Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
526
актілер Қазақстанның тұрғын үй заңнамасында маңызды орын алады. Төмендегі халықаралық
құжаттарда қарастырылған тұрғын үй құқығы туралы ережелер Қазақстан Республикасының Ата
заңына енгізілді:
• Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының резолюциясымен 1948 жылғы 10 желтоқсанда
№ 217 А (III) қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы;
• БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясымен 1966 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған
Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт.
Өз кезегінде тұрғын үй құқығы жөніндегі конституциялық ережелер тұрғын үй саласындағы
басқа да құқықтық актілерді, заңдарды қабылдауда басты дереккөз болып табылады.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету саласында Қазақстан шетелдік озық тәжірибені үйреніп,
жергілікті ортаға бейімдеп, жүзеге асыруда. Атап айтсақ, Bausparkassen атты тұрғын үй құрылыс
және жинақ банкінің неміс үлгісі. Германияда Bausparkassen І Дүниежүзілік Соғысынан кейін
1920 жылдардың ортасында құрылды. Bausparkassen-нің басты міндеті – тұрғын үй жағдайын
жақсарту мақсатында азаматтарға қаражат жинақтауға мүмкіндік беру және төмен пайызды неси-
елер ұсыну [2]. ТМД мемлекеттерінің ішінде Қазақстан бірінші болып неміс үлгісін енгізген бола-
тын. Қазақстанның құрылыс жинақ банкі 2003 жылы құрылды. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі
2000ж. 7 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинағы туралы»
ҚР Заңымен реттеледі. 2007 жылы Банк Moody’s халықаралық рейтинг агенттігінен рейтинг алды.
Қазақстанның құрылыс жинақ банкінің мемлекеттік және салалық бағдарламаларға қатысу көлемі
елеулі түрде кеңейді. Сонымен қатар, банк жекеменшік құрылыс ұйымдарымен ынтымақтастық жа-
саса бастады. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жалғыз акционері – «Бәйтерек»
Ұлттық басқарушы холдингі». Германия тұрғын үй жинақ банкінің үлгісін Қазақстанда жүзеге
асырудың бір себебі – жылжымайтын мүлік меншігіне ие болу үшін қаражат жинау әсіресе төмен
және орта табысты топтардың баспанаға ие болу мүмкіндігін еселейді және тұрғын үй мен оны
жаңғыртуға деген үнемі өсу үстіндегі сұранысты қаржыландыру тетігін ұсынады. Сондықтан
Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің мақсаты – азаматтардың өздерінің баспаналары-
на қаражат жинауға жағдай жасай отырып, тұрғын үй жетіспеушілігін азайту және салымшыларға
тұрғын үй несиелерін беру арқылы халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту. Жүйе жұмыс істей
бастағаннан бері 2015 жылғы 1 маусымдағы мәлімет бойынша банк жалпы сомасы 1 617,0 млрд.
теңге болатын 744 607 ТҚЖ шартын жасады, салымшылар жинағы 271,0 млрд. теңгені құрайды,
385,0 млрд. теңге сомасында 89 357 несие берілді [3].
Тұрғын үй саласында Қазақстанның жүзеге асырып отырған тағы бір шетелдік тәжірибесі –
Түркияның тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі басқармасы (ТОКі) мемлекеттік кәсіпорнының
қатысуымен қалалық ортаны жаңарту бағдарламасы. Астана қаласындағы авариялық тұрғын үйді
бұзу жөніндегі пилоттық жобасын әзірлеу кезінде Анкара қаласының авариялық және тозған тұрғын
үйді бұза отырып, әлеуметтік тұрғын үй салуға негізделген аталмыш бағдарламасын іске асыру бой-
ынша тәжірибесі қолданылды. ТОКі негізгі функциясы – құрылыс жобаларын қаржыландыра оты-
рып, табысы орта және төмен азаматтар үшін тұрғын үй нарығының сұранысын қанағаттандыру.
ТОКі қызметінің басты саласының бірі – жағдайы төмен аудандарды қайта құру және Түркияның
қалалық аудандарын жаңарту жөніндегі жобалары. ТОКі жергілікті әкімшілік бұзған үйлерді неме-
се бұзуға ұсынылған кедей аудандарды қайта салады. ТОКі қаржы үлгісі «кірістерді қайта бөлу»
моделі деп аталады. Бұл модель бойынша ТОКі иелігіндегі жер учаскелеріне жеке сектормен
ынтымақтастықта халықтың табысы жоғары топтарына тұрғын үй салады, ал одан түскен кіріс
халықтың төмен және орта деңгейде табысы бар топтары үшін тұрғын үй құрылысына жұмсалады
[4]. Астана қаласындағы пилоттық жоба да қаражат қайтарымы қағидаты негізінде жұмыс жасай-
ды. Салынған тұрғын үйдің 30 % авариялық тұрғын үйдің тұрғындарына тегін таратылып, қалған
70 % шығындарды өтеу мақсатында коммерциялық бағада сатылады. Аталмыш жоба бойынша
жұмыстарды арнайы құрылған «Елорда даму» ЖШС жүзеге асырады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда әлеуметтік тұрғын үйді дамыту мәселесіне үлкен назар аударылуда.
Президент Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
атты халыққа Жолдауында жалға берілетін тұрғын үй құрылысына көзқарасты қайта қараған жөн
екендігін баса айтқан болатын. Сонымен қатар, Жолдауда мына мәселелер қарастырылған: мемле-
кет әлеуметтік жалдамалы баспананы салу, оны тұрғындарға сатып алу құқын бере отырып, ұзақ
мерзімді жалға ұсыну. Баспананы тікелей, делдалсыз және несиеге барынша төмен пайызбен ұсыну
оның сатып алу құнын арзандатуға мүмкіндік береді. Бастапқы жарнаның болмауы мен ипотека
|