Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет957/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   953   954   955   956   957   958   959   960   ...   963
№ 3 (106) 2015

603


жылдың 10  тамызында түрік халқы сайлаған алғашқы президент болуына мүмкіндік берді және 

Түркиядағы президенттік институтының нығаюына алып келді. 2001 жылы түрік саяси сахнасында 

алғаш рет ӘДП пайда болған кезде мамандар ӘДП көшбасшысы Режеп Тайып Ердоғанның түрік 

саяси өмірінінің барлық тараптарына ықпал ететін көшбасшы болады деп ешкім жорамалдамаған 

болатын. 2014 жылына қарай, Мұстафа Кемал Ататүрік сияқты Түрік Республикасының ең ықпалды  

саяси тұлғасы ретінде қабылдана бастады [25]. Бұл Ердоғаннның Түркияның сыртқы саясатына 

қатысты ықпалына да байланысты айтылған болатын.

Премьер-министрдің  ретінде  Ердоған  сыртқы  саясаттың  негізгі  тараптарын  белгілеу  және 

Сыртқы  істер  министрлігіне  және  Түркияның  ұлттық  барлау  ұйымына  сүйенетін  болған.  Одан 

басқа, Ердоған өзекті ұлттық мәселелерді белгілеуге және өзінің саясатын барынша ұлттық деңгейге 

көтеруге тырысты [26]. Осыған байланысты, өз мемлекеттерінде  биліктің негізгі көзі және акто-

ры болып табылатын, Орталық Азия елбасшыларымен ұқсастығы көріне бастады. Сонымен қатар, 

Ердоғанның Орталық Азиядағы сыртқы саясатында өзге президенттерден  екі айырмашылығы бар. 

Біріншіден, Түркияның соңғы он жыл ішінде экономикадағы тез дамуы сауда қатынастарын да-

мыту мұқтаждығына алып келді және бастапқы кезеңде тек қана Орталық Азия елдерінкөбінесе 

экономикалық тараптан қарастырылуына алып келді. Екіншіден, Ердоғанның сыртқы саясатында 

исламдық бығыт айқын байқалды. Үшіншіден, ӘДП билік еткен кезінде, ұзақ уақыт бойы сыртқы 

саясат  саласындағы кеңесшісі, бұрынғы сыртқы істер министрі  және қазіргі премьер-министр Ах-

мет Давутоғлу Түркияның жаһандық қатысушы ретінде стратегиялық көзқарасы өз әсерін тигізді.

Түркия жұмсақ күшінқолдана отырып,бірнеше жетістікке қол жеткізген болатын. Нақты айтқанда, 

Ердоғанның  ұсынысы  бойынша  түрік  тілін  және  мәдениетін  жаю  мақсатымен  бүкіл  дүниежүзі 

бойынша 36 елде “Юнус Эмре Институты” атымен түрік мәдени орталықтары құрылды [27].

Осылай,  Ердоғанның  сыртқы  саясаты  арқасында  Түркия  халықаралық  сахнада  дәстүрлі 

аймақтарынан  тыс  шығып,  Таяу  Шығыс  және  Африка  мен  Латын  Америкаға  қарай  бағыттала 

бастады.Дегенмен, Орталық Азия дәстүрлі Түркия сыртқы саясатының маңызды векторы болып 

қала береді, бірақ аймақтағы мемлекеттермен әріптестік Таяу Шығыс мемлекеттерімен жүргізілген 

саясатқа қарағанда баяу болды.

Бұл мақалада авторлар 1991 жылдан бастап соңғы бес президент кезінде Түркияның аймақтағы 

мемлекеттермен қатынастарының негізгі бағыттарын ерекше тұрғыдан көрсеткісі келді.1991 жылы 

аймақтағы  мемлекеттер  тәуелсіздік  алған  кезеңнен  бастап,  Түркияның  аймақ  елдерімен  қарым-

қатынасы  байыппен,  айтарлықтай  қатесіз  дамып  келе  жатыр.Орталық  Азия  Түркияның  сыртқы 

саясатында елдегі идеология және биліктегі партияға қарамастан, Түркияның саяси элитасының 

арасында еш қарама - қайшы пікір тудырмайтын аймақ болып табылады. Түркияның аймақтағы 

саясатына бұл шолу, Түркия президенттерінің Орталық Азиядағы Түркия стретегиясын іске асыруда 

маңызды рөл атқарғандығын көрсетеді.Қарастырылған әр бір президент  бауырлас мемлекеттермен 

қарым-қатынастарын жақсартуға тырысты және Орталық Азиядағы Түркияның сыртқы саясатында 

Түркияның бастамаларына өз үлесін қосуға талпынды.

Осыдан  басқа,  Режеп  Тайып  Ердоғанның  саяси  көзқарасын  еске  ала  отырып,  президенттің 

сыртқы саясатын қалыптастыру ықпалы бұрынғы президенттердің өзгеше болып табылатындығын 

айтып  кетуге  тура  келеді.  Яғни, 

Режеп  Тайып  Ердоғанның  қазіргі  кездегі  президенттің  сыртқы 

саясатты қалыптастыруына ықпалы бұрынғы президенттер Тургут Өзал, Сүлеймен Демирел, Ахмет 

Неждет Сезер және Абдулла Гүлден ерекше болатындығына ешқандай күмән жоқ. 

Ішкі  саясатта  2015  жылы  маусым  айында  болатын  парламенттік  сайлау  ӘДП  болашағын 

айқындау керек және Ердоғанның келесі он жылдықтағы саясатына өз әсерін тигізеді. 

Халықаралық деңгейде, Ресей факторы Түркияның Орталық Азиядағы ықпалына әсер етеді. 

Түрік  көшбасшысы  осы  аймақтағы  қатынасына  қатысты  үнемі  Ресеймен  санасуға  тура  келеді. 

Түркия мен Ресейдің арасындағы екі жақты қатынастар Ердоғанның билік еткен кезіндегі соңғы 

он жылдықта қарқынды дамыған болса да, Орталық Азия  екі мемлекеттердің мүдделері қарама-

қарсы келетін аймақ болып табылады. Одан басқа, Ресейдің батыс шекаларындағы болып жатқан 

өзгерістер, нақты атап айтқанда Ресейдің Қырымды аннексиялауы және Ресей-Украина қақтығысы 

бүкіл Еуразиялық кеңістікке әсер етті. Жалпы, Ресей сыртқы саясатының өзгеруіне байланысты, 

Ауғанстаннан төнетін қауіп салдарынан, сонымен қатар аймақ елдеріндегі мерзімсіз сайлау және 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   953   954   955   956   957   958   959   960   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет