Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


Табиғат  пен  қоғамның  қарым қатынасындағы әлеуметті



Pdf көрінісі
бет10/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   131
Байланысты:
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОЛОГИЯ-ЖӘНЕ-ТҰРАҚТЫ-ДАМУ-1

  Табиғат  пен  қоғамның  қарым қатынасындағы әлеуметті 
экологиялық  проблемалары 
Қоғамдық    дамудың    табиғи    шарттарына  ғылыми  -техникалық  
өндіріс құралдардың әсері үлкен.  
Қоғамның    табиғатқа    шектен  тыс  әсері    табиғатты  өзгертіп 
антропогендік  табиғат  кешендерін  қалыптастырды. Табиғи  ортаның 
жағдайы қоғамға тәуелді.  
Табиғи    орта    дамуында  екі  маңызды  заңдылықты  ерекшелеуге     
болады: 


 
 
13 
-  біріншіден, табиғи  ортаға  қоғам  әсерінің  көбеюі; 
-  екіншіден, табиғи  ортаға  қоғам  тәуелділігінің  көбеюі. 
Екінші    заңдылық    біріншісінің    салдары,  яғни    тәуелділік  
үдемелі    қоғам    жағдайындағы    табиғи  ортаның  кері  әсерінің  
нәтижесінде айқындалады.  
Қоғам    дамуында    табиғи      орта    жағдайларының    үйлесімділігі  мен 
сәйкестігі заңының  орындалуына  байланысты орта қалыптасады.  
Табиғатты  пайдалану  және    қалпына  келтіруде  табиғат 
заңдылықтарын ескеру қажет. Қоғамның алға басу мүмкіншіліктерінің  
негізі осы.  
Адамзат  қоғамы  мен  қоршаған  орта  арасындағы  қатынастарды,  
өндірістік    қызметтің    қоршаған    ортаның  құрамы  мен  қасиеттеріне 
тікелей  және  жанама  әсерін,  антропогенді  факторлардың  адамның 
денсаулығы  мен  адам  популяциаларының  гендік  қорына  экологиялық 
әсерін  әлеуметтік  экология  зерттейді.  Ол  табиғатты  тиімді 
пайдаланудың теориялық негізі болып табылады.  
Қолданбалы    экология    қоршаған  ортаның  практикалық  
мәселелерін    шешу    бағыттарын    қарастырады  (қоршаған  ортаны 
ластанудан  қорғау,  табиғат  ресурстарын  тиімді  пайдалану,  әр  түрлі  
салаларындағы  технологияларды жетілдіру).  Қолданбалы  экологияда  
өнеркәсіптік,  ауылшаруашылық,  химиялық,  медициналық  және  т.б. 
бағыттары  дами  бастады.  Олай  болса  классикалық  экологияда  
абиотикалық    және  биотикалық    факторларға    және  олардың  табиғи 
экожүйелердегі  әсеріне  көп  көңіл  бөлінеді.  Ал,  әлеуметтік  және 
қолданбалы экологияда ең алдымен антропогенді  факторлар, олардың 
табиғи  және  әлеуметтік  жүйелердегі  әсері  қарастырылады.  Жоғарыда  
айтылған тақырыптардағы қоғамның дамуымен байланысты әлеуметтік 
экологиялық  проблемаларды  шешу  іс  шаралары  қатаң  орындалуы 
қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет