Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


А.Ш. Танирбергенова, А.И. Шужебаева, С.С. Мнайдарова. Мектеп жасына дейінгі балалардың мәдени тілдік



Pdf көрінісі
бет74/102
Дата05.02.2017
өлшемі17,93 Mb.
#3475
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   102

А.Ш. Танирбергенова, А.И. Шужебаева, С.С. Мнайдарова. Мектеп жасына дейінгі балалардың мәдени тілдік 

коммуникациялық бағдарлары бағалы шарты.

Мақалада  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  сөйлеу  қызметі  мен  қарым-қатынас  жасаудың  өзекті  мәселелері 

қамтылған. Қарым-қатынас балалардың тұлғалық дамуының факторы ретіндегі негізгі рөлі, сонымен қатар тілдік 

қызметін  тиімді  дамыту  мен  қалыптастыруда  қарым-қатынасты  ұйымдастыру  тәсілдері  мен  жолдары  ашылған. 

Мақалада  қарым-қатынас  мәселесіне  бағытталған  шетелдік  және  қазақстандық  ғалымдардың  еңбектерін  талдау 

негізінде, ерте жаста балалардың тілдік қарым-қатынасы ересектермен бірлескен іс-әрекетіне тікелей тәуелді екендігі 

негізделген. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынасы мен тілдік қызметі арасындағы өзара байланысты 

зерттеуде    бала  тілінің  тез  немесе  баяу  шығуының  негізгі  себептерін  анықтау  маңызды  екендігіне  көңіл  бөлінген. 

Мақалада осы мәселелерді зерделеуге бағытталған тәжірибелік-эксперимент жұмыстарынан мысалдар келтірілген.    

Түйін сөздер: қарым-қатынас, тілдік қызмет, мектепке дейінгі жас, ситуативно-іскерлік қарым-қатынас нысаны, 

түзету-дамыту бағдарламасы, балалар шағын-орталығы ашылды, грамматикалық және синтаксистік строй сөйлеу, 

баланың әлеуметтенуі, отбасылық қарым-қатынас, қарым-қатынас.

№ 3 (112) 2016

419


A.Sh.Tanirbergenova, A.I. Shuzhebayeva, S.S. Mnaidarova. Valuable orientations as the condition for a culture speech 

communication in preschool children.

The pressing questions of development of communication and speech activity of children of preschool age are examined In the 

article, the role of communication is shown as a basic factor of personality development of children, and also ways and methods of 

organization open  up communications assisting effective development and forming of his speech activity. In the article the analy-

sis of research of problem of communication is also given by the foreign  and Kazakhstan scientists, that showed that development 

of speech of child in early age depended on the features of becoming of his joint with adult activity on a capture by the publicly 

mine-out methods of the use of surrounding objects and from the features of development of situation-business form of intermin-

gling with adults setting the problem to capture a mother tongue before him. In the study of problem of intercommunication of 

communication and speech activity for the children of preschool age an important aspect is an exposure of reasons staying or ac-

celerating speech development of child. Especially sharply this problem gets up in the разновозрастных groups of littlecomplete 

kindergartens and preschool mini-centers. All experimental work sent to the decision of these problems is expounded in the article.

Keywords: communication, speech activity, preschool  age, situation-business form of communication, correction-developing 

program, child’s mini-center, grammatical and syntactic system of speech, socialization of child, domestic communication, forms 

of communication.

Поступила в редакцию 25.01.2016.

ӘОЖ 53:373

Б.С. ТАНТЫБАЕВА

1

, З.С. ДАУТОВА

2

, М.В. ПОПОВА

3

, А. РЫСБЕКОВА

4

 

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университеті химия кафедрасының доценттері

1,2,3

,

Өскемен қаласы, п.ғ.к.,  Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі

4

ХИМИЯНЫ ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУ ОҚУШЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ДЕРБЕСТІГІН

 ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

Бұл мақалада көптілділік мәселесі – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің 

бірі,  жаһандандыру және кейбір кеңестікке шыққан заман тілдерді білуді талап ететіні, яғни кем дегенде үш тілді 

меңгеру-заман талабына айналып отырған қажеттіліктерін,   соның бірі – Елбасымыздың қолдауымен бастау алып, 

іргесі қаланып келе жатқан Назарбаев Зияткерлік мектептердің басқа мектептерден, яғни дәстүрлі білім жүйесінен 

ерекшелігі - үш тұғырлы тіл саясатын қолдана отырып, пәндерді басқа пәндермен кіріктіре оқыту  жүйесі мен тәжірибе 

нәтижесі   баяндалады.

Түйін сөздер: когнитивтік талдау,жинақтау, зерттеу,бағалау, оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым.

Жан-жақты дамыған, өркениетті, кемелденген қоғамда оқушыларға білім беру деңгейінің жоғары болу 

керектігі  заман талабынан туындап  отыр. Осы негізде  оқушы бойында жүйелі білімнің іргетасы қаланған 

болуы  олардың  даму  болашағын  көруге  мүмкіндік  береді.    Жүйелі  білім  негізі  тек  мұғалімнің  білімділік 

деңгейі мен сабақ беру әдістемесіне ғана емес оқушының дербестілік деңгейіне де байланысты екені белгілі. 

Оқушы  білімі  тиянақты,  толық  әрі  жан  жақты  болуы  үшін,  ол  өз  жұмысын  тиімді  ұйымдастыра  алатын, 

оқулық және оқу құралдары мен қосымша материалдарды мақсатқа лайық қолдана алатындай болуы керек. 

Оқушыларға арналған оқу әдістемелік құралдар олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай туғызуға 

толық икемделген болуы қажет.

Мұғалім сабақты жүргізумен қатар  кеңесші, бағыт беруші бола отырып, оқушылар қарастырған сұрақтары 

төңерегінде  тақырыпқа  шолу  жасап,  мақсат  қоюға,  теориялық  материалдардың  арасындағы  мазмұндық 

байланыс мәнін ашуға, оқу-әдістемелік материалдармен жұмыс істеуге нұсқау бере білгені құптарлық жай. 

Сонымен бірге оқытушытүзету, коррекциялау әрекеттерін де жүзеге асырады. Осы аталғандар оқушының ары 

қарай өзіндік жұмысты ойдағыдай жүргізіп, дербестік деңгейінің қалыптасуына  жағдай жасайды.

Педагогикалық ілімнің өзекті сұрақтарының бірі – білім алушылардың танымдық дербестігін қалыптастыру 

болып табылады. Ғасырлар бойы осы мәселеге көптеген педагогтар мен психологтар назар аударғаны белгілі 

[1].


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

420


Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігінде  дербестік  сөзіне  жекелік,  даралық,  дербестікке  тән  өзіндік  деген 

түсіндірме берілген [2].

Білім  беру  беру  барысында  оқушының  танымдық  дербестілігін  қалыптастырудың  оңтайлы  жолдары 

мен тәсілдері көп. Ол оқушының өзіндік жұмысты орындауы, өздігінен білім алуға ұмтылуы, оқулықтағы 

материалмен қоса қосымша материалдарды меңгеруі, ақпараттық технология мүмкіндіктерін тиімді қолана 

алуы және т.б. 

Қазіргі таңда кез келген адам өзін екі немесе бірнеше тілді меңгерген жеке тұлға ретінде танылуы тиіс. 

Елімізде бүгінгі күні «Көптілділік» мәселесі көкейкесті мәселелердің бірі болып саналады. Елбасымыз сол 

үшін де тілдердің үш тұғырлығын міндеттеп отыр. 

Көптілділік мәселесі – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің 

бірі, себебі, жаһандандыру және кейбір кеңестікке шыққан заман тілдерді білуді талап етеді, яғни кем дегенде 

үш тілді меңгеру-заман талабына айналып отырған қажеттіліктердің бірі. 

Қазақстан  қоғамының  әлеуметтік-экономикалық,  рухани  қалыптасуының  жаңа  міндеттерін  іс  жүзінде 

асыруға дайын жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі факторларының бірі- мектепте көптілді білім беруді жолға 

қою болып табылады. 

Соның бірі – Елбасымыздың қолдауымен бастау алып, іргесі қаланып келе жатқан Назарбаев Зияткерлік 

мектептері. Бұл мектептердің басқа мектептерден, яғни дәстүрлі білім жүйесінен ерекшелігі - үш тұғырлы тіл 

саясатын қолдана отырып, пәндерді басқа пәндермен кіріктіре оқыту.

Кіріктіре  оқыту  –    бұл  бір  оқу  материалын  әр  түрлі  пәндермен  жалпы  тоғыстыра,  бір-бірімен  етене 

араластыра оқыту. Сонымен, пәнаралық байланыс негізінде кіріктіре оқыту тарихына көз жүгіртетін болсақ, 

бұл идея Я.А. Коменскийден басталады. Ұлы дидакт: «Бір-бірімен байланысы бар заттар, сол байланысы 

көрсетіле отырып оқытылуы қажет», – деген болатын. Атақты педагог пәндердің арасындағы байланысты 

пайдаланып кіріктіре оқыту негізінде оқыту үрдісінің біртұтастығын қалыптастыруға қол жеткізуге болатынын 

айтты. Осы идеяға көптеген педагогтар қосылып, оны одан әрі дамытты. Кіріктіре оқыту идеяларын В.Я. 

Стахарин,  Н.Ф.  Бунаков,  В.И.  Водовозов,  т.б.  педагог  ғалымдар  жалғастырып,  пәндерді  кіріктіре  оқыту 

әдістемелерін ұсынды [3].

Қазіргі таңда Қазақстан қоғамының әлеуметтік-экономикалық, рухани қалыптасуының жаңа міндеттерін 

іс жүзінде асыруға  дайын жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі  факторларының бірі- мектепте  көптілді білім 

беруді жолға қою болып табылады. 

Үш  тілде  білім  берудің  тиімділігі  өте  жоғары.  Халықаралық  зерттеулер  үш  тілде  жүргізілетін 

оқубағдарламалары бойынша білім алатын оқушылар:

- жұмысқа ұқыпты, мотивациялары жоғары, бірнеше тіл білудің артықшылықтарын түсінеді;

- бір тілде ғана білім алатын оқушыларға қарағанда, үш тілді қосқанда, барлық пәндерден үлгерімдері 

жақсарып, оқушының ізденімпаздық деңгейі артады;

- Оқушы оқу материал меңгеріп, түсіну үшін жан жақты ізденіп өзіндік жұмыс істеуге дағдыланады.

Зерттеу жүргізген мұғалімдердің пікірлерінше, аталмыш бағдарлама оқушылардың білім алу дағдылары 

мен үлгерімдеріне кері әсерін тигізбейді.

Кіріктірілген білім беру бағдарламасындағы тілдік пәндер: 

- оқушылардың бойында функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған;

- оқушыларда құзырлылық дағдыларды дамытады;

- оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытады;

- күнделікті өмірмен тығыз байланыстағы тақырыптарды қамтиды;

- оқушыларды өмір бойы білім алуға үйретуге ықпал етеді;

- мұғалімдерге әртүрлі оқыту ресурстарын қолдануға мүмкіндік береді. 

 


№ 3 (112) 2016

421


1-

сурет – Кіріктірілген бағдарламаға сәйкес үш тілде білім беру жүйесі.

Кіріктірілген білім беру бағдарламасындағы тілдік пәндер: 

- оқушылардың бойында функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған;

- оқушыларда құзырлылық дағдыларды дамытады;

- оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытады;

- күнделікті өмірмен тығыз байланыстағы тақырыптарды қамтиды;

- оқушыларды өмір бойы білім алуға үйретуге ықпал етеді;

- мұғалімдерге әртүрлі оқыту ресурстарын қолдануға мүмкіндік береді. 

Яғни тіл мен пәнді кіріктіре оқыту мектептерде CLIL(Content and language integrated learning) әдісімен 

оқытылады. Сабақта берілетін тапсырмалар мен жұмыстар тілді дамытуды қамтиды, яғни тілдік емес пән 

мұғалімі тек пәннің мазмұнына ғана жауап бермейді, сонымен қатар сол пән арқылы оқушылардың тілдік 

дағдыларын дамытады. 2 мақсатқа бірдей жетуге болады: пән екінші немесе үшінші тіл арқылы мақсаттар, 

міндеттер оқытылады және де пәндерді меңгеру арқылы ғылыми тіл дағдылар, дамиды[4].

Пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісіне негізделген сабақты жоспарлау.

Сабақты  жоспарлау  кезінде  «барлық  мұғалімдер  тіл  мұғалімдері  болып  саналады»  деген  жаһандық 

ұстаным сақталуы қажет. Пән мен тілді кіріктіріп оқыту сабағында уақыттың көп бөлігі мәтінмен жұмыс 

істеуге берілсе де, мүмкіндігінше тілдік дағдылардын барлық түрі қамтылуы керек. Оқу материалын таңдау 

кезінде оқушылардың жас ерекшеліктері мен тілдік дайындық деңгейлеріне сай, стилдері әр түрлі түпнұсқаға 

барабар мәтіндерді іріктеу қажет. Мәтіндер шағын бөліктерге бөлініп, суреттермен, схемалармен, карталармен 

қоса берілсе, оқушылар тез қабылдайды. Мәтіндер мәтінге дейінгі оқу (prereading) және мәтіннен кейінгі 

оқу (afterreading) тапсырмаларынан тұруы тиіс. Ол тапсырмалартілдік дағдыларды ғана емес, сонымен қатар 

танымдық (когнитивтік) дағдыларды да қалыптастырады. 

Танымдық  дағдыларды  ойлаудың  қарапайым  (танып-білу,  сәйкестендіру,  түсіну)  деңгейінен 

жоғары(талдау,жинақтау,  зерттеу,  бағалау)  деңгейіне  қарай  қалыптастыру  қажет  екенін  мұғалім  есте 

сақтауы  керек.  Диаграммалар  мен  кестелері  бар  мәтіндер  оқушылардың  танып-білу  кезеңіне  сай  келеді. 

Материалды  мәтіннен  кестеге  енгізе  отырып,  оқушы  мәліметтерді  іріктеуді  үйренеді  және  негізгі 

мәліметті қосалқы мәліметтерден бөліп қарастыру түсінігі қалыптасады. Сондай-ақсабақбарысында аудио 

жәнебейнематериалдарды  да  қолдануғаболады.  Мұғалімсабақтыжоспарлаукезіндематериалдыңбірбөлігінау

диомәтінтүріндебереалады, ал оқытудыңзерттеуәдістерінқолданаотырып, материалды диалог пен әңгімелес

уарқылыигеругемүмкіндік бар. Сабақбарысындатыңдалымдыжазылымменбайланыстыруғаболады, мысалы, 

кестелертолтыру, схемаларсызу, көпнүктеніңорнынасөздержазу, т.б. Пәнмұғалімісабақтыжоспарлаукезіндепә

ндікәрітілдікмақсаттардыанықтайды. Тілдікмақсаттардыанықтаукезіндепәнмұғалімітілмұғалімініңкөмегінес

үйенеалады[5].

Сабақ барысында: 

- баяу сөйлеу, сөздерді анық айту; 

- сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерін нақты айтып кету; 

- тілдерді үйрену үшін қолайлы білім ортасын құру; 



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

422


- тілдің төрт дағдысын дамыту (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым); 

- қажет болған жағдайда, оқушыларға түсініксіз сөйлемдер мен сөз тіркестерін бірнеше рет қайталау;

- оқушылардың қабылдауына жеңіл лексиканы қолдану; 

- тірек сөздермен жұмыс істеу;

- пәнді екінші немесе үшінші тілде оқудың бастапқы кезеңінде оқушыға бірінші тілде сөйлеуге мүмкіндік 

беріледі, бірақ мұғалім екінші/үшінші тілде жауап беруі тиіс;

- оқушыны сабақ барысында екінші/үшінші тілді пайдалануға ынталандыру;

- оқушылардың ынтасын арттыру үшін түрлі тәсілдерді пайдалану қажет.

Пән  мазмұнын  оқытуды  қолдау  үшін  пән  мұғалімдері,  пәнге  қатысты  оқушылардың  ғылыми  тілді 

меңгеруіне назар аударады. Мұғалім әр сабаққа арналған тілдік мақсаттарды анықтайды. Мысалы, оқушылар 

ауызша түрлі заттардың, мысалы металл немесе бейметалл қасиеттерін сипаттап, ол жайлы не білетіндіктерін 

жазып бере алады. Пән мұғалімдері оқушылардың ғылыми тілді қолдануына назар аударуы және олардың 

тілдік жетістіктерін бағалауына қолдау көрсетуі тиіс. Оқушылардың пән мазмұны мен тілді қолдануын дамыту 

мақсатында оларды жүйелі және ұйымдастырылған түрде диалог пен жазылымға қажетті сөз тіркестерінен 

тұратын  тілдік  тірекпен  қамтамасыз  ету  керек.Мұғалімдердің  пән  арқылы  оқушылар  бойында  тыңдалым, 

айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын жоғары деңгейде дамыту көзделеді.

Экспериментке дайындау кезеңінде 7 сынып оқушыларында химия пәнін оқыту пәндерінің ішіне енді ғана 

енгізгендіктен бастапқы білім деңгейі екі топта да бірдей болады деп топшыласақ та, эксперименттік және 

бақылау топтарына жалпы оқушылардың химиялық түсініктерінің қалыптасу деңгейін анықтау мақсатымен 

I тоқсан оқу материалының тараулары 

7.1A бөлім  Элементтер, қосылыстар мен қоспалар

7.1B бөлім  Атом құрылысы

7.1Cбөлім  Заткүйінің өзгерісі

бойынша  бағалау  жұмысы  (қосымша  Б  )  құрылды.  Алдыңғы  тоқсан  бойынша  оқу  материалын  игеру 

деңгейінің көрсеткіштері төмендегідей:

1-кесте – Бағалау жұмысы бойынша білім деңгейлерінің нәтижесі

 

Оқушы 


саны

«5»


«4»

«3»


«2»

Үлгерім


Білім сапасы

Эксперименттік топ

12

5

3



3

1

92%



67%

Бақылау тобы

12

4

4



4

-

100%



67%

 

 



 

 

 



Экспериментке дейінгі оқушылардың білім деңгейі төмендегі 5 суретте берілген.

Берілген сауалнама  мен тапсырма нәтижесінде оқушылардың химиялық процестер мен заңдылықтарды 

жете  түсінбейтіндіктері  және  жаңа  мәліметтерді  пайдаланып,  бейтаныс  жағдайларға  болжам  жасай 

аламайтындықтары,  химиялық  ғылыми  тілде  мүлде  өз  ойларын  ашып  көрсетпейтіндіктері  байқалды. 

Ал  мұғалімдермен  әңгімелесу  барысында  кіріктіре  оқытуға  мән  берілмейтінін  және  үш  тілділік  саясатын 

қолдануда біраз дайындықтың керектігін айтып, мұны жүзеге асырудың қажетті нұсқаудың жоқтығын да алға 

тартты.

Анықтау  экспериментінің  нәтижесі    біздің  алға  қойған  мақсатымызды  орындауға  мүмкіндік  туғызды. 



Яғни, осы нәтижеге сүйеніп келешек жұмыстың жоспары жасалды:

- 7 сыныпта химияны басқа пәндермен кіріктіре оқытуда үш тілділік саясатын қолданудың бағдарламасы 

дайындалды; 

- Химияның басқа пәндермен кіріктіріле оқытылуның мазмұндық байланысы анықталды;

- Кіріктірілген бағдарламаны үш тілді берудің сабақ жаспарлары мен қалыптастырушы бағалау жұмыстары 

дайындалды.

Қалыптастыру экспериментінің алдына мына мақсат қойылды:

 


№ 3 (112) 2016

423


2-сурет – Экспериментке дейінгі оқушылардың білім деңгейі

Анықтау  экспериментінің  нәтижесі    біздің  алға  қойған  мақсатымызды  орындауға  мүмкіндік  туғызды. 

Яғни, осы нәтижеге сүйеніп келешек жұмыстың жоспары жасалды:

- 7 сыныпта химияны басқа пәндермен кіріктіре оқытуда үш тілділік саясатын қолданудың бағдарламасы 

дайындалды; 

- Химияның басқа пәндермен кіріктіріле оқытылуның мазмұндық байланысы анықталды;

- Кіріктірілген бағдарламаны үш тілді берудің сабақ жаспарлары мен қалыптастырушы бағалау жұмыстары 

дайындалды.

- Қалыптастыру экспериментінің алдына мына мақсат қойылды:

- 7 сыныпта химияны басқа пәндермен кіріктіре үш тілде оқытудың тиімділігін анықтау;

- Ғылыми- әдістемелік нұсқаудың сапасын тексеру;

- Дәстүрлі оқыту әдістемесі мен эксперименттік оқыту әдістемесінің нәтижелерін салыстыру

Жалпы іс-тәжрибе өту кезінде 11 сабақ жүргізілді. Алдымен мектеп мұғалімімен күнделікті күн тізбелік 

жоспарды қарастырып, тақырыптар бойынша  үш тілде кіріктіріле  оқытылуына негізделген сабақ жоспарлары  

мен тапсырмалар  құрылды.

Төменде  7  сыныптың  зерттеу  бойынша  өткізілген  тақырыптарына  жасалған  күнтізбелік  жоспар 

көрсетілген.

2-кесте – Күнтізбелік жоспар

Рет саны

Тарау


Тақырыптар

Сағат саны

Күні

1

Ерітінділер мен ерігіштік



Еру

1

9.01.14



2

Ерігіштік

Ерігіштікке әсер ететін факторлар

Ерігіштікті өлшеу 

1

16.01.14


3

Химиялық қосылыстар 

және адам ағзасы

Оттек, су және көмірқышқыл газының  

адам өміріндегі мәні

1

23.01.14



4

Жасуша деңгейінде тыныс алу

1

30.01.14


5

Тыныс алу мен  тотығу процестерін 

салыстыру

1

6.02.14



6

Геологиялық химиялық 

қосылыстар

Пайдалы геологиялық химиялық 

қосылыстар

1

13.02.14



7

Қазақстанның пайдалы қазбалары

1

20.02.14


8

Минералдарды өндірудегі  

экологиялық аспектілер (қоршаған 

ортаға әсері)

1

27.02.14


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

424


9

Тау жыныстары мен 

геологиялық цикл

Геологиялық уақыт өлшемдері

1

6.03.14


10

Палеонтологиялық жылнама

1

13.03.14


11

Ауа-райы  жағдайының  әсері,  тозу, 

шөгінді түзу және тасымалдау

Геологиялық цикл

1

17.03.14


1

20.03.14


«Ерітінді  мен  ерігіштік»  –  оқушылардың  барлық  заттардың  бірдей  дәрежеде  ерімейтіндігін  түсінетін 

және заттардың ерігіштігі еріткішке де байланысты болатындығын қарастыратын тарау. Оқушылар қаныққан 

ерітінді мен ерітіндінің кристалдануы туралы түсінікке ие болулары керек. Пәндік мақсат: – кристалл өсіру  

және иондық кристалдардың дұрыс геометриялық пішініне назар аудару. Тілдік мақсат: тақырып бойынша 

дұрыс лексиканы пайдалану және аса қаныққан ерітіндіде кристалдың өсу процесін ауызша сипаттай білу. 

Пәнге қатысты лексика және терминология: сулы, сусыз, еритін, ерімейтін, қаныққан, аса қаныққан еріген 

зат, еріткіш, ерітінді, кристалл кептіріп буландыру, ерігіштік, кристалдану. Тақырыпты қамтуға арналған оқу 

мақсаттары төмендегідей:

- кристалл өсіру  және иондық кристалдардың дұрыс геометриялық пішініне назар аудару;

- аса қанығуды түсіну және қаныққан ерітіндінің кристалдануы кезінде байқалатын энергия өзгерісіне 

назар аудару;

- заттардың ерігіштігіне температураның  әсерін білу және түсіну;

- буланудың қарапайым техникасын қолдана білу және заттардың ерігіштігін есептеу.

 Аталған мақсаттарды игеру үшін мынадай оқыту тәсілдері қолданылды:

1)  Оқушылар  бөлме  температурасы  жағдайында  мыс  купоросының  концентрліерітіндісін  дайындайды 

(немесе мұғалім жасап көрсете алады). «Мыс купоросының «өсіруші» кристалын салады және оны өсіреді, 

әртүрлі топтағы оқушыларәртүрлі қосылыстарды пайдалана алады.

2) Оқушылар кристалдардың кең спектрін оқып таниды, белгілейді және геометриялық пішіндер эскизін 

жасайды. 

3)  Тәжірбиелік  жұмыс.  Оқушылар  Бертолле    тұзының  ерігіштік  қисығын  құрастырады  .  Оқушыларға 

ерігіштіктің басқа қисықтарын беру және олардан « …oC жағдайында суда ...қанша ериді?» деген сауалға 

жауап үшін қисықтарды пайдалануды сұрау

4) Газдар температура қатысында еріп, кемитіндігін атап кету керек.

5)  Оқушылар  ерітіндіні  буландыру  және  қалдықты  өлшеу  жолымен  натрий  хлоридінің  ерігіштігін 

анықтайды

Аталған тақырып бойынша  қалыптастырушы бағалау жұмысы  алынды. 

 

3-

сурет – «Ерітінді мен ерігіштік» тарауы бойынша оқушылардың бағалау қорытындысының нәтижесі.



Литература

1 Аристова А.П. Активность учения школьника. - М.: Просвещение, 1968. - 139 с.

2 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Ғылым,1982.–3 т. – 740 б.

3 Орта мектепте оқыту процесінде көптілділікті дамыту мәселелері. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин 

атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 85 б. 


№ 3 (112) 2016

425


4 Gassner, D., Maillat, D. 2006 Spoken competence in CLIL: A pragmatic take on recent Swiss data. Views Vienna English 

Working Papers, 15(3), - P. 15 – 22.

5 Коложвари И. Как организовать интегрированный урок / И. Коложвари, Л. Сеченникова // Народное образование. – 

1996. - №1. - С. 87-89.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет