Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет355/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

212


ӘОЖ 81›367

Г.Қ. РЫСБАЕВА

ф.ғ.к., ҚазаМемҚПУ профессоры, Алматы қ., Қазақстан

«КУЛЬТ» КОНЦЕПТІСІНІҢ ТІЛДІК РЕПРЕЗЕНТАНТТАРЫ

Мақалада  «Культ»  концептісінің  тілдік  репрезентанттары  туралы  айтылады.  Культ»  концептісі 

қандай да болмасын халықтың рухани-мәдени  концептілер жүйесінде өзіндік орны бар концептілерінің бірі. 

Культ өзінің абстракциялы сипаттамасы бойынша өте күрделі.

Қазіргі  тіл  білімінде  тілді  ұлттың  рухани-мәдени  қазынасы  ретіндегі  зерттеудің  ауқымы  кеңейе 

түсуде.  Тілдегі  әртүрлі  бірліктер  арқылы  халықтың  өмір  сүру  тәжірибесі  мен  салт-санасынан,  әдет-

ғұрыптарынан,  тұрмыс-тіршілігінен,  дүниетанымынан,  наным-сенімдерінен  хабардар  болуға  болады. 

Тіл  білімінің  антропология,  психология,  философия,  логика,  мифология,  этнография,  т.б.  салаларымен 

тығыз  байланыста  зерттелуі  нәтижесінде  танылып,  ашылып  отырған  түркі  тілдеріндегі  культтік 

фразеологизмдердің  мағынасын  түрлі  аспектіде  қарастыру  –  жаңаша  көзқарастың  дәлелі.  «Культ» 

концептісі  қандай  да  болмасын  халықтың  рухани-мәдени    концептілер  жүйесінде  өзіндік  орны  бар 

концептілерінің бірі. Рухани мәдениет адамдардың қоршаған дүниеге көзқарасы, діни танымы, наным-сенімі, 

мінез-құлқы, қабілеті т.б. ұғымдар арқылы танылады. Культ өзінің абстракциялы сипаттамасы бойынша 

өте күрделі. Культтік лексиканы зерттеу - дінді зерттеу емес, ол тіл арқылы халықтың ертедегі рухани 

байлығын, рухани-мәдени өмірін, дүниетанымдық болмысын, наным-сенімін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін 

жан-жақты  қарастыру,  байымдау  болып  табылады.  «Культ»  концептісінің  жан-жақты  қырларын  сан 

алуан лексикографиялық дереккөздер анықтайды. Лексикографиялық деректер культ концептісінің тілдік 

репрезентанттары түрлерінің семантикасын, олардың бейнелік мағыналарын ашуға және әр лексеманың 

уақыт  ағымындағы  мағыналық  өзгерістерін  анықтауға  жол  ашады.  Культтік  лексемалардың  бейнелілік 

компоненттері қазақ, қырғыз халқының тілдік санасында ортақ болып келсе, символикалық бөліктерде әр 

халықтың  танымында  өзіндік  ерекшеліктері  байқалды.  «Культ»  концептісі  мынадай  концепт-фреймдер 

жүйесіне  бөлінді:  жаратушы  күштерден  көмек  сұрау;  табиғаттың  тылсым  күштеріне  жалыну;  жан-

жануарларды пір тұту; аруақтарды құрметтеу; әулиелі жерлерге мінәжат ету. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет