№ 3 (106) 2015
209
деп әйгілейтіндей, ал бұл жердегі «қақылдаудың» қандай мән-маңызы бар?! Сондай-ақ «Жарлық
шашты жан-жаққа» жолының да, дәлірек айтсақ, «шашты» сөзі орынсыз қолданылып тұр. Абайша
айтсақ – «бөтен сөз», Абайдың «Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы» деген өлең жолдары бар ғой,
сол жолдардағы «бөтен сөз» деп отырғаны да осындай орынсыз қолданылған сөздер ғой. Қазақ
баласы жарлыққа қатысты «Жарлық қылды, шығарды, жүргізді, етті, жариялады» деуші еді, ал
«шаштыға» келсек, оның да өз сыңарлары бары белгілі: сәуле шашты, су шашты, шашу шашты
т.с.с. Болмаса «құнжита байлап белімді», «шетінедіңдер ұлықтар» дегенді алайықшы. Осы арада
жыр жолдарындағы «құнжита» да, «шетінедіңдер» де шығарманың шырайын келтіріп тұрған жоқ,
жас сәби шетінеуі мүмкін, «шетінеу» – шығын шықты, немесе өлімге қатысты ұғымды білдіреді,
«құнжита» деген сөздің астарында «құн-жын» болу, «құнжың қағу», «құнжыңдау» «құнжыңдасу»
тұрса, оның өзі белге қатысты теңеу болса, қалай болады?! Біздіңше «құнтиту» көбірек келеді, себебі
«құнтита байлап белімді» деп қазақ айтады, ал екінші бір қонжита деген сөзбен де шатастыруға
әсте болмайды. Академик З.Қабдолов «Әдеби шығарма тіл арқылы жазылса, тіл сөзден құралады»
[5] демеуші ме еді?! Ал әр сөз о баста образдан туған, келе-келе олардың көпшілігі ұмытылған да,
солардан туған сөздер ғана қалған. «Сондықтан образды тіл деген ұғымды жаңалық деу қиын».
Бұл – әр сөздің табиғи қасиеті. Иә, ғалымның айтуынша, сөздің туған топырағы болады, «құнжита»
сөзінің серіктері қандай сонда, ол нендей жағдайда қолданылады, міне осыған назар аударғанымыз
абзал. Ал белге қатысты қазақ ұғымындағы қалыптасқан тіркестер: бел алу, бел байлау, бел бала, бел
босату, бел буу, бел бүгу, бел жазу, бел көрсету, бел көру, бел құда, бел орақ, бел ортасы, бел шешу,
бел қайысу т.с.с болып кете береді, ал бел байлауға қатысты болса да «құнжиту» сөзі еш қисынға
келмейді. Ұлы ойшыл Беранжеше айтсақ, «Әркім бір қолданып ығыр қылған, арзан сөздерге
жоламайтын болады» [6]. Ал құнжиған «құн – жың қағу», «құнжыңдасу» сөздерін қазақтың «асыл
сөздері» деуге де негіз жоқ, яғни бір сөздің өзі бүтін бір сөйлемнің құтын қашырады, болмаса «шы-
бындай шынды жасырма, кемітпе де асырма» жолдарында жадағайлық, жайдақтық басым. Сонда
«шыбындай шын» қандай шын, қазақ ұғымындағы шыбынжан, шыбындай, шыбындасу, шыбында-
ту, шыбындау, шыбынқағар, шыбынқанат, шыбынсыз, шыбынша сөздерінің бірде-біреуі «шынмен»
тіркеспейді, ал шыбынмен шұрқыраса қалған шын сөзінің қандай сиқыры бар. Қазақта «зәредей
шыным», «имандай шыным» деп ант-су ішіп жатады, бірақ, «шыбындай шыным» дегенді естіген
емеспіз, бұл әрине көркемдік ерекшеліктеріне қатысты болған соң тоқталдық. Қазақтың қызы ке-
сте тігу үшін түрлі-түсті жіптер жинайды, сол жіптердің қайсысын қолдану үшін де көп ойланып-
толғанады, сол сияқты қай сөзді қалай қолдану керектігін авторы жоқ, ауыз әдебиеті үлгісіне жүктеу
мүмкін емес болғанымен, оқырманның ойы мен тілін қисынсыз сөздермен, тұрлаусыз тіркестермен
тұтқындағанда не табамыз. «Егер шешен сөйлеп, сөз саптай алсаң, сол күйінде сөйлей бер, ал
олай болмаса тілінді түзе» [7] деп француз жазушысы Жюль Ренар айтқан екен, болмаса, француз
ақыны Николо Буало: «Кім орамды ойласа, сол орнықты ой айтады» [8] депті. Екі жағдайда
да, тілге қатысты айтылған пікір: сөйлеу тілі, жазу тілі деп жіліктеп-жіктеп жатпайды. Міне біз
тілге тиек еткен кейбір кемшіліктер тек тікелей тілге қатысты болғанымен, әрбір бет, әрбір парақ
сайын шұбырып жүретін «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама сөздерді» аттап өте алмайсың:
«ештемеден тайлықпай, айбатынан қорынып, тұрды бірдем таяулап, нығызсиды, шелиіп, күркірейді
найзасы...» т.с.с. теңеулер көз сүріндіреді.
Ал енді алты аршын найза, тілегенін тел қылып, көңілін жылы жай етіп, қара жағам жүзіме, жала
жабам өзіңе, арбағанға түсетін, ала торғай мен емес, шеру тартып, шеп жайып... т.с.с. теңеулердің
табиғатына бойлай білу де оқырманның ойын сабақтауға оң әсерін тигізеді.
«Жан сүйгенім – ол да өлең, жете алмасам, жолда өлем» [9] деп Мағжан Жұмабаев жырлағандай,
«Жеті қағанда» ұйқасатын, ұйқаспайтын жолдар да кездесе қалады. «Жеті қағанның» кейіпкерлері
де сен тұр мен атайын болғанымен, аттарынан ат үркетіндей, бұрынғы, қазіргі қазақ есімдері
кітаптарына енбеген қазақ құлағына түрпідей тиетін атаулардың, дәлірек айтсақ, аттарына істері
сай келіп жататынын қайтерсіз: Қартаңхан, Сетерхан, Мілмира, Жезмаңдай, Арыстан, Түктабан,
Сақия, Құнт, Миян, Күлмира, Сақауыл, Татай т.с.с. «Қайда барсаң – Қорқыттың көрі» демекші,
қайда барсаң алдыңнан Жезмаңдай шығады, жүрген жерінің бәрі – бүлік, дау-дамай, әлде жез
маңдай атануынан ба, әлде маңдайына жазылғаны сол ма? Жезмаңдай бірде
маңдайын тасқа соғады,
бірде жарады, қазақ ертегілерінде сипатталатын мыстан кемпірдің кимешегін киіп алғандай әсерге
бөлейді. Жамғыржан, Көккөтен есімдері де қазақ табиғатына жат, бір жағынан жырды орындаушы
|