Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет64/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   131
Ұлттық  саябақтар 
Демалушы  адамдар  табиғаты  әсем  жерлерге  көптеп  ағылып 
жатады.  Мысалы,  Африканың   ұлттық    саябағын   көру  үшін   жылына  
ондаған  миллион  адам  барады. Табиғат аясында  демалу қажеттілігін 
қанағаттандыру көптеген мемлекетік мәні бар мәселеге айналды. Батыс 
мемлекеттердің    кейбірінде    демалыс  орындарынан  түсетін  пайданың 
мөлшері  өндірістің  басқа  салаларынан  түсетін  пайдадан  әлдеқайда 
артық  болып  отыр.  Мысалы,    Кенияның  ұлттық    саябағына    келген 
туристерден  түскен  пайда   1971  жылы   50  миллион,  АҚШ  саябақтары  
11,2  миллиард  пайда    түсірді.  Туристерден    түскен    пайда    кейбір 
елдерде  жалпы  мемлекеттік  пайданың  үш  бөлігінің  бір,  кейде  екі 
бөлігінің  бір  бөлігін  қамтиды.  Осыған  байланысты  АҚШ-тың  кейбір 
ауыл  шаруашылық  және  табиғи    ормандары    туристерден, 
демалушылардан қосымша ақша түсіру үшін ғана пайдаланылады. 
 Осы  жолдармен    демалыс  мақсатында  пайдалану табиғатқа    көп 
зиян    келтіреді.  Өсімдіктердің    тіршілік    жағдайын  нашарлатып,  жан-
жануарлардың  жер  аударуына    немесе    жойылып    кетуіне  әкеледі, 
ластанудың әсерінен жалпы биологиялық  бірлестіктің дамуына кедергі 
жасайды. 
В.П.Чижов  (1977ж)  демалыс    орындарын    үшке    бөледі:  
күнделікті    демалыс    орындарын-  саябақтар,  скверлер;  қысқа  мерзімді 
демалыс орындарын - демалыс және мереке күндері демалатын жерлер; 


 
 
89 
каникул  және  кезекті  демалыс  уақытын    өткізетін  -  ұзақ  мерзімді 
демалыс орындары. 
Қысқа  мерзімді  демалыс  орындары  әдетте  қаладан  электр 
пойызбен, автокөлікпен тез жететіндей, қашық  емес жерге орналасады. 
Кезекті  демалыс  немесе  демалыс  кезінде  адамдар  уақытын  демалыс 
үйлерінде,  емдеу-сауықтыру  орындарында    демалу  немесе  табиғаты 
әсем жерлерге туристік  серуен  жасау  ретінде  өткізеді.  
Демалуға    арналған  орындарды  саябақ,  орман-саябақ    және  
демалыс  орындары    деген    топтарға    бөледі.  Саябақтарда    демалатын  
адамдардың  саны  1  гектар    жерге  150-ден,  орман-саябақтарда  20-дан, 
демалыс орындарында он адамнан артық болмауы  керек.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет