Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет956/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   952   953   954   955   956   957   958   959   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

602


мүмкін  ынтымақтастық  белсенді  жүргізу  арқылы  аймақтағы  рөлін  төмендетпеу  және  Ресейдің 

гегемониясына кедергі болу [20].

Президент  Гүл  бұрынғы  лауазымында  жиналған  тәжірибесіне  байланысты  жаңа  орнында 

белсенді  сыртқы  саясатын  жүзеге  асыра  бастады.  Президент  аймақ  елдерінің  басшыларымен 

тиімді  тығыз  қарым-қатынастар  орната  білді  және  Өзалдың  дәстүрлі  сауда  және  экономикалық 

қатынастарымен  қатар,  мәдени  және  білім  ынтымақтастығын  нығайту  стратегиясын  қолданды. 

Осылайша, Қазақстанға және Түрікменстанға жасаған алғашқы сапарларының кезінде делегация 

құрамында  кәспкерлермен қатар, академиктер мен ғалымдар да болды. 

Түркіменстанға жасаған сапары соңғы жеті жыл ішінде президенттік деңгейде алғашқы рет 

болды, Гүлдің президенттігі кезінде тағы осындай екі сапар болды. Ал Түркіменстанның президенті 

Гурбангулы Бердымухаммедов те Түркияға үш рет ресми сапар жасады [15]. 

Ал,  Қазақстанмен  өз  қарым-қатынастарын  Түркия  Гүлдің  президенттігі  кезінде  ары  қарай 

нығайтты және көп салада стратегиялық әріптестік деңгейіне шығарды. Екі мемлекет халықаралық 

сахнада бір-біріне қолдау көрсетті. Мысалы, Қазақстан Түркияның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі 

2009-2010 жылдардағы уақытша мүше болу ұсынысын, ал Түркия Қазақстанның 2009 және 2010 

жылдары  ЕҚЫҰ  төрағалық  ету  ұсынысын  қолдады.  Сонымен  қатар,  Абдулла  Гүл    Түркі  тілдес 

елдердің ынтымақтастығына байланысты жобаларды қолдауда Қазақстан және оның президентінің 

маңызды рөлін үнемі атап өтетін.

Жалпы,  Гүл  президенттігінің  басты  жетістіктерінің  бірі  ретінде  түркі  тілдес 

мемлекеттерінің  жоғары  деңгейде  өтетін  кездесулер  шеңберінде  айтылған  кейбір  идеяларын 

институционализациялауды  көрсетуге  болады.  Солардың  бірі,  2008  жылдың  21  қарашасында 

Әзірбайжан,  Қазақстан,  Қырғызстан  және  Түркияның  парламент  басшылары  Ыстамбулда  өзара 

жасасқан келісімге сәйкес Түрік тілдес мемлекеттерінің парламенттік ассамблеясының құрылуы 

болып табылады (TURKPA).

Одан басқа, 2009 жылдың 3 қазанында Әзірбайжанның Нахчеван қаласында өткен, тоғызыншы 

Түркі тілдес мемлекеттерінің саммитінде Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия Түрік 

Кеңесін  құру  туралы  шешім  қабылдады  [21].  Сол  күні,  Қазақстанның  Президенті  Нұрсұлтан 

Назарбаев “жалпы ғаламдық өркениетте түрік өркениетінің рөлі мен орнын, өткені, осы кезеңді 

және  болашағын  анықтау  үшін”  халықаралық  ғылыми-зерттеу  орталығын  құруды  ұсынды  [22]. 

Түркі Академиясы 2010 жылдың 25 мамырында Астанада ашылды. 

Сөйтіп,  Түрік  кеңесі,  ресми  түрде  “Түрік  тілдес  мемлекеттерінің  ынтымақтастық  кеңесі” 

мемлекетаралық  ұйымға  айналды  және  түркі  тілдес  елдерарасындағы  әріптестікті  дамыту 

мақсатында  құрылған,  нақты  атап  айтқанда,  ТҮРКСОЙ  (Түркі  мәдениетінің  халықаралық 

ұйымына), ТүркПА (Түркі тілдес мемлекеттерінің парламенттік ассамблеясы), Түркі Академиясы 

(түркі тілдес мемлекеттерінің халықаралық зерттеу және ғылым орталығы), мәдени құндылықтары 

бойынша Түркі Қоры және Түркі іскерлік кеңесі ұйымдарын біріктіретін бас ұйымы ретінде жұмыс 

жасай бастады [23].  

Институционалдау үрдісі тез өтті және 2013 жылдың аяғына қарай Ыстамбұлда штабы жұмыс 

жасай бастады.  Бірінші бас хатшысы тәжірибелі түрік  дипломаты және орынбасарлары болып әр 

мүше мемлекеттен бір өкілден тағайындалды.  2011 жылдан бастап Түркі Кеңесі жоғары деңгейде 

кездесулер  өткізді  және  төрт  мемлекеттен  келетін  қатысушылар  ынтымақтастық  және  диалог 

идеяларына бекім екенін көрсетті [24].

Соныменқатар,  2009  жылы  Режеп  Тайып  Ердоғанның  үкіметінде  жаңадан  тағайындалған 

Сыртқы істер министрі Ахмет Давутоғлуның “көршілес елдермен мәселесіз” саясатына қатысты 

Таяу  Шығыс  пен  Солтүстік  Африкаға  көп  көңіл  бөле  бастағанына  қарамастан,  Абдулла  Гүлдің 

сыртқы саясатында Орталық Азия аймағы негізгі вектор болып қалды. 

Режеп  Тайып  Ердоған:  Күшейтілген  президенттік  пен  сыртқы  саясат

Әдетте  Түркияның 

президенті  дәстүрлі  түрде  парламентпен  сайланып  және  шектелген  атқарушы  билігі  бар  

символикалық түрде саяси актор рөлін атқарса, ӘДП үкіметі кезінде Түркия Конституциясының 

101 бабына енгізілген өзгертулерге сәйкес президенттік биліктің ішкі және сыртқы саясатта рөлі 

нығайды   және жалпы халық дауыс беруімен сайлануға жол ашты.

Бұл өзгеріс он бір жыл бойы Түркия премьер-министрі болған Режеп Тайып Ердоғанды  2014 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   952   953   954   955   956   957   958   959   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет