Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


Фосфор  мен  күкірттің  зат  айналымы



Pdf көрінісі
бет20/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   131
Фосфор  мен  күкірттің  зат  айналымы.  Фосфор  мен  күкірт  тау 
жыныстарында болады. Тау жыныстарының бұзылуы мен эрозиясының 
әсерінен  топыраққа  өтеді  де,  оларды  өсімдіктер  пайдаланады. 
Редуцент-ағзалардың    тіршілік    қызметі    нәтижесінде  олар  қайтадан 
топыраққа  қайтады.  Азот  пен  фосфор  қосылыстарының  бір  бөлігін 
жауын  сулары  өзендерге,  одан  теңіз      бен  мұхитқа  қарай  шайып,  оны 
балдырлар қолданады. Ең со-ңында өлі органикалық заттың құрамында 
олар су түбіне шөгіп, қайтадан тау жыныстарына кіреді. 
Оттегінің циклі.  Жердегі  оттегінің  циклі  шамамен  2000  жылда, 
судың  циклі  шамамен  2  млн.  жылда  жүріп  өтеді.  Бұл  заттардың 
атомдары Жер шарында әр түрлі  тірі зат арқылы өткен. Биосфера ұзақ 
даму кезеңін басынан өткізді. Бұл процесс тіршілік формасын өзгертіп, 
судан  құрылыққа  шығып,  зат  айналымның    жүйесін  өзгертті. 
Атмосферадағы  оттегінің  мөлшері  біртіндеп  артты.  Соңғы  600  млн. 
жылда  зат  айналымдардың  жылдамдығы  мен  сипаты  қазіргі  кездегі 
деңгейіне  жақындады.  Биосфера  үлкен,  үйлесімді  экожүйе  ретінде 
жұмыс  істейді.  Ондағы  ағзалар  тек  қоршаған  ортаға  бейімделіп  қана 
қоймай,  өздері  де  тіршілікке  қолайлы    жағдайларды      жасайды. 
Атомдардың биогендік таралу заңы В.И.Вернадский ашқан заң. Бұл заң 
бойынша  химиялық  элементтердің  жер  бетінде    және  биосферада 
таралуы,  тұтас  алғанда,  не  тірі  заттардың  қатысуымен  немесе  тірі 
заттарды  себепші  болатын  геохимиялық  ерекшеліктері  бар  ортада 


 
28
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 
өтеді.  В.И.Вернадский  мен  Э.С.Бауэрдің  биотектік  энергияның  
максимум заңы – кез келген биологиялық немесе биологиялық енжар 
(әрі тірі, әрі өлі) жүйе, «тұрақты тепе-теңдіксіз, яғни қоршаған ортамен 
динамикалық  жылжымалы  тепе-теңдік»  жағдайында  бола  тұрып  және 
эволюциялық  дами  отырып  өзінің  ор-таға  әсерін  молайта  түседі. 
В.И.Вернадскийдің  тұрақтылық  заңы  –  биосфераның  тірі  заттектер 
мөлшері  (белгілі  бір  геологиялық  кезең  үшін)  тұрақты  болады. 
В.И.Вернадскийдің  тірі  заттектердің  физикалық-химиялық  бірлесу 
заңы  –Жердің  барлық  тірі  заттегі  физикалық-химиялық  біртұтас  деп 
атап көрсетуімен сипатталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет