Қазастан республикасы білім және ғылым министрлігі


Баланы психологиялық-педагогикалық қолдау үшін ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру



бет53/87
Дата07.01.2022
өлшемі294,72 Kb.
#17078
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   87
Баланы психологиялық-педагогикалық қолдау үшін ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру

Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз ететін білім беру ұйымының мамандары мүмкіндігі шектеулі балаға білім беру және тәрбиелеуде отбасының ауқымды әлеуетті мүмкіндіктерін іске асыру мақсатында ата-аналармен жұмысты ұйымдастырады.

Баланың отбасымен жүргізілетін жұмыстың негізгі міндеттері:


  • ата-аналарда балаға қатысты қарым-қатынасты қалыптастыру, оны отбасында тәрбиелеуге белсенді қатысу;

  • ата-аналарға баламен өзара әрекет жасау тәсілдерін, жанұя жағдайында оны тәрбиелеу мен оқыту әдістерін және тәсілдерін меңгеруге көмектесу;

  • ата-аналарды түзете-дамыту жұмысына белсенді түрде тарту;

  • ата-аналармен психологиялық-педагогикалық ағарту жұмыстарын жүргізу, олардың психологиялық-педагогикалық қажеттіліктерін зерттеу.

Ата-аналармен жұмыс әртүрлі формаларда жүргізіледі:

  • жеке әңгімелесулер мен кеңестер;

  • ата-аналар лекторийлері;

  • ашық есік күндері;

  • семинарлар мен өзге де іс-шаралар.

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың ата-аналарының (заңды өкілдері) құқықтары:

  • жеке білім беру және түзету бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатыса алады;

  • оқу және түзету сабақтарына қатыса алады;

  • консультациялық көмек ала алады;

  • түзете дамыту және білім беру үдерісін жүргізу нәтижелері туралы толық және нақты ақпарат ала алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет