Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет112/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

№ 3 (106) 2015

63

жалпы академиялық сауаттылығы төмен қызметкер құжат құрастыруда қиындықтарға кездеседі. 



Екіншіден,  академиялық  жазылым  сауаттылығы  сол  мамандарда  белгілі  бір  қиындықтар 

тудырады, айталық мемлекеттік қызметке жұмысқа тұратын кезде, мемлекеттік қызметкерлердің 

лауазымдарын,  категорияларын  жоғарылатар  уақытта  олар  қазақ  тілін  білу  деңгейлерін  бағалау 

жүйесі ҚАЗТЕСТ бойынша жазылымнан диктант, мазмұндама, эссе жазуда ақсап жатады. Бұдан 

шығатын қорытынды: бұл құзырет түрі қазіргі ақпараттық технологиялар заманындағы кез келген 

маманның немесе басшының кәсіби жетістігін анықтайды. 

Қазіргі ХХІ ғасыр – ақпараттар заманында білім негізгі капитал, ал сыни ойлауға қабілеттілік 

демократиялық  өзара  қарым-қатынастың  негізі  болып  отыр.  Бүгінгі  қоғамдағы  әрбір  адам  өзіне 

қажетті  мәліметті  таңдап,  талғай  білуге  дағдылануы  керек.  Кез  келген  маман  ұтымды  әдістерді 

пайдалану арқылы өзінің білімге деген ынтасын ұштайды, таным көкжиегін кеңейтіп, бірте-бірте 

кәсіби шеберлігін шыңдау арқылы белсенді, ізденімпаз тұлғаға айналады. Қазіргі уақытта барлық 

деңгейдегі білім сапасына қойылар талап күннен-күнге артып келеді. Осыған орай соңғы жылдары 

Қазақстан  Республикасында  сапалы  білім  беру  мәселесінде  әлемдік  стандарттарға  сүйенуге 

басымдық беріліп отыр, өйткені ХХІ ғасырдың стратегиялық ресурсы адамның алған академиялық 

білімін қолдана білуі болып табылады. 

  Шетелдік  тәжірибеде  «Академиялық  жазылым»  пәні  EAP  –  English  for Academic  Purposes 

(Академиялық  мақсаттарға  арналған  ағылшын  тілі)  пәнін  оқыту  арқылы  жақсы  таныс.  Оның 

ғылыми-әдістемелік  базасы  өте  жақсы  әзірленген,  оқу  құралдары  жеткілікті.  Бұл  пән  Батыста 

Академиялық  оқылым,  Академиялық  тыңдалым  және  Академиялық  сөйлеу  (Academic  Reading, 

Academic Listening және Academic Speaking) сияқты академиялық дағдыларды дамытуға бағытталған 

кешендік пәндердің қатарында орын алады [4, 83]. Академиялық жазылым бағдарламалары шетел-

де  әлі  күнге  дейін  ауқымды  рөл  атқарады,  яғни  оған  маман  даярлаудың  барлық  кезеңінде  білім 

берудің (жекелеген курстар бойынша жазбаша жұмыс түрінде есеп беру), зерттеу жұмыстарының 

(жоба, диссертациялар жазу), дереккөздермен жұмыс істеу, сілтеме беру сияқты әмбебап зерттеу 

жұмыстарының ажырамас бөлігі ретінде маңызды көңіл бөлінеді. АҚШ пен Еуропаның барлық ірі 

университеттерінде академиялық жазылым орталықтары бар және олар арнайы мамандандырылған 

The Centre of Academic Writing in CEU, Writing Center at Harvard College, Purdue Online Writing Lab, 

NCTE,  EATAW,  EWCA,  WPA  және  т.б.  орталықтармен  ынтымақтастықта  бірлесіп  қызмет  етеді. 

Академиялық  жазылымды  оқытудың  алғашқы  қарлығашы  ретінде  британдық  университтеттерді 

танимыз [5, 161]. 

Ресей жоғары оқу орындарында да академиялық жазылым ағылшын тілінің оқу бағдарламасына 

әлдеқашан енгізілген, алайда жаңаша білім беру жағдайында студенттерді академиялық жазылымға 

оқыту  әлі  де  болса,  бастапқы  кезеңде  екендігін,  қазіргі  уақытта  бұл  дағдыны  дамытуға  үлкен 

күш  жұмсау  қажеттігін,  академиялық  жазылымды  ғылыми  тұрғыда  оқыту  керектігін  Ресей 

ғалымдары мойындап отыр [6, 123]. Не мектепте, не жоғары оқу орнында оқушы мен студенттің 

өз бетінше зерттеу жұмыстарын жүргізулеріне үйретпейді, яғни академиялық жазылым бойынша 

Ресей  тәжірибесі  жеткіліксіз  [7,  2].  Академиялық  жазылым  дағдылары  қазіргі  заманғы  Ресей 

ғылыми  қоғамдастығында,  атап  айтқанда,  ғылыми  және  кәсіби  қарым-қатынасқа  түсуге  дайын 

болу;  шетелдік  серіктестермен  жазбаша  түрде  ғылыми-техникалық  ақпарат  алмасу;  мемлекетті 

халықаралық конференцияларда, симпозиумдарда, вебинарларда таныстыру; шетел тілдері арқылы 

кәсіби міндеттерді шешу; таңдалған мамандық бойынша ғылыми-техникалық әдебиеттердің түрлі 

жанрларындағы мәтіндерді (ғылыми мақала, патент, монография, реферат, диссертация, баяндама, 

тезистер, аңдатпа, түйіндеме және т.б.) құрастыру және жұмыс істеу үшін қажет болып отыр [5, 

160].    Ресей  ғалымдарының  еңбектеріне  жасалған  шолудан  олардың  академиялық  жазылымды 

қазіргі заман талабына сәйкес ғылыми тұрғыдан оқытуға ден қойғанын көреміз. Мақала авторлары 

ресейлік  ғалымдардың  пікірлерін  қолдап,  студенттерді  академиялық  сауаттылыққа  үйретудің 

қажеттілігін  Қазақстанда  да  қолға  алу  керек  деп  санайды  және  «академиялық  оқылым  және 

жазылымды мектеп партасынан бастап жоғары оқу орындарының студенттеріне дейін меңгертіп, 

тіпті мамандарды қайта даярлауға қатысты да жүзеге асыру қажет» [8, 78] деген ұсыныс та айтады.

Қазақстанның  жоғары  оқу  орындарында  академиялық  оқылым  және  жазылым  дағдыларын 

қалыптастыратын  пәндер  оқытылмайды.  Біздегі  жоғары  мектептердің  оқу  бағдарламаларында 

студенттің  1-курстан  бастап  академиялық  сауаттылықтарын  арттыруға  бағытталған  курс  өз 

деңгейінде  қамтылмаған.  Жекелеген  оқу  орындарының  филологтар,  педагогтер  дайындайтын 

мамандықтарында академиялық жазылымның кейбір элементтері әдеби тілдің стильдерін, ғылыми 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет