Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет399/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   395   396   397   398   399   400   401   402   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

№ 3 (106) 2015

239


тіршілігінің  аясында  қарастырады.  М.Бахтин  бүкіл  өмір,  өркениет,  руханият,  тарихи  оқиғалары 

мен философияны сұхбаттасу құрылымының шеңберінде қарастырады. Сол арқылы бүкіл әлемдік 

даму заңдылықтарын тартыс пен келісім, қайшылық пен қақтығыс нәтижесі ыңғайында зерделейді. 

Дүние  –  қарама-қарсылықтардың  бірлігі.  Сол  қайшылықты,  қарама-қарсылықты  тұтастырушы, 

үйлестіруші   – сұхбат, диалог. Платон да, бірқатар басқа философтар да әйгілі еңбектерін диалогқа 

құрған. Румидың «Мәснауи» деп аталан  поэмасы да диалог формасында жазылған. Демек, диалог 

– ең алдымен ой-пікірді өткірлеу мен дамытудың, жаңа қалтарыс, қатпарлар ашудың жолы. ХІІІ 

ғасырда өмір сүрген ойшылдың көркемдік ойлау жүйесінің тереңдігі осыдан.

Ақынның бұл тәмсілінен келтіліген түзіндінің тәрбиелік, өнегелік мәні ерекше. Бұл үзіндіден  

шығыс  халықтарына  тән    даналық  пен  өнеге  көрініп  тұр.  Тәмсіл  өміршең  дидактикалық  ойға 

құрылған.  Шағын  өлеңде    қолға  ұстатқандай  ой  байламы  берік,  тұжырымды.  Аллегориялық 

сипаттағы  тәмсіл  адамның    кемшілігін  ашық  айтпайды  өмірдегі  келеңсіздікті,  кінәраттарды  сөз 

етеді, сын айтады. Даналық ойлар осындай қарапайым ғана үлгіде беріліп, оқырманның ойлауын, 

елестету мүмкіндігін дамытады. Оларды ойлатуға, ойлана отырып, кездескен жағдаяттан дербес, 

саналы жол таба білуге үйретеді. Оқушы оқи отырып кейде өз мінез-құлқы туралы ойланады, кейде 

өз қателігін сезіне түседі. 

Ақылды кісі қорқынышты бәледе, 

Достарының өлімінен ғибрат алар.

«Арыстан маған мұны қасқырдан кейін ұсынды» деп, 

Сол кезде түлкі жүз қайтара шүкіршілік етті.

«Егер алдымен маған мынаны үлеске сал» деп ұсыныс айтқанда,

Одан жанымды құтқара алар ма едім» деп шүкіршілік жасады. 

Олай болса, бізден де Тәңірге шүкіршілік болсын,

Бізді алдымен өлгендерден кейін дүниеге әкелгенің үшін.

Осылайша Хақтың өткен замандарда жасаған қауымдарды,

Қалай жазалап, көзін жойғанын естідік.

Әйтеуір алдымен өлген қасқырдың халін естіп, 

Түлкі секілді өзімізді қорғай аламыз.

Міне, Тәңірдің ол Хақ пайғамбары осы үшін бізге,

«Ашынып, қайғырған үмбетім» атын тақты.

Ей, ұлылар, әлгі қасқырлардың сүйектерін, жүндерін, 

Ашық түрде көрдіңдер ғой, енді осыдан ғибрат алыңдар!

Ақылдым, бұл байлықты, менменсу мен көкірек керуді таста,

Өйткені Перғауынның халін бір сәт есіңе ал. 

Егер өзін ұлы санауын тастамаса, ғибрат алмаса,

Оның жамандығынан басқалары ғибрат алар [1; 656 б]. 

Тәмсіл  соңындағы    қорытынды  ойы  ешқандай  дәлелдеуді  қажет  етпейді.Өзіндік  ой  түйіп, 

байлам жасау оқырманның еркінде.                                

Адамдардың ой-санасының даму деңгейін көрсететін рухани құндылығы жоғары шығармалар. 

Ақын шығармасының философиясы асқақ әрі терең. 

Жалал  әд-Дин  Руми  «Месневи»  поэмасында  Құраннан  760  рет    үзінді  алып,  парсы  тіліне 

аударғанын зерттеушілер растайды»  дейді А.Кемелбаева [4].  Расындада да жоғарыдағы хикаятта 

адам  баласын  өткен  тарихтан  сабақ  алуға  шақырады.  Адамзат  баласының  тарихынан  белгілі 

оқиғаларды меңзеп тұр. Өлі теңіз астында қалған Садум елінің апатқа ұшырауы, Жеті түн, сегіз 

күн  соққан  дауылдан    апатқа  ұшыраған  Ад  тайпалары,  адам  баласы  бұл  оқиғадан  ғибрат  алу 

үшін, үйлерінің орны күні бүгінге дейін сақталған, жер сілкінісі мен найзағай отынан жоқ болған,  

бұзақылық  істен  тиылмаған  –  Самуд  қауымы  жайындағы  т.т.  тарих  оқиғаларынан  сабақ  алуға 

шақырады. Менмендік, күпірлік, азғындықтың соңы азап екенін, жоқ болу екенін  баяндайды. Алла 

тағалаға  күмән  келтіріп,  дүние  қуған  Мысыр  патшаларының  бірі  Перғаун  Хаман  да  Құдайдың 

қаһарына ұшырайды. Міне, осындай діни аңыздар ақын шыығармашылығында  кейінгі ұрпаққа 

сабақ-өсиет үшін қолданылған дидактикалық тәсіл, форма екендігі көрінеді. 

Ал түркі әлемінің жарық жұлдызына айналған Қожа Ахмет Иасауи «Диуани хикметтер» атты 

кітабын  түркілер үшін жазылған Құран, тәпсир деп өзі жазады. «Диуани хикмет» кітабындағы 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   395   396   397   398   399   400   401   402   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет