Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет952/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   948   949   950   951   952   953   954   955   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

598


басшыларын  көп  деңгейлі  диалогқа  тартуға  әрекет  жасаған  болатын.  1992  жылы  Түркияда 

Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркіменстан басшыларының қатысуымен бірінші Түркі 

тілдес  мемлекеттер  саммиті

3

  ұйымдастырылды.  Түркия  бұл  саммиттің  нәтижесіне  үлкен  сенім 



артты. Саммиттің ашылу салтанатында президент Өзал Түркі ортақ нарық кеңістігін және Түркі даму 

және инвестициялық банкінқұруды ұсынған болатын. Ұсынысы, Әзірбайжан президенті Ебулфейз 

Елчибейден басқа президенттердің арасында қолдау тапқан жоқ. Өзалдың ұсынған бастамаларына 

қажетті деңгейде  президенттердің қолдау көрсетпеуіне  бұл жобаларға  Ресейдің көзқарасы және 

аймақ  елдерімен  қатынасы  себеп  болды.  Саммиттегі  қол  жеткізілген  жетістіктерге  Түркияның 

саяси элитасыныңкөңілі толмауына қарамастан,  жиын Анкара декларациясына қол қоюына және 

осы уақытқа дейін өткізіліп жүргізілген Түркі тілдес мемлекеттері басшылары  арасындағы саммит 

өткізу дәстүрінің негізі қалануына септігін тигізді. 

Тургут Өзал экономикалық одақ құрудағы сәтсіз әрекетіне қарамастан, өзінің алдына қойған 

басқа сыртқы саяси мақсаттарына қол жеткізу мақсатымен өзге де құралдарын пайдалана бастады. 

Түркияның  президенті  өз  амбицияларын  жүзеге  асыру  үшін  түрік  кәсіпкерлеріне  жаңа  нарық 

бағыттарын  ашып,  жеке  сектор  және  халықаралық  сауда  қатынастарын  қолдауға  бағытталған 

саясатты  ұстана  отырып,  кәсіпкерлер  мен  ірі  бизнес  өкілдерінің  тарапынан  қолдау  таба  білді. 

Экономикалық  әріптестік  және  сауда  қатынастарын  орнату  үшін  өзінің  шетелдік  сапарларында 

делегация құрамына кәсіпкерлерді де қоса алып жүрді. Осы саясаттың арқасында, 1990 жылдың 

басында бұрынғы бәсекелес мемлекеті Ресей Түркияныңбасты сауда әріптесіне айналды [4] және 

Орталық Азиядағы аймақтық мемлекеттермен екі жақты келісімдерге қол қойылды.

Бастапқы кезде маңызды болмаған және уақыт өте келе маңыздылығы артқан,Түркия мүдделерінің 

өзге саласының бірі - осы мемлекеттердің энергетика ресурстары және оны тасымалдауды Түркия 

территориясы арқылы жүзеге асыру   мүмкіндіктері  болды.Түркияның энергетикалық саясатында 

мұнай және газдың үлкен қоры шоғырланған Қазақстан мен Түркіменстанның маңыздылығы зор 

болды,  сонымен  қатар  Түркіменстандағы  газ  қорыбұл  ел  тәуелсіздік  алған  күннен  бастап  өзге 

мемлекеттердің назарында болуына себеп болды.

Газдың  экспортталуы  ұзақ  уақыт  мерзіміне  ресейлік  «Газпром»  компаниясының  тарапынан 

монополия орнатылғандықтан, Түркіменстан басқа мемлекеттермен өзінің әріптестік қатынастарын 

кеңейтуге ұмтылды. Бұл ұстаным 1992 жылы  келесі отыз жыл мерзіміне Түркіменстан мен Түркия 

арасындағы газдың тасымалдануы туралы келісімшарттың қол қоюына алып келді [5].

Энергетика саласында Түркия үшін Қазақстан да маңызды әріптес болып саналады. 1993 жылы  

Түркияның Мұнай бірлескен әріптестігі (TPAO)  және Қазақстанның «Қазақстандық мұнай» атты 

екі ұлттық компанияның 51%  және  49% акция үлестері бар, Қазақ-түрік мұнай компаниясынқұру 

туралы келісіміге қол қойды. Компания өзінің алғашқы зерттеулерін Қазақстанның төрт облысында 

жүргізді [6]. Экономикасы жойылған және инфраструктурасы дамымаған, мүмкіндіктері жоқ жас 

мемлекет үшін  мемлекеттік бюджеттің  негізгі көзі болып табылатын  мұнай саласын дамыту үшін 

Түркия тарапынан берілген техникалық және қаржылық көмек уақтылы және маңызды болды.

Президент  Өзал  сауда  және  энергетика  саласынан  өзге,  аймақ  мемлекеттеріне  көрсетілген 

қаржылық және дамуға берілген көмекті сыртқы саясатын жүзеге асыру үшін де тиімді пайдалана 

білді.  Оның  президенттік  мерзімінде  аймақ  мемлекеттеріне  берілген  несие  құны  1  млрд    АҚШ 

доллар [7] мөлшерінде бағаланды. Одан басқа, көптеген түрік кәсіпкерлері  барлық Орталық Азия 

мемлекеттерінде  Түркиямен  сауда  қатынастарын  дамытуға  мүмкіндік  беретін  кіші  және  орта 

кәсіпорындарын ашу арқылы, аймақтық экономикаға  инвестиция жасаған болатын.

Екі  жақты  қарым-қатынастардан  бөлек,  жаңа  аймақта  өз  рөлін  нығайту  үшін  және  Түрік 

Даму  Агенттігі  -ТИКА-ны  ашу  арқылы  Түркия  өз  саясатын  институционалдық  деңгейге 

көтерді.  Әріптес  мемлекеттерді  дамыту  мақсатында,  техникалық  көмек  көрсетуге  негізделген 

жобалар мен кең ауқымды шаралар жүзеге асырылды және көмек көрсету жүйеленген болатын.  

Жобаларды басқарылуы және тиімділігі мен қажеттілігіне қатысты сынға қарамастан, ТИКА Өзал 

президенттігінің соңғы жылдарындағы сыртқы саясаттың тиімді құралына айналды [8].

«Түрік»  және  «Түркі»  терминдері  академиялық  ортада  кеңінен  талқыланады.  Түрік  тілінде  осы  екі  сөздің 



арасында ешқандай нақты айырмашылық жоқ және бұл айырмашылықтарды Батыс ғалымдары ұсынған деп айтылады. 

«Түрік» және «Түркі» терминдері республика мен ұлтқа, ал «Түркі» сөзі жалпы этникалық бірегейлігі бар барлық ұлттарға 

қатысты қолданылып келеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   948   949   950   951   952   953   954   955   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет