Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


Әлеуметтік  экологияның  даму  кезеңдері



Pdf көрінісі
бет5/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131
Әлеуметтік  экологияның  даму  кезеңдері 
Әлеуметтік  экологияның  даму  кезеңдерінде  1962  жылы  ДДТ-  ны 
колданудың    теріс    экологиялық    зардаптарын    талдауға    арналған  
Р.Карсонның  «Үнсіз  көктем»  кітабын  атауға  болады.  Бір  жерге  орын 
ауыстырмай 
егін 
салуға 
(мономәдениетке) 
көшу 
ауыл 
шаруашылығының  зиянкес  атаулылармен  күресу  ушін    улы 
химикаттарды    қолдануды  қажет  етті.  Химикаттар  мен    алынған  
тапсырма  орындалды,  ал  химикаттарды    кері  әсері  бар    дәрілік    зат 
(препарат) жинақталып  күрделі  қоспаға айналдырылды (синтезделді). 


 
6
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 
Өнертабыстың    авторы,    швейцарлық    ғалым  Мюллер  1947    жылы  
Нобель  сыйлығын  алды, бірақ көп ұзамай ДДТ-ның тек қана зиянды 
түрлерді  ғана  емес,  сонымен  бірге  тірі  ағзаларға    жиналып,  адам  
ағзасын  қоса  есептегенде  барлық  тіршілік  иесіне  жойғыш    әсер  
көрсетеді.  Үлкен  аймақтарда  еркін  козғала  алатын  және    тез 
бұзылмайтын  дәрілік  зат    Антарктида    пингвиндерінің    бауырынан  
табылған  болатын. 
Р.  Карсонның  кітабынан  біздің  ғаламшарда  экологиялық 
тоқыраудың  орын  алып  отырғанын  көрсеткен    ҒТР-дың  кері  
экологиялық  зардаптары  туралы   мәліметтерді  жинау  кезеңі  басталды. 
Әлеуметтік  экологияның  бірінші  кезеңін    адамдық  тәжірибеге 
негізделген  (эмпирикалык)  деп  айтуға  болады,  өйткені  зерттеулерде 
бақылау  арқылы  алынатын  эмпирикалық  мәліметтер  басымдылық 
көрсетті.  Экологиялық    зерттеулердің    бұл    бағыты    ғаламдық  
мониторингке,  яғни  біздің    бүкіл   ғаламшардағы   экологиялық  жағдай  
туралы мәліметтерді  бақылауға әсер етті. 
1972  жылы    әлеуметтік    экологияның  екінші  үлгілік  кезеңін 
бастап  берген,  тұңғыш  аталмыш  «әлемдік  үлгілерді»  жасап  шығарған 
Д.Медоуза  тобымен  дайындаған  «Өсу  кемелдері»  кітабы    шықты. 
Аталған    үлгілерді  кұрастырған    кезде    пайдаланылған    жүйелі  
қозғалыс  әдісінің  негізін  қалаушы  Д.Форрестер  былай  деп  жазған: 
«Біздің  әлеуметтік  жүйелеріміз  технологиялық    жүйелерге    қарағанда  
анағұрлым    күрделірек    және  түсінуі  қиын.  Біз  неге  нақтылы  өмірге 
жаңа заңдар мен  мемлекеттік бағдарламаларды   енгізбес бұрын біздің 
жүйелерді  зерттеу  үшін  үлгілендірудің    сол    әдісін    пайдаланбаймыз  
және осы  үлгілермен  зертханалық тәжірибелер өткізбейміз? Көбінесе 
біздің  әлеуметтік  жүйелер  туралы  біліміміз,  пайдалы  үлгілерді    жасап  
шығаруға    жеткіліксіз  деген  жауап  естиміз.  Мен,  біздің  біліміміз 
әлеуметтік  жүйенің  пайдалы  үлгілерін  жасау  үшін    жеткілікті  деген 
ойды  ұстанамын    және    керісінше,  олар  барынша  тиімді  әлеуметтік  
жүйелерді    тікелей    алдын-ала    тәжірибелік    үлгілендіру    кезеңінсіз, 
жасап  шығару  үшін  жеткіліксіз» (Д.Форрестер. Әлемдік козғалыс-М. 
1978-138бет). 


 
 

«Өсу кемелі» кітабының ерекше жетістігі адамдар іс-әрекетінің   
әралуандығына    байланысты      материалдар    тұңғыш      рет      үлгіге 
жинақталуымен    және    ЭЕМ  нің    көмегімен  зерттелгендігімен 
айқындалды. 
20  жылдан  артық  уақытта  әлемнің  әртүрлі    мемлекеттерінде  
бірнеше  ғаламдық    үлгілер  жасалды.  Д.Медоуза  тобының  үлгісі  тура 
және кері байланыстардан тұрады.  
1992  жылы  тұрақты  дамудың  басты  үлгілерінің  негізінде 
тұнғыш  рет  әлемдік  қауымдастық    үйлесімді    стратегияны  жасап 
шығарды    және  179  мемлекеттің    басшылары    қатысқан    Рио  –де  – 
Жанейроны  дамыту мен ондағы қоршаған орта бойынша халықаралық 
конференцияны  өткізгеннен  кейін,  әлеуметтік  экологияның    үшінші, 
ғаламдық – саяси  кезеңінің  басталғанын айтуға болады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет