Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет307/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Түйін сөздер: Имплицитті бірліктер, жалқы есімдер, адресант, адресат, мәтін, мәтін лингвистикасы.

Тілдегі имплицитті бірліктер туралы мәтін лингвистикасына қатысты зерттеулерде жиі айтылып 

жүр. Имплицитті бірліктерді қолдануда ойды жеткізуде нақтылыққа, образдылыққа және айтатын 

ойды көлемді емес, шағын етіп жеткізуге қол жеткізуге болады.  

Мағына  жағынан  белгілі  бір  ұғымды  білдірмейтін,  тек  бір  жеке  дара  затты  басқа  заттардан 

ажырату үшін қойылған белгі – ат ретінде жұмсалатын зат есімдер жалқы есімдер деп аталып жүр [1]. 

Жалқы есімдердің қолданылуы тіл мен әдебиеттте әртүрлі зерттеу нысандары болып келеді. Көркем 

шығармалардағы кейіпкер аттарын әдеби ономастиканың нысаны ретанде әдеби зерттеулерде біраз 

қарастырылып келді. Бірақ осы салаға қатысты мақалаларды  біраз қарастырғанда білгеніміз, көркем 

мәтіндегі жалқы есімдерді түрлі қырынан қарастыру мәселесі көтерілгенімен, қазақ тіл білімінде 

бұл  тақырыпқа  қатысты  еңбектің  жазылуы  мүлдем  жеткіліксіз  екен.  Мысалы,  көркем  әдебиет 

арқылы жұртқа таныс әдеби жалқы есімдер туралы еңбектер Ә. Қайдаров, Т. Жанұзақов, Е. Есбаева 

мақалаларында сөз болады. Ақпарат құралдарының тілінде жалқы есімдер кездеспейтін мәтінді табу 

қиын десек қателеспейтініміз анық. Мұның себебі, кез-келген ақпарат нақты деректерге сүйеніп 

беріледі. Жаңалық жеткізгенде болған оқиғаларға қатысушының атын атап, түсін түстемесек, оқиға 

орнын дәл емес, болжап айтар болсақ, көрерменге ұсынатын жаңалығымыз тек болжам ғана болып 

қалары сөзсіз. Керісінше, адресатқа жеткізер мәліметтерде нақты субъектілер мен объектілер аты 

аталса оған «жан бітіп» шыға келері анық. Осы тұрғыдан келгенде теледидар мәтіндеріндегі жалқы 

есімдердің  белсенді  қолданылуын  ақпараттық  бағдарламалардың  тілдік  табиғатына  қатысты  бір 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет