Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Жалбарыну  →  Бас  ию→  Табыну  →  Құрметтеу



Pdf көрінісі
бет360/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   356   357   358   359   360   361   362   363   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Жалбарыну  →  Бас  ию→  Табыну  →  Құрметтеу  лексемалары  өмір  сүреді.  «Культ»  концептісі 

жүйесіндегі «сыйыну», «жалбарыну», «табыну», «құрметтеу»  сөздерінің тілдік-танымдық моделі 

ерекше мәнге ие. Культ: 1) сыйыну (Құдай, Алла, тәңір, хақ, раббы, жаббар, жаратқан, жаратушы 

ие, жасаған, ием); анимистік ұғымдар (аруақтар культі, жерлеу культі, т.б.); 2) жалбарыну (арбау, 

мадақтау); 3) табыну, тотемдік, магиялық (сөз магиясы, киелі сандар, бата, алғыс, қарғыс сөздер; 

біреуге табыну немесе біреуді қадірлеу немесе құдайларға табыну, көсемге табыну); 4) құрметтеу, 

фетиштік (әулиелі, киелі жерлер, т.б.) діни наным-сенімдерге негіз болады.

«Культ»  ұғымының  мазмұнын,  өрісін,  түрлерін  анықтайтын  фреймдер  жүйесін  былайша 

көрсетуге болады: 

1-фрейм:

Зерттеу  барысында  «Культ»  концептісі  мынадай  концепт-фреймдер  жүйесіне  бөлінді: 

жаратушының  құдіретімен  тілдесу;  жаратушы  күштерден  көмек  сұрау;  табиғаттың  тылсым 

күштеріне жалыну; жан-жануарларды пір тұту; аруақтарды құрметтеу; әулиелі жерлерге мінәжат 

ету; тағдырдың жазуы, бұйрығы; Құдай алдында айыпты, күнәһар болмау; басқан түскен қиындыққа 

көну; ризашылық білдіру (алғыс, бата, тілек); наразылық білдіру (қарғыс, ұрсу, зеку); тәубешілік 

жасау; кешірім сұрау, өтіну; табалау (дұшпандарын); шошыну (жағасын ұстап); бар әлемді жасаушы 

ұлы күш, құдырет иесі деп сыйлау. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   356   357   358   359   360   361   362   363   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет