Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет47/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Жорық  алдындағы  бата  дегеніміз  -  алыс  сапарға  аттанар  азаматқа,  елін  қорғайтын  ерге 

айтылатын ақ тілек.Мысал келтірейік:



Жортқанда, балам, жолың болсын,

Қалтаң ділдаға толсын.

Бір болмасын, жылда болсын,

Өмір жасың ұзақ болсын.

Қатарыңнан озған ерен бол,

Сынай қалса – құлақ сал,

Мақтай қалса – керең бол [1,127].

Қараман Доскей ақсақалдың жорық алдындағы 1916 жылғы Аманкелді батырға берген 

батасы:

Уа, барша әлеумет,

Сардарға деп бата берейін,

Біріміз қалмай, бәріміз,

Батырға түгел ерейік.

Кәріміз бен жасымыз

Патшаға қарсы аттанып,

Ер қаруы – бес қару,

Бойымызға ілейік.

Бостандық үшін ту ұстап,

Батырға өмір тілейік.



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

24

Қаһарман қол сарбаздар,



Көк тілгендей жарқылдап,

Найзағайдай төнейік.

Қарсы келген дұшпанды, 

Жермен жексен көмейік.

Батыр киген ақ сауыт,

Оқ дарысын демейік,

Қартайдық біз демейміз,

Боздақ үшін жан пида,

Көзіміздің қарасы,

Көңіліміздің саласы,

Өміріміздің мұрасы [2,14].

Міне, осы баталардың да айтар асыл сөзі, берер батасы шексіз. Бірінші мысалда келтірілген 

үзінді батада жігіттің жортқанда жолының, өмір жасының ұзақ болуын қаласа, екінші бата өлеңінде 

– батырдың мың қол бастайтынына, елін, жерін қорғайтынына кәміл сенеді. 



Наурыз батасы. Наурыз - парсы тілінде бір ғана күн аты, жаңа жылдың бірінші күні – жаңа 

күн. Қазақ халқында қалыптасқан түсінік бойынша, осы мағыналармен қоса жаңа жылдың алғашқы 

айының атын да толық қамтиды. Наурыз бата – наурызға арналып сойылған малдың басы мен жам-

басына, ескі жылдың дәмі – сүрленген қазы-қарта, жал-жая берілетін арнаулы баталар, сонымен 

қатар наурызға тілек ретінде бет көрісіп, амандасу рәсімімен құттықтау негізінде тақпақпен айты-

латын қуанышты тілектерде өз алдына бір төбе. Игі тілектердің астарында зерделі адамның атынан 

айтылатын аталы сөз жатқанын аңғару қиын емес.

1)  Әумин, десең міне бата,



Дарысын қыдыр ата.

Береке берсін асыңа,

Бөденедей жорғалап,

Қырғауылдай қорғалап,

Қыдыр келсін қасыңа.

Өзің тұрған боз үйге,

Жақсылықтар дарысын,

Келіндері сол үйдің,

Он екі құрсақ көтерсін.

Ұл мен қызға жорысын,

Желек-желек ұшатын,

Қаңқу сөздер жетпесін,

Тәуір берген дәулеті,

Тепкілесе кетпесін.

Соған қастық қылғанның,

Жақындары жат болсын.

Ұлы дәмі бұйырмасын,

- Әумин бата берейін;

Жақсыларды терейін,

Жаңа жылда, жарандар,

Үстем болсын мерейің.

Жақсылыққа бас болып,

Келген наурыз құт болсын.

Жүгінейік ауылға,

Араздыққа жол беріп,

Отырмайық тақырға,

Жермен бірге жаңарып,

Көңілде кір қалмасын,

Сырттағы жау жалынып,

Жағаға қол салмасын. 

Есіктен кірген елсініп,

Төр менікі демесін.

Еңістен келген тебініп,


№ 3 (106) 2015

25

Өр менікі демесін.



Наурызбен жаңарсын,

Тәніміз бен жанымыз,

Жақсы негіз қалансын,

Жарасып ән, сәніміз,

Әумин аллауакбар [3,12].

2) Наурыз тілек.

Сәлем бердік, Жас наурыз, жылдың басы,

Жұрттың күткен, мінеки ықыласы.

Көжесін қып, күйбеңдеп, басын асып,

Бермек әркім өзінше қонақ – асы.

Келгенін құттықтап бірін-бірі,

Қуанышта көрісіп, кәрі-жасы.

Көңілі түгел адамның сен келген соң,

Самарқанның елжіреп, түскен тасы.

Күйін көріп қуанған мұнсыз деме,

Толып жатқан көбінің бар мүддесі,

Табақ тартып: «Әумин», – деп қол жаяды жұрт.

Батаңды бер, жарылқар жыл мырзасы [3,10].

Жоғарыда  берілген  мысалдарда  наурыз  құт  болып  елге  береке,  ырыс  әкелсін,  наурызбен 

жаңарсын,    жаманшылықтың  бәрі  сол  ескі  жылмен  кетсін,  мейіріміз  үстем  болсын  деп  тілек 

айтылады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет