№ 3 (106) 2015
569
қысқарту сияқты су қолдануды реттеуге қатысты әрекеттерін орынды деп таныды. Алайда, аймақтың
мемлекетаралық қатынас арқылы мәселені шешу маңызды рөл атқаратындығын жасырмады [8].
Венгрияның Будапешт қаласында да 2012 жылдың шілдесінде «Орта Азияның трансшекаралық
экологиялық мәселелері» атты отырыс өтті. Оны «VITUKI» Венгерлік қоршаған ортаны зерттеу
жәнесу ресурстарын басқару бойынша ғылыми-зерттеу институты Өзбекстанның Венгриядағы
елшілігі қолдауымен өткізді. Оған еуропалық, венгерлік белді мамандар мен Венгрияның қоғамдық-
саяси топтарының өкілдері қатысты.
Су мәселесіне қатысты ластану және ірі тоғандар салу қиыншылықтары талқыға түсті. Бұл
мәселелерге қатысты Венгрия Өзбекстан позициясын толық қолдайтындығын айтты. Себебі,
Венгрияның өзі де төменгі ағыста орналасқан мемлекет және өз аймағындағы су мәселесіндегі
позициясы Өзбекстанмен сәйкес. Ірі ГЭС салуды өте байыппен, жан-жақты зерттеу арқылы,
барлық аймақ мемлекеттері келісуімен жасалынатын әрекет деп таныды. Өйткені, оның авария
салдарын, яғни 2010 жылы қатты су ағыны нәтижесінде тоған құртылып, қызыл шлам табиғатты
ластап, экономикаға да үлкен шығын әкелгенін Венгрия бастан кешірген болатын. Сонымен
қатар, Тәжікстанның алюминий зауыты «ТАЛКО»-ның ластауыш заттары аймақтағы экологияны,
тұрғындар денсаулығын одан әрі ушықтырып жатқандығы да ескерілді [9].
Дәл осы мәселелер 2012 жылдың қараша айында Бенилюкс елдерінде Орталық Азия
экологиялық мәселелеріне арналған бірқатар іс-шаралар өткізілу барысында талқыға түсті.
Өзбекстан делегациясының осы елдерге сапарында Орталық Азияның экологиялық мәселелеріне
қатысты отырыстар ұйымдастырылды. Бұл отырыстарда айтылған ойлардың ішінде ірі ГЭС-тер салу
жоспарларының барлығын, оның ішінде Рогун және Қамбарата-1 ГЭС-терін де, БҰҰ басшылығымен
зерттеуден өткізу керектігін ерекше атап өтуге болады. Сонымен қатар, Тәжікстанның алюминий
зауыты «ТАЛКО» ескі өндіру тәсілі салдарынан тек өз табиғат емес, көршілес мемлекеттерге де
зиянын игізіп жатқандығы осы отырыстарда да айтылды. Қорытындылай келе, Бенилюкс елдері
өкілдері Еуропа үшін Орталық Азияның экологиялық жағдайы маңызды екендігін және екі аймақ
арасында осы алада ынтымақтастық жалғаса беретіндігін білдірді.
2012 жылы маусымда Душанбеде (Тәжікстан) Еуропалық парламент депутаты, 2010 жылдан бері
ЕҚЫҰ Орталық Азияның қоршаған орта және экология мәселелері бойынша төрағасы өкілі Струан
Стивенсонның Тәжікстан Академяисының ғылыми құрамымен кездесуі өтті. Кездесуде сөйлеген
сөзінде депутат Орталық Азияның экологиялық жағдайы ушығатын болса, оған Иран, Қытай, Ре-
сей мен оңтүстік Кавказ елдері де жапа шегетіндігін баса көрсетті. Аймақтағы су мәселесін, Арал
мәселелерін талқылау барысында Ауғанстанның мәселені шиеленісте түсуі мүмкіндіктерін айт-
ты. Ауғанстанның 40% территориясы мен 33% халқы Арал теңізі бассейні аумағында орналасқан.
Егер Ауғанстан шаруашылығын жаңартып, кеңейтетін болса, онсыз да жағдайы нашар Әмударияға
салмақ түсіп, Аралға келіп түсетін су одан әрі азая түседі.
Сруан Стивенсонның көтерген мәселесі ГЭС-терге де қатысты болды. Алайда, депутат
Тәжікстанның Рогун ГЭС- н салуын қолдайтындығын айтты. Бұл ГЭС-тің бұдан брын салынған
Нурек ГЭС-нен айырмашылығы өте аз деп алаңдаушылық бекер деп қорытындылады. Оның
үстіне, тоғанды толтыру жылдарында төменгі ағыста орналасқан мемлекеттерді сумен бұрынғыдай
қамтамасыз ете береміз деген Тәжікстан уәдесін де атап кетті. Дегенмен, бұл жобаға аймақта
қарсылық көп. Аймақтық ынтымақтастықтың қажеттігін Струан Стивенсон да жасырмады [10].
Жалпы, Струан Стивенсон Орталық Азия мәселелерін зерттеуде белменділік танытып келе
жатыр. Тек су мәселесі ғана емес, сонымен қатар, Семей полигонында болып, зардап шеккендерге
көмек ретінде өз қаражатымен қаржыландырған да болатын.
Орталық Азия аймағы экологиялық жағдайын жақсартуда халықаралық ынтымақтастықтың
рөлі маңызды екендігін айтуға болады. Алайда, ең бірінші кезекте аймақ елдерінің қоршаған
орта саласында ынтымақтасуы әлі де болса әлсіз. Ал, халықаралық ұйымдар мен қорлардың
инвестицияларын экологиялық мәселелерді шешуге тарту үшін аймақтық қатынас тығыз әрі
келісімдермен бекітілген болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |