Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет125/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   131
Өздігінен  реттелу  –  клетканың  қалыпты  құрамының 
тұрақтылығын сақтау құбылысының өздігінен жүруі. 
Популяция  –  эволюция  барысында  қалыптасқан,  ареал-дық 
белгілі  бір  бөлігінде  ұзақ  тіршілік  еткен,  еркін  будандаса  алатын 
белгілі  бір  түр  дараларының  бірлестігі;  өздігінен  көбе-йіп  отыратын 
оқшауланған  бір  биологиялық  түрге  жататын  топ;  эволюцияның 
негізгі өлшем бірлігі. 
Популяция  тығыздығы  –  әр  бір  түрдің  аудан  немесе  көлем 
бірлігіне келетін даралар мөлшері. 
Постэмбрионалдық  даму  –  (ұрықтан кейінгі  даму)-организмнің 
жұмыртқа  қабықшасының  жарып  шыққаннан  кейін,  ал  ұрығы 


 
 
161 
құрсақта  дамитын  сүтқоректілерде  туа  салысымен  дамуы.  Дұрыс 
даму, түрленіп даму болып бөлінеді. 
Продуценттер  (түзушілер)  –  күннің  жарық  энергиясын  сіңіру 
арқылы  бастапқы  өнім  болып  саналатын  органикалық  заттарды 
түзетін организмдер. 
Редуценттер  (ыдыратушылар)  –  органикалық  заттарды 
минералды  заттарға  ыдырататын  және  сол  арқылы  табиғатта 
қажетсіз заттардың жиналуына жол бермейтін организмдер. 
Су  –  тіршіліктің  көзі,  клеткадағы  зат  айналым  әрекет-терін 
жетілдіруге  маңызы  өте  зор.  Клетка  салмағының  75  па-йызы  судан 
тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет