Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет652/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   648   649   650   651   652   653   654   655   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

№ 3 (106) 2015

395


Отбасындағы  тәрбие  әрбір  мүшенің  өзін-өзін  сақтау,  ұрпақты  жалғастыру,  өзін-өзі  сыйлау 

қажеттігінен  туындайды.  Баланы  дұрыс  тәрбиелеу  отбасында,  алдымен,  жанұя  жағдайы,  онда 

қалыптасқан оң моральдық-психологиялық ахуал, татулық пен өзара түсіністік, сүйіспеншілік пен 

сыйластық, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген құрмет сезімдері, яғни, отбасындағы кіршіксіз таза, 

мөлдір көңіл-күйі тікелей ықпал етеді. Біз көп жағдайда отбасы мен қоғамда рухани құндылықтарға 

көңіл  бөліп  келеміз.  Оның  ішінде:  әдептілік  пен  сыпайылық,  жасы  үлкендерге  құрмет  көрсету, 

достастық пен бауырластық, адамгершілік қасиеттер т.б. Бұл сөзсіз.

Сонымен  қатар,  баланы  тәрбиелеуде  материалдық  құндылықтардың  алар  орны  да  аз  емес. 

Әсіресе қазіргі техника мен технология дамыған заманда, тіпті қала мен даланының кейбір тұстарын 

ажырату қиын кезде, бұл мәселе ерекше маңызға ие болып отыр.    

Болашақ ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде материалдық құндылықтар кешенінде оларға қатысты 

салт-дәстүрлер,  жосын-жоралғылар,  әдет-ғұрыптар  баланың  ой-санасын  дамытуда,  тұлғаны 

қалыптастыруда  ұлттық  құндылықтардың  халықтың  ажырамас  мәдени  бөлігі  екендігін  көрсету 

біздің  міндетіміз.  Халқымыздың  салт-дәстүрі  мен  мәдени  құндылықтарын  ұштастыра  отырып, 

тәрбие беруде ұлттық зергерлік бұйым кешені ерекше орын алады десек болады.

Халқымыздың  бұл  өнер  түрінің  терең  тарихын  сипаттап  және  насихаттай  отырып,  болашақ 

ұрпаққа зергерлік бұйымдардың түрлерін, олардың жасалу ерекшелігі мен материалдарын, қолдану 

аясын, жасаралық, жынысаралық және әлеуметтік жіктелуін, ою-өрнектердің діни-ұғымдық және 

құндылық ерекшеліктерін, оларға байланысты салт-дәстүрлер арқылы көрсетуімізге болады. Осы 

тұрғыда  қазақтар  арасында  киім  үлгілерімен  қатар  әшекей  бұйымдарының  маңызы  үлкен  орын 

алады.  Қазақ  әйелдерінің  арасында  әшекейлерді  өзге  ұлттардағыдай  басқа,  шашқа,  мойынға, 

кеудеге, қолға тағады, киімдерді безендіреді. Бұл дәстүрлі ұлттық әшекейлер негізінен үлкен және 

кейбір орта буындағы әйелдерде сақталған. Оларды екі түрге бөлуге болады: мұра болып қалған 

көне және дәстүрлі үлгіде халық шеберлеріне тапсырыспен жасатылған қазіргі әшекейлер.

Қазақтарда басқа көрші түрік этностарындағыдай, көгілдір ақық (бюрюза), маржан (коралл), 

қызғылт  сары  түсті  асыл  тас  (сердолик)  сияқты  қорғаныс  қызметін  атқаратын  жартылай  асыл 

тастармен  бірге  күміс  бұйымдар  ерекше  бағаланды.  Қазақ  әйелдерінің  зергерлік  әшекейлерінің 

қызметінің мәнін талдасақ, магиялық-діни түсініктермен тікелей байланысты. Ол туралы жас және 

мүліктік дифференциациямен отандық этнографтардың зерттеулерінде мейлінше толық баяндалған.

Қазақ  зергерлері  арасында  асыл  тастардың  атқаратын  қызметімен  қатар  сәуле  шағыстыру, 

жылтырау,  қырларының  түс  гаммаларын  беру  қасиеттері  мен  сапасы  ерекше  ескеріліп  отырған. 

Оңтүстік  Қазақстанды  зерттеушілердің  сипаттауларынша  техникалық  әдістер  мен  зергерлік 

бұйымдардың ою-өрнегі республикамыздың басқа да облыстарында да ұқсастықтарға ие [1, С. 124]. 

Өкінішке орай, олардың шығармашылығын үйлестіру, дәстүрлі өнер сырларына жас шеберлерді 

үйрету болмағандықтан, қазіргі уақытта дәстүрлі әшекейлі зергерлік бұйымдарды жасау, басқа да 

халықтық кәсіп түрлері сияқты халық арасында жоғары сұранысқа ие болмай отыр. 

Орта  және  жастар  арасында  күміс  және  т.б.  материалдардан  құйылған  зергерлік  бұйымдар 

өнеркәсіптік  өндірісте  алтыннан  жасалған  зергерлік  бұйымдарға  қарағанда  сирек  қолданылады. 

Базарлар  мен  зергерлік  дүкен  сөрелері  Түркия,  Ресейде  өндірілген  жергілікті  сатушылар 

тасымалдайтын алуан түрлі алтын сырғалар, алқалар, тізбек-баулар, сақина, жүзіктермен толған. 

Үздік пробасы мен сапасына сай бағасының да жоғары болуымен Ресей Федерациясының алтын 

бұйымдары ерекшеленеді. 

Оңтүстік  Қазақстанның  ауылдық  мекендерінде  зергерлік  бұйымдар  бұрынғыдай  әйелдер 

киімінің,  әсіресе  мерекелік  киімінің  ажырамас  бөлігі  болып  есептеледі.  Кез  келген  жастағы 

әр  түрлі  ұлт  әйелдерінің  фабрикада  әзірленген  алтын  зергерлік  бұйымдары  бар.  Күнделікті 

тұрмыста әйелдер, әдетте неке сақинасын, жүзік және сырға тағады. Мерекелерде немесе қонаққа 

барғанда әйелдер қосымша екі, үш жүзік, бар болса білезік, ал жастар жағы мойнына алқа тағады. 

Әшекейлерге қызғылт тастар (рубиндер), содан соң жақұттар, меруерттер басым пайдаланылады. 

Ауылдарда алтын зергерлік бұйымдарды тағу материалдық жағдайдың көрсеткіші болып, оларға 

“бедел” үстейді.

Қолдан жасалған дәстүрлі зергерлік бұйымдарға келсек, олардың жаппай таралуы бірдей емес, 

бір ұлттан тұратын мекендерде көбірек таралған. Егде жастағы қазақ әйелдері күнделікті зергерлік 

бұйымдардың барлық түрлерін (алқа, шекеге тағатын, бас киімге арналған әшекей бұйымдардан 

басқа) тағып жүреді. Қазіргі уақытта әшекей бұйымдардың түрлерін білгенімізбен, саны белгісіз. 

Төрт  білезіктен  астам  тағуға  болмайды,  сондай-ақ  ортаңғы  және  кіші  саусаққа  сақина  тағуға 

болмайды деген қағидаларын ұстанады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   648   649   650   651   652   653   654   655   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет