Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет376/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   372   373   374   375   376   377   378   379   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Д.Қ. САРТБАЕВА

1

, А.Б. МУХАМЕДЖАНОВА

2

 

ф.ғ.к., Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ доценті

1



Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ PhD докторанты

2

ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ  ТҮРКІ ХАЛЫҚТАР БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ ДАМУЫ

Балалар  әдебиеті  -  ел  тарихымен  тамырлас,  оның  мәдени  өмірінің  көрінісін  айқындайтын  жарқын 

саланың  бірі. ХХ ғасырдың басында руханиятқа айырықша қауіп туған тұста түркі елдері әдебиетінде 

ортақтаса атқаруға тиісті міндеттер мен мақсаттар алға шықты. Ұрпақ мәселесі, оның сауаттылығы, 

рухани кемелдігі ел мүддесімен сабақтас аса маңызды арна болғандықтан, түркі зиялысы әр қиырда аталған 

бағытта  жан  сала  еңбек  етті.  Балалар  поэзиясының  шығу  тегін  дұрыс  бағамдау  үшін  назар  аударуды 

қажетсінетін мәселенің бірі нақтылы тарихи дәуірде жасаған қоғамдық ортадағы баланың орны болса 

керек.  Белгілі  бір  тарихи  қоғамда  балаға,  бала  тәрбиесіне  қаншалықты  дәрежеде  көңіл  бөлінді,  дәлірек 

айтқанда, көңіл бөлуге қаншалықты мүмкіндік болды, сол жәйтті айқындап алу деген сөз. Себебі қоғам 

дамуының  түрлі  кезеңдерінде  бала  тәрбиесінің  алатын  орны  да  түрлі  деңгейде  болады.  Оған  балаларға 

тікелей арнап жазылған алғашқы шығармалардың әр елде әр уақытта дүниеге келуі және оған себеп болған 

жағдайлар дәлел бола алса керек. Бұл айырмашылықтың себебі бала тәрбиесін қай елдің қай уақытта басты 

мәселелер қатарында тануына байланысты болып отырғаны анық. Түркі халықтары балалар әдебиетінің 

қалыптасып-дамуында, әсіресе, көркемдік әлемінде кездесетін ортақтық түркі елінің түбі мен тарихының, 

дүниетанымының, салты мен дәстүрінің бір  негізден таралғандығына байланысты  екендігін ешкім жоққа 

шығармайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   372   373   374   375   376   377   378   379   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет