. Кольцов
 -  
т.ғ.д., профессор, Қалмақ мемлекеттік 
 
д.и.н., профессор, Калмыцкий 
 
 
университеті (Ресей, Элиста қ.)
 
государственный университет (Россия, г. Элиста)
 
А.С. Тасмағамбетов
 -  
т.ғ.д., доцент, М.Өтемісов атындағы БҚМУ, 
 
д.и.н., доцент, первый проректор
 
 
бірінші проректор
 
ЗКГУ им. М.Утемисова
 
Т.З. Рысбеков
 -  
т.ғ.д., профессор, М.Өтемісов атындағы БҚМУ
 
д.и.н., профессор, ЗКГУ им. М.Утемисова
 
Ұ.Т. Ахметова 
-  
т

ғ

д
., 
д.и.н., ЗКГУ им. М.Утемисова
 
 
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
 
А.С. Турчин
 -  
психол.ғ.д., доцент, Иванов мемлекеттік 
 
д.психол.н., доцент, Ивановский
 
 
университеті (Ресей, Иванов қ.)
 
государственный университет (Россия, г. Иванов)
 
А.С. Қыдыршаев
 

 
п.ғ.д., профессор, 
 
д.п.н., профессор,
 
 
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
 
ЗКГУ им. М.Утемисова
 
Ж.И.Сардарова 
-  
п
.
ғ
.
д
., 
д.п.н.,
 
ЗКГУ им. М.Утемисова
 
 
М.Өтемісов  атындағы БҚМУ
 
А.В. Скали
 

  
п.ғ.к., доцент, Экономика университеті 
 
д.п.н., доцент, 
 
 
(Польша, Быдгощ қ.)
 
Университет экономики (Польша, г. Быдгощ)
 
К. Кайнер
 -  
ф.ғ.д., профессор, Йоханнес Гутенберг 
 
д.ф.н., профессор, Университет
 
 
атындағы университет (Германия, Майнц қ.) 
 
им. Йоханнеса Гутенберга (Германия, г. Майнц)
 
А.Р. Габидуллина
 -   
ф.ғ.д., профессор, Донбасс мемлекеттік
  
д.ф.н., профессор, Донбасский 
 
 
педагогикалық университеті (Украина, Горловка қ.)
 
государственный педагогический университет
 
 
 
(Украина, г. Горловка)
 
М.К. Бисемалиева
 -  
ф.ғ.д., профессор, 
 
д.ф.н., профессор,
 
 
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
 
ЗКГУ им. М.Утемисова
 
Г.К. Хасанов
 -  
ф.ғ.д., профессор, 
 
д.ф.н., профессор,
 
 
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
 
ЗКГУ им. М.Утемисова
 
А.Г. Абуханова
 -  
ф.ғ.к., доцент,
 
к.ф.н., доцент,
 
 
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
 
ЗКГУ им. М.Утемисова
 
 
2000 жылдан бастап шығарылады. Жылына 4 рет шығады. 
Жинақ  ҚР  Қоғамдық  келісім  және  ақпарат,  мәдениет  министрлігінің  келісімімен  07.12.1999ж.  тіркеліп,  №971  –  Ж 
куәлігі берілген. 
ҚР  Мәдениет  және  ақпарат  министрлігі  Ақпарат  және  мұрағат  комитетінің  келісімімен  мерзімді  баспасөз 
басылымдарын және (немесе) ақпарат агенттіктерін 10.12.2012 ж. есепке алу туралы №13214-Ж куәлігі берілген. 
Жинақ  филология,  педагогика,  тарих  ғылымдары  бойынша  ғылыми  еңбектің  негізгі  нәтижелерін  жариялау  үшін 
Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігі  Білім  және  ғылым  саласындағы  бақылау  комитеті  ұсынатын 
ғылыми баспалар тізбесіне енді. 
 
Издается с 2000 года. Выходит 4 раза в год.  
Свидетельство  о  регистрации  издания  №  971-Ж  от  07.12.1999  г.  выдано  Министерством  культуры,  информации  и 
общественного согласия РК. 
Свидетельство  о  постановке  на  учет  периодического  печатного  издания  и  (или)  информационного  агентства                    
№13214-Ж от 10.12.2012 г. выдано Комитетом информации и архивов Министерства культуры и информации РК. 
Журнал включен в Перечень изданий Комитета по контролю в сфере образования и науки Министерства образования 
и  науки  Республики  Казахстан,  рекомендованных  для  публикации  основных  результатов  научной  деятельности  по 
филологическим, педагогическим и историческим наукам.
    
 
ISSN 1680-0761 

 М.Өтемісов атындағы БҚМУ, 2015.  
ТІРКЕУ НӨМІРІ  1432
-
Ж
 

                                                                                                           
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 

ПЕДАГОГИКА   ПЕДАГОГИКА   PEDAGOGICS 
 
 
 
ӘОЖ: 377.5  
 
Курманалина Ш.Х
. – педагогика ғылымдарының докторы, профессор,  
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж 
Артигалиева А.Т.
 – 
М.Өтемісов атындағы  БҚМУ магистранты 
(Орал қ., Қазақстан) 
E-mail: aisaule_27.06.91@mail.ru 
 
СТУДЕНТТЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ  
ӘЛЕУЕТІН  ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ НЕГІЗГІ ЖҮЙЕЛЕР 
 
Аннотация. Мақалада  тұлғалық және кәсіби әлеуеттің жүзеге асу жолдары мен дамуы 
қарастырылды.  Студенттердің  тұлғалық-кәсіби  әлеуетін  қалыптастырудағы  тұлғалық 
ерекшеліктерге  талдау  жасалып,  көрсеткіштері  талданды.  Сонымен  қатар,  тұлғалық  және 
кәсіби әлеуетті қалыптастырушы негізгі жүйелер құрылды. 
Кілт  сөздер:  тұлға,  тұлғалық  қасиеттер,  тұлға  бағыттылығы,  тұлғалық  ерекшеліктер, 
кәсіби-тұлғалық даму. 
 
Бүгінгі таңда қоғам алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі жан-жақты 
дамыған  жеке  тұлғаны  қалыптастыру.  Қазіргі  жаңа  кезеңдерде  ғылымдар 
жүйесінде,  кәсіби  өзіндік  анықталу  мәселесін  зерттеу  өзектілігі  қоғам  
талаптарына    орай  еңбек  сипаты  мен  мазмұнының  аумақты,  жылдам  өзгеруіне 
байланысты  кәсіби бағдар  мен мамандық  таңдауға психологиялық дайындықты 
қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық өңдеулерін жүзеге асыру мәнді 
сұрақтардың бірі. Кәсіби бағдарлану мен кәсіби анықталу, соған байланысты іс-
әрекетті  саналы  өзіндік  реттеу  мәселелерінде  дәстүрлі  және  диагностикалық 
зерттеуді  қолдану,  психологиялық,  педагогикалық,  практикалық  кеңес  беруді, 
мамандыққа  дайындауды,  еңбек  субьектісі  ретінде  болашаққа  бағыт-бағдар 
беруді кеңінен қолдануды күшейтіп негіздейді 

9


Тұлға  -  бұл  қоғамдық-тарихи  дамудың  өнімі.  Адамның  қоғамдық 
қатынастар  жүйесінде  алатын  орны,  оның  орындайтын  іс-әрекеті  -  бұл  оның 
тұлғасының  қалыптасуын  анықтайтын  жағдайлар.  Тұлғаның  қалыптасуы 
адамның мінездемесі үшін маңызды орын алады, яғни оның мінез-кұлқы мен іс-
әрекетінің  жоғары  саналы  формаларын  қамтамасыз  етіп,  оның  ақиқатқа 
байланысты  барлық  қарым-қатынастарының  бірлігін  құрайды. Нәтижесінде 
адамның  кез  келген  реакциялары  және  ішкі  аффективті  өмірінің  құрылымы 
әлеуметтік  тәжірибе  барысында  жинақталған  тұлғалық  ерекшеліктермен 
анықталады.  Тұлғаның  қалыптасуы  биологиялық  және  әлеуметтік  факторларға 
байланысты екені мәлім 

11, 65 б.


А.Н.  Леонтьевтің пікірі  бойынша,  «Жеке  тұлғаның  жетістіктері  мен 
кемшіліктері, жақсы және әлсіз жақтарымен көрінетін тек өзіне ғана тән даралық 
белгілері  оның  өзгелермен  қарым-қатынас  жасауы,  қайырымдылығы, 
мейірімділігі,  тәкәппарлығы,  жағымды  және  жағымсыз  қасиеттерінің  көрінуіне 
де байланысты. Олардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауы, өмірдің алуан 
түрлі ерекшеліктерін тануға, танымдық қасиеттерімен, рухани байлығын арттыра 
түседі» - деп қарастырады [10, 288 б.]. 

                                                                                                           
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 

Демек,  жеке  тұлға  өзіне  тән  ерекшеліктері  арқылы  дараланады. Ондай 
ерекшеліктерге  сенім,  дүниетаным,  мұрат,  бейімділік,  қызығу,  қабілет,  талғам, 
көзқарас т.б. қасиеттер жатады. 
Белгілі  психолог  Б.Г.  Ананьев  еңбектерінде: «Адам–физиологиялық, 
психологиялық жағынан қалыптасып келе жатқан тіршілік иесі. Адам еңбек ету 
нәтижесінде жануарлар дүниесінен бөлініп шығып, бір-бірімен тілдің көмегімен 
қарым-қатынас  жасайтын,  дүниені  танып  білетін,  оны  өзгертетін  және  еңбек 
құралдарын  жасайтын  жағдайға  біртіндеп  ие  болды.  Оның  өмірдегі  көрінісі 
физиологиялық, 
психологиялық, 
әлеуметтік 
ерекшеліктеріне, 
даралық 
қасиеттеріне  байланысты  жеке  адам  немесе  жеке  тұлға  екені  көрінеді»-деп 
қарастырады [3, 288 б.]. 
К.С.Успанов өз еңбегінде, педагогикалық процесте болашақ мұғалімдерді 
адамгершілікке,  азаматтықа,  ізгілікке  тәрбиелеуді  кәсіби  даярлаудың  ажырамас 
бөлігі ретінде қарастырып, теориялық және практикалық тұрғыдан жан – жақты 
негіздеп, сипаттама берген [12, 228 б.]. 
А.А.Калюжный  жеке  тұлғаны  адамгершілікке  тәрбиелеу  жүйесінде 
мұғалімдердің  кәсіби  қасиеттеріне  қойылатын  талаптарға  сипаттама  беріп, 
ғылыми тұрғыда негіздеді [6, 328-б.]. 
С.С.Құнанбаева, 
С.Т.Каргин  зерттеулерінде болашақ 
мұғалімдердің 
кәсіби  мәндік  қасиеті  мен  кәсіби  құндылықтарын  қалыптастыру,  мәдениетін 
көтеру жолдарын жан - жақты тұжырымдады [7, 150 б.; 8, 185 б.]. 
Тұлға —  әлеуметтік  тіршілік  иесі,  сондықтан  оның тұлғалық құрылымын 
қарауда  әлеуметтік  жағы  маңызды  болып  табылады,  содан  кейін  барып  
тұлғаның  биологиялық  жағы  қарастырылады.  Жеке  тұлғаның  ең  маңызды 
белгілері:  оның  саналылығы,  жауапкершілігі,  бостандығы,  қадір-қасиеті, 
даралығы.  Жеке  тұлғаның  маңыздылығы  оның  қасиеттері  мен  іс-әрекеттерінде 
қоғамдық  прогресс  тұжырымдарының,  әлеуметтік  белгілер  мен  қасиеттердің 
айқын  және  арнайы  көрініс  табуы  арқылы,  іс-әрекетіндегі  шығармашылық 
қасиетінің  деңгейі  арқылы  анықталады. Әрбір  жеке  тұлға  қасиеттер  жиынтығы 
арқылы  әрбір  тұлғаның  басқа  бір  тұлғадан  айырмашылығын,  оның  ешкімге 
ұқсамайтынын,  өзіне  тән  ерекшелігі  бар  екенін  сипаттайды.  Біз  оны  келесідей 
құрылымдарға бөлу арқылы анықтадық: 
1-ші  құрылым   тұлға  бағыттылығы  деп  аталады.  Ол  қызығушылықтар, 
наным-сенімдер,  дүниетаным,  бейімділік,  мақсат-мұраттардан  тұрады.  Бұл 
құрылымға  кіретін  тұлға  (қырлары)  элементтері  толықтай  әлеуметтік  тұрғыдан 
шартталады  және  тәрбиелеу  жолымен  қалыптасады.  Бағыттылықтың  тұрақты 
және  белсенді  формасы  сенім  болып  есептеледі.  Олардың  жиынтығы  адам 
дүниетанымын  құрайды.  Бірақ  бағыттылық  құрылымына  ерік  те  кіреді  —  ол 
сенімге белсенді сипат беріп, оның өмірде жүзеге асуына әсер етеді. 
2-ші  құрылым  тәжірибе  деп  аталады.  Ол  қоғамда  оқыту  жолымен 
алынған  білім,  білік,  дағды  мен  әдеттерді  біріктіреді,  бірақ  бұл  құрылымда 
биологиялық  әсерлер  белгілі  және  адамның  генетикалық  қырлары  да    болады. 
Бұған  кіретін  барлық  қасиеттерді  тұлға  қасиеттері  ретінде  қарастыруға 
болмайды. Тек жаңа қалыптасып келе жатырған дағды немесе бір реттік әрекет 
тұлға қыры болып табылмайды. Бірақ индивидтің көрінуі үшін бекітілген білім, 
дағды және білік - тұлғаның қасиеттері. Сонымен қатар тәжірибенің белсенділігі 
төмен  болуы  да  мүмкін.  Бірақ  жеке  еріктік  дағдыларда  білім  мен  білік 
қолданыста болғанда ол белсенді бола алады. 
3-ші  құрылым  индивидуалды  ерекшеліктерді  және  жеке  психикалық 
процесстерді біріктіреді (қызметтер): ес, эмоция, түйсік, ойлау, қабылдау, сезім, 

                                                                                                           
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 

ерік. Себебі әрбір адамның ойлауы, эмоциясы, қабылдауы әр түрлі болып келеді. 
Бұл  индивидуалды  ерекшеліктер  беки  отырып,  тұлға  қырына  айналады. 
Біреулерінде —  «қабылдау  өнері»  жоғары,  өзгелерде —  «есте  сақтауы  төмен, 
үшіншілерінде  —  «эмоция  басым».  Бұл  құрылымды  құраушылар  жаттығу 
жолымен  қалыптасады.  Себебі  эмоция  мен сезім  жануарларға  да  тән  қасиет,  3-
құрылым бойынша биологиялық көрсеткіш әлеуметтікке үстемдік ете бастайды. 
4-ші  құрылым  темперамент  және  тұлғаның  типологиялық  қасиетін 
біріктіреді  (қандай  да  бір  типке  жатуына  байланысты).  Олар  толықтай  мидың 
физиологиялық  қасиеттеріне  тәуелді  болады:  жүйке  процестерінің  өту 
жылдамдығы,  қозу  және  тежелу  процестерінің  ырғағына  және  т.б.  байланысты. 
Бұған  жас  ерекшеліктері  мен  жыныстық  қасиеттері,  тұлға  ерекшеліктері 
жатқызылады.  Бұл  биологиялық  шартталған  қырлар  өзгерістерге  қиындықпен 
беріледі,  бірақ  кейде  қажетті  қырларды  жаттығу  жолымен  қалыптастыруға 
 мүмкіндік болады. 
Осы  құрылымдарға  сүйене  отырып,  тұлғалық  және  кәсіби  әлеуетті 
қалыптастырудағы негізгі жүйелерді төмендегідей бөліп қарастырдық. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1–сурет. Тұлғалық және кәсіби әлеуетті қалыптастырудағы негізгі жүйелер. 
 
Яғни,  аталған  жүйе  тұлғалық  әлеуетті  құрайтындықтан  —  бұл  тұлғаға 
жағдайды бағалап және есепке ала отырып, өз мінез-құлқын реттеу және шешім 
қабылдау мүмкіндігін беретін, бірақ бәрінен бұрын өзінің ішкі көзқарастары мен 
өлшемдерінен  шығатын  психологиялық  қасиеттер  кешені  деген  қорытындыға 
келеміз (сурет - 1). 
Тұлғалық  әлеуеттің  әр  түрлі  көрсеткіштері  бар:  өзін-өзі  басқару  және 
тәуелсіздік,  ішкі  еркіндік;  өмірдің  мәнділігі;  қиын  жағдайлардағы  тұрақтылық; 
ішкі  өзгерістерге  дайындық;  жаңа  ақпаратты  қабылдау  қабілеттілігі;  үнемі 
әрекетке  дайындық;  қызметті  жоспарлау  ерекшеліктері;  тұлғаның  болашағын 
болжауы.  Бұл  көрсеткіштер  бір-біріне  қарама-қайшы  келмей,  бірін-бірі 
толықтырып тұрғанын көруімізге болады 

5, 133-134 б.


Студенттердің  тұлғалық  әлеуеті  тұлға  қасиеттері  жүйесі  ретінде  оның 
кәсіби-тұлғалық  дамуының  негізін  құраушы  және  кәсіби  әрекеттегі  жетістіктер 
 
 
тәж
іри
бет 
Тұлғалық-
кәсіби әлеует 
Тұлға 
бағыттылығы 
Темперамент 
қасиеті 
Әуестік  
Психикалық процестердің 
тұлғалық ерекшеліктері  
Бейімділік  
Тәжірибе 
Білім  
Дағды 
 
  
Ес  
Қабылд
ау  

                                                                                                           
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 

деңгейін  қамтамасыз  етуші  болып  табылады.  Кәсіби  маман  тұлғасын 
қалыптастыруда  мейлінше  маңызды  сапаларға  көшбасшылық,  интеллект, 
ұжымда  жұмыс  жасай  алу,  кәсіби  құзыреттілік,  адамгершілік,  тәртіптілік,  өздік 
ұйымдастырушылық, іскерлік, жауапкершілік және эмпатия жатады  

2, 81 б.


 
Қазіргі  қоғамдағы  білім  берудің  мақсаты  –  студенттің  тұлғалық  және 
кәсіби  тұрғыда  дамуы  болып  табылады.  Осы  мақсатты  жүзеге  асыру  үшін 
болашақ мұғалім бойына мектепте қызмет ететін маман ретінде оларға білім беру 
жүйесінің  стратегиялық  бағыты  айқын  көрсетілуі  тиіс.  Оған  оқу  процесінің 
тиімділігі, сабақтардың жүйелілігі мен сапасы, бағдарламаның орындалу барысы, 
білімнің тереңдігі бүкіл оқу тәрбие жұмысын дұрыс жоспарлауға игі ықпал етеді. 
Болашақ  мүғалімнің  кәсіби  бейімделу  аясына  негізінен  мыналар  кіреді: 
кәсіби  бағдар,  кәсіпке  дайындық,  кәсіби  орнығу,  мамандық  бойынша 
студенттердің  білім  алу  ерекшеліктері,  еңбек  жағдайлары.  Бірақ,  әр  түрлі 
бейімделу түрлері маманның қалыптасуына әр түрлі әсер етеді. Оның ең негізгісі 
кәсіпке бейімделу болып табылады. 
Болашақ  мұғалім  үшін  оның  өмірлік  іс-әрекетіне  мамандықты  меңгеру 
мәселесі  үлкен  орын  алады.  Ол  алдымен  мамандықты  оқып  үйренуге, 
дайындыққа  көңіл  аударса,  одан  кейін  мамандықты  терең  меңгеруге,  кәсіби 
шеберлікке ұмтылуы қажет. 
Сондықтан  тұлғалық  әлеует  кәсіби  қызмет  аясында  келесідей  кәсіби 
маңызды қасиеттерді қарастырады: 
1.  Қарым-қатынасшылдық  -  адамдарды  өзіне  тарта  білу  қабілеті,  оларда 
сенім қалыптастыру. 
2.  Көшбасшылық  -  ұжым  жұмысына әсер  ете  білу қабілеті,  өзара  қарым-
қатынасты реттеу, алға қойған мақсатқа қол жеткізу. 
3.  Ұжымда  жұмыс  жасай  алу  -  ұжымда  белсенділік  пен  жаңашылдық 
қалыптастыру. 
4Кәсіби құзыреттілік - білім, тәжірибе, дүниетаным, кәсіби міндеттерді 
сәтті шешуге мүмкіндік береді. 
5.  Адамгершілік  сезгіштік,  адамдарға  назар  аудара  білу,  олардың  қадір-
қасиетін құрметтеу жатқызылады 

4, 96-102 бб.


Студенттердің  оқу  іс-әрекетінің  нәтижелілігі,  оған  бейімделу  көптеген 
факторларға  байланысты.  Оған  студенттердің  танымдық  іс-әрекетін  реттеу 
функциясы, өмірлік жоспары мен қызығушылықтары, мотивтерді, құндылықтық 
бағдарлардың  басым  болатын  түрі,  ұмтылыс деңгейі,  мінез-құлықтарын  саналы 
басқара алуы т.б көптеген факторлар үлкен ықпал етеді. 
Болашақ  мұғалім  мамандығына  бейімделу  мәселесі  кезеңінде  студент 
болашақ  мамандығы  бойынша  еңбек  талаптары  мен  ерекшеліктерін  меңгеру 
керек.  Ол  мамандықты  меңгеру  кезеңіндегі  тұлғаның  кәсіби  қасиеттерінің 
қалыптасуынан,  еңбек  дағдыларынан  көрінеді.  Болашақ  мұғалімдік  кәсіпке 
бейімделу студенттің жаңа ұжымға сіңуіне, енуіне әсер етеді. Ол жаңа ұжымға, 
еңбек  талаптарына,  кәсіби  іс-әрекетке  қатысу  үдерісі  және  кәсіби 
қызығушылықтарының,  жеке  сапалардың  осы  іс-әрекет  талаптарымен 
арақатынасын көрсетеді. 
Тек  адамның  физикалық  және  эмоционалдық,  рухани  табиғатына 
бағытталған    кешенді  тұрғы  ғана,  тұлғаның  және  тұлғалық  әлеуеттің  дамуын 
қамтамасыз ете алады. 
Студенттің  тұлғалық  әлеуетін  тиімді  қалыптастыруда  5  негізгі  бағыттағы 
кешенді жүзеге асыратын психологиялық дайындық алынады: 1) когнитивтік; 2) 

                                                                                                           
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 

мотивациялық;  3)  операционалдық;  4)  рефлексивті;  5)  рухани  дайындық.  Бұл 
бағыттарға байланысты бағдарлама құрастырылуы керек. 
Студенттердің тұлғалық және кәсіби дамуының әр курста ерекшеліктері бар. 
Бірінші  курста,  ұжымдық  өмірдің  студенттік  формаларына  үйрену 
міндеттерін  шешеді.  Олардың    мінез-құлқы  жоғары  дәрежелі  конформизммен 
ерекшеленеді.  Өзінің  рөліне  деген    дифференциалды    қатынас    орнатпайды.  
Оларға  пікірді  қабылдау  және  өз  мінезін  топ  икеміне  қарай өзгерту тән. 
Екінші  курс-студенттердің  оқу  іс-әрекетінің  ең  қиын,  кернеулі  кезеңі.  
Екінші  курстықтардың  өміріне  оқу  іс-әрекетінің  кәсіби  формалары    қарқынды 
енеді.  Бұл  кезеңде  жалпы  дайындық  жүреді,  кең  мәдени  сұраныстары  мен  
қажеттіліктері    қалыптасады.  Аталмыш    ортаға    бейімделу    үрдісі    негізінен  
аяқталады. 
Үшінші  курс  –  мамандандыруға  кіріспе,  ғылыми  жұмыстарға 
қызығушылықтарының  беку  кезеңі.  Бұл  олардың  келешекте  дамуы  мен  кәсіби  
қызығушылықтарының тереңдеуінің көрінісі болып табылады. 
Төртінші    курс    –  оқу    практикасын    өту    кезеңінде    мамандығымен  
шынайы    алғашқы    танысуы.    Бұл    кезеңде    олардың    мінез-құлқына    арнайы  
дайындықтың  рационалды жолдары мен формаларын қарқынды түрде іздеу тән. 
Өмірдің көп  құндылықтарын   қайта   бағалап,   болашақ    іс-әрекетінің   нақты 
практикалық  ұстанымдарын  қалыптастырады.  Болашақ  мұғалім      оқу  орнының 
ұжымдық  өмір  сүру  формаларынан  біртіндеп  алшақтап,  меңгерілген  тұлғалық  - 
кәсіби  әлеуеті негізінде кәсіби іс-әрекетке ауысады. 
Болашақ  мұғалімнің  тұлғалық-кәсіби  әлеуетінің  жалпы  мазмұны атқарып 
отырған  міндетіне  тән  кәсіби  қызметімен  тығыз  байланысты.  Осыған орай 
болашақ  мұғалімнің  міндеттерін  нақтылау  маңызды  мәселе  болып  табылады. 
Білім,  ғылым  саласында,  оқу-тәрбие  жұмыстарын  ұйымдастыру  ісінде  сапалы, 
жаңа,  жетілдірілген  жұмыс  міндетін  қалыптастырумен    педагог      мамандары  
айналысып келді, осы дәстүр өз жалғасып тауып келеді. 
Педагог  мамандығы  түрлі  қызметтерге  жіктелсе  де,  оларға  тән  жалпы  
қызметтік мінез ерекшелігін,  яғни  өнегелі қоғамдағы оқу-тәрбие ісінің тұлғалық 
және кәсіби әлеуетінен туындайтынын ескеруіміз керек. 
Студенттің тұлғалық және кәсіби әлеуетін  қалыптастыру  –  бұл  тәрбие  
мен  білім  берудің  өзекті    міндеті.    Демек,  тұлғалық    өмір  сүру  болмысын 
қамтамасыз  ету  міндеті  көзделетіні    байқалады.    Ондай  жағдайда  болашақ 
мұғалімнен  ең алдымен  оның мәдени әлеуеті, тұлғаның  әлеуметтік  мәні бар, 
зияткерлік    әлеуетін,  өз  қабілеттерін  адамның  өмірлік  тәжірибесінде  оңтайлы 
қолдана алу шеберліктері ескеріледі. 
Осы  мәселе  төңірегінде,  яғни  мұғалімнің  кәсіби  қасиеттеріне, 
ерешеліктеріне  қатысты  ғалымдардың  ойлары  бар.  В.П.  Беспалько, 
К.А.Абульханова-Славская пікірінше, мұғалім: 

 
жақсы  кәсіби  дайындығының,  психология,  педагогика  салаларынан, 
инновациялық оқыту технологияларынан білімі жетік болуы; 

 
жоғары дәрежелі мәдениетке ие болуы; 

 
қоғамдағы  қазіргі  инновациялық  технологияларды,  педагогикалық- 
психологиялық үрдістер туралы ақпараттан хабардар болуы; 

 
түрлі әлеуметтік топпен жұмыс істеуге қабілетті болуы

 
жоғары дәрежелі тұлғалық әлеуеті болуы; 

 
қоршаған  адамдарға,  көпшілікке  сүйкімді,  сеніміне  ене  алатын  кәсіби  
өнегелік қасиеттерінің болуы; 

                                                                                                           
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 


 
эмоционалды  жағдайда  өзін-өзі  ұстай  алатын,  өз  міндетін  әділ  орындай  
алатын дағдыға ие болуы

 
іс-әрекет  барысында  туындайтын    стандартты  емес  жағдаяттарда  дұрыс  
шешім  қабылдай  алатын,  өз  ойын  нақты,  сауатты,  түсінікті  білдіре  алатын  
шеберлігі болуы тиіс [1, 258 б.].  
Айтылған  тұжырымдарды  ескерсек,  сондай-ақ  тұлғаның  кәсіби  әлеуетіне 
тән жалпы болмысты ескерсек, соңғы талап болашақ мұғалімнің кәсіби мінезіне 
тән арнайы қабілеттерге негізделгенін, оның кәсіби біліктілігіне, өзін басқаруға, 
жұмысты  жүзеге  асыруға  бағытталған  қабілеттерге  сүйеніп  сипатталғанын 
аңғарамыз. 
Болашақ маманның тұлғалық әлеуеті ұғымы адамды еңбек үрдісінің тұтас 
субъектісі  ретінде  қарастыруға  мүмкіндік  береді,  ондағы  тұтастық  мыналарды 
білдіреді: 

 
өзіндік өзгеруге және өздігінен дамуға қабілеттілік. Маманның  тұлғалық 
әлеуеті  интегралды   ұғым  ретінде  еңбек  адамының  ішкі   рухани  энергиясын 
(күшін),    қоғамдық    өзіндік    бекітуге,    өздігінен  жүзеге  асуға,  шығармашылық 
өзіндік көрініске бағытталған әрекеттік позициясын құрайды; 

 
ішкі  элементтердің  құрылымдық  тұтастығы.  Маман  әлеуетінің  тұлға  
дамуының   деңгейі   және  оған сәйкес келетін  еңбектің  тиімділік   дәрежесі  
олардың  амалына,  барлық  элементтерінің  ішкі    тепе-теңдігіне  тәуелді 
(байланысты). 
Тұлғалық    әлеуетті  қалыптастыру  жалпы  (психофизиологиялық, 
зияткерлік),  арнайы  (кәсіби-біліктілік)  және  ерекше  (ұйымдастырушылық, 
шығармашылық  т.б.)  тұлғалық  қабілеттердің  диалектикалық  бірлігі    негізінде  
жүзеге асады. 
Сонымен, тұлғалық әлеует құрылымына мынандай элементтер жатады: 

 
кәсіби    құзіреттілікті    құрайтын    кәсіби    білім,    білік    және    дағды  
(біліктілік әлеует); 

 
жұмысқа қабілеттілік (психофизиологиялық әлеует); 

 
зияткерлік, таным қабілеттері (білімдік әлеует); 

 
креативті қабілеттер (шығармашылық әлеует); 

 
ынтымақтастыққа,    ұжымдық    ұйымға  және  өзара  әрекетке  қабілеттілік  
(коммуникативті әлеует); 

 
құндылықты 

мотивациялық 
сала 
(идеялық-дүниетанымдық, 
адамгершілік әлеует). 
Б.С.  Генкиннің  пікірінше,  aдам  әлеуетінің  негізі  болмысынан  тума 
берілген  сапалар.  Олардың  дамуы  және  жүзеге  асуы  үш  негізгі  жүйемен 
анықталады: отбасы, ұжым және қоғам. 
Өз кезегінде әлеует төрт әлеует негізінде анықталады:  
1.
 
гносеологиялық (жаңа идея, ойлардың пайда болу үрдісі); 
2.
 
aксиологиялық 
(идеалға 
қол 
жеткізу, 
қажеттіліктер 
мен  
қызығушылықтардың    қанағаттандыру    тұрғысынан    туындаған    идеялар    мен 
ойларды таңдау және бағалау);  
3.
 
туындаушы-тәжірибелік (адамның идеяларды іске асыру біліктері және  
қабілеттерінің жиынтығы, іс-әрекет объектісін өзгерту).  
Сонымен  жоғарыда  айтылғандарды  ескере  келе,  тұлғалық  әлеуетке  ие 
болып  қана  қоймай,  оны  дамытып,  жүзеге  асырып  отыру  керек  деп  есептейміз. 
Арнайы  зерттеулерде  көрсетілгендей,  барлық  адам  талантты,  бірақ  әр  түрлі 
қызмет  түрінде  өзінің  8-10%  әлеуетін  қолданады  екен.  Тұлғалық  қасиеттерді 
дамыту 
жұмыстың 
немесе 
оқудың 
бөлігі, 
ойлау 
түрі, 
студентті 

                                                                                                           
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 

шығармашылыққа,  жаңашылдыққа,  инновациялық  идеяларды  іздеу  мен  оларды 
жүзеге асыруға итермелейтін процесс болуы тиіс. Тұлға таным мен іс - әрекеттің 
субъектісі  ретінде  сол  қалпында  өмірге  келмейді,  ол  бұл  дәрежеге  қалыптасу 
барысында жетеді. Ол үшін  іс – әрекет тәсілдерін, қажетті білім мен әлеуметтік 
тәжірибелер  жиынтығын  өмір  бойы  меңгереді.  Ал  олардың  тұлғалық 
бағыттылығы,  игерген  тәжірибесі,  тұлғалық  ерекшеліктері  өзгеріссіз  қалып, 
тұлғалық  және  кәсіби  әлеуетін  қалыптастырудағы  негізгі  жүйелердің 
алғашқыларының бірі болуына септігін тигізеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет