Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет378/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   374   375   376   377   378   379   380   381   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

№ 3 (106) 2015

225


мүмкіндік болды, сол жәйтті айқындап алу деген сөз. Себебі қоғам дамуының түрлі кезеңдерінде 

бала тәрбиесінің алатын орны да түрлі деңгейде болады. Оған балаларға тікелей арнап жазылған 

алғашқы шығармалардың әр елде әр уақытта дүниеге келуі және оған себеп болған жағдайлар дәлел 

бола алса керек. Бұл айырмашылықтың себебі бала тәрбиесін қай елдің қай уақытта басты мәселелер 

қатарында  тануына  байланысты  болып  отырғаны  анық.  Түркі  халықтары  балалар  әдебиетінің 

қалыптасып-дамуында,  әсіресе,  көркемдік  әлемінде  кездесетін  ортақтық  түркі  елінің  түбі  мен 

тарихының,  дүниетанымының,  салты  мен  дәстүрінің  бір    негізден  таралғандығына  байланысты  

екендігін ешкім жоққа шығармайды.

Балалар  поэзиясындағы  фольклорлық  дәстүр  –  түркі  халықтары  балалар  әдебиетінің  асыл 

қайнары.  Халық  атынан  балаға  жеткен  мол  мұра  ХХ  ғасыр  басындағы  әдебиет  өкілдерінің 

жанқиярлық еңбегінің арқасында авторлы балалар әдебиетінің қалыптасуына негіз болды. Жанрлар 

аясы кеңіді, бала психологиясына әсер етудің тәсілдері зерттелді, оқулықтар жазылып, оған үздік 

туындылар енгізілді. Б.Кенжебаевтың: «Ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің де алтын діңгегі. Онда 

арнайы балалар үшін шығарылғандай қаншама көркем туындылар бар. Оларды екі жүйеге бөлуге 

болады. Ең алдымен, балаларды ғажайып көркем әлем, ғаламат, ұшқыр қиял тіршілігіне жетелейді. 

Демек, фольклор қай халық, қай ұлт мәдениетінде болмасын балалар әдебиетінің бастауы. Бастау 

болуымен  бірге  фольклор  –  балалар  әдебиетін  үнемі  байытып  отырар  қуатты  қайнар  бұлағы. 

Өйткені бұрын соңды фольклордан үйренбес профессионал жазушы болған емес, болмақ емес» [1, 

4-10], -деген пікірі маңызын жоймақ емес. ХХ ғасырдың басында қазақ  балалар әдебиетін дамыту 

мәселесі қаншалықты өткір болса, өзге түркі халықтарында да осы үдеріс үлкен  қарқынмен өріс 

алған болатын. Қазақ әдебиетіндегі бұл ізденіс ағартушылық бағыт өкілдері шығармашылығының  

маңызды саласына айналды. Қазақ балалар әдебиетінің ХХ ғасыр басында  дамуы Ә.Тәңірбергенов, 

М.Серәлин,  А.Байтұрсынов,  С.Көбеев,  Б.Өтетілеуов,  С.Торайғыров,  С.Дөнентаев,  Т.Жомартбаев 

т.б.  ақындар  шығармашылығымен  айқындалды.  Елдің  түзелуі  ұрпаққа  берілетін  оқу-тәрбиемен 

байланыстырылды.  А.Байтұрсыновтың:  “Қазақ  ісіндегі  неше  түрлі  кемшіліктің  көбі  түзелгенде 

оқумен түзеледі. Бұл күндегі үлкендердің біздің жаңалық ісімізді жатырқап, жаңалық пікірімізді 

түсінбей,  айтқанымызды  тыңдамай,  істегенімізге  қосылмай  отыр.  Жаңалыққа  жастар  мойнын 

бұрып  қайырылар,  халық  түзелуінің  үміті  жастарда.  Сондықтан  жастардың  қалай  оқып,  қалай 

тәрбиеленуі  бәрінен  бұрын  ескеріліп,  бәрінен  жоғары  қойылатын  жұмыс”  [2,  433],-  деген  пікірі 

өз  уақыты  үшін  қаншалықты  маңызды  болса,  кейін  де  өзектілігінен  айныған  жоқ.  Осы  бағытта 

ағартушы-демократтар мен ұлтшылдар жүргізген жұмыстың арнасы кейінірек  кеңіп, өз жемісін 

бере  бастады.  Түркі  халықтары  әдебиеті  жайында  сөз  қозғағанда  кез-келген  ұлттың  жанашыр 

азаматының бала (жастар) жайын бірінші кезекке қойғанын аңғарамыз. Баланы оқыту, тәрбие беру, 

танымын кеңейту, өнердің өзге де саласына баулу секілді ағарту жұмыстары үздіксіз жүргізілді. 

Түркі  зиялыларының  бұл іске жұмыла кіріскені бізге аян, жастарды ағарту ісі  20-жылдардағы 

түркілік  мәдениеттің  маңызды  саласына  айналды.  Әзірбайжан  балалар    әдебиетінің  бастауында  

А.Шаиг, С.С.Ахундов, А.Ахвердиев, Дж.Джаббарлы тұрса, әдебиетке сәл кейіндеу келген  С.Вургун, 

М.Мушфиг, С.Рустам, М.Сеидзаде секілді қаламгерлер төңкерісшіл әдебиеттің қатаң талаптарына 

қарамастан  балаларға  арналған  классикалық  туындылар  беруден  танбады.  Кеңестер  Одағының 

құрылу  кезеңінде  руханиятқа  ерекше  серпін  берген  оқу  орындарының  ашыла  бастауы  ағарту 

саласындағы зор табыс болатын. Ғалым Х.Б. Мустафаева «Азербайджанская детская литература 

в 20-30-е годы ХХ века» атты мақаласында әдебиет пен өнердегі  қасаң қағидаларға қарамастан, 

балаларға арналған өміршең туындылардың жарық көргенін, атап айтқанда, А. Шаигтың «Кәсіп 

жыры»,  «Темір  ұстасының  жыры»,  С.  Рустамның  «Кәсіпке»,  «Менің  пионер  бауырларыма»,  С. 

Вургунның «Кәсіп», «Көктемгі көрме», «Екі балақай», Р. Рзаның «Көктем» атты т.б. өлеңдердің 

асқақ романтизм үлгісінде  жазылғанын айтады [3, 4]. 1926 жылы О.Ф. Неманзаденің  «Балалар 

әдебиетінің  хрестоматиясы»,  осы  жылы  М.  Рзагулузаденің  «Балалар  әдебиетін  жасаймыз»  атты  

мақаласы жарық көрді. 

Абдулла Шаиг – әзірбайжан балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі. Оның «Тық-тық 

ханым», «Жақсы дос», «Шелпек нан»  өлең ертегілері мен «Жақсы көктем», «Шопан» т.б. секілді 

драмалық қойылымдары әзірбайжан балаларының сүйікті шығармаларына айналды. Оның алғашқы 

шығармасы  1906  жылы  жарық  көрді.  ХХ  ғасырдың  20-жылдары  Шаиг  мектепте  дәріс  береді. 

Өлеңдер мен әңгімелер жазып, «Жасын» («Иылдырым») пьесасын жариялайды. Шаиг Крыловтың 

тоқсаннан аса мысалын аударады. ХХ ғасыр басында қазақтың ұлтшылдары балалар әдебиетіндегі  

кемшін  тұсты  көтеріп,  ескіні  жаңғыртып,  жаңаның  негізін  қалауда  қаншалықты  жанқиярлық 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   374   375   376   377   378   379   380   381   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет