Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет29/40
Дата22.12.2016
өлшемі3,96 Mb.
#65
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   40

Ключевые  слова:  мусульманин,  миссионер,  принимать  крещение,  религия,  поэт, 
эпоха, стойбище, июньский указ, Курултай, движение Алаш. 
 
Abdikalyk K.S. 
The fortune of nation in the poem of Narmanbet 
This article is exposed analysis of poems of poet Narmanbetov,  who glorified the fate of the 
nation and colonial domination. First of all, there is revealed the basic idea of the poems «Патшаның 
тағы  бір  политикасы»  and  «Әждаһаның  аузында».  The  missionary  activity  of  the  poet  was 
considered fully, who stood in defense of his religion, and his criticism of credulity of Kazakhs. Also 
there was found that Narmanbetov raised the theme of the  nation and the land, religion in his works, 
mourning the heavy fraction of the nation. The undertone of poems was revealed that dedicated to the 
June decree of the king from 1916. There was researched leading thoughts of poet about the political 
issues of the early twentieth century and his vital credo. 
Keywords:  muslim,  missionary,  to  accept  a baptism,  poet,  era,  religion,  camp,  June  decree, 
meeting, Alash movement 
 
 
ӘОЖ: 070.4 
 
Сердәлі Б.К. – филология ғылымдарының кандидаты,  
доцент, Қ.А. Ясауи атындағы  
Халықаралық Қазақ-Түрік университеті 
(Түркістан қ., Қазақстан) 
E-mail: 
aksari@mail.ru
 
 
СЫНИ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ МЕКЕМЕ ИМИДЖІНЕ ӘСЕРІ 
 
Аннотация.  Мақалада  баспасөз  қызметінің  мекемеге  қатысты  сыни  мақалалар  санын 
азайтудағы,  сыни  мақалалардың  жариялануының  алдын-алуға  қатысты  іс-әрекетіндегі  алға 

                                                                                                           
 
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
250 
қойған әдіс-тәсілдері сөз болады. Мекеме имиджін қалыптастыру - баспасөз қызметінің негізгі 
міндеттерінің бірі болып есептелетіні айтылады. Әлдебір ақпарат құралының мекемеге қарсы 
жариялаған  «ақпараттық соғысы» жағдайында баспасөз қызметінің алға қойған  стратегиялық 
мақсат-мүдделері  қарастырылады.  Мақалада,  сондай-ақ,  PR  жұмысын  жүргізудің  негізгі 
принциптері  талдана  отырып,  журналистермен  қолайлы  әріптестік  құру  және  оны  жақсы 
ыңғайға  икемдеу  әдістемесі  талданады.  Сонымен  қатар,  баспасөздегі  ақпараттық  ашықтық 
туралы маңызды міндеттердің кейбіріне сараптама жүргізіледі. БАҚ-пен бірлікте, белсенділік 
жағдайында  өрбитін  баспасөз  қызметінің  кейбір  ерекшеліктері  қарастырылады.  Қазіргі 
жағдайда  ақпараттық  белсенділік  қарым-қатынасты  жақындатып,  қоғамдық  пікірдің  дұрыс 
қалыптасуына игі ықпал етеді деген тұжырым ұсынылады. 
Кілт сөздер: баспасөз қызметі, PR, жаңа медиа, баспасөз-релизі, мониторинг. 
 
Баспасөз  қызметі  жұмыс  атқаратын  мекеме  немесе  ондағы  кейбір 
қызметкерлер  туралы  журналистер  мен  медиасарапшылар  немесе  қарапайым 
адамдар  тарапынан  жарияланған  БАҚ-тағы  ұнамсыз  мақалалар  мен  шолу-
түсіндірмелерді  сыни  материалдар  деп  атаймыз.  Ұйымға  қатысты  сыни 
мақалаларды  азайту  –  баспасөз  қызметінің  негізгі  міндетінің  бірі  болып 
есептеледі. Егер әлдебір ақпарат құралы тарапынан мекемеге қарсы «ақпараттық 
соғыс»  жарияланса,  БАҚ-та  соған  қарсы  сыни  мақалалар  топтамасының 
артатыны  белгілі.  Тіпті  ақпарат  жойқыны  «саябыр  тапқан  кезде»  де  мекемеге 
қарсы  жазылған,  бірақ  назардан  тыс  қалдыруға  болмайтын  материалдарға  да 
немқұрайды  қарамаған  дұрыс.  Сондықтан  сыни  мақалаларға  қарсы  әрекет  – 
баспасөз  қызметіндегі  әріптестерді  жоғарғы  біліктілікке  тәрбиелейтін  сын  сәті 
болып табылатынын естен шығармаған жөн. 
Қазірге  жаһандану  кезеңінде  бұл  сала  жұмысының  Қазақстанда  өзекті 
болып  отыруының  себебі,  азаматтардың  ақпарат  ағымының  түрлі  саласымен 
бетпе-бет  келуінде  жатса  керек.  Әсіресе,  интернет  желілері  белгілі  бір 
аудиториялық  топтарға  қарсы  бағытталған  шабуылдың  нәтижесін  күшейтеді. 
Мұндай  жағдайдың  туындауы  сыни  мақаланы  барынша  азайтудың  жолдарын 
іздестіруді талап етеді және оған аз шығын жұмсалмайтыны тағы белгілі. Соңғы 
жағдай  баспасөз  қызметінің  жұмысында  аса  маңызды  емес,  себебі  бұл  үрдіс 
науқанға айналса, барлық мекемелер осы бағытта жұмыс ауанын өзгертіп, сынға 
қарсы жұмыс жасайтын арнайы штат ашып алуы әбден мүмкін. 
Осыған байланысты баспасөз қызметінің жүйелі жұмысында құрылымның 
беделін арттыру – маңызды бір сала болып қала бермек әрі мекемеге қарсы сыни 
мақалалардың санын азайтудың бір құралы түрінде көрініс таппақ. 
PR  жұмысын  жүргізудің  негізгі  принциптерінің  біріне  журналистермен 
қолайлы  әріптестік  құру  және  оны  жақсы  ыңғайға  икемдеу  жатады.  Сонымен 
қатар,  баспасөздегі  ақпараттық  ашықтық  та  жұмыстың  дұрыс  жүруіне  қолайлы 
жағдай туғызады. Бірақ, ол неғұрлым БАҚ-пен бірлікте, белсенділік жағдайында 
өрбіп,  реактивті  сипат  алмауы  тиіс.  Қазіргі  жағдайда  ақпараттық  белсенділік 
қарым-қатынасты  жақындатып,  қоғамдық  пікірдің  дұрыс  қалыптасуына  игі 
ықпал етеді. Өйткені кез келген мекеме өздеріне тиімді ақпараттық  әріптестікті 
таңдайды.  Аталған  принципті  тәжірибеде қолданудың  әдіс-тәсілдері  туралы сөз 
жоғарыда  айтылды.  Сыни  мақалалармен  жұмыс  істеу  кешенді  қызметтің 
бөлінбес  бір  бөлшегі  болып  табылады.  Сондықтан  мақсатты  аудитория 
шеңберінде ұнамды имиджді қалыптастырып, оны нығайту үшін қоғамда, аймақ 
пен  мемлекеттік  деңгейде  өмірдің  әртүрлі  саласымен  үздіксіз  қарым-қатынаста 
болуға  тура  келеді  (бұған  мысал  ретінде  басқарушылық  және  мемлекеттік 
органдармен,  журналистер  қауымдастығымен,  бизнес  өкілдерімен  арадағы 
жұмысты айтсақ та жеткілікті). Ол үшін осы құрылымдармен арадағы жұмыста 
тұрақты мониторинг жасап, оны түрлі тәсілдермен іске асырып отыру керек: ол 

                                                                                                           
 
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
251 
әлеуметтік  зерттеу  жүргізу  арқылы,  БАҚ  материалдарының  мазмұнына  талдау 
жасау негізінде т.б тәсілдермен көрініс табуы мүмкін.  
1.
 
Сыни материалдардың түрлері 
Сыни материалдарды біз ескерту сипаты мен мазмұндық бағытына қарай 
жіктейміз. 
1)  Ескерту  сипатына  қарай  жазылған  мақала  журналистердің  назарын 
нақты  бір  материалдың  мазмұнына  аударуға  негізделген.  Осы  негізде 
туындайтын  ұнамсыз  ескертпелердің  келесі  түрлерін  ерекше  атап  көрсетуге 
болады: 

 
нақты 
бөлімдердің 
ұнамсыз 
сипаттағы 
қызметін 
олардың 
қызметкерлерінің  жағымсыз  мінезімен  сабақтастыра  көрсету,  бұл  оған  жанама 
әсер  етеді  (мысалы,  журналист  өз  мақаласында  нақты  бір  факультетті  айта 
отырып, жалпы оқу орнындағы кемшіліктермен сабақтастыра көрсетеді); 

 
бөлім  мен  оның  нақты  бір  құрылымдық  қызметтері  туралы  жазылған 
сын. Ол журналистің негізгі нысанына алынып, материал бастан-аяқ осы екпінге 
бағытталады  (мысалы,  қала  шенеуніктерінің  жерді  заңсыз  үлестіруі  туралы 
мақала); 

 
жартылай  субъектілі  бөлімдер  мен  оның  қызметкерлері  басқа  бір 
мекемелердің  қатарында,  солармен  бірге  сын  нысанына  ілігеді  (мысалы,  облыс 
билігінің коррупция толқыны құрылымдарға да әсер етуі мүмкін).  
Осы  сын  түрлерінің  мекеме  беделі  үшін  ең  қауіптісі  –  базалық  сыни 
ескерту болып табылады. Бұл көбіне, мәселен, газеттегі мақаланың атауынан-ақ 
аңғарылып тұрады.  
2)  Мазмұндық  бағытына  қарай  мақалалар  сынның  пәрменділігіне 
байланысты жіктеледі. Осы негізде оны екі топқа бөлеміз: 

 
ішкі  мәселелер  (қызметкерлердің  біліктілігінің  төмендігі,  ұйымдасқан 
жемқорлық,  өнім  сапасының  нашарлауы,  материалдық  инфрақұрылымның 
жетіспеуі т.б). 

 
сыртқы субъектілермен қарым-қатынас мәселелері (мердігерлермен төменгі 
дәрежедегі жұмыс, басқару органдарының өкілдерімен келіспеушілік т.б). 
2.
 
Сыни мақалалардың пайда болуын айқындау тәсілдері 
БАҚ-тағы  сыни  мақалаларды  азайтудың  негізгі  шарттары  –  баспасөз 
қызметінің  ықпалды  да  беделді  журналистермен  қарым-қатынасын  реттеуіден 
басталады. Олармен жақсы қарым-қатынас тек аймақтағы БАҚ-тармен ғана емес, 
облыстық, республикалық медиа құрылымдары деңгейлерінде де болғаны дұрыс. 
Мемлекеттік  субъектілермен  жұмыс  жүргізгенде  аймақтық  БАҚ 
құрылымдарын,  оның  жүйесін  жақсы  түсініп  алған  жөн.  Сол  арқылы  мекемеге 
«жұлдызы  қарсы»  оппозициялық  көзқарастағы  журналистерді  анықтай  аламыз. 
Осыған орай ондай журналистермен келісімді байланыс жүргізіп, ауық-ауық іс-
шараларға  шақырып,  ерекше  назар  аудару  жұмыстарын  атқаруға  тура  келеді. 
Мұндай  жұмыстар  арқылы  сыни  мақаланы  мүлде  жойып  жібермегенімізбен, 
олардың  мекемеге  деген  көзқарасын,  ұстанымын  өзгертеміз  немесе  жазылатын 
сыни  мақала  туралы  алдын  ала  біліп,  оған  қарсы  әрекет  етуге  мүмкіндік  ала 
аламыз. 
Біздің пікірімізше, сыни мақалалардың тууына себепші болатын үш түрлі 
жағдай бар. 
Біріншісі,  елеп-ескермеу  –  бұқаралық  ақпарат  құралдарындағы  өз 
мекемеміз  туралы  оң  пікірлерге  дер  кезінде  жағымды  ілтипат  білдірмеу.  «Бізді 
қызықтыратын  мақсатты  аудиторияны  бұл  ақпарат  құралы  өте  аз  қамтиды, 
сондықтан оның жұмысына тәуелді емеспсіз» деген сияқты сыңаржақ көзқараста 

                                                                                                           
 
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
252 
болу.  Бұл  ақпарат  құралы  белгілі  бір  сала  мамандары  ғана  оқитын  басылым 
болғанымен, жанама себеппен мекемеміз туралы, оның әлдебір кемшілігі туралы 
түрте салғанның өзінде, оны сол саланың адамдары ғана оқиды деп елемей қою 
үлкен қателік. Мәселен, теледидардан мекемеміздің әлдебір сапасыз өнімі туралы 
елеусіздеу  сюжет  көрсетілгеннің  өзінде,  санитарлық  тексеру  органдарының 
назары  бірден  бізге  ауатыны  даусыз.  Тіпті,  аз  таралымды  газет  сынына  да 
немқұрайды қарауға болмайды. 
Мынаны да ескерген жөн: егер аталған аз таралымды басылымда дәйексіз, 
аргументсіз сыни мақала жарық көрсе, оның негізсіз сын екеніне көзіңіз жетсе, 
иміджімізді әлсірететен мақала жазғаны үшін журналисті сотқа берерден бұрын 
(өйткені кез келген соттың істі созып жіберетіні белгілі), әлдебір бір қоғамдық-
саяси газетке жариялау үшін қарсы мақала берген дұрыс. Ондай беделді БАҚ-та 
жарияланған  қарсы  мақала,  біріншіден,  көп  таралыммен  тарайды  әрі  кең 
аудиторияны  қамтиды,  екіншіден,  дәлелді  дәйектермен  бұрынғы  ақпаратқа 
тойтарыс  бере  алады,  сол  мақаланы  жазуға  тапсырыс  берілген  себептер 
айқындалып, оқырман арасында дұрыс көзқарастың қалыптасуына септігі тиеді. 
Екіншісі,  ерікті  келісім  –  бұл  тәсіл  БАҚ  редакциясы  өз  кінәларын 
мойындап, келтірген залалдың орнын толтыруға келіскен жағдайда жүзеге асады. 
Көп жағдайда бөлім редакторлары әзірлеген сыни мақала бас редактор байқамай 
нөмірге  кетіп  қалады.  Мұндайда  редактордың  өзі  кикілжіңнің  ерте  күрмеуінің 
шешілгенін  қалайды.  Сол  себепті  ол  мекеме  басшыларымен  өзі  келісім  жасап, 
қорытынды шешім шығаруға асығады. Мұндай шешім екі жаққа да соттасқаннан 
гөрі тиімді. Егер мекеменің абыройы мен беделі сот арқылы қорғалған жағдайда, 
сот  шешімі  сыни  мақала  жарияланған  басылымда  жауап  ретінде  жариялануы 
тиіс.  Ал  өзара  келіскен  жағдайда,  жапа  шеккен  жақты  ақтап,  шығыны  өтелген 
айғақтар  туралы  материал  басылымда  жағымды  леппен  беріледі.  Сондықтан 
мұндай  материалдың  жариялануы  басылымның  ақпараттық  саясатының 
нәтижелілігін жоғарылатады. Міне, осы себепті мекеме басшыларына аймақтағы 
ірі  БАҚ  басшыларымен  үнемі  жақсы  қарым-қатынаста  болуға  тура  келеді.  Бұл 
даулы мәселенің туындамауына айтарлықтай септігін тигізеді. 
Үшіншісі, сотқа беру – аталған тәсіл сыни мақалалар сериясын тоқтатудың 
ең соңғы жолы. Бірақ бұл тәсілді шектен тыс көп қолдана беруге болмайды. Тек 
жоғарыда айтылған басқа тәсілдер арқылы келісімге келе алмай қалған жағдайда 
ғана сотқа жүгінген дұрыс (сотқа беру жолы көбінесе өте маңызды ақпараттарға, 
әсіресе,  мемлекеттік  ұйымдардың  ұйымдасқан  қылмыстары  жайлы  ақпараттық 
материалдарға ғана қатысты болғаны жөн). 
Сыни мақаладағы дәлелдер толық, тыңғылықты тексерілгеннен кейін ғана 
сотқа  шағым  берген  жөн.  Сондықтан  талассыз  жеңіп  шығатынына  көзі  жеткен 
басшы ғана сотқа жүгінеді. 
Мұндай жағдайда,  бұл  әрекеттің оң  нәтижесі  тек баспасөзде жарияланып 
қана  қоймай,  келтірілген шығынның материалдық өтемі  қайтарылып,  қоғамдық 
оңды  пікір қалыптасады.  Оң  шешімі  табылған  процестің айғақтарын  қоғамдық-
саяси,  жалпы-әлеуметтік  бағыттағы  БАҚ-тар  міндетті  түрде  жариялайды.  Өзін-
өзі ақтап шыққан мекеменің  қоғам  алдындағы  беделі артып,  факті мен дәйекке 
жауапкершілікпен  қарауға  үйретеді,  алдын  алу  шараларын  жүргізу  міндеттерін 
жүктейді. 
Жалпы,  сотта  жеткен  жетістікке  немесе  өндірілген  моральдық  шығынға 
малданып қалмай, алдағы кезде де негізсіз сынды болдырмауға күш салу керек. 
Тек сонда ғана екі тарап та жапа шекпейтін болады. 

                                                                                                           
 
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
253 
БАҚ-пен  сотты  болған  кезде  Қазақстан  Республикасының  бірқатар 
заңдары мен нормативті құжаттарына сүйенген жөн. 
Азаматтардың жеккөрушілігін тудыру үшін немесе адамның қадір-қасиетін 
немесе  белгілі  бір  топтың  қадір-қасиетін  түсіру,  жоқ  болмаса  адамдардың 
жынысына,  түріне,  ұлтына,  тіліне,  дінге  деген  көзқарасына,  әлеуметтік  топқа 
қатыстылығына  ақпараттық  құралдар  арқылы  кемсіту  әртүрлі  деңгейде 
айыпталады. 
Мұндай айыпты қолданудың бір жолы БАҚ материалында экстраполяция 
тәсілін  қолдану  арқылы  жүргізеледі  («extra»  –  лат.  «жоғарғы»,  «polio»  – 
«түзетемін,  өзгертемін»  деген  макынаны  білдіретін  термин).  Мысалы,  бір 
мекеменің қызметкері пара алып қолға түссе, онда оның өзге әріптесін де, ашық 
айтылмаса  да,  парақор  деп  жазғыру  ұғымы  бар.  Бұл  турсында  Қазақстан 
Республикасы  Жоғарғы  Сотының  1995  жылғы  22  желтоқсан  N  9  нормативтік 
қаулысының  1-бабында:  «Пара  берушінің  мүддесін  орындау  үшін  тиісті  әрекет 
ету  өкілеттігі  жоқ  адамдар  пара  үшін  өзінің  лауазымдылық  жағдайында  басқа 
адамдардың  осындай  әрекет  жасауына  шара  қолданса,  ондай  адамдар  да  осы 
қылмыстың субъектісі ретінде танылуы керек» делінген. 
Жеке  журналистің  құқықтық  қорғалу  жағы  толық  қамтылған  дей 
алмаймыз.  Заң  жобаларында  бұл  кәсіп  иелеріне  бақылау  қатаңдатылған.  Бұған 
бірқатар  заңдарға  енген  өзгерістер  мен  толықтырулар  дәлел.  Заңдарымызда 
жарияланған сыни материалдарға қатысты БАҚ­ты сотқа тартудың нақты мерзімі 
көрсетілмегенімен,  журналисті  де,  БАҚ­ты  да  сотқа  сүйреу  жағдайлары  жиі 
кездеседі. 
Әрине,  Ата  Заңымыз  сөз  бостандығына  кепілдік  береді.  Яғни,  әркімнің 
заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға 
құқығы  бар.  «Бұқаралық  ақпарат  құралдары  туралы»  заңның  18­бабы  2­1 
тармағына  көз  салсақ:  «Мемлекеттік  органдар  мен  өзге  де  ұйымдар  сұралып 
отырған  ақпаратты  (жазбаша  немесе  ауызша)  өтініш  түскен  күннен  бастап  үш 
күннен  кешіктірмей  беруге,  не  беру  мерзімін  немесе  беруден  бас  тарту  себебін 
көрсете отырып жауабын ұсынуға міндетті. Қосымша зерделеуді және тексеруді 
қажет  ететін  өтінішке  жауап  ол  келіп  түскен  күннен  бастап  бір  ай  мерзімнен 
кешіктірілмей берілуге тиіс» деп жазылған. 
«Әділ  сөз»  қоғамдық  қорының  заң  бұзушылыққа  қатысты  бақылауының 
қорытындысына  сүйенсек,  заңбұзушылықтардың  жартысынан  көбі  ақпарат 
беруден бас тартудан туады екен.  
3. Сыни мақаланың жарық көруін болжау жеделдігі 
Сыни  мақаланы  анықтаудың  негізгі  көздерінің  бірі  –  оның  шығу  мерзімі 
болып табылады. Бұл жерде орын алған қағида: «хабар неғұрлым жылдам тараса, 
ол  соғұрлым  оқылымды».  Ұзақ  мерзім  бойы  сынға  жауап  бермей,  үнсіз  қалу  – 
кінәні мойындағандай болып бағаланады. 
Сыни  мақалаға  көңіл  аудару  әрі  кеткенде  бір  тәулік  ішінде  айқындалуы 
тиіс. Ол қысқа уақыт ішінде алынған мәліметтерге сүйеніп шешілуі керек (БАҚ 
түрі,  материал  мазмұны,  авторы  т.б.).  Егер  БАҚ  редакциясымен  конструктивті 
қатынас  орныққан  болса,  келіссөзді  сыни  мақала  шыққан  сәттен  бастап-ақ 
жүргізе бастау керек. 
Сыни  мақаланы  дер  кезінде  тіркеп  отырудың  негізгі  шарты  –  БАҚ 
мазмұнына  тұрақты  мониторинг  жасап  тұрумен  ерекшеленеді.  Оның  ішінде, 
әсіресе,  таралымы  5  мыңнан  асатын  қоғамдық-саяси  басылымдарға,  аймақтық, 
аудандық телеарналар мен интернет сайттарына сараптама жасалып  тұру керек. 
Соңғысы,  әсіресе  интернет,  баспасөз  қызметінің  назарынан  тыс  қалып  жатады. 

                                                                                                           
 
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
254 
Бірақ,  біз  қалайық-қаламайық,  қоғам  мен  көпшілікке  әсер  ететін  мүмкіндігі 
жоғары  құралдың  бірі  осы  интернет.  Сол  себепті  интернетке  қатысты 
мониторинг қорытындысы күнделікті сарапталып тұруы қажет. 
Ұнамсыз  мақала  санын  азайту  жұмысы  барысында  уақыттың  өзі  реттер 
мына мәселені де ескеру қажет. Қандай ауқымды ақпараттар тасқыны болса да, 
5-6 күннің ішінде сын қозғалған материал ұмытылып, орнына басқа материалдар 
жарық  көріп,  жұртшылық  назары  соған  ауа  бастайды.  Сондықтан  ұнамсыз 
нәтижеге  байланып  қалмай,  мекеме  туралы  ұнамды  материалды  сыни  мақала 
шығысымен-ақ ұйымдастыра бастаған жөн. 
Сыни мақаланың ұнамсыз әсерін әлсірету аясында міндетті түрде басқа да 
БАҚ-тың  түсіндірмелерін  талдап,  қарау  керек.  Өйткені  олар  да  бұл  ақпаратқа 
қызығушылық  танытуы  мүмкін.  Дер  кезінде  жауаптың  болмауы  немесе  қарсы 
мақаланың кешігуі әртүрлі әңгіме мен қаңқу сөздің өршіп кетуіне себеп болады. 
Сондықтан  барлық  түсіндірмелер  тез  арада  баспасөзде  жариялануы  тиіс. 
Түсіндірме  берудің  оперативтілігі  мен  жылдамдығы  БАҚ  мекемелері 
жұмысындағы нәтижеліліктің бірден-бір шарты болып табылады. 
4. Сыни мақалалардың пайда болуының алдын алу тәсілдері 
Сыни  мақалалардың  пайда  болуының  алдын  алу  –  баспасөз  қызметі 
жұмысының негізгі мақсаттарының бірі. Бұл қызмет түрінің міндетін төмендегі 
кезеңдерге бөлеміз [1, 71 б.]. 
1.  Мекемеге  «қырың  қарап»  жүрген  БАҚ-тарды  анықтау  мақсатында 
ақпарат кеңістігіндегі мониторингті іске асыру. Оның ішінде, әсіресе, тапсырыс 
алушы  журналисті,  тапсырыс  беруші  тұлғаны  тез  айқындаған  жөн.  Аталған 
материалдарға тапсырыс беруші ретінде келесі субъектілердің ісіне талдау жасау 
да аса жауапкершілікті талап етеді: 

 
қаржысы  жылдам  өсіп,  байып  бара  жатқан  элиталық  орыннан  үміткер 
кәсіпкер; 

 
барлық  ақпараттық  жағдайды  уысында  ұстағысы  келетін  шенеуніктер 
мен жергілікті биліктің сенімді өкілдері; 

 
сырттан  қаржыландырылып  тұратын  құқық  қорғау  органдарының 
басшылары. 
2.  Сыни  мақалаға  қарсы  мақала  жазуға  бейімделген  баспасөз  қызметі 
жұмысының стратегиясын жасау керек. 
3.  Шындыққа  жанасатын  сыни  мақала  жазатын  ақпарат  көздерімен 
кешенді шараларды іске асырған жөн.  
4.  Бұқаралық  ақпарат  құралдарымен  жұмыстың  ең  тиімді  әдістерін 
айқындау  үшін  атқарылатын  шаралардың  нәтижесін  бағалаған  дұрыс. 
Жинақталған  тәжірибелер  нәтижесінде  болашақта  атқарылатын  жұмыстардың 
негізі қаланады.  
Алдын  алу  жұмыстары  БАҚ-пен  жұмыс  атқарудың  ең  тиімді 
шараларының  бірі  болып  табылады.  Ол  сыни  мақаланың  пайда  болуын  және 
жариялануын тоқтататын ең маңызды шаруалардың бірі. Оны мына себептермен 
ұғындыруға болады: 
1. Сыни мақаланың жария болып кетпеуінің бір көзі – оны халық арасына 
таратпаудан көрініс табады. Халықтың елеулі бөлігі шоу-бизнес жаңалықтарына 
құмар  да,  мекемелер  туралы  жазылған  ұнамсыз  ақпараттарды  оншалықты  біле 
бермейді, мұндайда қоғамдық пікір нашар жағына қарай ойыса қоймайды.  
2. Сыни мақалаларды жария етпеу, әрине, көп күш жұмсауды қажет ететін 
үдеріс,  алайда  ол  халыққа  тарап  кетсе,  оны  қалпына  келтіру  үшін  одан  да  көп 

                                                                                                           
 
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
255 
күш  жұмсауға  тура  келеді.  Сондықтан  тарап  кеткен  сыни  мақалаға  осыншама 
күш жұмсағаннан гөрі, алдын алу жұмыстарын жүргізген тиімді.  
3.  Сыни  мақаланың  БАҚ-та  жариялануы  мекеменің  немесе  оның  кейбір 
өкілінің  беделіне  айтарлықтай  зиян  әкелетін  жағдай.  Сондықтан  алдын  алу 
жұмыстары  арқылы  БАҚ-та  мекеме  туралы  ұнамсыз  көзқарас  қалыптастыруды 
азайту керек.  
4. БАҚ-пен өзара қарым-қатынас өзара сыйластық негізінде құрылу керек, 
сонда  ғана  БАҚ  қызметкерлері  тарапынан мекемеге деген  шынайы сенім  пайда 
болады  әрі  БАҚ  бетінде  мекеме  туралы  ұнамды  материалдар  жиі  жариялана 
бастайды.  Сол  себепті  баспасөз  қызметінің  БАҚ-қа  материал  даярлауда  көмек 
беріп тұруының пайдасы зор.  
Алдын 
алу 
жұмыстарының 
нәтижесі 
бас 
редакторлармен, 
менеджерлермен,  жауапты  қызметкерлермен,  БАҚ  құрылтайшыларымен 
конструктивті  көзқарас  қалыптастыруға  мүмкіндік  береді.  Бұл  жұмыс  басылым 
беттеріне мекеме туралы жағымды материалдар сериясын беруге септігін тигізеді 
әрі сыни мақаланы жоюға ықпал жасайды. 
Алдын  алу  жұмыстарын  жүргізу  БАҚ  пен  мекеме  арасындағы  жеке 
байланысты арттырады. Бұл жағдайда мекеме туралы сыни мақала саны азаяды. 
Екі жақты риясыз сенім болған жерде журналистер де сыни мақала жариялауға 
тәуекел ете бермейді. 
Енді  БАҚ-тағы  сыни  мақалалардың  жариялануын  азайтудың  алдын  алу 
тәсілдерін санамалап көрейік: 
1. Әкімшілік әсер ету.  
Алдын  алу  жұмыстары  белгілі  бір  мөлшерде  баспасөз  қызметі 
басшыларының  жергілікті  аймақтың  атқарушы  биліктермен  конструктивті 
қарым-қатынасына байланысты өрбиді. Бұл мәселеде көбіне билік басындағылар 
үнемі келісімге келе бермейді, бірақ екі жақтың ұнамды бастамасы арқылы бұл 
жұмыстың  нәтижелілігін  арттыруға  болады.  Баспасөз  қызметінің өкілдері  БАҚ-
пен  өз  бастамалары  негізінде  байланыс  жасауы  керек,  ал  қажеттілік  болған 
жағдайда  жергілікті  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  өкілдері  де  жергілікті 
басқару  органдарымен  бірлесе  жұмыс  істеуге  ұмтылады.  Билік  өкілдерінің 
келісімдері,  өзара  келіссөздері  сыни  мақаланың  азаюына  әсер  ететін  салмақты 
шаралардың бірі.  
2. Жеке байланыс.  
Баспасөз  қызметі  мен  БАҚ  өкілдері  басшыларының  жеке  байланысы 
арқылы  да  мекемеге  қарсы  сыни  мақаланың  алдын  алуға  болады.  Аймақтық 
БАҚ-тар  сыртқы  қоғам  өкілдерімен  өздері  де  конструктивті  байланыс  жасауға 
ынталы, өйткені баспасөз қызметі арқылы мақала жариялауға мол мүмкіндіктер 
ашылады. Көп жағдайда қоғам өкілдері материал жариялауға мүдделі болып қана 
қоймай, өздері жайлы материал жазуға да редакциядан жәрдем сұрайды. Ондай 
өзара  әрекеттер  көп  жағдайда  екі  жақты  байланысты  күшейтеді.  Бұл  міндеттер 
көбіне басшыларға жүктеледі. БАҚ-тағы мекеме туралы сыни және проблемалық 
материалдардың азаюына қоғамдық сана арқылы да әсер етуге болады.  
3. Оқиғалы қарым-қатынас (ивент-менеджмент). 
Алдын  алу  жұмыстарында  брифинг,  баспасөз  мәслихаты,  бірлескен 
мақсатты  саяхаттар,  корпоративті  кештер,  тұсаукесерлер  т.б.  бірлесе 
ұйымдастыру қоғам назарын өзіне аударуға септігі тиетін шаралар.  
Дәстүр бойынша барлық қоғамдық институттар «ақпараттық тұйықтыққа» 
негізделген.  Мұндай  көзқарас  мекеме  беделін  айтарлықтай  кемітеді,  жергілікті 
халықтың  аталған  мекемеге  деген  жағымсыз  көзқарасын  қалыптастырады.  Осы 

                                                                                                           
 
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
256 
жүйені жою үшін оқиғалы қарым-қатынасты іске асыру керек. БАҚ-пен бірлесе 
дұрыс ұйымдастырылған акциялар сыни мақаланың тууын айтарлықтай азайтады 
және  мұнымен  қатар  жергілікті  халықтың  мекемеге  деген  оң  көзқарасын 
арттырады.  
4. Бірлескен әрекетті үйлестіру.  
Бұл  жағдай  жоғарыда  айтылған  жайттардың  жалғасы,  себебі  мекеме  мен 
БАҚ  арасындағы  конструктивті  әрекет  –  рәуішті  ынтымақты  арттыратын 
шараларға  жатады.  Бұл  БАҚ  өкілдерімен  көпшілік  ортада  кездесу  арқылы  іске 
асады.  Аталған  жұмыс  қосымша  ақпараттық  ұйғарым  арқылы  атқарылады  әрі 
мекеменің жалпы беделін көтереді. Өйткені, БАҚ-тың бірқатар бөлігі қоғамдық 
өмірде өз орны бар қоғамдық ұйымдармен және мекемелермен байланыс жасап, 
солар  туралы  ақпарат  алуға  ынталы.  Осыған  байланысты  БАҚ  басшыларында 
мекемемен  бірлікте  жұмыс  істейміз  деген  түсінік  пайда  болады,  бұл  баспасөз 
қызметі  жұмысының  нәтижелілігін  арттырады.  Тіптен,  кейбір  оппозициялық 
көзқарастағы  тәуелсіз  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  болуына  қарамастан, 
бірлесе  атқарған  әрекеттер  белгілі  бір  дәрежеде  сыни  мақаланың  шығуын 
азайтады.  
5. Баспасөз-релиздерін жіберу.  
Бұл  да  БАҚ-тағы  сыни  мақаланың  шығуын  азайтатын  тәсіл.  Өйткені 
баспасөз-релизі арқылы БАҚ мекеме жұмысымен тереңірек танысады. Қандай да 
бір  БАҚ  болмасын,  көп  жағдайда  өзара  кикілжіңге  бармай,  бірлесіп  әрекет 
жасауға ұмыталады. Олар барлық әлеуметтік субъектімен тиімді қарым-қатынас 
жасағысы  келеді.  Ал  аталған  іс-шара  тапсырыс  арқылы  жарияланатын 
материалдардың санын азайтады.  
5. БАҚ-тағы сыни мақалалардың қоғамдық пікірге ықпалы  
Бұқаралық  ақпарат құралдарында жарияланған сыни мақалалар  қоғамдық 
пікірге  айтарлықтай  ықпал  етеді.  Олар  төмендегідей  негізгі  тетіктер  арқылы 
тарайды [2, 102 б.]:  
1) Мәтін сипатында. 
2) Визуалды материалдар сипатында.  
Сыни  мақсатта  түсірілген  фотосуреттер  мен  бейнематериалдар, 
графикалық  суреттер,  карикатуралар  адамдардың  кейбір  тобына  ғана  емес, 
кейіпкерлердің  өздеріне  де кері әсер етеді. Адамдардың  кейбір  тобы  тіпті газет 
оқымағанымен,  визуалды  материалдарды  (телеарналарды,  интернетті)  көбірек 
қарайды, ондағы жағымсыз әрекеттер адам есінде ұзақ сақталып қалады. Алдын 
алу  шаралары  болмаған  жағдайда,  сыни  мақалалар  қоғамдық  пікірге  ұнамсыз 
әсер  етеді.  «Қара  PR»-дың  басым  бөлігі  адамдардың  кейбір  тобына  ғана  әсер 
етеді.  Ал  сыни  мақала  адамдардың  елеулі  бөлігінің  жүйкесін  жұқартады. 
Өйткені,  олардың  жас  мөлшері,  жынысы,  әл-ауқаты,  әлеуметтік  мәртебесі 
әртүрлі болғандықтан, тез елтіп қалады. 
Сыни  мақаланы  бағалаған  кезде  олардың  мақсатты  аудиториясын  нақты 
әрі  дәл  айқындап  алған  жөн,  содан  соң  ғана  ол  мақаланың  қоғамға,  қоғамның 
кейбір топтарына таралуына қарсы шаралар қолданған дұрыс.  
6.  БАҚ-тағы  сыни  мақалалардың  сынға  алынған  нысанның  ішкі  қарым-
қатынасына әсері  
БАҚ-та сыни материалдардың жариялануы мекеменің ішкі бөлімдеріне де 
айтарлықтай әсер етеді. Бұл әрі ұнамды, әрі ұнамсыз әсер беруі мүмкін. Алдымен 
БАҚ-та  жарық  көрген  сыни  мақалалардың  мекеменің  ішкі  қарым-қатынасына 
тигізер ұнамды әсеріне тоқталайық: 

                                                                                                           
 
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
257 
1.  Қызметкерлердің  ішкі  ынтымағы,  яғни  БАҚ-та  сыни  мақала  жарық 
көрген  жағдайда  және  ол  сол  мекеменің  кейбір  қызметкерлерін  дәлелсіз 
айыптаған жағдайда, не болмаса мекемені түгел қаралап мәлімет келтірген тұста 
бұған  қарсы  іс-шараларды  бірлесе  ұйымдастыру  арқылы  ұжым  өз 
жауапкершілігіне алады. Сыни мақала жарық көрісімен мекеменің жеке келбеті 
таныла  бастайды,  мекеменің  қоғам  алдында  ашық  жұмыс  істей  бастағаны 
байқалады.  Сыни  мақала  тек  мекеменің  дәрежесі  мен  беделін  түсіріп  ғана 
қоймай, сонымен қатар жұмыстың нәтижелілігін де төмендетеді. Мұндайда ішкі 
резервтер  мен  қызметкерлердің  бір-бірімен  қарым-қатынасы  өзара  ынтымақты 
арттырады.  
2. Қарым-қатынастың жаңа түрлерінің пайда болуы. 
БАҚ-тағы сыни мақаланың шығу төркінін талдап болғаннан кейін, мекеме 
беделін  одан  әрі  арттыратын,  оның  мүддесін  қорғайтын  ішкі  қарым-қатынас 
реттеледі. Мұндай ынтымақ болашақта сыни мақаланың пайда болуын азайтып, 
мекеменің беделін, құрылымның нәтижелілігін іске асырады. 
Енді сыни мақалалардың пайда болуының, оның БАҚ-та жариялануының 
мекеменің ішкі қарым-қатынасына тигізер жағымсыз әсеріне тоқталайық. 
1. Күдік пен сенімсіздік жағдайын туғызу. 
Сыни  мақаланың  жариялануы  мекеме  қызметкерлерінің  бір-біріне  деген 
сенімсіздігі  мен  күдігін  молайтады,  басшылардың  беделін  түсіріп,  ұжым 
жұмысының нәтижелілігін төмендетеді. 
2. Берік байланыс пен өзара қарым-қатынастың бұзылуы.  
Сыни мақала БАҚ-та жарияланып, жағымсыз мәліметтер елге тараған соң, 
бөлімдер мен қызметкерлердің ішкі және сыртқы қарым-қатынасында алауыздық 
пайда болады.  
3. Берілген ақпараттың жылдамдығы мен сенімділігін азайту.  
Сыни  мақала  арқылы  пайда  болған  ұнамсыз  ақпарат  қызметкерлердің 
психо-эмоциялық  жағдайына  белгілі  бір  дәрежеде  әсер  етеді.  Бұл  олардың 
арасындағы  берік  байланысқа  сына  қағады,  корпоративті  мәдениет  пен  кәсіби 
этиканы әлсіретеді.  
4. Мекеме беделінің төмендеуі. 
Мекеме  туралы  ұнамсыз  ақпарат  тарап  кеткен  соң,  онда  қызмет  етуге 
ұмытылушылар саны күрт  төмендейді,  жақсы  кадрларды  таңдап алу  мүмкіндігі 
шектеледі, құрылымның перспективті дамуына кері әсер етеді.  
Жоғарыда  айтылған  жайлардан  мынандай  қорытынды  шығады:  қалай 
десек те, баспасөз қызметінің сыни мақаланың жарық көруіне қарсы әрекет етіп, 
БАҚ-пен жақсы байланыс орнықтыруы конструктивті нәтижеге қол жеткізеді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет