№ 3 (106) 2015
319
анықталып отыр. Белгілі археолог З.Самашевтың мақаласында Сыр мен Арал, әсіресе, Батыс
Қазақстан аймағында бес жүз шақырым көлеміндегі жерде игерілетін темір рудасының жоқтығына
қарамастан, осыдан 4 мың жыл бұрын Тоқсанбай деген жерде металлургиялық орталықтар қорыту
пештерінде құрал-сайман жасалғандығы жазылған [7]. Ал орта ғасырда Батыс Қазақстан аймағында
мекендеген оғыздар Тоқсанбайлықтардың металлургиялық технологиясын меңгеріп және одан әрі
жетілдіріп дамытты деп жобалауға негіз бар. Себебі, біріншіден, ерте кезден қазақ жерін мекен
еткен бабаларымыз Жезқазған жеріндегі қазба байлықтарды игеріп және керекті жерлерге өндірілген
рудаларды керуендер арқылы тасымалдап жеткізіліп отырған. Екіншіден, Сарыарқаның солтүстік
аймағында орта ғасырда орналасқан Даранта мен Дарку қалалары, Руза өзенінің жағасында Хиан
және Джоджан қалалары кен орындарына жақын орналасқан. Әсіресе, оғыз қалалары - Даранта
мен Даркуге түрлі-түсті металдар іздеп, мол байлық табуға келген колонистер шоғырлана бастаған
[1]. Демек, оғыз мемлекетінің солтүстік аймағында кен өндірісі жақсы дамығандығын көрсетеді.
Оғыз елінің солтүстік аймағында кен байлықтары Жібек жолымен керуендер арқылы темір
рудалары жоқ оңтүстік батыс аймақтағы металлургиялық орталықтарға жеткізіліп отырған. Жергілікті
жердің темір қорыту пештеріне әкелінген шикі темір рудасықорытылатын болған. Оғыздарда
рудадан темір өндірудің ежелгі әдісі – шикі күйінде үрлеу процесі қолданылған(сыродутный). Ол
үшін әкелінген шикі темір рудасы ұстадағы теріден жасалған көріктегі шүмек арқылы ауа пешке
жіберіліп, жоғары температура жасауға мүмкіндік берген. Нәтижесінде пештің түбінде өңделген
қамыр тәрізді шағым темірді шығарған (крица), оны нығыздап қатайту және сыртындағы шлакты
кетіру үшін балғамен ұрып тазалаған. Шағым темір жұмсақ болғандықтан, оны шыңдайтында
болған. Өңделіп дайын болған таза темірлер оғыз қалаларындағы шеберханаларға құрал-сайман
жасауға жеткізіліп отырған.
Оғыздар металл өңдейтін өндіріс орындарында мыстан бастап, болат қорытуға дейінгі
процестерді толық меңгергендігі ерекше айтуға болады.Металдан жасалған тұрмысқа қажетті
бұйымдар мен еңбек құралдары тек бейбітшілік уақытта ғана емес, соғыс кезінде де кеңінен
қолданылған. Оғыздардың түрлі-түсті металдардан жасалған құрал – саймандарды соғыс алаңында
қолданғандығы туралы деректер «Қорқыт ата кітабында» жазылған. «Қазан батыр жауға қарсы
шыққан сәтте, құлақ бұрмалары алтыннан жасалған қола кернейлер тартылып, қара болат қылыштар
сермелді» [5], - деп шығармада ерекше суреттелуі оғыз шеберлерінің жоғары деңгейде метал
өңдейтін мамандар болғандығын дәлелдейді. Оғыздарда мыс пен қоладан жасалған еңбек құралдары
тек ерте темір ғасырынан бастап ығыстырыла бастаған. Темірді мыс және қоламен салыстырғанда
сипаты жағынан әлдеқайда жоғары. Сондықтан «Темірдің басқа шикізатқа қарағанда тарихта
революциялық роль атқарды». Өйткені сол арқылы, темір ерекше құрылысты, күрделі тәжірибені,
арнайы маманды талап ететін металлургия өндірісіпайда болды.. Нәтижесінде темірді игеру
арқылы әр түрлі мамандыққа бейімделген қолөнер шеберлері шықты. Ендігі жерде оғыз қолөнер
кәсіпшілдерінің басқа өндіріс жұмыстары түрлерімен қосарласа, жұмыс істеуге мүмкіндіктері
болмады. Егерде бұрында уақытта оғыз егіншілері еңбек құралдарын өздері жасайтын болса, енді
қолөнер кәсіпшілдері олардан оқшауланып, кем-кемнен әр түрлі саладағы қолөнершілер бөлініп,
«адамзат баласының тарихында екінші ірі қоғамдық еңбек бөлінісі - қолөнершілерді басқалардан
бөлді, орладың ең маңыздысы - егіншіліктен» [8].
Оғыздардың алғашқы шаруашылығының бар саласы натуралдық сипатта болғандықтан, өнім
өндірушілер, малшылар, егіншілер мен қолөнершілер өздеріне қажетті бұйымдарды бір-бірінің
өндірілген заттарымен алмасуымен айналысқан. Оғыз шаруашылығындағы бірінші және екінші
қоғамдық еңбек бөлінісі мен алмасу қатар жүріп отырған. Бірақ айырбастаудың даму процессінде
бара – бара кәсіби немесе жартылай кәсіби саудагерлерді шығарып, қоғамда үшінші ірі қоғамдық
еңбек бөлінісін шығарды. Энгельс енді мұны ерте таптық қоғамға жатқызды [8]. Оғыз қоғамында
мамандалған саудагерлердің пайда болуы бірден емес, кем – кемнен қоғамдық топтар қалыптасуымен
пісе жетілді. Демек, шаруашылықтағы бұл үшінші ірі қоғамдық еңбек бөлінісі оғыздардың
мемлекеттілікке өтудегі қалыптасқан алғышарттарының бірі - саудагерлерді шығарған. Жаңа
қалыптасқан топтардың арасында бай көпестер өкілдері пайда болды. Оғыз қоғамында саудадан
түсетін байлық тек оғыз көпестерін ғана қызықтырып қойған жоқ, сырттан келетін өзге этнос
өкілдері де оғыз қалаларында тұрақтануға мүдделі болды. Сондай қалалардың бірі - түрікмендермен
шекаралас Боладж қаласында Исфаханнан шыққан Иран көпестерінің колониясы орналасқан [1].
Оғыздардың Жетісумен Хорезммен және Мауерннахрмен сауда қатынастарында айтарлықтай роль
атқарған Сырдарияның жағалауларындағы қалалар болды. Сауда қатынастарында маңызды орында
|