Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет102/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

№ 3 (106) 2015

57

Түйін  сөздер:  тіл  мәдениеті,  сөйлеу  әдебі,  норма,  әдеби  тіл,  орфоэпия  қағидалары,  сауаттылық, 



тіл тазалығы, лингвоэкология, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениеті, шешендік өнер, рөлдік ойындар, 

пікірталас, қатысым, тұлға. 

Тіл мәдениеті дегеніміз – сөздерді дұрыс, орнымен қолдану (лексикалық), дұрыс құрастыру 

(синтаксистік), дұрыс қиюластыру (морфологиялық), сауатты жазу (орфографиялық), дыбыстарды 

сауатты  дыбыстау  (орфоэпия)  тілді  әсерлі  етіп  жұмсау  (лингвостилистикалық)  нормаларын 

ұстану, орнықтыру, жетілдіру [1, 24]. «Тіл мәдениеті» негізінен «сөз мәдениеті», «сөзді орынды 

қолдану»  деген  ұғымды  білдіреді,  өйткені  тіл  мәдениетінің  негізгі  зерттейтін  нысаны  –  сөз,  

сөздің  дұрыс  айтылуы,  дұрыс  жазылуы,  дұрыс  қолданылуы,  сол  арқылы  ойдың  айқын,  әсерлі 

жетуі, екіұштылықтың, күңгірттіктің болмауы. Соған орай тіл мәдениеті ғылымын ауызша сөйлеу 

мәдениеті және жазбаша тіл мәдениеті деген үлкен екі салаға бөлуге болады. Сондықтан сөйлеу 

мәдениетіне байланысты өтілетін практикалық сабақтарда ауызша сөйлеу тілінің ерекшеліктеріне 

көп көңіл бөлініп, қателерді тіл деректері негізінде талдап, сырын ашып көрсетудің пайдасы зор. 

Әсерлі сөйлеу, ойлау, тыңдау мәдениетімен бірге, жазу мәдениетін меңгеру – негізгі шарттың бірі. 

Ол стильдік элементтерді ажыратып қолдану керектігін, сөздердің, сөйлем мүшелерінің орналасу 

заңдылығын сақтауды, орфографиялық, синтаксистік норманы білуді, қазақ тілінің табиғи қалпын 

сақтап, үндестік заңы бойынша жазуды т.б. заңдылықтарды тиянақты меңгеруді талап етеді. 

Бұл  талап  заңгер  мамандарға  да  қатысты.  Осыған  орай  заңгер  мамандарын  дайындайтын 

жоғары оқу орнымызда оқу жоспарына «Қатысым мәдениеті және іскерлік қарым-қатынас» пәні 

енгізілген. Студенттерді ауызша сөйлеуге дағдыландыру, соған орай тіліміздің бағзы заманнан бері 

қалыптасқан сөйлеу нормасынан мағлұмат беру, одан ауытқулардың сырын ашу, себебін түсіндіру; 

студенттерден  сауатты  жазуды  талап  ету,  емле  ережелеріндегі  өзгерістер  мен  толықтыруларға 

тоқталу,  екіұдайы  жазуға  жол  бермеу;   

ауызша  және  жазбаша  жұмыстарды  орындау  үстінде 

студенттердің  тіл  тазалығын,  анықтығын,  дәлдігін  сақтап,  әр  сөз,  сөйлемді  өз  орнымен  жұмсап, 

тіл мәдениетін дамыту; 

сөйлеу, тіл мәдениеті машықтарын меңгерген, коммуникативтік біліктілігі 

артқан, логикалық ойлауы өз деңгейіне сәйкес дамыған, мәдениетті сөйлеуге бейімделген студентті 

тәрбиелеу және олардың ақпараттық, қарым-қатынас құзыретін дамытып, тіл мәдениетін сапалы 

меңгерген  тұлға  қалыптастыру  осы  пәннің  негізгі  мақсаты  болып  табылады.  Өз  ойын  дұрыс 

жеткізе білу тек сөйлем  құрай салу ғана емес, онда айтайын деген ойдың екінші адамға түсінікті, 

әсерлі, дәлелді болуына мән беріледі. Ондай нәтижеге жету үшін, біріншіден, тілдің қалыптасқан 

жүйесін,  соған  негізделген    өзіне  тән  заңдылықтарын,  яғни  әдеби  тілдің  мәдениетін  сақтауға 

тура келсе, екіншіден, сөйлеушінің айтайын деген ойының қарым-қатынасының мақсатына  сай 

тілдік  құралдарды,  амал-тәсілдерді  орынды,  талғап  қолдану  мәдениеті  болуы,  жетілуі  керек. 

Демек пәннен берілетін  теориялық білім қатысымдық әрекетте ойдың түсінікті, әсерлі берілуінің 

құралына айналуы тиіс. Бұдан тіл мәдениеті ғылымы әдеби тілдің мәдениеті мен тілдік тұлғаның 

сөз қолдану мәдениетін бірлікте қарастыруы тиіс деген тұжырым жасалады. Пәнді меңгеру үдерісі 

қазақ тілінде ауызша сөйлеу тілі мен жазбаша тіл мәдениетін меңгеру; мәтін құру тәсілдері арқылы 

кәсіби  бағдарланған  шешендік  сөйлеу  өнерін  меңгеруге  қабілетті  болу;  ойлау  мен  пайымдау 

мәдениетін меңгеру, ой қорыта білу, кез келген оқиғаға байланысты жағдаяттарды талдау, жүйелеу, 

мақсат қойып, оған жету жолдарын таңдай білу, өз сөзін логикалық тұрғыда шынайы, дәйекті әрі 

нақты жеткізе білу құзыреттерін қалыптастырады.

Қазіргі таңда ең басты мәселелердің бірі қазақ бөлімінде оқитын студент жастарды тілдік қоры 

бай өз ана тілінде сөйлесу мәдениетіне үйрету болып табылады. Үйде де, көшеде де, қоғамдық 

орындарда  да  бірқатар  жастарымыздың  бір-бірімен  қарым-қатынас  жасағанда,  әңгімелескенінде 

қалай болса, солай сөйлейтіні, қазақ тілінің қадір-қасиетін түсінбейтіні байқалады. Әркім өзінің 

басындағы  ойларын  басқаға  айтып  түсіндіру  үшін  оған  лайықты  сөз  таба  білуге  тиісті.  Егер 

ондай сөз таба алмаса, ол ой иесіне де шала, түсініксіз болып қалады, яғни ойыңды жеткізе білу 

сөз  байлығымен  өте  тығыз  байланысты.  Адам  өзінің  сөз  байлығын  жетілдірмейінше,  жоғары 

сөйлесу  мәдениетіне  жете  алмайды.  Осыған  сәйкес  барлық  жоғары  оқу  орындарында  оқитын 

студенттердің тіл мәдениетін арттыру мақсатында «Тіл мәдениеті» курсы енгізілгені дұрыс болар 

еді. Алайда «Тіл мәдениеті» курсын оқыту қазіргі жаһандану кезеңінде академиялық формада қала 

бермеуге тиіс. Қазіргі заманда тіл мәдениеті тілдің өміршеңдігін, тілдік кеңістік пен тілдік ортаны 

қалыптастырып,  тілдік  тұлғаның  ұлттық  болмысын  сақтап,  өзге  тілдің  басқыншылығына  қарсы 

күресетін  тіл  ғылымының  саласы  болып  отыр,  сондықтан  тіл  мәдениеті  өз  нысанын  кеңейтіп, 

лингвоэкологиялық бағытты да қамтиды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет